Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет129/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   446
104 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
болып табылады. Жазушының небәрі 14-15 
беттен тұратын «Екі д‰ние – екі әйел» деп 
аталатын әңгімесінің өзінен-ақ отыздан аса 
басқа тілден енген сөздерді кездестірдік. Екі 
т‰рлі қоғамда өмір с‰рген екі әйелдің бір 
к‰нгі өмірінің қарама-қайшылығын салыстыра 
отырып суреттеген жазушы олардың таным-
т‰сінігін, іс-әрекетін, өмір с‰руге деген құл-
шынысын шынайы суреттейді. Куртка, кот-
тедж, метеорологиялық станция, мадам, плащ, 
ондатра, циклон, барометр, градусник, аппа-
рат, трактор, бульдозер, телефон, транзистор
гараж, машина, металл, ферма, балон, электр, 
таракан, сахара, француз, ванна, халат, аспи-
рин, шкаф, коридор, фонарь, радио, бефстро-
ган, репортер, вагон, вертолет, мотор, бак, 
бокал секілді сөздерді қолдана отырып жазу-
шы қазақтың иен даласында, қойдың соңында 
ж‰рген шопан Майраның психологиясы мен 
ақс‰йек әйел мадам Бэйлидің психологиясын 
жарыстыра қатар суреттеу арқылы екі қоғам-
ның өмірін қатар бейнелейді. 
«Мадам Бэйли Дмейн ... бір дос жар адамы-
ның коттеджінде демалып жататын еді». («Екі 
д‰ние – екі әйел», 194-бет.) 
«... Бәрін к‰ні-т‰ні хабарлап тұратын ша-
ғын ғана метеорология станциясы да бар». 
(«Екі д‰ние – екі әйел», 194-бет.) 
Әңгімеде қолданылған «русизм» сөздердің 
бәрі де бастапқы дыбысталу формасын сақтап 
қолданылған. Екі қоғамның өмір шындығын 
суреттеуді мақсат еткен жазушы ‰шін бұл 
сөздер ең қажетті тілдік қолданыс болып 
табылады. Ол сөздерді еш аудармасыз, т‰сі-
ніктемесіз қолдансақ та бәрімізге т‰сінікті, 
себебі олар к‰нделікті қолданыста тұрақталып 
қалған сөздер. Ең бастысы - өз орнында тұ-
рып, стильдік қызметін атқарып, шығарма 
шырайын келтіруде. 
Өткен ғасырдың сонау отызыншы жылда-
рының өзінде-ақ қазақ тіл білімінің классигі, 
ғалым Қ. Жұбанов шет елдік сөздер мен 
советизмдерден, яғни русизмдерден ‰рікпей, 
жатсынбай оларды қазақ тіліне енгізе отырып, 
мынандай негізгі ‰ш шартты орнықтыру керек 
екендігін ескерткен болатын: «1. – принимать 
без изменения первоначальные слова в рус-
ском варианте; 
2. – при склонении и спряжении перво-
начальных слов употреблять только казахские 
оканчания... 
3. – все производные слова от первона-
чальных слов производить согласно законам 
казахского языка. Кроме того, нельзя ограни-
чивать введение международных терминов и 
советизмов». (5. 246.)
Осы айтылған шарттар б‰гінгі к‰нгі орфо-
графиялық ережелерімізде де тұрақталып, 
қолданыста ж‰р. Бір атап өтер жағдай, б‰гінгі 
к‰нде ыңғайға келсін, келмесін шет елдік тер-
миндерді қазақшалау ‰дерісі к‰шейіп барады.
«...Тілдің тазалығы мен дамуы оны ғы-
лыми терминдерден таза ұстау қажеттігін ту-
ғызбайды. Сіз қалаңыз, қаламаңыз замани өр-
кениет енгізген терминдер тілімізде бар, бо-
лады, бола бермек. Бұған ешкім қалқан бола 
алмайды, олай болған к‰нде қазақ мектебін 
бітірген бала әлемдік ғылымнан кенжелейді. 
Қазіргі кезде грек, латын орыс сөздерін тілі-
мізге ертерек енген араб, парсы атауларымен 
ауыстырып, төл сөзге айналдырдық дейтін
пуристік бағыт – жаңылғандық. Тұрмыста 
кеңінен жұмсалатын жалпықолданыстағы сөз-
дерді аудару жөн; ал әлемде жаппай қолда-
нылатын ғылыми-техникалық интертермин-
дер кірме сөздер қабатын байытады, одан 
әлемде ешқандай тіл ұтылған емес», - дейді 
ф.ғ.д., профессор. А.Б. Салқынбай. 
Әдеби тілді байытудың жолдары мен тіл 
тазалығы туралы кезінде жазушының өзі де 
салмақты ой айтудан жалықпаған. «Тіл байы-
тудың қайнар көздері бар. Біріншіден, интер-
националдық терминдерден жөнсіз қашпауы-
мыз керек. Өйткені, ол барлық халықтарға ор-
тақ. Мәселен, орыс тілінің көп жағдайда орам-
ды, оралымды тіл дәрежесіне көтерілуінде 
осы интернационалдық терминдердің де ‰лесі 
бар». ( 7. 545.)
Біз жазушы шығармаларының тақырып 
аясының кеңдігіне сілтеме жасай отырып, 
әңгімелерінің тілінде кездесетін русизмдерді 
шартты т‰рде мынадай етіп ж‰йелеп, бөлдік: 
а) әскер, соғыс тақырыбына байланысты 
сөздер: команда, эшелон, траншея, танк, тан-
кист, пилотка, командир, полковник, дивизия, 
лейтенант, офицер, солдат, фашист, партизан, 
план, атом, бомба, эпицентр, снаряд, вин-
товка, мобилизовать, военком, отряд, генерал 
және т.б. 
«Әлі есімде, кең жаурынды, сом денелі 
қараңғы т‰нде к‰ндізгіден де гөрі ірі көрінген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет