Калькалау тәсілі, яғни фразеологизмді сөзбе-сөз аудару, көркем аударма практикасында жиі кездесетін аударма құбылысы.
Аударма теориясы мен практикасында калькалау деп, белгілі бір тілдік бірліктің (біздің жағдайда фразеологизмдердің) элементтерін олардың өзге тілдегі лексикалық баламаларымен алмастыруы айтылады [77, с. 173]. Бұл орайда біз С. Влахов пен С. Флориннің пікірін қолдай отырып, калькалау тәсілін бір тілдің үлгісі негізінде, бейнелілігін сақтау арқылы басқа тілде фразеологиялық тіркестің мағынасын жеткізу деп түсінеміз [139, с. 194].
Фразеологизмдерді аудару барысында аудармашылар калькалау тәсілін жиі қолданады, бірақ оны барлық жағдайда қолдану орынды деп айта алмаймыз. Қазақ тілі бай және көркем тіл, ана тілімізде жазылған көркем шығармаға өзіндік ұлттық рух пен реңк тән, аудармашы осы жайды ескеруі тиіс. Калькалау тәсілін орынсыз қолданудың негізінде аударма мәтіні жасанды, өзге ұлт өкілдері үшін түсініксіз болып көрінуі мүмкін.
Калькалау тәсілін төмендегі жағдайларда:
фразеологизмге аударма тілінде семантикалық тұрғыдан сәйкес келетін балама болмаса;
аударма тілінде балама болғанымен, бірақ оның қолданылуы мәтіннің ұлттық реңкінің жойылуына әкелетін жағдайда қолдану керек деп есептейміз.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
«Abai», Progress Publishers аудармасы
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
«Ауыл итінің құйрығы қайқы» [140]
«В своем ауле хвост у собаки крючком» [141]
«Когда псы в единой стае, - то у каждой собаки хвост крючком!» [142].
Аударылмаған
Аударылмаған
Ағылшын тіліндегі аудармалардың екеуінде де бұл сөйлем аударылмаған.
«Ауыл итінің құйрығы қайқы»фразеологизмі І. Кеңесбаевтің сөздігінде «өз елінде мықты, күшті» (әзіл ретінде) деген түсініктеме берілген [30, б. 45]. М. Әуезов тарапынан мақұлданған аудармада «в своем ауле хвост у собаки крючком» деп калькалау тәсілі арқылы аударылып отыр, біздің пайымдауымызша бұл аударма орынды. Дегенмен, әңгіме бұл жерде ит туралы емес қой, сондықтан оқырманның ойында қисынсыз ассоциация туындамауы үшін қосымша түсініктеме берілуі тиіс деп есептейміз. Ал А. Ким өз аудармасында түсіндірме тәсілін қолданған, дегенмен тұрақты тіркестің этномәдени семантикасы оқырманға толығымен жеткізілмейді.
Біздің тарапымыздан ағылшын тілінде ұсынылған нұсқа:«А person among his close people becomes brave» (біздің аударма – Ж.А.). Бұл жерде түсініктеме беру тәсілін қолданылып отыр.
Тағы бір мысалды қарастырып көрейік.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
«Abai», Progress Publishers аудармасы
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
«Сәлем бер! – деді» [31, б. 9].
«Сперва отдай салем* ему!» (Салем – приветствие, а также уст ное поруче ние, передава емое через третье лицо) [91, с. 29].