Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет382/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 305 
дік құрылымдар арқылы танымнан көрініс 
табуы ерекше. Ақын Оразақын Асқардың: 
Өз елім, құтты қонысым 
Өзегім жырға толысың. 
Бар ойым адал атқару, 
Ер-азаматтың борышын – деген ойлары-
нан әр қазақ баласы ‰шін өз елі, туған жері 
‰шін адал еңбек ету, ер-азаматтық борышы 
болып саналатындығын аңғаруға болады. Сон-
дықтан да қазақ танымындағы “туған жер” 
бейнесі табиғат пен оның объектілерінің қа-
былдануы ғана емес, танымдық сипат алған 
бейнелі тіл ж‰йесі. 
Ақиық ақын Мұқағали Мақалаевтың «Қа-
зақ жері» атты өлеңінде:
Туған жер – Ата қоныс, Атамекен. Көш-
пелі қазақ танымындағы “туған жер” ұғымы 
кір жуып, кіндік кескен жер ғана емес, ата-
бабасының с‰йегі жатқан қасиетті мекені, ата-
қоныстық сипат алған мекені. Яғни туған жер 
ұғымы атақоныстық, атамекендік мағынада 
жұмсалады. Ата қоныс (мекен, жұрт). Белгілі 
халықтың ежелгі мекені. Атамекен. Бұл тура-
сында тілімізде атақоныс – алтын мекен ма-
қалы да кездеседі. 
Туған жер, атамекен концептілерінің кон-
цептілік өрісі «кеңістік» концептісіменде ты-
ғыз байланыс т‰зеді. Бізге дейінгі зерттеу-
лерде кеңістікті «д‰ниенің байланыстылығын, 
‰здіксіздігін, көп құрылымдығын, ‰шөлшем-
дігін көпөлшемдігін танытатын» концептілік 
бірлік деп қарастырады. Адамның айналасын-
дағы оның өзіндік кеңістігін жат космостан 
бөліп тұратын шегара – адамның туған жері. 
Қазақтар ‰шін кеңістік ұғымы әрі горизон-
талды (оң, сол, шығыс, батыс, оңт‰стік, сол-
т‰стік, д‰ниенің төрт бұрышы), әрі верти-
калды (жоғары, төмен, аспан, жер, жер асты) 
формада қабылданатыны оның т‰рлі мифтер-
де, ауыз әдбиеті ‰лгілерінде сақталған тілдік 
бейнелерден көрінетіндігі айтылған. Зерттеу-
ші Б.Нұрдәулетова: «Кеңістік дегеніміз қа-
зақтар ‰шін шексіз космос деп таниды. Осы 
космоста олардың «өз микрокосмосы бар», ол 
– «атамекен» деп аталатын олардың б‰кіл 
болмысын өзге «ықпал етуші, ‰йлесімділігін 
бұзушы» к‰штерден сақтайтын, ата-баба-
сынан мұраға қалып келе жатқан өздері ‰шін 
ерекше «жұмақ, жайлы жер» деп сипаттайды.
Жалпы ұлттық стереотиптік ұғымда атамекен 
европалық ғалымдарының т‰сінігіндей «көш-
пелілердің көшіп-қонып ж‰ретін территория-
сы, малға жайлы жайылымдық жерлері емес», 
атамекен ата-бабасының кіндік қаны тамған 
жері, екіншіден, ата-бабасының бейіті жатқан 
жері, ‰шіншіден, атамекен болатын жердің 
таңдалуы қасиетті әулиелердің, пайғамбарлар-
дың батасыменғ Алланың қалауымен ж‰зеге 
асырылады, төртіншіден, ата-бабаның қаны 
төгіліп, жаудан қорғап алып қалған жері. 
Бесіншіден ол – ағайын-тума ортасы» [3], - дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет