Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет26/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

«Құн сұрау» - қайтыс болған адам үшін кесімі белгіленген ақы талап ету [30, б. 364]. Орыс тіліндегі М. Әуезов тарапынан мақұлданған аудармада «потребовать выкуп» деген нұсқа берілсе, А. Ким өз аудармасында «требовать кун» деген аударма нұсқасын ұсынып отыр. Орыс тіліндегі аударманың екінші нұсқасын үйлесімді деп танимыз. Жартылай транслитерация тәсілі арқылы «требовать кун» деп аударылған фразеологизм, орыс тілді оқырманға түсініксіз болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ, «кун» сөзіне сипаттама берілсе, аударма мәтінінің ұлттық реңкін сақтай отырып, бұл фразеологизмнің этномәдени семантикасының тіларалық сәтті берілуін қамтамасыз етуге болады. Бұл тұжырымымыздың дұрыстығын тексеріп, дәлелдеу үшін орыс тіліндегі «выкуп» және ағылшын тіліндегі «recompense» сөздерінің мағыналарына тоқтала кетейік. «Выкуп» - плата, деньги, которыми выкупают [127]. Сонымен қатар, Т.Ф. Ефремовтың түсіндірме сөздігінде «кун» деген сөзді кездестіруге болады, оған «выкуп за убийство родственникам убитого, спасающий от кровной мести» (у тюркских и кавказских народов)» деген түсініктеме берілген [128]. Ал ағылшын тіліндегі «recompense» сөзі латын тілінен еніп, «that which compensates for an injury, or other type of harm and damage» «зиян келтіргені үшін қарымын қайтару, шығынды өтеу» (біздің аударма – Ж.А.) деген мағынаны білдіреді.
Жоғарыда берілген сөйлемнің біздің тарапымыздан ұсынылған аудармасы: In the old days one could demand kun* for the murder of a kinsman (recompense - that which compensates for an injury, or other type of harm and damage, in this case blood money for the murder) (біздің аударма – Ж.А.). Бұл жерде «потребовать кун» және «demand kun» тіркестері бір-бірімен сәйкес келер еді.
«Recompense» сөзінің ағылшын тіліндегі түсіндірмесінде де адам өлімі туралы айтылып жатқан жоқ, демек бұл жерде этномәдени және лексикалық асимметрия құбылысы орын алып отыр. Аталған екі құбылыстың бірдей орын алуын этнолингвомәдени асимметрия деп атауды ұсынамыз. Ал бұған қарама-қарсы құбылысты, яғни тіларалық және мәдениетаралық сәйкестікті этнолингвомәдени симметрия деп атау ұсынылады.
Кей кездері этнолингвомәдени асимметрия ерекшеліктерін ескермегендіктен, аудармашылар тарапынан қателіктер жіберіледі. Төмендегі мысалдарға көңіл аударайық:

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Ен Шыңғыстан бірде-бір құйқалы қыстау бермепсің
[31, с. 67].



Вы не дали им ни клочка земли на всем Чингизе [91, б. 78].

Вы не дали им и клочка земли на Чингизе
[90, с. 112].

…but you didn’t give them a scrap of land on the whole of the Chinghis
[92, с. 76].

…but you didn’t give them a scrap of land on the whole of the Chinghis
[93, р. 100].

«Құйқа» сөзіне Қазақ әдеби тілінің сөздігінде берілген анықтама:
1. Сойылған малдың үйітілген терісі.
2. Адам басының терісінің шаш өсетін бөлігі.
3. ауыс. Жердің шым болып жатқан үстіңгі қабаты.
Мысалы: Сабанмен жер жыртқанда сол құйқадан төмен түренді батырмайды, өйткені өсімдікке керек тамақ сол құйқаның ішінде болады [129]. Осы сөздікте «құйқалы» сөзіне «оты мол, малға жайлы, егінге лайық, құнарлы жер» деген анықтама берілген. Мысалы: Бұл ара бір құйқалы, жақсы қыстау еді [30, б. 34]. Демек, жоғарыда берілген сөйлемдегі «құйқалы қыстау», яғни оты мол, малға жайлы, егінге лайық жер деген мағына беретін фразеологизм орыс тіліне «клочок земли» және ағылшын тіліне «a scrap of land» (сөзбе-сөз аударма: алақандай жер) деп аударылған. Көріп отырғанымыздай, аудармашылар «құйқалы» деген сөзге мән бермей, бұл фразеологизмнің этномәдени семантикасын аударма мәтінінде дәл бере алмаған. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, жиын-тойда сойылған қой басының төбе құйқасын бас кесуші адам «маңдайынан бақ кетпесін» деген ырыммен табақтас бір адамға ұсынатын [130]. Демек, егер аудармашы «құйқалы қыстау» фразеологизімінің жекелеген элементтерінің мағынасын тереңдеп қарастырса, бұл фразеологизмнің семантикасын аудармада түсіндірме арқылы толықтай беруге болар еді. Мысалы: Вы не дали им и куска плодородной земли для зимовья на всем Чингизе (біздің аударма – Ж.А.). You did not give them even a piece of fertile land fit for wintering in the whole of Chingiz (біздің аударма – Ж.А.).
Берілген мысалда да этнолингвомәдени асимметрия орын алып отыр. Себебі, орыс және ағылшын мәдениеттеріне «құйқалы қыстау» ұғымы жат, ал көшпенді қазақ халқы үшін оты мол, малға жайлы қыстаудың маңыздылығы өте жоғары. Сонымен қатар, қой басының құйқасы орыс және ағылшын мәдениеттерінің өкілдеріне мүлде басқа сезім тудыратыны, өзгеше әсер қалдыратыны айқын.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудар масы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Құнанбай қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады
[31, с. 23].



Рядом с Кунанбаем сидит его брат Майбасар. Став волостным, он сразу порвал дружбу с прежними приятелями и отдалился даже от ближайших родных Кунанбая [91, б. 41].

Сложнее дру гих отноше ния с карегла зым красивым Майбасаром, младшим бра том Кунанбая, которого он всегда сажает на торе рядом с собой. С ним непросто. Ага-султан выдвинул его в волостные старщины – и сразу же Май басар стал от далять от себя всех друзей, близких, под ручных Кунанбая
[90, с. 38].

Maibasar, Kunanbai’s brother, who now sat at his side, had withdrawn from his friends and even from Kunanbai’s nearest relations when he was appointed head of the volost [92, с. 42].

Maibasar, Kunanbai’s brother, who now sat at his side, had withdrawn from his friends and even from Kunanbai’s nearest relations when he was appointed head of the volost [93, р. 44].

Түпнұсқа мәтіндегі «қой көзді» фразеологизмі А.Кимнің аудармасында ғана «кареглазый» деп аударылып, қалған аударма мәтіндерінде мүлде аударылмай қалған. «Қой көзді» – қоңыр көз деген мағынаны білдіреді, демек А. Кимнің аудармасы орынды [30, б. 188]. «Қоңыр көз» ұғымы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бар, ол лакуна емес, сол себепті бұл фразеологизмді аудармай, қалдырып кетудің ешқандай себебі жоқ деп ойлаймыз. Бұл мысалдан да біз лексикалық деңгейдегі асимметрияны байқай аламыз. Төменде өзіміздің ағылшын тіліндегі аударма нұсқамызды ұсынып отырмыз: «There was brown-eyed handsome Maibasar who was sitting next to Kunanbai. He shut himself from his friends and relatives of Kunanbai» (біздің аударма – Ж.А.).
Қазақ тілінде ұлттық тағамдарға қатысты фразеологизмдердің де саны өте көп. Төменде қазақ көркем мәтінінде кездескен фразеологизмнің аудармада қалай берілгендігін қарастырып көрейік:

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудар масы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой [31, б. 57].

Ой, дорогой мой – опять вздохнул он. – Кажется, Кунанбай и без того обкорнал нас всех…
[91, б. 70]

Аударылмаған
[90, с. 97].

Аударылмаған

«It seems to me» he sighed, «that Kunanbai’s plucked the lot of us clean enough»
[93, р. 88].

Бұл фразеологизм құрамындағы «аптау», «күптеу» етістіктерінің мағынасы – безендіру, әдемілеу, жайнату. І. Кеңесбаевтың сөздігінде (ҚТФС) бұл фразеологизмге «емін-еркін билеп-төстеу» деген түсініктеме берілген [30, б. 19]. Берілген фразеологизм құрамында «айран» және «күбі» тәрізді этномәдени элементтер бар, айран – пісірілген сиыр, қой, ешкі сүтінің жылы кезінде ашытып (айран, қаймақ) қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі. Айран әрі сусын орнына да жүреді [131]. Күбі – сүт өнімдерін өңдеуге, сақтауға арналған, ағаштан жасалған ыдыс түрі [132]. Орыс және ағылшын тілдерінде мұндай ұғымдар жоқ, яғни балама бола алатын лексикалық бірліктерді де табу мүмкін емес, сондықтан бұл жерде этнолингвомәдени асимметрия орын алып отыр.
Ал енді аудармаға келетін болсақ, аталған бейнелі тіркес орыс тіліне «обкорнать» деп аударылған. В. Дальдың «Толковый словарь живого великорусского языка» деп аталған сөздігінде «корнать» етістігіне коротать, обрезывать, остригать, окорачивать, обрезать в излишке или как ни попало деген анықтама берілген [133]. Ал С.И. Ожегов сөздігінде «слишком коротко и неровно обрезать, стричь» деп берілген [97]. А. Ким және Progress Publishers аудармаларында бұл фразеологизм мүлде аударылмаған. Ал ағылшын тіліндегі Л. Наврозовтың аудармасында аталған тұрақты тіркестің мағынасы «plucked» (сөзбе-сөз аударма: жұлу, жұлдыру) сөзімен берілген. Қорыта айтқанда, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармада «айрандай аптап, күбідей күптеп» фразеологизмінің этномәдени семантикасы сақталмаған. Бұл – аудармашының белгілі бір ұйқасқа құрылып, әдеби шығарманың көркемдігін арттыратын бейнелі тұрақты тіркестің мәнін нақты түсінбеуі аударманың мазмұнына, әсерлігіне кері әсерін тигізеді деген жоғарыда айтылған пікіріміздің дәлелі іспеттес. Сондай-ақ, «айрандай аптап, күбідей күптеп» фразеологизімінің тұтас мәнін орыс тіліндегі «обкорнать» сөзі толық жеткізе алмайды, яғни орыс тіліндегі аудармада жіберілген қателік ағылшын тіліндегі аудармада сәйкессіздіктің орын алуына әкелді деп пайымдаймыз.
Зерттеу нәтижелері аударма үдерісі барысында тұрақты тілдік бірліктің этномәдени семантикасының тіларалық берілуі, интерпретациялануы және өзге мәдениет өкілдері тарапынан дұрыс қабылдануы тәрізді маңызды мәселелерге ерекше мән беру қажеттігін көрсетеді.
Кез келген тілдік жұпта көбіне лексикалық, грамматикалық, семантикалық және прагматикалық толық сәйкестіктердің болмауы әлемдегі тілдердің өзара асимметриялы екендігін көрсетеді.
Көркем мәтінді аударуда тіларалық асимметрия ерекше орын алады. Бұл орайда біз В.Н. Комиссаровтың пікірін толықтай қолдаймыз. Оның пайымдауынша, әдеби шығарманың оқырманға көркем-эстетикалық әсер етуі үшін аудармашы сөзбе-сөз аударуды қолданбауы тиіс [134]. Әртиптес тілдер арасында орын алатын жазбаша аударманың бұл түрін іске асыру барысында эстетикалық, көркемдік ерекшеліктері дәлме-дәл, барабар сақтала қоймайды.
Жоғарыда ұсынылған практикалық мысалдар негізінде қазақ көркем мәтініндегі фразеологизмдерді аудару үдерісі барысында орын алатын сәйкессіздіктерді тек тіларалық (лингвистикалық) асимметрия аспектісінен ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық асимметрия аспектісі тарапынан да қарастыру заңды деген қорытындыға келдік. Себебі, бір тілдегі көркем мәтінді басқа тілге аудару үдерісі барысында аудармаға екі тіл ғана емес, сонымен қатар екі мәдениет те қатысып отырады, яғни, көркем аудармада жоғарыда аталған асимметрия түрлері бір-бірінен оқшау, дербес қарастырыла алмайды. Осыған орай тіларалық және мәдениетаралық асимметрияны бөлмей, біртұтас ұғым ретінде, яғни этнолингвомәдени асимметрия деп қарастыру ұсынылады. Әлемдегі өмір сүріп жатқан халықтар мәдениеттері тілде көрініс тапқан, яғни тіл – мәдениет айнасы, сондай-ақ дүниежүзінде өзара симметриялы болып келетін тіл де, мәдениет те жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол себепті, тілдің этнолексикасын зерттеу барысында этнолингвомәдени асимметрия терминін қолдану орынды деп есептейміз. Тіларалық және мәдениетаралық асимметрия байланысының түпкі негізі тіл мен мәдениеттің өзара тығыз байланысында жатыр деген тұжырымға келдік. Бұл пайымдауымызды В. Гумбольдтың: «Язык всеми тончайшими фибрами своих корней связан с народным духом. Язык есть как внешнее проявление духа народа; язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык» [55, c. 69]. «Тіл тамырларының бүкіл жіңішке талшықтарына дейін ұлттық рухпен байланысты. Тіл – халық рухының сыртқы көрінісі іспеттес, халықтың тілі – оның рухы, ал халықтың рухы – оның тілі (біздің аударма – Ж.А.).

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Сүйіндік пен Сүгірдің малы бар деп, көшіне ілесем деп, көп өмірім текке өтіпті
[108, б. 148].

Напрасно я всю жизнь работал на Суюндика и Сугира
[91, б. 408].

Оказалось, я ничего не нажил за свою долгую жизнь, плетясь за стадами Суюндика и Сугира
[109, c. 205].

I have worked for Suyunduk and Sugir all my life
[92, с. 316].

I have worked for Suyunduk and Sugir all my life
[110, p. 94].



Жоғарыда берілген мысалдардағы «көшке ілесу» фразеологизмінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын қарастыралық. Біріншіден, «көшке ілесу» фразеологизмінің семантикасына тоқталып кетейік. І. Кеңесбаевтың ҚТФС-де бұл этномәдени мағынаға ие бірлікке «дүрмектен қалмау, көпшілікпен бірге болу» деген түсініктеме берілген [30, б. 286]. М. Әуезов тарапынан мақұлданған орыс тіліндегі аудармада «работать», ал А. Кимнің аудармасында «плестись за стадами», ағылшын тіліндегі Progress Publishers тарапынан ұсынылған аудармада «work» деп аударылса, ал Л. Наврозовтың, нұсқасында аталған фразеологизм мүлде назардан тыс қалған. Мысалдарды талдай, салыстыра келе, аудармашылардың сипаттама әдісін қолданғаны анықталды. Орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларда берілген «работать», «work» етістіктері фразеологизмнің мағынасына жуықтағанымен, оның көркемдік бояуын, экспрессиясын дәл жеткізе алмайды. А. Ким өз аудармасында этномәдени семантиканы сақтауға тырысып, «плестись за стадами» деген тіркесті қолданған. Алайда, бұл нұсқа да көңілге қонымсыз, себебі, аудармашы бұл жерде бейнелі тіркесті тура аударған. Осы орайда «көш» сөзінің мағынасына тоқталып кетсек, «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» оған «үй ішін, дүние-мүлкін күш көлігіне тиеп, малын алдына салып, қоныс аударған бір не бірнеше ауылдың тізбегі, керуені» [135]. Біздің пайымдауымызша, бұл жерде малы көп ауқатты аға-інімен бірге болып, оларға болыса жүріп, өмірін текке өткізген жанның күзелген кейпі суреттелген. Ағылшын тілінде көшке ілесу фразеологизіміне мағынасы жақын «to keep up with Joneses» тұрақты тіркес бар. Оның мағынасына келетін болсақ, «to always want to own the same expensive objects and do the same things as your friends or neighbours, because you are worried about seeming less important socially than they are», яғни «достарыңыз немесе көршілеріңізге қарағанда әлеуметтік деңгейіңіз төмен болып көрінбеуі үшін әрқашан олар сияқты қымбат заттарға ие болып, олар жасаған нәрсені істегіңіз келеді» (біздің аударма – Ж.А.) деген анықтама берілген [68]. Біздің тарапымыздан ұсынылған нұсқа: «I have wasted too much of my life to keep up with Suyunduk and Sugir, who have a lot of cattle» (біздің аударма – Ж.А.) Бұл жерде де этнолингвомәдени асимметрия құбылысы орын алып отыр. Себебі, орыс және ағылшын халықтары отырықшы болмағандықтан, олар үшін «көш» жат ұғым.
Келесі мысалды қарастырайық:

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Prog ress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Абай өз ауылына ымырт жабылып, қас қарая берген де келді
[108, б. 148].

Абай подъехал к своему аулу в глубокие сумерки
[91, б. 401].

В свой аул Абай поъехал в глубоких сумерках
[109, с. 191].

Abai reached his aul at dusk [92, с. 310].

Abai approached his aul at dusk [110, б. 151].



Бұл жерде де аудармашылар сипаттама әдісін қолданған. ҚТФС-де бұл фразеологизмнің мағынасы «ымырт жабылды» деп берілген [30, б. 334]. Сол себепті «қас қарайды» фразеологизмінің аудармасымен толықтай келісеміз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Шәке аға, бәрін де менің қанжығама байлап беріңіз [108, б. 135].

Шаке-ага, приторочьте мне дичь к седлу
[91, с. 399].

Шаке-ага, приторочь к моему седлу всю вашу добычу
[109, с. 187].

Аударылмаған

Аударылмаған



«Қанжығаға байлау», яғни «олжасын сыйға беру» деген мағынаны білдіреді [30, б. 175]. Орыс тіліне калькалау тәсілі арқылы жасалған аударма орынды деп ойлаймыз, бірақ бұл жерде олжаның сый ретінде берілетінін айту керек деп ойлаймыз: «Шаке-ага, приторочьте все к моему седлу» және ағылшын тілінде «Shake aga, strap your bag of game to my saddle» (біздің аударма – Ж.А.). Бұл мысалдардан да этнолингвомәдени асимметрия анық көрінеді. А. Ким жасаған аударма сәтті деп пайымдаймыз.
Әр халықтың тілі мен мәдениеті өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді, бірдей тіл не мәдениет жоқ екендігі белгілі. Сол себепті, бір тілден екінші тілге аударма жасау барысында симметриядан гөрі асимметрия құбылысы орын алатыны заңды. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, көркем аударма – бұл жоғары дәрежедегі шығармашылық әрекет. Ол өзге рухани және мәдени құндылығы жағынан түпнұсқа мәтінінен кем түспейтін нәтижеге қол жеткізуімен бағаланады. Аударманың бұл түрін іске асыруда маман тарапынан тек тілді білу ғана емес, сонымен қатар аудармаға қатысты қос тілдің мәдениеті жайында терең, жан-жақты білім талап етіледі. Аудармашы өзіндік мәдениеттану, аударматану, лингвистика салаларындағы құзыреттілігі негізінде ғана өзге тілдегі мәдени ақпаратты интерпретациялап, оны аударма тіліндегі реципиентке үйлесімді, түсінікті, әдеби тілде жеткізе алады. Демек, көркем аудармашының басты мақсаты – бұл аударма мәтінін өзге мәдениетке «енгізу», «бейімдеу». Зерттеу жұмысы барысында аударма мақсатына қол жеткізуде тіларалық және мәдениетаралық асимметрия құбылыстарының алатын орны ерекше екендігі байқалды, этнолингвомәдени асимметрия терминінің қолданылу себебі де осымен байланысты.
Аударма кеңістігіндегі этнолингвомәдени асимметрия деп белгілі бір тіл және мәдениеттің кейбір элементтерінің өзге тіл мен мәдениетке жат болуы (лакуна) айтылады. Этнолингвомәдени асимметрия өзара қарама-қарсы екіжақты нәтижеге, яғни, бір жағынан үйлесімділікке, ал екінші жағынан аударма мәтінінде сәйкессіздіктер мен қателердің орын алуына әкелуі мүмкін. Аудармада сондай олқылықтардың болмауы аудармашының біліміне, құзіреттілігіне, аялық біліміне, шеберлігіне тікелей байланысты.
Берілген тарау аясында этнолингвомәдени асимметрия құбылысының теориялық негіздері қарастырылып, типологиясы ұсынылды және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көркем мәтіндер салғастырмалы түрде талданды.
Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізген нәтижелерді жүйелеу мақсатында этнолингвомәдени асимметрия құбылысының графикалық үлгісі төменде ұсынылды. Үлгі вербалды-графикалық негізде құрылып, шеңбер формасындағы диаграмма түрінде көрсетілді (5-сурет).


Сурет 5 – Фразеологизмдерді аударудағы этнолингвомәдени асимметрия үлгісі


Енді берілген үлгі бойынша түсініктемелер берейік. Горизонталды сызық үлгіні екі бірдей бөлікке бөліп тұр, олар этнолингвомәдени асимметрия типтері – тіларалық және мәдениетаралық асимметрия. Бұл үлгіні шеңбер түрінде көрсетіп отырғанымыздың да өз себебі бар, шеңбер тұтастықты білдіріп тұр. Демек, тіларалық және мәдениетаралық асимметрия біріге келіп, этнолингвомәдени асимметрияны құрайды. Сонымен қатар, үлгіде асимметрия түрлері, кластары және аударма нұсқалары деген бөлімдер бар. Демек, бұл үлгі көркем мәтінді аудару барысында қадамдық алгоритм ретінде қолданыла алады.


Үлгіні қадамдық алгоритм түрінде ұсыналық, этнолингвомәдени асимметрия – типі: мәдениетаралық немесе тіларалық; түрі: лексикалық, лингвокогнитивті, семантикалық және т.б.; класы: фразеологизмдер асимметриясы (зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сәйкес осы класс қана қарастырылады); аударма нұсқалары.
Енді жоғарыда ұсынылған қадамдық алгоритм бойынша мысалдарды талдаймыз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

«Өлім – бардың малын шашар, жоқтың артын ашар» [31, с. 178].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет