Құрметті респондент! Сізден төменде берілген сөйлемдердің құрамындағы асты сызылған фразеологизмдерді ағылшын тіліне аударуды сұраймыз.
Екеуі жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озамммен» тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай, жарысып келе жатты. Осы өрде бурыл ат есік пен төрдей1 алға түсе беріп еді. Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді (4 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________ Құнанбай қасындағы қой көздеу2, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады (23 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
– Ер өлтіргенге құн сұраушы ең3. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар мұршаң жоқ (39 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Абай да Бөжейге қадала қарап тұрған қалпында бата қылып, бетін сипап5еді... (113 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
– Өй, жаман!.. Жаман бола ма деймін, осы шірікін! «Өлі-тірісің берген6 соң, өлі күйеу жата ма?» деп, өзің қалайсың? (117 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Мұның бәрі аға сұлтан сапарының «олжа мен сыйдан қоюланып келе жатқанына» айғақ еді. Құнанбай ауылында дәл осы күнде құмалақ салған7кісі болса, жүргіншілердің «Бүйірі тоқ, қанжығасы берік, қос-қосардан олжасы бар!» дер еді (129 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Ойлап, бойлай берген сайын тағы талай құнсыз істер тапты. Алшынбай ауылына жіберілген елу қара да осы шоғырдың бір бөлігі. Қалың мал...8Абайға әперетін келіннің қалыңмалы да бұлдырдан... (130 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Абай мынау ыстық үйде, мынадай тырысқақ ашушаң кісінің үйінде ет асым уақыт9 отыруды өз басына жазадай санап еді (156 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Тағы бір рет көршілес Керей мен Найманның осы жаздағы аттаныстарын, бір-бірімен барымта алысып10, шабысып қалғанын айтысты. (196 бет)
Сіздің аудармаңыз:___________________________________________
Есік пен төрдей - Өлшем. Тіпті жақын, бір аттам ғана жер; таяқ тастам жер.
Қой көздеу - қоңыр көз
Құн сұрау - өлген адам үшін көсімі белгілеген ақы талап ету