Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы



Pdf көрінісі
бет59/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124
§ 3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі.
Біреудің ісі сапалы, екіншісшікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни
оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылнқ адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды.
Ал бейімділік — нақты іс әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пеп бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім
тауьш, бір бағытта тоғысъш отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу,
көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ; ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз
болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-
бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, кызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-
құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбек-сүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай
ерекше қабілеттілігі бар адамнын өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке
басына сын көзімен карап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын
айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам кабілетінің, даралық ерекшеліктеріне талант,дарылық данышпандық сияқты қасиеттер де жатады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше
қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік
қасиеттерімен танылған Ақан сері,
Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да талант-тардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.
100


Қабілеттід жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы
қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы
әрекетпен шұғылданады, сол ба-ғытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында онын іс-әрекеті өзгелерге өнеге
болады, жемісті нәтижелер береді.
Адам кабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамьш, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның
ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы
қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелсрі адамның
әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б.
салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына
Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би,
Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызура болады.
Кабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет — адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай
өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатыи, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне
айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның
қалыптасуы тәжірнбелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сезбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі
деңгейде дамып өрістеуінің негізгі Факторы — еңбек.
101


102




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет