260 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
ةﻩبشملا - сапалық
сын есім, ةغلابملا ةغيص -
к‰шейтпелі шырай,
ليضفتلا مسا - салыс-
тырмалы шырай мен ردصم - қимыл есімдері-
нен (масдар) жасалған туынды сөздер жатады
[4, 561-562 .ص].
Мысалы,
يبارافلا ناك
اميلع املعم
-
әл-
Фараби
білгір ұстаз болған;
ٌلجر تنأ
لدع
ٌ
-
Сен
әділ кісісің сөйлемдерінде
ұстаз, әділ
сөздері зат есіммен қиыса байланысқан. Қазақ
тілінде де бір ғана т‰бірден, негізгі немесе
туынды т‰бірден тұратын сын есімдер
дара
сын есім деп аталады.
Араб тілінде دماج - т‰бір сөздердің сын
есімге айналуы
бұл категорияның қиысу
заңдылықтарына бірқатар өзгерістер енгізеді.
Ал қиыса байланысу қағидасына ةفصلا– сын
есім жалпы есімдерге тән белгілі хал артиклін
қабылдай алу ерекшеліктерімен қатар, ‰немі
فوصوملا - зат есімнен кейін етістікше септе-
ліп, көптелуі жатады [4, 566 .ص].
ةفصلا - сын есім
септік (атау, табыс және
ілік септіктері);
тектік (әйел немесе ер тегі);
мөлшерін білдіретін
т‰р (жекеше, екілік,
көпше т‰р);
хал (белгілі мен белгісіздік) кате-
гориялары арқылы зат есімнің синтаксистік
белгілерімен
қиыса байланысып тұруы қажет.
Демек, араб тіліндегі релятивті сипаттағы грам-
матикалық категориялар сөзөзгертім (т‰рле-
нім) форманттарының қатысы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде айқындауыш анықтауыштың
ерекше бір т‰рі. Айқындауыш айқындалатын
сөз зат есім болса, оның қай зат, не оның қай
бөлшегі
мен қай тобына, қай т‰ріне жататын
зат екенін білдіріп, сөйлемде белгілі бір м‰ше-
нің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын
басқа сөзбен т‰сіндіріп, нақтылап көрсететін
сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын
сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.
Айқындауыш пен анықтауыштың ұқсас
жерлері мен айырмашылығы төмендегідей:
1) анықтауыш өзі анықтайтын сөзінің ал-
дында келсе, айқындауыш соңынан келеді;
2) анықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз м‰-
шесі
қызметін атқарса, айқындауыш өзі ай-
қындайтын м‰шемен тұлғалас келіп, сол м‰ше
тәрізді қызмет атқарады;
3) анықтауыш өзі анықтайтын сөзімен
синтаксистік қатынастағы тіркес құраса, ай-
қындауыш өзі анықтайтын сөзімен тіркес құ-
рамай, оны мағыналық жағынан нақтылап,
айқындайды;
4) анықтауыш өзі анықтайтын сөздерімен
ұласпалы интонацияда айтылса,
айқындауыш
м‰шелердің өзіне тән ерекше ‰ні, екпіні бо-
лып, жазуда тыныс белгілері арқылы ажыра-
тылады.
5) айқындауыш өз ішінен қосалқы, қо-
сарлы және оңашаланған айқындауыштар бо-
лып бөлінсе [5, 41 б.], анықтауыш та дара,
к‰рделі және ‰йірлі болып жіктелген.
К‰рделі анықтауыш құрамындағы сөздер
өзара атрибутивтік қатынаста келу арқылы
(алдыңғылары соңғыларын анықтап), басқа
зат есімдерді анықтайды:
қара көк ат, ұзын
бойлы жігіт. ‡йірлі анықтауыш құрамын-
дағы сөздер бастауыш – баяндауыш ыңғайын-
дағы предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат
есімдерді анықтайды:
Аласы аз қара көзі нұр
жайнайды (Абай).
Араб тілі грамматикасында зат есім
белгілі
болса, ةفصلا - сын есім оны айқындайды.
Мысалы, دﻩتجملا يلع ءاج -
Ынталы Әли келді
десек, аттастардың ішінен кімнің келгенін
сыны арқылы ажыратамыз.
«Т‰ркі тілдері морфологиялық типология-
сы жағынан агглютинативті тілдер тобына
жатады және сөздің орын тәртібіне сай, атап
айтқанда, әрт‰рлі
тілдердегі сөздің орын
тәртібінің типологиясы бойынша сөйлемдер-
дегі сөздің орын тәртібінің типі, сөйлем м‰ше-
лерінің негізгі типті құрылымы субъект-объект-
етістік (SOV) болып саналады. Т‰ркі тілдері-
нің тілдік құрылымдарында, яғни грамматика-
сында артикль жоқ деп есептеледі» [6, 222 б.].
Ал қазақ тілінде сын есім пысықтауыш, баян-
дауыш қызметін атқара алғанымен, негізгі
анықтауыштық қызметінде жұмсалғанда тұл-
ғалық жақтан т‰рленбейді, зат есім форма-
сымен ‰йлеспейді де, қиыспайды, тәуелден-
бейді, көптелмейді
және септелмейтін сөз
табы.
Жіңішке ине мен жуан иненің аралы-
ғындағы
Достарыңызбен бөлісу: