Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет94/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   146
Мұздықтар 

 
Қазақстан өзен-
дері мен көлдерінің негізгі қорек-
тену көзі. Қазіргі мұз басу шега-
ралары – Алтай, Сауыр, Жетісу 
Алатауы мен Тянь-Шань таулары. 
Барлығы тауларда жалпы ауданы 
2033 км
2
болатын 2724 мұздық 
бар.
Мұздықтар қар сызығынан жо-
ғары орналасқан. Қар сызығының 
биіктігі Алтайдың 2600 м деңге-
йінде, Сауырда – 3300 м, Тянь-Шань
тауларында – 3800 м биіктікте. Бір таулы өңірдің солтүстік және оң-
түстік баурайындағы айырмашылық 200-300 м-ге дейін жетуі мүмкін. 
Мұздықтардың көпшілік бөлігі Жетісу Алатауында, онда 1369 мұздық 
бар. Бірақ Қазақстандағы ең ірі мұздық – Іле Алатауында орналасқан 
Корженевский мұздығы. Бұл мұздықтың ұзындығы – 14,4 км, ауданы – 
36,8 км
2
, мұзының қалыңдығы 300 м-ге дейін жетеді 
(58-сурет).
Өзендердің бастауында орналасқан мұздықтар тау өзендерінің 
қоректенуіне қатысады. Тау өзендерінің бастауында тау суы 85%, ал 
жазық бөлігінде – 35%. Алтайда мұздықтардың еруінен Үлбі, Шарыш, 
Жетісу Алатауында – Лепсі, Ақсу, Көксу, Тянь-Шаньда – Үлкен және 
Кіші Алматы, Есік, Түрген, Шарын өзендері бастау алады. Биік таулы 
өңірлерде климат қатаң, ол мұздықтарға іргелес жатқан аумақтарға 
әсер етеді. Жылдық орташа температура 0˚С-тан төмен болатын тау-
лы аудандарда ауданы 20 мың км
2
көпжылдық тоң түзіледі. Көпжыл-
дық тоңның төменгі шегарасы Алтайда – 2000 м, Сауырда – 2300 м, 
Жетісу Алатауында – 2800 м, Тянь-Шаньда – 3000 м. Қазіргі уақытта 
мұздықтардың массасы мен көлемі кішірейіп келеді. 
58-сурет.
Корженевский мұздығы
124
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Жерасты сулары
, жерүсті суларының сапасына техногендік әсер-
дің өсуіне орай, экономика салалары мен тұрғындарды таза ауыз-
сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын болды 
(59-сурет).
Орналасқан тереңдіктеріне байланысты 
грунт (еспе) 
және
 терең 
су (
артезиан
) болып бөлінеді.
Еспе сулары 3 м-ден 30 м-ге дейінгі тереңдікте, бірінші су өткізбей-
тін қабаттан жоғары орналасқан. Су деңгейі жыл маусымына қарай 
өзгереді және атмосфералық жауын-шашынға байланысты болады.
Құрғақшылық белең алған аудандарда сумен қамтамасыз етудің 
негізгі көзі – құдықтар және құдық болған жағдайда ғана малшаруа-
шылықпен айналысады. Бірақ жерасты сулары күннен күнге артып 
келе жатқан суға деген қажеттілікті қамтамасыз ете алмады. Сон-
дықтан жаңа су көзін – артезиан құдықтарын табу қажет болды.
Қазақстан аумағында 70-тен астам артезиан бассейні анық талған. 
Артезиан сулары су өткізбейтін қатпарлардың арасында жатқан-
дықтан жоғары тегеурінді (арыны қатты) болады және платформа-
ларда, шұңқырларда және тауаралық ойыстарда кездеседі. Тұщы ар-
тезиан сулары 50 м-ден 2700 м-ге дейінгі тереңдікте, ал тұзды сулар 
1.
Солтүстікке қарай жылжыған сайын қар сызығының биіктігі төмен-
дей беретінін дәлелдеңдер. Осы құбылысқа әсер ететін түрткіжайт-
тарды түсіндіріңдер.
2.
Қазақстан тауларындағы мұздықтардың көлемі мен массасының 
кішірею себебін түсіндіріңдер.
Су сақтағыш қабат
Арынды артезиан
ұңғымасы
Жерасты суына 
арналған ұңғыма
Еспе су
құм
құм
Артезиан суы
әктас
әктас
әктас
құм
59-сурет.
Жерасты сулары
125
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


одан айтарлықтай тереңде болады. Каспий маңы ойпатында 10-23 км 
тереңдікте, Мойынқұм құмдарында 300-500 м тереңдікте, 50 мың км
2
ауданды алып жатыр. Жерасты сулары тыңайған жерлерді игеретін 
аймақтан табылған болатын. 
Қазіргі уақытта жерасты суымен 14 облыс, Алматы қаласы, 200-
ден астам аудан орталықтары қамтамасыз етілген.
Қазақстан бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, жерасты сула-
рын игеру технологиясы мен қолданылу аймағын, құрамы мен ерек-
шеліктерін көрсететін графиктік модель әзірлеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет