«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет31/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
АЛТЫНБЕК МЕРСАДЫҚОВ
Аңдатпа:
Шәкерім мен Мағжан бабалардың ұлағатты ойла-
рын берік ұстанған ақын, бұл өлеңі арқылы жас-
тарды адалдыққа, мейірбандыққа, саналы болуға, 
төл тарихымызды қастерлеуге шақырады. Бабасы 
Мағжан сенген «жас» екенін сезіне отырып, дүние-
нің сахнасына өзінің келгенін һәм өзі арқылы бар-
ша жастың келгенін үлгі етеді. Бұл жәй ғана сөз 
емес, «рух сөзі» екенін солықтаған жанның мұңын-
дай өлеңмен жеткізгісі келді.
Аннотация: 
Восхищаясь великими идеями Шакерима и Маг-
жана, автор призывает молодежь быть честны-
ми, добрыми, сознательными, ответственными и 
чтить историю. Осознавая себя предствителем 
«молодежи», в которого верил Магжан, поэт берет 
на себя ответственность через свои строки приз-
вать молодежь к просветлению. Это не просто ст-
роки, а «отголоски души»…
Abstract:
Admiring the great ideas of Shakerim and Magzhan, 
the author encourages young people to be honest, 
kind, conscious, responsible and honor history. 
Conscious of himself as the representative of the 
«youth», in which Magzhan believed, the poet 
assumes the responsibility through his lines to call on 
youth to enlightenment. These are not just lines, but 
“echoes of the soul” ...
Рух сөзі
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Ш. Құдайбердіұлы
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін!..
М. Жұмабаев 
Мейірім аңсаған Ғасырға жұтылып,
Ғарышқа қол созып, Ай болып тұтылып...
Көмейден көмескі әуездер әуелеп,
Бодандық дертінен мәңгілік құтылып,
Мен келдім!
Өзекті өртеген дертімді у қылып,
Арымда азаттық айбары булығып.
Сағыныш иісіне сусаған Қазақ пен,
«Алаштың» арманын аспанда ту қылып,
Мен келдім!
Жерұйық – өлкемді мекендеп сан алып,
Көк Түрік көксеген тұғырдан таралып.
Қандықол тарихтың күнәсіз куәсі – 
Бабамның қаны мен анамның жасынан жаралып,
Мен келдім!
Найзаның ұшында намысым оянып,
Тәңірдің тым қатал сынына таянып.
Нәп-нәзік сезімдер табанда тапталып,
Мөп-мөлдір үмітім қызылға боялып,..
Мен келдім!


76
77
Кірпіктің ұшында кіршіксіз жас қалып,
Жұпарлы жусанды жаныма жастанып.
Еркіндік аңсаған кеудемді ән кернеп,
Арқаның төсінде Астана басқарып,
Мен келдім!
Боз жусан ғұмырым домбыра шегінде кемерлеп,
«Елім», деп еңіреп, жеріме елеңдеп.
Тәуелсіз ойларым төбемде құт болып,
Жұмақтың төрінен естілген өлең боп,
Мен келдім!
Тым қысқа ғұмырда адал жол іздедік,
Келешек күндерден еш үміт үзбедік.
Жас болып мен келдім, менімен барша жас...
Сананың ішінде «Еркіндік» бозарып,
Нар баба Мағжанның рухынан сөз алып,
Біз келдік! ...Біз келдік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет