Тіл қалай пайда болған?
Тілдің қайдан шыққаны туралы бұрынғы психология кітаптарында
екі түрлі пікір болған. Бір пікір: сөйлеу жоғарыдан берілген сый («Құдай
бізге сөйлесін деп тіл берді») дейді. ( Бұл ескі Көрін Қадірдің пікірі).
Екінші пікір: адамда келісіп, үйлесіп, сөйлеу сол берекенің нәтижесі
353
болған дейді. Бұл пікір сөйлеушілерге мынадай сұрау қояр едік: адам ту
баста сөйлей білмейтін болса, ана нәрсені олай деп атайық, мына нәрсені
былай деп атайық деген сықылды қаулыға қалай келді екен? Қаулы қылу
үшін сөйлеу керек қой.
Байқаймыз, тіл біржола туған жоқ сықылды; тіл бірте-бірте өсіп,
жетілген, әр жұрттың тілі әртүрлі басқышта тұрған сықылды. Олай болса,
тіл біржола, бір күнде, бір жылда туған жоқ, бірте-бірте дамып, өркендеп
жетілді. Психологияның мақсаты: тілдің арғы тегін тексеру емес, тілдің
өркендеу жолындағы басты-басты дәуірлерін қарап өту. Тіл – ішкі сырды
сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын
болған. Алғашқы кездегі адамның қызметі, көбінесе, жабайы қозғалыс
болғанда соқыр сезім билеген еріксіз қозғалыс болса керек. Төңірегіндегі
табиғаттың түрлі құбылысына кездессе, қорықса, қуанса, таңданса, бір
жері ауырса, адам айқайлап дыбыс шығарып жүрсе керек. Сол дыбыс
адамның қандай күйге түскенін маңайындағы басқа адамдарға білдірсе,
міне сөйлеудің ең түбі осыдан басталған болу керек. Бұл – тілдің ең
алғашқы дәуірі. Ендеше, алғашқы дәуірдің тілі, бұрынғыша айтсақ,
«жанның түрлі күйін» қозғалу арқылы білдіретін құрал болған екен.
Екінші дәуірде адам көзі көрген нәрселердің дыбысына еліктеуге
талпынса керек; сол еліктеп дыбыс шығару арқылы нәрселердің пернесін
белгілесе керек. Мәселен, ит туралы ойлау үшін «ау-ау» деп иттің
дыбысына еліктесе, тыңдаушылар оны ұғатын болса керек. Сол тәрізді,
арыстанды, қасқырды, мысықты, тағы түрлі аңдарды дыбысына еліктеп
пернелесе керек. Найзағайдың шартылын, судың сарқырауын, ағаштың
құлауын – бәрін де еліктеп атаса керек. Бұл екінші дәуір.
Үшінші дәуірде нәрсе мен дыбыс арасындағы байлау үзіле береді.
Нәрсені атау үшін, дыбысына еліктейді, басқа бір белгісіне, басқа бір
пернесіне сүйеніп атауға айналады. Бұл тілдің не дәуір өркендеген,
жетілген заманы ғой. Әйтсе де ескіден қалған еліктеудің сарқыншағы осы
күнге шейін сақталғандығы көрініп тұр. «Тарс-тұрс, күрс, күңгір, шиқ-
шиқ, тыр-тыр, қылт-қылт, күж-күж...» сияқты одағайлар, содан шыққан
етістіктер, есімдер – бәрі де еліктеудің салдары.
Адам тілінің осылайша өркендеген дәуірін бала да басынан кешіреді.
Бала шыр етіп жерге түскенде, дыбыспен бірге туады. Шыр ету – жаңа
жат дүниеге келгендегі дүниенің шіміріккенін, жағымсыз мерзім пайда
болғанын көрсетеді. Алғашқы кезде бір жері ауырса, не қарны ашса,
дауысын шығарып жылайтыны еріксіз қозғалыс, соқыр сезімінен туған
белгі ғой. Бала дыбысын шығара жүріп дыбысымен сыртқы заттар
арасында байланыс жасап, перне туғызып алады. Мәселен, бір жері
ауырғанда жылайды екен (тақылжыры бөлеуде жатып шыққан екен дейді,
ондай әңгіме салақ шешелерге көп болады екен ғой). Жыласа, шешесі
келіп, бірдеме істейді (шешіп алады, құрғатады) екен, содан барып жаны
354
сая табады екен. Бұдан не байқалады? Бала жылау мен тыныштану ара-
сында бір жақындық барын сезеді. Басқаша айтсақ, пернелері іліктеседі.
Содан кейін, бала бесікте жатқысы келмесе-ақ, жылайтын болып алады.
Бұл қай жылау десеңіз, ішкі тілегін білдірудің жылауы. Жүре-жүре бала
ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды – «мө-ө»,
қойды – «ма», мысықты – «мияу», итті – «ау-ау», дейтін болады. Бара-
бара олардың әлгіден басқа да аты барлығын естиді. Бір емес, әлденеше
рет «сиыр», «ит» деген сөздерді естиді. Алғашқыда былдырлап, тілі жөнді
келмей сүйте-сүйте машықтанып, әуелі бір буынды, екі буынды, содан
кейін үш буынды сөздерді сөйлеп үйренеді. Төрт-бес буынды сөздерді
бала көпке шейін айта алмаса керек. «Сәрсембай деші, қарағым» дегенде,
баласы: «Сәрсе», әйтпесе «сәсе» дейтіні содан ғой. Балаға салғаннан
қиын, көп сөз үйретпек болған ата-ана салғаннан қиын әңгіме, көп сан,
терең мәселе туралы оқытпақ болған мұғалім – наданның наданы ғой.
Бұл күнгі ересек адам тіл жүзінде ондай жетіліп, жүре-бара нәрсе мен
дыбысы арасындағы байланысты қалдырған болса, бала да тап сол
сықылды, пернелерді, онымен қатар сөздерді көбейген сайын еліктеуден
шығып, ойын сөйлеммен айтуға жарайды. Бірақ баланың сөйлемі де
қысқа, жабайы, жеңіл болады. Бала түгілі қарапайым адамның да сөйлемі
қысқа, жабайы, жеңіл келеді. Күрделі, қиын сөйлемдерді олай ұқпайды.
Өйткені сөз, сөйлем дегеніміз, ұғыммен, біліммен қабат өсетін құрал
болды ғой. Бұдан шығатын абырет:
Оқытушылар, кітап жазушылар, газетшілер, саяси шешендер, әде-
биетшілер, ақындар, сөздеріңізді өздеріңіз үшін емес, алдарыңыздағы
балалар, қарапайым «үлкен балалар» үшін арнап сөйлеңіз, жазыңыз,
әйтпесе, татымды пайда шықпайды, желге кеткен сөз болады.
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов. Бес том. шығ. жин. Құраст.: Д.Қамзабекұлы., С.Аққұлұлы.,
Г.Ахметова., Б.Байғалиев., А.Асан. Алматы: «Ғылым», 1998, 4 том, 170-172 б.
Терминдер туралы
(айтыс ретінде)
Қазіргі күнде бұрынғыдай емес, қазақ әдебиеті өсіб келеді. Бұрынғы
ертекшіл, қиялшыл, байшыл жазушылардың орнын жыл сайын қазақтың
жазушылары алыб келеді. Тұрмыс ойды билейтін болса, тұрмысқа қарай
әдебиет те өркендейді. Бірақ негізінде әдебиет тілден құралмайды. Тілге
бай болыб, тіл сара болғанда әдебиетке көркем түсінікті болады.
Маркстің айтуынша, теқнійке құралы арасында өседі дейді. Қай жер-
дің теқнійкесі алда болса, басқаға қарағанда тілге бай болыб мәдениеті
355
де алда болады. Біріншісі – мәдениет жаңа әдебиетінен орнын алса, 2-ден
жаңа тілінде алады. Тіл байлығы молайады. Бір жерде жаңа мәшине
істеліб шықса, сол істеб шығарған елдің бірінші қойған аты да ат болыб
қалады. Ол мәшіинені сатыб алған ел сол атын атайды. Содан барыб тіл
байлығы кіреді.
Ресейге келген құралдардың аты да сол істелген сол жерінде қойылған
аты мен аталыб жүр. Мыйсалы: – термелетіп, барометір, телескоб,
лөктірескөб, телепон, тырактыр басқалар секілді. Мұндайға ешбір ел
жаңадан ат қойам деб әуреленбейді. Құранға қойылған ат бұзылмаған
соң, ол құралды істеб шығаратұн мемлекеттердің аттарын өзгерту керек
емес еді. Бірақ Қазағыстанда олай болмай жүр. Жаңадан термен табы-
лыб, мемлекет атаулары да өзгертіліб жүр.
Жаңа термен алғандағы бірінші мақсатымыз – мемлекет тілінің
ескісін түзетіб жетпеген түбір сөзін, толтырыб тәртібті жолға енеміз.
Артта қалған ел өз тілінде білім беру, осымен бірге басқа тілдегі пәндерді
өз тілімізде аударғанда жетпеген жерге тұрмысқа қолайлы, түсінікті
термендерді алыб білімге, әдебійетке жол ашу болмақ. Қазақ екі тілге
кедей, кейбір пән тіліне бізде атаулық жоқ. Оны қайтеміз?
Менің ойымша, қазақ тілінде аты бар сөзді алу керек, аты жоқ нәрсеге
ат табу керек деп күмәнденуды қою керек. Тарлық жүзінде мемлекет
аты бар елдерді айтшы, Сербіи белгіне деб атағандай болсақ, аруағынан
қорқыб атамады ма екен деб келешек күлкі қылмай ма?
Келешек жастарға білім бергенде жер жүзіндегі мемлекеттің біз
атымен таныстырмақ түгіл, мына қалыпта әріптеріне тілін кестірмей
қайтамыз ғой.
Жаңа терменде мемлекет атауын былай атайды: сербіи, витальный,
пырасный, жапан, Рұумын, армян, бесараб, Ұланды, Былжын, қылжы
секілді.
Бұлай деб атауға зор себеб айағының -ма-мен бітетіндігі. Менің
ойымша, -на-ның бізге тіпті ауырлығы жоқ, қазақ ішіндегі Ақмолда,
Мұқамедиа, Закария қайда қоямыз.
Атың ауыр деб қалай атамаймыз? Онан соң қазақ әйелдерінің аты
көбіне аяғына -на-мен бітеді. Мәселен, разыйа, балқыйа, Марына,
Зұлқыйа, Жайына, Нұрқыйа, Анапыйа деб келеді. Оның да құйрығын
кеспекпіз бе? Осы әйтеуір атауға тілі келетін қазақтың Белгиа, Германиа,
англыйа, пырансыйа деб атауға тілі келмейді деген бекер сөз. Мына
қалыпта келешекте орысша білім алатын жастардың тілі оралымға
келмей қалу қаупі жоқ емес.
Ал, енді мемлекеттің атын бұзғанда, мағынасы да бұзылыб отыратын
жерлері де бар. Мәселен, жапанда жұмыскер қыймылы десек, біреу
даладағы жұмыскерлерді атады деб түсінуі мүмкін. Былжы деген сөзді
біреу сазға батыб етігін былжитыпты деп түсінбей ме?
356
Жалғыз мемлекет атындағы ғана емес, ау кейбір шәрдің ат, болмаса,
бір атақты адамның аттарының аттары да бұзылыб кетіб жүргені бар.
Ал енді кітап аударушылар – Латұшік көр деб аударған кітабына ат қойб
жүр. Оның не екенін түсінетін кісі жоқ. Жай шамалап қарағанда олар да
осындай мемлекет аты болуға тиіс.
Жүсіпбек Аймауытов
Терминология мәселелері (1910-1930 жылдар). Құраст.: Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева
Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 1 том. 87- 88 б.
Тіл туралы
Газет, журнал бетінде кейбіреулер «Кітап сыны» деп жазып, сөз
жазады. Өзі білмейтін, өз жерінде жоқ бір сөз тауып алса, «мынау
әлдекімнің тілі?» деп жатырқайды. Бұл дұрыс емес. Себебін айтайық.
Қазақтың әр елінде әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер
білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провенциа-
лизм) деп атайды. Әдебиет қисынымен қарасақ, жергілікті тілдерді
көп қолдану сөзді тарғылдандырып, ұғымсыз қылады. Бірақ ұғымсыз
қылмайтын, пайдалы тілдер де бар.
Қазақтың қай елінің, қай гүбірнесінің тілі нағыз қазақтікі, қай елінікі
будан, былтық тіл екенін кесіп айту қиын. Бірақ қай ел болса да көрші
елінің тіл әсерінен сау емес. Мәселен, бөкейліктер татардың, арабтың,
парсының, орыстың әсері көбірек болған, дін басылар, қызмет басылар
сол елдермен көп араласқан. Жетісу мен Сырдарияда өзбектің әсері бар,
Қостанайда орыс, ноғайдың әсері мол. Семейде, Ақмолада да араб, орыс
тілдерінен әсер бар. Қысқасы, бір жағы, діннің, екінші жағы, өкіметтің,
тұрмыстың ықпалымен жаттан жапсырып алған тілдер әр елде бар. Айта
берсек, нағыз қазақтікі дерлік таза тіл аз болып қалады. Тілдің бірталайы
арабтікі, парсынікі, сарттікі, қыпшақтікі болып шығады. Мәселен, мына
тілдерді қай елдікі дер едік: «Жауап», «ырас», «ылайық», «пайда»,
«дұрыс», «дерт», «дауа», «егер», «әр», «пенде», «кісі», «пара», «дос»,
«бақ» (бақша), «шатыр», «нұр», «залым», «зер», «мыс», «келдік», «өнер»,
«зақым», «топан», «мейман», «мысал», «дүм», «қымбат», «дәулет»,
«кеміл», «азат», «көр», «базар», «аспан», «берадар», мен... «дүкерт»,
«құп», «сақара», «данышпан»...
Баға келсек, мұның бәрі парсынікі. Кейбірі ғана арабтікі. Бірақ бұл
тілдер бізге әлдеқашаннан араласып, сіңісті болып кеткен, сондықтан
жат тіл екенін өзіміз де білмейміз. Өзгесін шығарып тастар едік, жауап,
ырас, дұрыс, пайда ылайық, әр, кісі, пара, дос, өнер, қымбат, базар деген
сөздерді қалай алмай тұрармыз? Қазақтың «мен» деген есімдігі бөтен-
нен алынса не дауа қыларсың?
357
«Зер» деп парсы жұрты алтынды айтады екен. Содан «зергер» туған.
«Зер қадірін зергер білер» деген мақал да бар. «Келдік», «бас», «бас
сүйек», «дүм» – «құйрық» («мылтықтың дүмі деп, дүміңді әрі сал» деп
қазақ айтады); «қымбат» – баға («баға» да біздікі емес); «дәулет» – байлық,
бақ («бақ» та біздікі емес; «азат» – еркін, бос, «көр» – соқыр, «шатыр»
– театр, «бет – құл, «өнер» зеректік (талант); «мысал» ұйқас сықылды;
бірадар – аға, «дүкірт» – ауырып қалды, «құп» – жақсы, «сақара» – шөл
дала, «данышпан» – білгіш, о түгілі «қат», «қалам» – біздің тіліміз емес,
«қат» – парсынікі, артікі десек, «қалам» – әрі үнді халқында, әрі грек
(ионан) жұртында болған, бар тіл онымен тұра тұрсын.
Әр елдің өз жерінде айтылатын тілдер бар. Семей, ақмолалықтар
«дөкей» десе, торғайлықтар «әйдік» дейді. «Өңшең», «жаппай», «кілең»
деген сөздер бар. «Бір келкі», «бір ыңғай», «бір өңкей» деген сөздер
бар; «әтей», «әдейі», «тіпті», «тіптен», «жортаң», «жорма», «қасақана»
деген сөздер бар, осылардың қайсысы дұрыс? Шын қазақтың таңбасы
қайсысында басылып тұр? – айыру қиын. Бірақ сөздің өзін әр ел әртүрлі
айтады, өздерінше «түзейді», басқаларша «бұзады». Мәселен, Семей жақ
«кигіз», «кірпіш», «түндік» десе, Торғай жақ «киіз», «керпіш», «түңлік»
дейді. Семей жақ «қора», «қестеу» десе, Торғай «көң», «қыстау» дейді.
Қай ел беті ашық қораны «аула» дейді. («Қыстау» бар елде болса керек).
Бір ел «ершік» десе, енді бір ел «ыңыршақ», «содүлке» дейді. «Арысты»
«жетек», «дерте», «аглүбле» деп түрліше айтады. «Бел ағаш», «белдік»,
«білдік» деп түсіндіріледі. «Сереңке», «шырпы», «оттық», «шақпақ» деп
түрлендіреді. «Танша», «құнан шығар», «тай өгіз», «тана» деп әртүрлі
айтады. «Көпене», «шөмеле», «отау», «шошақ», «мая», «іскірт» деп
түрліше айтады. «Ара», «ара темір», «пышқы» деп түрліше айтады.
Осының бәрін ерінбей, жалықпай қарастырып, салыстырып отырсаң,
әр ел өзіне сөйлеп жүрміз деп ойлайды. Біз пәлен елдікі дұрыс деп айта
алмаймыз, үйткені «әйдік» пен «дөкейдің», «жаппай» мен «кілеңнің»,
«бір ыңғай» мен «бір өңкейдің», «жорта» мен «жорияның», «кигіз» бен
«киіздің», «сіңді» мен «сіңлінің», «түндік» пен «түнліктің» қайсысы
дұрыс деу – надандық болар еді. Бұлар бізге жат тілдер емес, бәрі
қазақтікі, кейбір дыбыстары өзгергенімен қазақтығын жоймайды.
Біздің тексеретініміз – бөгде, бөтен жұрттан өзіміздегі бар тілдің
орнына тіл кіріп бара жатса, соны алып тастап, қазақ тілін аршып тазар-
тып отыруымыз керек. Мәселен, «жетек» тұрғанда «аглүблені» алып келсе,
«қора», «көң», «там үй», «кірпіш үй» тұрғанда «земленкені» қыстырса,
«мая», «шөмеле» тұрғанда «іскіртті», «көпенені» қолданса, «оттық»,
«шақпақ», «күкірт» тұрғанда «сереңкені» қолданса, «ыңыршақ», «ершік»
тұрғанда «сөдөнке» немесе «сөделкені» қолданса, – міне, бұзылып бара
жатқан деп осындай тілдерді айтуға болады.
358
Қазақ баласы бірінде жоғын бірінен алуға, ауысуына әбден болады,
жатырқаудың керегі жоқ. Мәселен, Орал, Торғайдың «әйдігін», «кілеңін»,
«дырауын», «керімін», «қасқасын», «сойын» неге алмаймыз, әбден
аламыз: бұлар әдемі сөздер, әдебиетке керекті сөздер. «Керім-кербез»
деген сөз Абайда бар, «қасқа» мен «жайсаң» қазақта бар. «Сой» деген
(ата тегі, тұқым) сөз біздің жақта жоқ, бірақ Кіші жүздің ақындарында,
әдебиетінде бар тіл, оны алмасқа болмайды. Қазақтың өзінен жаңа
тілдер көбейіп, табыла берсе, оған қуану керек: тіліміз сонда бай болады.
Бөкейліктер «абиешшікті» «орман сақшысы» дейді екен, бері әкеліңіз,
құшақтай аламыз. Адайлықтар «сарнау», «зікір салу» дегенді «сарсалу»
дейді екен, қойынға саламыз. Түркістандық «тораңғы» деген ағашты
біледі екен – тағы аламыз. Торғайлықтар «бір ыстанса жер» дегенді «бір
қызым үй жер» дейді екен, о да теріс емес. «Жер майын»-мұнай дейді
екен – әбден жақсы. Ең аяғы «пробкені» біреу «бопа» деп атаған екен,
қазақтікі болса – қабыл еттік.
Бірақ кейбір ел татардан, арабтан, бөгде елден тіл қолданып жүрсе,
оны ала алмаймыз. Мәселен: бөкейліктер «жалақыны» «ғалапа» (алапа)
дейді екен, «жал ақы» тұрғанда оны алуға болмайды. Ал ай аттарын (дәлу,
құт,...сәуір, зауза...) аламыз ба, жоқ па – оны айрықша сөйлесу керек.
Бір елдің тіліне бір елдің адамы күлу – бірінің-бірі тымағына күлген
тәрізді нәрсе. Ол – тек заттың өзімшілдігі. Тегінде киімге күлудің қажеті
жоқ. Тымақтың үлгісі, киімнің пішімі мәдениет жүзінде қандай екеніне
айғақ. Киімі баяғы қалпынан мәз өзгермеген елдің салты да, санасы да
пәлен өзгермеген болғаны. Мәдениет адамға сырттан кіріп, ішіне қарай
тереңдейді. Өнерлі елдің киіміне, үй тұрмысына еліктеу «сені тәуір
көрем»-нің нысаны. Оны тәуір көрсе, оның өнерін де үйренбек. Қостанай,
Семей қазақтары киімдерін ықшамдап, орыс, ноғайға еліктеген болса,
олар мәдениет жүзінде өзге елдерден озық болғаны. Сырдың, Адайдың,
Бетпақтың, Зайсанның қазақтары әлі баяғы кең қолтық, жуан етігімен
жүрсе, ол кейін қалғанның нысаны. Кейін қалғанға күлу керек емес, жан
ашу, аяу, жәрдемдесу керек.
Қазақстанның ел болуы: үш жүзінің басы қосылуы, қыр мен сырдың
жамырап табысуы бірінен-біріне түрлі өнегені жұқтырады, киім де, салт-
сана да мидай араласады. Қазақтың астанасы Қызылордада тұрса, он-
дағы басқа елден барған азаматтар сырдың тілінен де телімін алады. Түр-
кістан елдерінің «жүде», «құп», «қайыр» деген тілдері жалпы қазақтікі
болып жетеді. Қайдан келсе де, қазақтың тілі болса, жатырқамау керек.
Жүсіпбек Аймауытов
Терминология мәселелері (1910-1930 жылдар). Құраст.: Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева
Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 1 том. 89-92 б.
359
Емле мен терминологияның кейбір мәселелері
(Пікір алысу ретінде)
Қазіргі адамдардың сөз дыбыстарына балама (эквивалент) есебінде
қолданылып жүрген әріптік таңбаларға жеткенге шейін, талай
ғасырлардың өткендігі, талай ақыл-ой еңбегі сарп етілгендігі мәлім.
Содан болғандықтан, қазіргі әріпті жазу - адамзаттың қоғамдық еңбегінің
зор табысы, баға жетпестік жемісі деп есептеледі. Қай тілдің болсын
жазуы әріптік болатын болса, сол тілдің жазуы үшін емле – негізгі заң.
Қазақ жазуы – әріптік жазу; демек, мұның да негізгі заңы – емле, яғни
қазақ тілінің өзіне тән емлесі бар деген сөз. Емленің қолайлы болуы, – бір
жағынан алғанда, – алфавитке де қарайлас құбылыс.
Осы күнгі қазақ тілі әріптік жазудың үш түрін біледі: арапша,
латынша, орысша. Әуелгі екі түрдегі алфавиттер өз тұсындағы дәуірдің
даму талаптарына сәйкес келіп, ежелгі «жазулардың» түрліше шартты
белгілеріне қарағанда, прогрессивтік құбылыс болғанымен, тіліміздің
советтік құрылыс дәуірлеріндегі дамуына төтеп бере алмады, емлені
қыйындатты, сондықтан күн тәртібіне алфавитті жаңалау, өзгерту
мәселесі қойыла келіп, ақыры дұрыс шешуін тапты: 1940 жылы орыс
графикасына негізделген жаңа алфавитке көштік. Бұл тіліміздің
лексикалық, грамматикалық, емлелік, терминологиялық жақтарынан
жалпы баюына, іргелі, тұрақты болуына бірден-бір дұрыс шара болды.
Дәл осындай объективтік мүмкіншіліктерге ие бола тұрып, емле қатесі
деп аталатын өте қолайсыз жағдайлардан арыла алмай қойғанымыздың
себебі не?
Біздің байқауымызша, толып жатқан ұсақ себептермен қатар, басты
бір себеп бар сыяқты. Ол себеп ана тіліміздің ауызша және жазуша түрін
қазақ интеллигенттгерінің бірсыпыралары жете бағаламайды. «Көзге
айтқанның көнеуі жоқ» дегендей, дәл шынын айтсақ, осы күнгі қазақ
тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавитін білмейтін, осы
жазумен хат жаза алмайтын, тіпті оқый білмейтін интеллигент қазақтар
бізден табылады. Бір тілдің емлесін тұрақты ету үшін, оның көптік
қасиеті болуы шарт, яғни қазақ тілінде шығатын көптеген газеттердің,
журналдардың жазу принциптері, нұсқалары әрбір қазақ интеллигентіне,
әрбір сауаты бар қазаққа үлгі болуы керек, ол үшін сол адамдар қазақ
тіліндегі газеттерді, журналдарды оқығанда өз сауаттытылығын арттыра
беруді мақсат етулері керек. Емле сауаттылығына бірден жете қою мүмкін
емес; көп оқу, қарастыру, дағдылану арқылы жетуге болады.
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 21 декабрьдегі
санында жарияланған «Ленин мен Сталиннің еңбектерін қазақ тілінде
нәсихаттау – республикамыздың бүкіл партия ұйымының айбынды
360
міндеті» деген мақаласында Шаяхметов жолдас былай деді: «Әрбір
облыстық аудандық және бастауыш партия ұйымында бұл жұмысты
жақсылап жолға қою керек, бүкіл үгіт-нәсихат жұмысында марксизм-
ленинизмді қазақ тілінде нәсихаттау мәселелері лайықты орын алатын
болу керек. ҚК(б)П облыстық комитеттері мен аудандық комитеттері
жанында қазақ тілінде баяндамалар жасай алатын, лекциялар оқый алатын,
газеттер мен журналдарға көпшілікке түсінікті мақалалар жаза алатын
білімді нәсихатшылар коллективін құру керек. Әрбір қазақ-коммунист
қазақ халқының қалың топтары арасында ана тілінде марксизм-ленинизм
нәсихатын жүргізуге тиіс» (Қара әріппен мен жаздым. Ә.Е.)
Хат білетін адамдарымызды жетілдіріп, олардың ауыз сөзі мен жазу
сөзінің мәдениеттілігін арттыра берудің қаншалық маңызды екендігін
Шаяхметов жолдастың осы нұсқауынан анық аңғаруға болады. Емле
сауаттылығына жетіспеген адамның ауыз сөзі де шалағай, ора-шолақ
болады, өйткені жазу сөзі мен ауыз сөзінің мәдениеттілігін бір-бірінен
айырып қарауға болмайды. Партияда бар және партияда жоқ қалың
көпшілікке қазақ тілінде шығатын газет, журналдардың бұл жөніндегі
пайдасы мен көмегі орасан зор; газет, журналдар өздерінің бұл жөніндегі
тарихи борыштарына сәйкес те болып келеді.
Дегенмен, бұл тұста газет, журналдарымыздың бірсыпыра кем-
шіліктері де бар; ол кемшіліктер әсіресе емледе болып жүр.
Дәлел боларлық бірнеше мысал келтірелік. «Социалистік Қазақстан»
газетінің 1947 жылғы 15 августағы санында басылған «Қазақ әдебиеті
мен әдебиет зерттеудің күрделі мәселелері туралы» деген Баишев
жолдастың мақаласында әдебиет зерттеу ісінің принциптік мәселелері
айтылып, бұл жөніндегі бірқыдыру кемшіліктердің беті ашылған. Мұн-
дай мақалаларды көптеген адамдардың оқуы сөзсіз. Ал, осы мақаланың
емлелік жағында көзге көрінерлік мынадай кемшіліктер бар: мақаланың
бірінші бағанасында жоғарыдан төмен санағанда 35-жолда «қателер»
деп жазылса, содан төменгі төртінші жолда, яғни 39-жолда «хателер»
деп жазылыпты. Осы мақалада: абырой, мағына, қабілетті, қадырлы
деген сөздер осы күйінде жазылыпты, ал «Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігі» (1941 жылы) деген документте дәл осы сөздер қаблет, аброй,
мағна, қадір деп жазылған. Осы екі жазудың қайсысын қолдануымыз
керек? Емле заңы – көпке біртегіс ортақ нәрсе; әркім өзінше өзгерте
алмайды. Сондықтан аталған сөздердің сөздіктегі жазылғанын алу керек.
Осында аталған сөздіктің бесінші бетінде мынадай нұсқау бар:
«б) кейбір сөздердің аяғындағы «а» әрпі бізде жазылмайды. Мысалы:
газет, минут, фабрик, т.б.» ал, газеттердің көпшілігінде «фабрика,
фабрикалар» болып жазылып жүр. «Социалистік Қазақстан» газетінің
1947 жылғы 8-октябрьдегі санында Нұрышев жолдастың «Терминология
361
жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын күшейту керек» деген мақаласы
басылды. Сонда «мағына» деген сөз дәл осы түрінде қате жазылыпты.
Аңғарылмағандықтан қате кеткен болар деп ойлайын десең, осы «мағна»
деген сөз мақалада 11 рет қайталаған, он бірі де «мағна» болып, қате
жазылған. Осы мақалада: әлдеқайда, біркезде, бірбеткей деген сөздер де
қате жазылған.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 24 декабрьдегі санының
бірінші, екінші беттерінде басылған материалдарды тегіс құнттап оқып
шыққанымызда, отыз бір емлелік, он жеті тыныстық қате табылды.
Емле туралы сөз еткенде, ең алдымен осында аталған екі газетке
тоқталуымызда мынадай себептер бар: «Социалистік Қазақстан»,
«Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің беделі өскендігі соншалық, олар
мектептерде ресми оқу құралдарымен қатар ұсталады, бұл, әрине, өте
сүйсінерлік іс; осыны біздер, мектеп мұғалімдері, күнделікті оқытушы-
лық жұмысымыздың тәжірибесінде көріп жүрміз. Сөздің расын айтсақ,
істің шындық халі мынадай: егерде кейбір сөздердің қалай жазылуы
жөнінде «шатақ» бола қалса, мектеп оқушылары мен оқытушылары
«Социалистік Қазақстанға» жүгінеді. Солай болғандықтан, көлемді
газеттердің төрт бетіндегі материалдарда бірде-бір емле қатесі болмаса
екен деп тілек қоямыз. Бұл советтік өскен заманымыздың мәдени тілегі
және заңды тілегі.
Қазақ тілінің емлелік сөздіктерінің халі қандай? Бұл сұрауға жауапты
сөздіктің өзі берсін.
Біздің қолымызда 1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігі» деген документ бар. Сөздіктің кіріспесінде мынадай нұсқау
бар: «Жаңа орфографияның ережелерінде негізгі сөздеріміздің, жалғау,
жұрнақтардың жазылуы айтылған, әр сөзге бірнешеден ғана мысал
берілген. Сондықтан, оған кірмей қалған сөздер, тұлғалар толып жатыр.
Қолыңыздағы орфографиялық сөздік бұл кемшіліктерді жоюға арналды».
Бұл не? Ұшан-теңіз сөз байлығынан «бірнеше ғана мысал беріледі» де,
«қолыңыздағы орфографиялық сөздік бұл кемшіліктерді жоюға» қайтып
арналады? Сөз байлығын сүзе келіп сұрыптағанда, бірнеше ғана мысал
беру, сайып келгенде, кемшілікке соғып жүр. Сөздіктің қамтуын тарылта
берудің нәтижесінде, ол терминология және емле жөнінде басшылыққа
аларлық шын мәнісіндегі документтің дәрежесіне көтеріле алмай жүр;
тіпті, сөздіктің бір жері екінші жеріне қайшы келетін жағдайлар да
жоқ емес: сөздіктің кіріспесінде «фабрик» деп жазылған сөз 98-бетте
«фабрика» болып жазылған болса, сөздіктің беделі төмендемей ме?
Сөздікте: әсіресе, көкрек, келсап, фән, құрлыс, Ханафия, хабар, нарқ,
палуан, қуфия, неткен, неғып, дәстір, зиягі, зиялы, хиял, хиянат, мағлумат,
хат, хурмет, худды, халық деген сөздер дәл осылай жазылыпты. Бұл әбден
362
дұрыс. Ал, осы сөздерді газет, журналдар, грамматика кітаптары, мектеп
оқытушылары, әдеби шығармалар сөздікке бірыңғай жазып жүр ме?
Жоқ. Ендігі жерде бұған төзе беруге бола ма? Жоқ. Сөздікті басшылыққа
алу керек. Бұлармен қатар, жазылуы жөнінде әлі де ойласуды керек
ететін бірнеше сөздер бар сияқты. Мәселен: нәсихат, тәбиғат деген
сөздердің бірінші буынында сөздікте «ә» жазылыпты; сөздікте «қате»
деп жазылыпты; бұларды: насихат, табиғат, хате деп жазсақ, орындырақ
болмас па еді. Сөздікте орынсыз кеткендік те аздап бар. Мысалы: Бөрбасар,
Бөрібай, Базархан, Баймақан, аңрау, ақырату, ататек, ата кәсіп деген
сөздердің әртүрлі жазылуына дәлел не? Оның үстіне айта кетуді керек
ететін нәрсе – Базархан, Баймақан, Бөрбасар, Бөрібай деген сөздердің
жалқы есім екендігі сөздікте ескертілген, солай болғандықтан, мұндай
сөздердің жазылуында бірқалыптылық болса қайтеді? деген сұраудың
қойылуы заңды болатын сияқты. Сөздіктің өзара қайшылықтарын атамай
кетуге тағы болмайды.
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» мынадай ереже бар:
«Баир, Таир, Нурпеис... сияқты жалқы есім болған сөздерде «и» сонорға
айналмайды, сондықтан оның артынан «ы», «і» әрпі жазылмайды».
Бұл басшылыққа аларлық нұсқау делік. Ал 1941 жылы шыққан «Қазақ
тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы»
деген екінші бір документте «Жанпеиіс» деген жалқы есім дәл
осылай жазылыпты. Бұл тұстан – Жанпейіс пен Нұрпеистің айырмасы
қанша?-деген заңды сұрау туатын сияқты. Және, біздің оқытушылық
тәжірибемізде мұндай сұраулардың кездесіп жүретіні де рас, ал мынанікі
дұрыс, мынанікі бұрыс деуге бізде дәрмен жоқ, өйткені сөздіктердің
бәрі де – көпшілікке арналған заңды документтер; ондай документтерге
жеке адамдардың құлақ қоймауына немесе ондай документтерді жоққа
шығаруына еркі жоқ.
Емлеміздегі біркелкі кемшілік біріккен сөздер мен қысқарған сөз-
дердің жазылуында болып жүр. Қазақ ССР Жоғарғы Советі бекіткен
(10-ХІ 1940-ж.) ережелік заңның 27 §-де былай делінген: «Бірнеше
сөзден құралғанмен, бір мағынаға ие болған сөздер қосылып жазылады.
Олар мыналар.... Алматы, Аманкелді..,». Солай болғанда, Қозыкөрпеш,
Баянсұлу, Қызжібек секілді сөздерді баспасөз бетінде неліктен бөлектеп
жазып келеді? Қызжібек деген сөздің бір компонеті болмаса, ол сөз
әдебиет тарихының белгілі кейіпкерінің атын білдіре алмаған болар еді,
демек екі сөз бірігіп бір мағынаға балама болып тұр екен.
Қысқартылған сөздер жөнінде де бірсыпыра ойлану әлі де керек. Қыс-
қартылған сөз өзінің толық түрінің баламасы болу керек. Мысал үшін
айтсақ ССРО дегеннің толық түрі – Советтік Социалистік Республикалар
Одағы – деген болып шығады. Ал, «ТАСС» деген сөзді осы қалпында
363
қысқартып қолданып жүрміз. Қазақ тілі сөйлем заңына сәйкес толық
түрін айтсақ: «Советтер Одағының телеграфтік агенттігі» деген болып
шығады: қысқартылуы толық түріне дәл емес. Осы сөзді қазақша
«СОТА» деп қысқартсақ, дұрыс болар еді. Бұл, әрине, алғашқы кезде
құлаққа ерсілеу естілуі мүмкін, бірақ зәредей де қиыншылықсыз, етене
болып кетер еді.
Емле белгілі принциптерге негізделіп қалыптастырылады. Қазіргі
қазақ емлесінің негізделгені – морфологиялық-фонетикалық принцип.
Егерде осы екі принциптің үстіне тарихи принцип дегенді де негізге
алсақ принциптік жалпы жүйеден шығып кеткен сөз болмас еді және
әрбір сөздің дұрыс жазылуын түсіндіруге де болар еді. Шынында: хор,
кер, паз, кеш, мен, бен, пен, нікі, дікі, тікі деген қосымшалардың қандай
сөзге болса да осы қалпында жалғануы, өлеңді сөйлемнің үнемі бас
әріптен басталуы осы тарихи принципке жатпай ма?
Осы тұрғыдан алғанда, ғасір, ғалім, мұғалім деген сөздерді де дұрыс
жазар едік.
Сөздікте жазылған «Нарқ», «Халық» деген екі сөздің жазылуына
екі түрлі мөлшер қолданғандығына дәлел қайсы? Екеуі де зат есім;
тәуелдесек, халқым, нарқым, халқы, нарқы болып, әуелгі буындағы «ы»
жоққа шығады; «халық» деген сөздегі «ы» фонемін жазбағаннан емлеге
келерлік нұқсан болмас еді; қайта, осы тектес сөздердегі аса маңызды
емес «ы» ларды біркелкі ықшамдап жазуымыздың артық «жүгін» алып
тастаған болар едік. Шынында да: тыйын, сыйыр, жыйын секілді сөз-
дерді: тиын, сиыр, жиын деп жазсақ әлдеқайда қолайлы болмас па еді?
Дәл осы бағытта доцент Балақаевтың да ұсынысы болған.
Бұл мақалада сөз етілген мәселелердің кейбір оқушыға тіпті ұсақ
көрінуі де мүмкін Біздіңше, ендігі жерде осындай өте ұсақ кемшілік-
терге де жол беріп отыруға болмайды, үйткені баспасөздегі, жалпы
жазу сөзіндегі ұсақ-түйек кемшіліктерді елемей көне берсек, ондай
кемшіліктерге әбден бой үйреніп кетуі мүмкін.
Редакциядан: Ермеков жолдастың «Емле мен терминологияның
кейбір мәселелері» деген мақаласында көрсетілген кемшіліктер (бір
сөздің бірнеше түрде жазылуы т.б.) «Халық мұғалімі» журналында да
көп кездеседі. Мұндай кемшіліктердің келешекте болмауына журналдың
редакциясы айрықша көңіл бөліп отырмақшы.
Ермеков жолдастың мақаласын оқушылар жұртшылығының пікір
алысуы ретінде басып отырмыз.
Әлімхан Ермеков
Терминология мәселелері (1910-1930 жылдар). Екі том. шығ. жин. Құраст.:
Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева, Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 2 том. 55-62 б.
364
Достарыңызбен бөлісу: |