Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет29/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

Если он не сумел внушить своей семье даже этой простой вещи, значит, он в чашке воды утонул
[91, б. 155].



И если он, в конце концов, не сумел объяснить своим бабам, своим родичам и всем вокруг себя, что это все значит, то великий грех на Божее! [90, с. 102].

If he could not impress such a very simple ideas on his family, then he is good for nothing
[92, с. 153].



If he could not impress such a very simple idea on his family, then he is good for nothing
[93, р. 218].



Жоғарыдағы мысалдарда қолданылған «аяқтағы[қасықтағы] суға ағып өлу» тұрақты тіркесі І. Кеңесбаевтың ҚТФС-гі түсініктемеге сүйенсек, «болмашыдан опат болу» немесе «қасықтағы суға қалқып өл» (қарғыс) деген мағынаны білдіреді [30, б. 79]. Аталған бейнелі тұрақты тіркес сөйлемде «болмашы нәрсені түсіндіре алмаса, оның «өлгені» ғой, атына үлкен сын ғой» деген ұғымды білдіреді. А. Никольская, Т. Нуртазин және Л. Соболев аудармасында «в чашке воды утонул» деп беріліп, сілтемеде «то есть погиб бесславно, не справился с простым делом» деген түсініктеме ұсынылып отыр. А. Ким аудармасында «великий грех на Божее», ал Progress Publishers және Л. Наврозов аудармаларында «he is good for nothing» идиомасы қолданылған. «Мультитран» («Multitran») орыс-ағылшын және ағылшын-орыс тілдерінің электронды сөздігіне сүйенетін болсақ, «he is good for nothing» идиомасының орыс тіліндегі баламасы – «от него пользы как от козла молока», яғни, түпнұсқа аудармасындағы ой ағылшын тіліндегі аудармада бұрмаланып берілген.
Жоғарыда берілген мысалдарды талдай келе, әртүрлі, тіпті өзара туыс емес, даму тарихы бір-біріне мүлде ұқсамайтын тілдер жүйелерінде де фразеологиялық баламаларды табу мүмкін деген қорытындыға келдік. Бірақ, бұл тұжырым этномәдени семантикаға ие фразеологизмдерге қатысты емес, олардың баламасын табу қиын, тіпті мүмкін емес деп айтуға болады. Себебі, өткен тарауларда айтып өткеніміздей, мұндай фразеологизмдердің табиғаты ерекше, олардың мағынасының астарында ұлттық, мәдени ақпарат тасаланған, сондай-ақ олар этносқа қатысты құнды мәліметтерді ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы тілдік бірліктер. Мысалы: әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып; құн сұрау; Атымтай жомарт; ат сауырына мінгізу; қан базардай; қара шаңырақ; асылдың сынығы, шұғаның қиығы т.б. Осы сияқты фразеологизмдердің тарихи мәнін ескеріп, көркемдігін сақтап аудару аудармашыға үлкен қиындық туғызады. Олардың түп төркінін, қыр-сырын тілдік, тарихи, мәдени деректерді ұштастыра қарастырғанда ғана анықтауға болады.
А.В. Куниннің 1984 жылы жарық көрген ағылшын-орыс фразеологиялық сөздігінде балама сәйкестіктер жіктемесі ұсынылды. Аталған жіктемеге сәйкес ол баламаларды екі үлкен топқа бөледі: монобаламалар (кішігірім лексикалық және грамматикалық ауытқуларға қарамастан, мағына сәйкестігі мен стилистикалық реңкі сақталған) және аналогтар (стилистикалық реңкі және екі тілге ортақ мағынасы сақталған, бірақ ассоциация тудырушы бейне әртүрлі). Сондай-ақ автор баламасы жоқ фразеологизмдерді аударуда келесідей тәсілдерді қолдануды ұсынады:

  • антонимдер арқылы аудару (жағымсыз мағынаны жағымды құрылым арқылы жеткізу немесе керісінше);

  • сипаттама аударма (еркін сөз тіркесі немесе лексикалық бірлік арқылы аудару);

  • аралас аударма (сөзбе-сөз аудармаға жуық+сипаттама аударма+сәйкес келетін аналогтың болуы);

  • калькалау (сипаттама, түсініктеме берілетін сөзбе-сөз аударма);

  • контекст арқылы анықтауға болатын окказионалды және жағдаяттық баламалардың болуы;

  • түсініктемелі аударма (аударма барысында қосымша түсініктемелердің берілуі);

  • фразеологизмдердің әдеби аудармасына сүйену;

  • фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық ерекшеліктеріне сүйену;

  • саяси, стилистикалық, тарихи және т.б. түсініктемелер белгілі бір контекст аясында аударма үдерісін жеңілдетуі мүмкін;

  • басқа да қосымша стилистикалық, функционалды-стилистикалық, грамматикалық, терминологиялық, этимологиялық, аймақтық ақпарат та аударма үдерісінің анағұрлым сапалы нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді [59, б. 251].

А.В. Куниннің жоғарыда ұсынылған аударма тәсілдерінің тиімділігін қолдай отырып, этномәдени семантикаға ие фразеологизмдерді аударуда калькалау, сипаттама, баламалы аударма тәсілдерінің алатын орны ерекше екенін атап өткеніміз жөн.
Түпнұсқа мәтіннің этномәдени элементтерін аудару мәселесі аударма теориясы саласында жүргізіліп жатқан бірқатар зерттеулердің нысанына айналды. Бұл мәселе төңірегіндегі ғылыми зерттеулер ұлт жайында ақпаратты сақтаушы және тасымалдаушы тілдік бірліктердің аударымдылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, аударматану саласының теориясының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Осы орайда біз С. Влахов пен С. Флориннің аударманың фразеологиялық және фразеологиялық емес екі тәсілі бар деген пікірін қолдаймыз [139].
Фразеологиялық аудару тәсілі түпнұсқа тіл мен аударма тіліндегі өзара мәндес, сәйкес тұрақты тіркестерді аударма барысында қолдануды көздейді.
Салыстырыңыз:

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет