Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет27/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

«У богатых смерть расточает клад, а у бедных – оголяет зад» [91, б. 162].

«Смерть у богатых таскает золотые плоды, у бедных оголяет зады»
[90, с. 282].

Аударылмаған

«Death empties the rich man’s bag and strips bare the poor man’s back» [93, р. 229].

Біріншіден асимметрияның типі мен түрін анықтаймыз. Тип: тіларалық асимметрия. Түр: лексикалық асимметрия – «мал» сөзі «клад», «золотые плоды», «bag» деп берілген. Класс: фразеологизмдер асимметриясы. Аударма нұсқалары жоғарыда беріліп тұр. Аударма барысында жартылай калькалау тәсілі қолданылған.
Этнолингвомәдени асимметрия үлгісін қолдану арқылы салғастырмалы талдау жүргізу нәтижесінде «Өлім – бардың малын шашар, жоқтың артын ашар» тұрақты сөз тіркесіің аудармасы үйлесімді жасалған деген қорытындыға келдік. Қазақ мәдениетінде «мал» сөзі байлықтың белгісі болса, орыс тіліне «домашние животные» немесе ағылшын тілінде «domestic animals» деп аударылса, аудармада үйлесімділік болмас еді. Сол себептен, аудармашылар «клад», «золотые плоды», «bag» сөздерін қолданып, лексикалық асимметрияны үйлесімді аударма жасау үшін қолданып отыр.
Салыстырыңыз:

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

«Бөжей қыстауы қозы өрісіндей жерде тұр» [31, с. 83].



«…до зимовья Божея оставалось расстояние не больше ягнячьего перегона» [91, б. 90].

«Отсюда до зимовья было расстояние в один ягнячий перегон...» [90, с. 51].

«the projection which lay not far from Bozhei’s winter quarters» [92, с. 89].

the projection which lay not far from Bozhei’s winter quarters
[93, р. 118].

Типі: мәдениетаралық асимметрия. Түрі: лингвокогнитивті асимметрия. Яғни, орыс тіліндегі аударма нұсқасында лексикалық симметрия сақталғанымен, орыс тілді оқырманға «ягнячий перегон» еркін сөз тіркесі қашықтық жайында толық ақпарат бермейді. Класы: фразеологизмдер асимметриясы.
Қазақ халқының ежелден қалыптасқан қашықтық өлшемі «қозы өрісіндей жер» немесе «қозы көш жер» (14-15 шақырымдай қашықтық) «Абай жолы» роман-эпопеясының орыс тіліндегі екі аудармасында да «ягнячий перегон» деп аударылған [30, б. 340]. Орыс тіліне жасалған аудармада калькалау тәсілі, ағылшын тіліндегі аудармада сипаттама тәсілі қолданылған, бұл жерде көріп отырғанымыздай аударма сәйкессіздігінің орын алуына лингвокогнитивті асимметрия себеп болып отыр. Орыс тіліндегі аудармада «қозы көшіндей жер» бейнелі тіркесі расстояние не больше ягнячьего перегона деп берілген, яғни калькалау әдісі қолданылып отыр, ал бұл оқырманның дұрыс түсінуіне едәуір қиындық туғызатыны анық. Қозы өрісіндей жер – бұл халықтық өлшем, яғни алыс емес деген ұғымды білдіреді. Қозы-лақ жайлайтын өріс «ауыл маңынан аса қашықтықта болмайды. Соған сәйкес «қозы өрісіндей жер» тіркесін дәстүрлі ортада кеңістік пен қашықтық өлшемі ретінде де қолданады. Мысалы, қозы өрісіндей жер, қозы өріс ұзаған соң деген ұғымдар қысқа қашықтықтағы жерді сипаттауда пайдаланылады. Көшпенді халыққа бұл фразеологизм түсінікті болуы керек, бірақ отырықшы тұрмыс салтын сақтаған халық үшін бұл түсінік лингвокогнитивті лакуна болып есептеледі, нәтижесінде, өзге ұлт өкіліне бұл сөйлемді нақты түсіну қиындық туғызады. Аударма тікелей түнұсқадан емес, орыс тілді аудармадан жасалғандықтан, ағылшын тіліне екі нұсқада да түсіндірме тәсілі арқылы «not far from», яғни «алыс емес» деп аударылған. Біздің пайымдауымызша, түсіндірме тәсілімен қатар калькалау тәсілі де қолданылғанда, аударма әлдеқайда түсініктірек болар еді. Мысалы: Bozhei’s winter quarters was in the distance no more than a lamb's drift* (*unit of distance measurement of nomadic people. Since lambs cannot cover long distances, this distance is considered shot about 14-15 kilometers or 49212.6 feet) (біздің аударма – Ж.А.). Сонымен, жоғарыда берілген мысалдарда этномәдени семантиканың тіларалық берілуі калькалау және түсіндірме тәсілдері арқылы жүзеге асырылған. Сондай-ақ түсініктемеде қашықтық фут өлшемінде де ұсынылып отыр, бұл ағылшын тілді оқырманның мәтінді жеңілірек, нақты түсінуіне септігін тигізері анық. Сол себепті, аударма барысында екі тіл мен мәдениет арасындағы орын алатын этнолингвомәдени асимметрияны аудармашы нақты түсініп, сапалы, үйлесімді аударма мәтініне қол жеткізуге тырысуы керек.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Екі қыз бөліне салысымен мына көлденең қарап тұрған аттыларды көріп, шырқай созып, қаралы мұңды дауыс айта жөнелген [31, б. 187].

Заметив, что встречные остановились, пропуская кочевку, эти две девушки затянули поминальный плач
[91, с. 245].

Увидев стоявшую в стороне от дороги группу верховых, две девушки затянули траурный плач
[90, с. 297].

When they noticed that a company was waiting to let them pass, the two girls raised the funeral lament
[92, p. 161].



When they noticed that a company was waiting to let them pass, the two girls raised the funeral lament
[93, p. 238].



ҚТФС – дауыс айту: өлген адамды жоқтау, күңірену; жоқтап, мұң-зарын шағып жылау [30, б. 81].
Типі: мәдениетаралық асимметрия. Түрі: лексикалық асимметрия, яғни, орыс тіліндегі аударма нұсқасында лексикалық симметрия сақталғанымен, орыс тілді оқырманға «поминальный плач», «траурный плач» еркін сөз тіркесі дауыс айту тұрақты тіркесінің мағынасын толығымен жеткізе алмайды деп есептейміз. Қазақ дәстүрінде дауыс салу, дауыс айту, жоқтау айту рәсімінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Класы: фразеологизмдер асимметриясы.
Қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты ежелден қалыптасқан «дауыс айту» тұрақты тіркесі «Абай жолы» роман-эпопеясының орыс тіліндегі екі аудармада поминальный плач және траурный плач, ал ағылшын тіліндегі екі аудармада да funeral lament деп аударылған. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде дауыс қылу, дауыс айту тұрақты тіркесіне қайтыс болған адамның жақсы қасиеттерін өлеңге, жырға қосып, қайтқан күннен бастап жыл тәулігіне дейін әйелдер жоқтау айту деген түсініктеме берілген [136]. Көріп отырғанымыздай, дауыс айту тұрақты тіркесінің этномәдени семантикасы аудармада сақталмаған. Аудармашылар сипаттама тәсілін қолданған, жалпы мазмұны берілген, дегенмен бұл жерде көріп отырғанымыздай, этномәдени семантиканың толығымен жеткізілмеуіне лингвокогнитивті асимметрия себеп болып отыр (6-сурет).


Сурет 6 – Фразеологизм этномәдени семантикасының тіларалық үйлесімділікті сақтай берілу үлгісі


Жоғарыда үш тілге қатысты материалды зерттей, талдай келе этнолингвомәдени асимметрия аударма үдерісіне, оның сапасына екі жақты әсер етеді деген тұжырымға келдік, яғни ол бір жағынан аударма мәтіннің үйлесімділігіне әсер етсе, екінші жағынан аудармадағы қателер мен сәйкессіздіктердің орын алуы да осы құбылысқа байланысты. Көркем аударма барысында болуы мүмкін осындай сәйкессіздіктердің алдын алып, сапалы аударма жасау үшін келесі тарауда этнолингвомәдени асимметрия негізінде туындайтын аударма қателерінің жіктелімі және олардың аудармада орын алуының себеп-салдары анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет