Гидронимдер
– су нысандарының атаулары. 5-сызбаның мазмұ-
ны бойынша гидронимдердің су нысандарының түрі мен тегіне қа-
рай бөлінетіндігін айқындауға болады:
Сабақтың мақсаты:
●
қазақ гидронимдерін жіктеу негізінде олардың мағынасын түсіндіріп,
үш тілде олардың транслитерациясын ұсыну.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
●
гидронимдер құрамындағы халықтық географиялық терминдерді;
●
гидронимдердің пайда болу тәсілдерін;
●
кеңінен таралған гидронимдердің мағынасы туралы білу керек.
ТОПОНИМИКА
●
ТОПОНИМ
●
ГИДРОНИМ
●
ХАЛЫҚТЫҚ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИН
●
ИНДИКАТОР
●
ПЕЛАГОНИМ
●
ЛИМНОНИМ
●
ПОТАМОНИМ
●
ГЕЛОНИМ
Гидронимдердің пайда болуына халықтық географиялық термин-
дер мен индикатор-терминдер қатысады. Кейде терминнің өзі су ны-
санының жеке дербес есімі бола алады.
Пелагонимдер.
Каспий теңізі
–
Жер бетіндегі ең алып және тұйық
көл. Оны алыптығына қарап теңіз деп те атайды.
Арал теңізі
– Орталық Азиядағы
бұрынғы ағынсыз тұзды көл,
Қазақстан мен Өзбекстанның шегарасында орналасқан. Теңіз XX ға-
сырда ауданы жағынан
әлемде төртінші орында болған, бірақ 1960
жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Ол – әлемдік мұхитқа
шығатын жолы жоқ ағынсыз көл.
Достарыңызбен бөлісу: