Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет23/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

May you live in never-ending joy, my little one!
[93, p. 31].



Жоғарыдағы мысалдарға назар аударар болсақ, аудармашылардың доместикация стратегиясын таңдап, сипаттама тәсілін қолданғандығы байқалады. Алдымен күнделікті өмірде сиректеу қолданылатын өркен сөзінің мағынасына тоқталайық. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде бұл сөзге: «Өркен – өсімдік сабағындағы бүршіктер түбінен пайда болатын желі» деген анықтама берілген. Мысалы: Қауынның өркен сабағы ұзарып, үш-төрт күннен кейін келесі жапырақтары шыға бастайды. Қазақ тіліндегі өркенің өссін тұрақты тіркесі басқа бас қосылсын, үрім-бұтақты бол дегенді білдіреді [30, б. 241]. Ал енді осы өркенің өссін тұрақты тіркесі орыс тіліндегі автор тарапынан мақұлданған аудармада да будет безгранично счастье твое, ал А. Ким аудармасында да будут благословенны твои потомки деп аударылған. Екі аударма да көңілге қонымды, себебі «бақытты бол» деген жалпы ұғымды жеткізеді. Алайда А. Ким аудармасы нақтырақ, себебі, бұл жерде өсіп-өну, болашақ ұрпақтың бақыты туралы айтылып тұр. Ағылшын тіліндегі екі аударма нұсқасында да may you live in never ending joy деп аударылған. Бұл жерде өркенің өссін тұрақты тіркесінің этномәдени семантикасы бұрмаланып берілген.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Prog ress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Апа-ай, енді бақсы-құшнаш боп, елтірі-сеңсең жинағанша, Тонтекеңе тартқаным көш ілгері емес пе? [31, б. 14].

Апа, уж лучше умереть, как Тонтекен, чем быть знахарем и собирать подачки [91, с. 33].

Апа, не лучше ли быть похо жим на Тон теке, чем быть шептунами, как эти зна хари да цели тели, и потом за это свое шептание соби рать задубев шие шкурки? [90, с. 22].

Apa, isn’t it better to die like Tonteken than be a quack and live on charity? [92, p. 33].



Apa, isn’t it better to die like Tonteken than be a quack and live on charity? [93, p. 31].



Берілген мысалдардан көріп отырғанымыздай көш ілгері тұрақты тіркесі лучше, не лучше ли және isn’t it better деп орыс және ағылшын тілдеріне аударылып отыр. Көш ілгері тұрақты тіркесінің мағынасына келетін болсақ, ол анағұрлым алда, анағұрлым жақсы; озат, әлдеқайда алыс деген ұғымдарды білдіреді [30, б. 158]. Көш ілгері тіркесінің жалпы мағынасын аудармашылар дұрыс жеткізуге тырысқан, алайда бұл жерде өлім туралы сөз жоқ (лучше умереть; isn’t it better to die ), осы тұрғыдан алғанда А. Ким аудармасын дұрыс деп есептейміз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? [31, б. 15].

А вы слышали, что мальчик сказал во время обряда обрезания?[ 91, с. 34].

А вы слышали, что он сказал, когда ему делали обрезание? [90, с. 24].

Аударылмаған

And you know what Abai said during the circumcision ritual? [93, p. 31].



Алдымен фразеологизмнің мағынасына тоқталайық. Сүндетке отырғызу (діни) тұрақты тіркесіне сөздікте баланы кестіру деген анықтама берілген [30, б. 263]. Орыс тіліндегі аудармаларда обряд обрезания, делать обрезание, ағылшын тіліндегі Progress Pubilshers ұсынып отырған аудармада бұл тұрақты тіркес түсірілген, ал Л. Наврозов аудармасында circumcision ritual деп берілген. Аударма барысында доместикация стратегиясы таңдалған, аудармашылардың бұл шешімін толығымен қолдаймыз, аударма сәтті орындалды деп айта аламыз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Бірнеше дуанның еліне сауын айтып отыр [31, б. 248].

Но нынче все готовятся к асу
[91, с. 216].

Траурное извещение разослано по многим округам
[90, с. 390].

Аударылмаған

Аударылмаған



Жоғарыдағы мысалдарға назар аударар болсақ, А. Ким доместикация стратегиясын таңдап, сипаттама тәсілін қолданғандығы байқалады. Қазақ тіліндегі сауын айту тұрақты тіркесі, ас, той хабарын тарату дегенді білдіреді [30, б. 253]. А. Ким өз аудармасында извещение разослано тіркесін қолданып отыр. Бұл аударма нұсқасымен келісуге болады, дегенмен сауын айту тіркесінің мәнін толығымен жеткізе алмайды. Себебі, бұл тіркес белгілі бір шара жөнінде хабар айту ғана емес, сонымен қатар көлемді іс-шараны бірлесіп атқару ұғымын да имплицитті түрде жеткізеді. Қазақ ғұрпында ас, той тәрізді ауқымды іс-шаралардың көптің күшімен атқарылғандығы тарихи деректерде жан-жақты сипатталған. Автор тарапынан мақұлданған аудармада бұл тұрақты тіркес аударылмаған, сәйкесінше, ағылшын тіліндегі нұсқаларда да оның аудармасын көре алмадық.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Бөжей ауылының жоғарғы жағындағы кең бір төскейге сансыз көп үйлер тіккізіп жатыр
[31, б. 249].

На холме, поднимавшемся возле аула Божея, было расставлено огромное количество юрт
[91, с. 217].

На просторном взгорье выше аула ставились бесчисленные юрты
[90, с. 392].

The auls were preparing memorial fest, and a string of yurtas had sprung up on the hillside near Bozhei’s aul
[92, p. 215].

The auls were preparing memorial fest, and a string of yurtas had sprung up on the hillside near Bozhei’s aul
[93, p. 312].

Жоғарыда берілген мысалдар негізінде үй тігу тұрақты тіркесінің аудармасын қарастырамыз. Бұл тұрақты тіркеске ҚТФС-де үйге ие болу, орналасу деген анықтама берілген [30, б. 302]. Орыс тіліндегі аударма нұсқаларында расставлены юрты, ставились юрты және ағылшын тіліндегі екі аудармада да yurtas had sprung up деп берілген. Барлық аудармашылар форенизация стратегиясын таңдаған, сипаттама тәсілін қолдана отырып, бұл тұрақты тіркесті сәтті аударған деген тұжырым жасай аламыз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет