Алматы №1 (135) 2012


дір, ғалишан, мужиб, бинан, азуланмиш



Pdf көрінісі
бет321/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   446
дір, ғалишан, мужиб, бинан, азуланмиш
т.б. тәрізді лексемалар мен дахил уа малақат, 
ғалиасиаға муафих сияқты сөз тіркестері ұшы-
райды» [2, 31-32 бб.]. 
Термин ғылым мен техниканың, ресми құ-
жаттар тілі екенін ескерсек, қазақ топырағын-
да ғылыми ой-пікірдің, ресми тіл өрбуін зерт-
теушілер XIX ғасырдың екінші жартысынан 
бастайды. Ғылым туралы тұңғыш деректер 
мен ғылыми мақалалар алғашқы қазақ га-
зеттері – «Т‰ркістан уалаяты газеті» (1870) 
мен «Дала уалаяты газеті» (1888) беттерінде 
жарияланған. 
Профессор Б.Әбілқасымовтың «Алғашқы 
қазақ газеттерінің тілі» атты еңбегінде: « ... 
бұл газеттердегі ғылыми мақалалардың көбі 
сол кездегі ғылыми экспедиция материалдары, 


258 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
солардың жұмысы туралы есеп не солар 
жайында хабар болып келеді. Сонымен бірге 
тіл, әдебиет, тарих, этнографияға қатысты ма-
қалалар да жарияланып отырған. Бұларда кез-
десетін ғылыми ұғымдарды газет қазақ ұғы-
мында бұрыннан бар сөздер арқылы т‰сін-
дірмек жолымен аударып беруге тырысқан
кей кездерде сол терминдік мағынадағы орыс 
сөздерінің өзін қалдырып та отырған» [3, 19-
20 бб.]. 
Газет тіліндегі терминдер ретінде қолда-
нылған кірме сөздер жөнінде осы еңбегінде 
Б.Әбілқасымов: ««Т‰ркістан уалаяты» газеті-
нің тілінде араб-парсы сөздері өте сирек кез-
деседі, кездескенінің өзі о бастағы тұлғасын 
м‰лде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде 
қолданылып кеткендері ғана. Ал «Дала 
уалаяты газеті» шыға бастаған ХIХ ғасырдың 
80 – жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қар-
қынының м‰лде әсіреп, тіпті тоқталған кезі 
болатын. Газет сол кездегі халық ұғымына 
әбден сіңіп, оның қажетіне асып ж‰рген араб-
парсы сөздерін батыл қолданады», - деп 
жазады [3, 19-20 бб.]. Бұл баспасөз тілін жан-
жақты зерттеп, даму жолдарын арнайы сөз 
еткен құнды еңбектен шығыс тілдерінен енген 
терминологиялық сөздер жайында едәуір мағ-
лұмат аламыз. 
Сонымен бірге бұл кезең – терминжасам, 
ресми тіл қалыптасу ‰дерісінің бастапқы ке-
зеңі болуымен де қазақ тіл білімі тарихында 
айрықша орын алады. Сол тұста терминжасамда 
негізінен тіліміздің бар байлығын сарқа пай-
далану бағыты, терминдерді «қазақиландыру» 
бағыты басым болды. Дегенмен, бұл кезде га-
зет-журналдарда қазақ мәдениетінің мәселе-
лері көтеріліп, орфография, орфоэпия салала-
рына да көңіл бөліне бастайды. Сол кездің өзін-
де баспасөз материалдарынан көптеген интер-
националдық терминдердің қазақша баламалары 
жасалып, орыс сөздерінің қазақша нұсқалары 
қолданысқа ене бастағанын байқауға болады.
Қазіргі кезде терминология, ресми тілді 
ұлттық тіл негізінде қалыптастыру мәселесі 
тіл ғылымында ғана емес, жалпы баспасөз және 
ақпарат беттерінде ең көкейкесті тақырыпқа 
айналып, ұлттық терминологиялық қор жасау 
қажеттілігінен туындайды. Тілде жаңа ұғым-
дар мен атаулардың пайда болуы ғылым мен 
техника саласындағы өзгерістермен, жаңалық-
тармен тығыз байланысты. Осы тұрғыда жиырма
бірінші ғасыр ғылым мен техниканың ең жо-
ғары дамыған кезеңі, яғни нағыз терминоло-
гияның шарықтау ғасыры болып табылады.
Қоғамдағы өзгерістер, саяси-әлеуметтік 
және экономикалық қатынастардың жаңа к‰й-
ге ауысуы тіршілігімізге жаңалықтар енгізіп, 
тілімізде жаңа термин мен атаулардың пайда 
болуына әсер етеді. Қазақ терминжасам ісі, 
ресми-іскери қатынастар ұлт тілі негізінде 
ж‰ргізіліп, тілде бұрыннан бар сөздер мен 
т‰бірлерді терминдер шығармашылығында 
кеңінен пайдалану ‰рдісі байқалады. Сонымен 
бірге дайын сөзжасамдық ‰лгілерге де арқа 
с‰йей отырып, өзіндік жаңа формалар мен 
терминдік парадигмалардың пайда болуын 
атауға болады. 
Қарастырылып отырған стильде, оның сан 
алуан т‰рлі жанрлары мен тақырып т‰рлілігі 
оның негізгі екі т‰рін ажыратып беруге м‰м-
кіндік жасайды: ресми құжаттама стилі және 
к‰нделікті-іскерлік стилі. Өз кезегінде, бірін-
шісінде мемлекеттік органдардың қызметімен 
байланысты заңнамалық құжаттар тілін және 
халықаралық қатынастармен байланысты дип-
ломатиялық актілер тілін атап көрсетуге болады.
К‰нделікті-іскерлік стильге мазмұны мен 
жанрларына, тілдік тәсілдерді қолдану сипа-
тына қатысты мекемелер мен ұйымдардың 
арасындағы қызметтік хаттар т‰рлері және 
жеке іскерлік қағаздары жатқызылады. Осы 
тұрғыдан алғанда, әкімшілік-кеңселік кішігі-
рім тіл негіздерін қарастыру өте маңызды,
себебі әрбір азамат ‰шін бұл тіл ерекшелі-
гімен жете таныс болу аса қажет. Мәселен, 
оның мынадай т‰рлері к‰нделікті өмірде де, 
жұмыс, қызмет барысында да жиі кездесіп 
отырады: өтініш, қолхат, т‰сініктемехат және 
т.б. Ал, қажетті «қағазды» жазып беру дағ-
дысы адамның тіл мәдениеті мен сауаттылы-
ғының басты дәлелі болып саналады. Сон-
дықтан да бұл саланың тілдік тұрғыдан жан-
жақты зерттелуі сөйлеу жағдаяты, айтылым 
мақсаты мен мазмұнын, оның адрестілігін 
есепке алатын тілдік амал-тәсілдерді тиімді 
пайдалану ‰шін аса қажет. 
______________ 
1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің т‰сіндірме сөз-
дігі. – Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005.
2. Әбілқасымов Б. ХIХ ғасырдағы іс қағаздардың тілі 
жайында//Т‰ркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы 
мен болашағы. – Алматы, 2010.
3. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – 
Алматы, 1971. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет