Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет379/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 303 
мен жалпы фразеологиялық семантикаға не-
гіздей отырып, жалпыдан жалқыға сияқты 
иерархиялық принциппен ж‰йеленгенді жөн 
көрдік. Мұнда жеке сөз бен фразеологиялық 
тіркесте доминант болуы м‰мкін. Қатар ішін-
де мағыналық дифференциацияның тереңдеуі-
нен жалпы ұғымның т‰сінігі сатыланып, нақ-
тылана береді” дей келе “адамға” қатысты ма-
ғыналыс фразеологизмдердің 13 т‰рлі фраза-
семантикалық өрістерін жіктеп көрсетеді [2, 
57-58 бб.].
Туған жер туралы ұғымды тануда концеп-
тілік құрылымдардың санада бейнеленуі, әр 
т‰рлі формада көрініс табуы ‰лкен қызмет 
атқарады. Сондықтан да біз осындай құры-
лымдық ерекшеліктерге с‰йене отырып, туған 
жерге қатысты адам баласының ой-пікірін, 
ішкі толғаныстан туындаған сезімдерін, туған 
жер туралы танып-білген т‰сініктерін семан-
тикалық, танымдық ерекшеліктеріне қарай 
бірнеше топтарға топтастырдық.
Отан – белгілі бер мемлекеттік тірегі, 
ошағы. Қазақстан мемлекеті қазақ елінің және 
Қазақстан жерін мекендейтін адамдардың да 
Отаны ретінде саналады. Ал шетелден келген 
қандастарымыздың туылған жері, туып-өскен 
мекені өзге мемлекет болуы да м‰мкін, бірақ 
олардың Отаны – Қазақстан. Себебі, ол ата-
бабаларының мекен еткен ордасы. Қоғамдағы 
келеңсіз жағдайлардың салдарынан өзге елдің 
шекарасынан өтіп кеткен қандастарымыз әр-
дайым өздерінің Отанын мақтан етері хақ. 
Сондықтанда Отан ‰лкен, ауқымды мағынаға 
ие. Ал енді туған жер ұғымын Отанның бір 
бөлшегі ретінде қарастыруымыздың себебі
адам т‰птеп келгенде өзінің туған жері ретін-
де өзінің туған ауылын атайды. Мәселен қазақ 
елінің туған жері – Қазақстан (жалпы ұғым-
да). Яғни, Қазақстан мемлекеті қазақ елінің 
тәуелсіз Отаны. Осыдан бастау алатын туған 
жер ұғымы бірте-бірте бөлшектене т‰седі. Мә-
селен, Қазақстан мемлекеті, өлке, аумақ, 
облыс, аудан, қала, ауыл, көше, ‰й (белгілі бір 
адамның қара шаңырағы). Белгілі бір адам 
ауқымды мағынада өзінің туған жері Қазақ-
стан мемлекеті ретінде ұғынады. Енді оның 
туған жерінің нақты орнын сұрауда бұл ұғым 
жоғарыдағыдай бөлшектене т‰седі. Бірінші-
ден «Отан» макро концептісінің семантика-
лық өрісі мен концептілік белгілеріне назар 
аударайық. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали 
Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: 
Мына өлке, 
Мына аймақ, 
Бұл маңда 
Құлшылық етемін тұрғанға, 
Құлшылық етемін қырларға! 
Тағзым жасаймын қырларға! 
Осы бір Отанда тұрғанға! – деп жыр-
лайды. Отанды қадір тұту, қастерлеу кез кел-
ген Қазақстан мемлекетін мекендеген әрбір 
азаматтың борышы. Қазақ халқы «Отан елдің 
анасы, «Ел – ердің анасы» деген. Отанға деген 
құштарлық әрбір азаматтың ж‰регіндегі 
‰лкен, ұлы сезім. Сондықтан да кез келген 
халық өз Отанын қорғауды борыш, парыз 
санаған. Қазақ тіліндегі «Отан оттан да ыс-
тық», «Отанды с‰ю отбасынан басталады», 
«Отан ‰шін к‰рес, Елге тиген ‰лес», «Орағың 
өткір болса, Қарың талмайды, Отаның берік 
болса, Жауың алмайды» сияқты мақал-мәтел-
дердің мазмұны Отанның адам өміріндегі 
орнын айқындайды.
Отан концептісінің құрамындағы концеп-
тілік өріс мазмұнын былай т‰зуге болады. Қа-
зақ ұлты ‰шін Отан – «елдің анасы», «өлке, 
аймақ, бұл маңға құлшылық жасау», «ол от-
тан да ыстық», «оған деген с‰йіспеншілікті 
отбасынан бастау», «опасыздық жасамау», 
«отанды с‰ю», «отансыз отың жанбайтын-
дығын сезіну», «т‰тінің дұрыс т‰темей адам 
санатына қосыла алмайтындығыңды сезіну», 
«Отанды сыртқы факторлардан сақтау», 
«Отанның беріктігін сақтау» сияқты ұғым-
дар логикалық модель арқылы фреймдік сипат 
алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет