«Отдай салем вначале ему!» [90 , с. 14].
|
«First make your salem to him!»
[92, р. 27].
|
«First make your salem to him*!» (Salem – a greeting, and also, an oral message delivered through a third party)
[93 , р. 26].
|
Көріп отырғанымыздай орыс және ағылшын тіліне жасалған аудармалардың барлығында да калькалау тәсілі қолданылып отыр. Бірақ автор тарапынан мақұлданған орыс тіліндегі және Л. Наврозовтың ағылшын тіліндегі аудармаларында қосымша түсініктеме беріліп отыр. Аудармашылардың бұл қолданған тәсілдерін орынды деп санаймыз. Алайда «поручение, передаваемое через третье лицо» деген түсініктеме артық деп есептейміз, себебі, бұл мағына сәлем айт [айтты] тіркесі арқылы беріледі. Ал «сәлем бер» мен «сәлем айт» тіркестері екі басқа ұғымды білдіретіні мәлім. Дегенмен орыс тілінде «поздоровайся с ним,- сказал он», ал ағылшын тілінде «Greet him» he said» (біздің аударма – Ж.А.) деген нұсқа дұрысырақ деп есептейміз.
Аудармашылар тарапынан калькалау тәсілін сәтсіз қолдану нәтижелерін талдау, көрсету мақсатында, төмендегі мысалдар келтірілді.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен»
[31, б. 10].
|
«С самых ранних лет мальчик привык следить за движениями бровей отца, так как опытный пастух следит за облаками в год джута…» [91, с. 29].
|
«С тех пор как Абай помнит себя, он рос, постоянно, с тайным вниманием наблюдая за выражением лица своего сурового родителя. И словно опытный чабан, разбирающий приметы погоды в ненастный зимний день, мальчик мог точно предугадать настроение отца и повести себя соответсвенно этому»
[90, с. 15]
|
«From childhood the boy had been accustomed to watching the movement of his father's brows for a warning, just as a shepherd watches the clouds in the year of the djut* *Djut-a natural calamity when animals perish from hunger, unable to get at the grass buried under the snow and crust of ice after protracted blizzards»
[92, р. 28]
|
«From his earliest years the boy had been accustomed to watching the movement of his father’s brows for a warning just as a shepherd watches the clouds in the year of the djut.* *Djut – a natural calamity when the cattle, unable to reach their fodder under the ice and snow during a hard winter, perish of hunger» [93, р. 27].
|
Берілген сөйлемдерге зер салсақ, аудармашылар қабағын бағу фразеологизмін следить за движениями бровей және to watch brows деп калькалау әдісін қолдану арқылы аударған. І. Кеңесбаевтың ҚТФС-не сүйенер болсақ, қабағын бағу фразеологизмі «қас-қабағына қарау» деген ұғымды білдіреді [30, б. 300]. Бұл мысалдан аудармашылардың көркем мәтіннің құрамындағы фразеологиялық бірліктің мағынасын түсінбегені, сөзбе-сөз аударғаны көрінеді, нәтижесінде, аударма мәтіннің үйлесімділігі, сапасы жойылып, едәуір дәрежеде төмендегені анықталды. Аударма мәтінін оқитын оқырман, яғни реципиент қабағын бағу фразеологизмін адамның қас-қабағына, көңіл-күйіне қарау деп түсінбей, тура мағынада «қасының қимыл-қозғалысына қарау» деп қабылдауы әбден мүмкін. Осы орайда «наблюдая за выражением лица» деген А.Ким аудармасы түпнұсқада фразеологизм мағынасына сәйкес келеді деп айта аламыз.
Осы орайда, біз аудармадағы лексикалық асимметрияны ескере отырып, үйлесімді, оқырманға түсінікті болатындай аударманы ұсынып отырмыз: «Since the time he remembers himself the boy had been accustomed to anticipating the father’s mood just as a shepherd watches the clouds in the year of the harsh winter» (біздің аударма – Ж.А.).
Көркем аударма барысында аудармашының жеке шығармашылығы нәтижесінде пайда болған фразеологиялық калька, әдетте, окказионалды сипатқа ие болып отырады. Фразеологиялық калька өзіндік ұлттық реңкті сақтай отырып, оқырманның түпнұсқа тілдің тарихына, мәдениетіне қызығушылығын оятады.
Фразеологизмдерді аударудағы баламалы аударма тәсілі түпнұсқадағы тұрақты тіркеске аударма тілінде балама (аналог) табуды көздейді. Мысалы:
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Біздің халықта «қарға – қарғаның көзін шоқымайды» деуші еді
[108, б. 193].
|
«Наш народ тоже говорит: ворон ворону глаз не клюет»
[91, с. 440].
|
«В нашем народе говорят: «ворон ворону глаз не выклюнет» [109, с. 261].
|
«Our people also say that one crow never pecks at the eye of another» [92, с. 351].
|
«Our people also say that one crow never pecks at the eye of another» [110, р. 206].
|
Жоғарыда берілген сөйлемдерден «қарға қарғаның көзін шоқымайды» деген тұрақты тіркестің универсалды сипатқа ие екендігі анықталды, орыс тіліндегі аудармаларда семантикалық тұрғыдан толық балама сақталып отыр. Ағылшын тіліндегі аудармаға келсек, екі нұсқада да аудармашылар ағылшын тіліндегі «crow will not pick out crow’s eyes» идиомасын қолданбаған. Сол себепті, төменде өз нұсқамызды ұсынып отырмыз: «Our people also say that crow will not pick out crow’s eyes» (біздің аударма – Ж.А.).
Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, көркем мәтіндегі универсалды фразеологизмдерді аударуда балама тәсілін қолдану өте орынды және ұтымды деген тұжырым жасалды. Алайда этномәдени семантикаға ие фразеологизмдерді аударуда бұл тәсілді қолдану нәтижесінде көркем шығарманың ұлттық-мәдени ерекшелігіне нұқсан келуі мүмкін. Сондықтан да көркем мәтіндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасының тіларалық берілуін балама тәсіл арқылы іске асыру тиімсіз деген қорытындыға келдік.
Мысалы: «Бақанас өзені мен Жәнібек өзенінің екі арасы тай шаптырымдай-ақ жер» [31, б. 191]. А. Кимнің аудармасында бұл сөйлем «Когда арба была примерно на полпути к Жанибеку, тронулся в путь основной траурный отряд» деп аударылған [90, с. 303].
Халық тілінде шамамен 1,5-2 шақырым ара-қашықтық тай шаптырым жер деп аталады [143]. Біздің пайымдауымызша, бұл сөйлемді: «The distance between rivers Bakanas and Zhanibek is about 2 kilometers» – деп аударуға болар еді. Сонда ағылшын тілді оқырманға тай шаптырымдай жер тіркесінің алыс жер еместігі түсініктірек болады.
Автор тарапынан мақұлданған орыс тіліндегі аудармада және ағылшын тіліндегі екі нұсқада да бұл сөйлем мүлде аударылмаған.
Этномәдени семантикалы фразеологизмдерді аударуда аудармашылар тарапынан калькалаудан кейінгі жиі қолданатын тәсіл – сипаттама аударма. Көркем аударманы іске асыру барысында аудармашының белгілі бір тілге және мәдениетке ғана тән фразеологизмнің этномәдени семантикасының еркін сөз тіркесі арқылы берілуін сипаттама аударма деп атаймыз. Біздің пайымдауымызша, бұл тәсілдің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сипаттама тәсілін қолдану арқылы оқырманға фразеологизмнің мағынасын жеткізгенімізбен, әдетте, оның бейнелілігін сақтап қалу мүмкіндігінен айрыламыз. Мысалы:
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Күз алды-салдысы көп мазасыз болар-ау!» десе, не «тосын жүріс, жолаушылық күзі болар» десе, сенімді аттарға қызығу, қолқа салу, әсіресе көп болатын
[31, б. 197].
|
|
«Если предполагают, что осень будет неспокойной и полной хлопот или же предвидятся большие передвижения и частая езда, то спрос на крепких, надежных коней еще увеличивается: лошадей выпрашивают, выклянчивают, всячески надоедая владельцам» [91, с. 174].
|
«Говорится, что осенью хлопот не оберешься, казаху некогда голову поднять, или говорят: осень – время неожиданных поездок, беспокойных кочевок. Это так, но джигит, урожденный конник, не может остаться на холодную зиму без выносливой верховой лошади. Он будет ее добывать – выпрашивать, обменивать, брать на время под залог, выманивать, клянчить, выкупать, отдавая последнее, а то и украдет ее или отнимет силой»
[90, p. 310].
|
«If the season promised to be one of worries and restless activity or of difficult journeying and much riding, the demand for strong, dependable horses was even greater, and they were begged, wangled and even extorted by constant harassing of their owners» [92, с. 169].
|
«If the season promised to be one of worries and restless activity or of difficult journeying and much riding, the demand for strong, dependable horses was even greater, and they were begged, wangled and even extorted by constant harassing of their owners» [93, р. 247].
|
Берілген мысалда қолқа салу фразеологизмі орыс тіліне выпрашивать, выклянчивать, ағылшын тіліне beg, wangle болып аударылған. ҚТФС-де қолқа салды [етті, қылды] фразеологизмі «қимас, қымбат затты қалау, сұрау (бұл фраза ерекше таңдау, талғау мағынасында жұмсалды) деген анықтама берілген [30, б. 190]. Біздің пайымдауымызша, аудармашылар фразеологизмнің жалпы мағынасын түсініп, оқырманға лексикалық бірліктің көмегімен жеткізуге тырысқан. Фразеологизмнің мағыналық реңкі толығымен сақталды деп айта алмаймыз. Себебі, бұл сөйлемде жазушы жәй атты емес, иесі үшін қимас, бағалы, сенімді атты сұрау дегенді меңзеп отыр. Демек, берілген аударманы дәл, үйлесімді аударма деп айта алмаймыз, бірақ осыған қарамастан мәтіннің мазмұны сақталған және реципиенттің қабылдауына, түсінуіне қиындық туғызбайды. А. Ким аудармасында «ұрлау, тартып алу» тәрізді түпнұсқада жоқ басы артық мәліметтер де берілген, бұлар түпнұсқа мазмұнына аз да болса нұқсан келтіреді деп есептейміз.
Көркем мәтіндегі фразеологизмдерді аударудың қай тәсілін алсақ та, шығарманы толыққанды, түсінікті, үйлесімді аударудың басты факторы мәнмәтінге, яғни, контекске байланысты екені анық. Көркем аударма барысында туындайтын көптеген сұрақтардың жауабын контекст (тар мағынасында – сөйлем, кең мағынасында – қатарлас сөйлемдер, абзацтар және т.б.) арқылы табуға болады, яғни, ол аударма барысында туындайтын мәселелерді шешуге ықпал етеді. Демек, сипаттама аударма тәсілін қолдану арқылы аудармашы оқырманға фразеологизмдегі қазақ мәдениетіне ғана тән ұғымды жеткізе алады.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Жеңгесі соны іліп келіп, дәл мәсіні шешерде, ырымды ескертті. Етік тартар дейтін бір алым тағы бар»
[31, б. 241].
|
«Потом она сама сняла с него сапоги и напомнила, что он должен одарить ее за последний обряд-разувание. При этом обряде делается большой подарок»
[91, с. 210].
|
«Затем она стянула с его ног сапоги и напомнила, что за этот последний обряд – разувание жениха – положен ей подарок»
[90, с. 379].
|
«Abai removed his coat, which was promptly put away by the bridesmaid, who then removed his boots and reminded him that he was to give her a last gift for the last ritual – «the removal of the boots»
[92, р. 207].
|
«Abai removed his coat, which was promptly put away by the young girl, who then removed his boots and reminded him that was to give her a last gift for the last ritual – «the removal of the boots»
[93, р. 302]
|
Жоғарыдағы мысалдардан байқап отырғанымыздай, орыс тіліндегі нұсқасында және ағылшын тіліндегі қос нұсқада да калькалау тәсілімен қоса сипаттама аударма тәсілі қолданылған, яғни аударма мәтіннің құрамына қосымша деректер (при этом обряде делается большой подарок; положен ей подарок; he was to give her a last gift for the last ritual) енгізілген.
«Абай жолы» романындағы этномәдени семантикалы фразеологизмдердің тіларалық берілуін зерттеп, практикалық мысалдарды талдау нәтижесінде аудармада калькалау, сипаттама, балама тәсілдері жиі қолданылатыны анықталды. Сонымен қатар, фразеологизмді аудармай, қалдырып кету жағдайлары да орын алады. Зерттеу нәтижелерінің сандық көрсеткіші 2-кестеде және пайыздық көрсеткіші 7-суретте ұсынылды.
Кесте 2 – «Абай жолы» романындағы этномәдени семантикалы фразеологизмдердің берілу тәсілдері (сандық көрсеткіш)
Аудару тәсілі
|
Этномәдени семантикаға ие фразеологизм
|
%-дық көрсеткішпен
|
Калькалау
|
332
|
46
|
Сипаттама
|
123
|
17
|
Фразеологизмді аудармай, қалдырып кету
|
151
|
21
|
Транслитерация
|
50
|
7
|
Балама арқылы
|
65
|
9
|
Барлығы
|
721
|
100
|
Сурет 7 – «Абай жолы» романындағы этномәдени семантикалы фразеологизмдердің берілу тәсілдері (пайыздық көрсеткіш)
Зерттеу жүргізу және үш тілге қатысты тілдік материалдарды талдау негізінде бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Көркем мәтіндерді аудару барысында аудармашылардың кейбір олқылықтарға жол бергені анықталды. Осындай кемшіліктердің орын алуын аудармашының түпнұсқа мәтіндегі кейбір тілдік бірліктерді жете түсінбеуімен, аялық білімнің жетіспеушілігімен және көркем аударманың өзге ұлт өкілдері тарапынан аударылуымен байланыстырамыз.
Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін салыстыру мақсатында 2015 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласындағы университеттер мен институттарда «Аударма ісі» мамандығының бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша қазақ бөлімі білім алушыларының қатысуымен сауалнамалар жүргізіліп отырды (Қосымша A). Сауалнамалар аясында білім алушыларға М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездескен этномәдени семантикаға ие 10 фразеологизмді (барлығы үш жыл ішінде 6 сауалнама өткізілді) аударуға ұсыныс жасалды. Сауалнамаға барлығы 632 білім алушы қатысты. Сауалнама нәтижесінде фразеологизмдерді аударуда білім алушылардың 31,7% калькалау, 40% сипаттама, 21% транслитерация, 3,6% балама, 3,6% түсіріп тастау тәсілін қолданғаны анықталды (8-сурет, 3-кесте).
Сурет 8 – «Аударма ісі» мамандығы бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша қазақ бөлімі білім алушыларының қатысуымен өткізілген сауалнама нәтижелері
Кесте 3 – «Аударма ісі» мамандығы бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша қазақ бөлімі білім алушыларының қатысуымен өткізілген сауалнама нәтижелері (сандық және пайыздық көрсеткіштер)
Аудару тәсілі
|
Пайыздық және сандық көрсеткіштер
|
Сауалнамаға қатысқан б.а. саны
|
Калькалау
|
31,8/201 б.а.
|
632
|
Сипаттама
|
40%/252 б.а.
|
Балама
|
3,6%/23 б.а.
|
Транслитерация
|
21%/133 б.а.
|
Түсіріп тастау
|
3,6%/23 б.а.
|
Барлығы
|
100%/632 б.а.
|
Сауалнамаға қатысқан білім алушылардың барлығы этникалық қазақтар, содан да болар, фразеологизмді мүлде аудармай қалдырып кету жағдайлары өте сирек кездесті, яғни, фразеологизмдердің басым бөлігі сәтті, сапалы аударылды деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылар болсақ, көркем мәтінді аудару барысында қолданылған аударма тәсілдері кейбір мысалдарда үйлесімді аударма жасауға мүмкіндік берсе, ал келесілерінде аудармадағы сәйкессіздіктерге әкелетіндігі анықталды. Әрі қарай аударма барысында орын алған сәйкессіздіктер және аталған қателердің алдын алу үшін қажет ұсыныстар қарастырылады. Себебі, аударманың әдіс-тәсілдерінің дұрыс таңдалуы оның сапасына ықпал ететіні түсінікті.
Аударма теориясы аясындағы ізденістерде «аударымдылық» және «аударылмаушылық» ұғымдарына зерттеушілер тарапынан әртүрлі анықтамалар беріліп жүр. Әрине, бір тілден екінші тілге аудару барысында тілдік және тілден тыс (экстралингвистикалық) тұтас ақпаратты толықтай жеткізу мүмкін емес екендігіне күмән жоқ. Аударма туралы ілімнің қалыптасу үдерісі барысындағы В. фон Гумбольдтың бұл мәселеге қатысты айтқан төмендегі пікірі көп нәрсені аңғартады: «Всякий перевод представляется мне безусловной попыткой разрешить невыполнимую задачу. Ибо каждый переводчик неизбежно должен разбиться об один из двух подводных камней, слишком точно придерживаясь либо подлинника за счет вкуса и языка собственного народа, либо своеобразия собственного народа за счёт подлинника. Нечто среднее между тем и другим не только трудно достижимо, но и просто невозможно» [55, с. 42]. «Мен үшін кез келген аударма іске асуы мүмкін емес тапсырманы орындауға тырысу болып көрінеді. Себебі, әрбір аудармашы төмендегі екі қиындыққа тап болады: не өз халқының талғамы мен тіліне қайшы келіп, түпнұсқаға барынша тәуелді болады немесе аударманы өз халқының қабылдауына ыңғайлы етеді. Орташа бір мәнге қол жеткізу қиын ғана емес, тіпті мүмкін емес» (біздің аударма – Ж.А.). Зерттеу нәтижелері, сараптамалар ғалымның жоғарыда берілген пікірінің шынайылығын көрсетеді.
Шынымен де, кез келген аударманы, әсіресе, көркем аударманы жүзеге асыру барысында аудармашылардың көпшілігінің дәлме-дәл, сөзбе-сөз аудармаға сүйенуі өрескел қателердің орын алуына әкеледі. Сонымен қатар түпнұсқа мәтіндегі көркем шығарманың негізгі ойы, идеясы еркін аударма барысында толығымен бұрмаланып кететін жағдайлар да кездеседі.
Диссертациялық зерттеу жұмысының бұл бөлімінде «аударымдылық» ұғымы, көркем аударма барысында орын алатын кемшіліктердің жіктелімі тәрізді мәселелер қаралып, қателерді болдырмаудың амалдары жөнінде бірқатар ұсыныстар беріледі.
Көркем мәтінді аудару мәселелері көркем аударма теориясының негізгі зерттеу нысандарының санатына жатады. Қазіргі көркем аударма теориясы бірнеше ережелерге негізделеді, солардың ішіндегі ең маңыздысы «при формальной непереводоваемости отдельного языкового элемента подлинника может быть воспроизведена его эстетическая функция в системе целого» [82, с. 334]. «Түпнұсқаның жеке тілдік элементі шартты түрде аударуға келмесе, оның тұтас жүйедегі эстетикалық қызметін беруге болады» (біздің аударма – Ж.А.). Демек, көркем аударма теориясының негізі қағидасы келесіде «рассматривать каждое предложение как часть целого, передавать не только то, что в нем говорится, но и работать над созданием художественного образа, общего настроения, характеристики атмосферы персонажей и т.п.» [144]. «Әрбір сөйлемді тұтас дүниенің бөлігі ретінде қарастырып, онда айтылғандарды ғана емес, көркем бейнені, жалпы көңіл-күйді, кейіпкерлердің, қоршаған ортаның сипаттамаларын т.б. қалыптастыруға тырысу керек» (біздің аударма – Ж.А.). Жоғарыда берілген пайымдаумен толықтай келісе отырып, аударма барысында көркем мәтінді оқырманға әсер етуші тұтастық, тұтас дүние ретінде қарастыруды жөн деп санаймыз.
Берілген диссертациялық жұмыс аясында көркем шығармаларда кездесетін фразеологизмдер және олардың этномәдени семантикасының тіларалық берілуі мәселесіне қатысты зерттеу жүргізілді. Жұмыс барысында қазақ көркем мәтініндегі этномәдени семантикалы фразеологизмдерді орыс және ағылшын тілдеріне аударуда орын алатын кемшіліктердің себеп-салдарын төмендегі мәселелермен байланыстырамыз:
мәтінде этномәдени семантикаға ие фразеологизмдердің қолданылуы;
тарихи дәуір ерекшеліктері;
бейнелілік;
идиомалардың;
лакуналар мен реалийлердің қолданылуы (9-сурет).
Этномәдени семантикаға ие фразеологизм (этнолексика)
Бейнелілік
Тарихи дәуір ерекшеліктері
Идиомалардың қолданылуы
Лакуналар мен реалийлердің қолданылуы
Сурет 9 – Көркем мәтінді аударудағы кемшіліктердің себеп-салдары
Көркем мәтінде қолданылған паремиялар, фразеологизмдер, лакуналар мен реалиялар т.б. автордың жеке стилін жүйелі түрде түзетін құрамдас бөлшектер деп айтуға болады. Түпнұсқадағы автордың стилін аударма мәтінінде сақтауға талпыну – аудармашыға қойылатын басты талаптардың бірі . Дегнмен, кез келген аудармашы бұл талапты орындай алады деп айту қиын, жоғарыда көрсетілген этномәдени семантикаға ие фразеологизмдерді аударуда орын алған кемшіліктер осы сөзіміздің дәлелі іспеттес. Бұл тәрізді мәселелер аудармашыдан шеберлік пен шешендікті, қабілет пен тәжірибені талап етеді.
Әлемде өмір сүріп жатқан әр ұлттың өзіне ғана тән тілі, ділі, дүниетанымы, көзқарасы, әлемінің тілдік бейнесі т.б. бар екендігі белгілі. Мысалы, қазақ халқы ежелден сөзге жүйрік шешендігімен ерекшеленеді, көңілі өзінің кең даласындай, ата-бабасын құрметтеп, салт-дәстүрін сақтаған халық. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі жайындағы ақпараттың барлығы ғасырлар бойы қалыптасып, фразеологиялық қорында сақталған. Ал фразеологизмдер көркем мәтіннің ең маңызды элементтерінің бірі екендігі мәлім. Г. Бельгер осы мәселе төңірегінде: «Дотошные филологи подсчитали, что в “Судьбе человека” на 11 тыс. слов употреблено 189 фразеологизмов, то есть, один фразеологизм на 58 слов. А в “Дольше века длится день” употреблено 120 национальных слов. Думаю, в казахской прозе плотность фразеологизмов более осязаема» [145]. «Мәселен, түп-тұқиянына дейін зерттейтін филологтар “Судьба человека” шығармасында 11 мың сөздің ішінде 189 фразеологизм қолданылған, яғни 58 сөзге бір фразеологизм сәйкес келеді деп есептеді. Ал “Дольше века длится день” романында 120 ұлттық сөз қолданылды. Менің ойымша, қазақ прозасында фразеологиялық бірліктердің тығыздығы, қолданылу жиілігі айтарлықтай» (біздің аударма – Ж.А.) деп тұрақты сөз орамдарының көркем мәтіндегі алатын орнын, маңыздылығын атап көрсетті.
Шынымен де, қазақ халқында уақыт, қашықтық, өлшем және тұрмыс-тіршіліктің басқа да салаларына байланысты фразеологизмдердің саны өте көп. Мысалы, М. Әуезовтің шығармаларында қашықтықты білдіретін келесідей фразеологизмдерді көре аламыз: есік пен төрдей; қозы көш жер; тай шаптырымдай жер; күндік жер, т.б.. Уақытқа, мезгілге байланысты фразеологизмдер: бие сауымдай уақыт; шай қайнатым уақыт; ет асым уақыт; сүт пісірім уақыт; таң алакеуімде; таң құлан иектенгенде; түн түндігі түрілді; күн екіндіге таянды; күн еңкейді т.б. Міне, осы сияқты халықтың тұрмыс-тіршілігімен, танымымен астасып жататын фразеологизмдер көркем аударма барысында қиындық туғызатыны анық. Әрине, егер аудармашы халықтың тілімен ғана емес, сонымен қатар оның тарихымен, мәдениетімен, дінімен, салт-дәстүрімен таныс болса, аудармада орын алатын өрескел қателердің алдын алуы әбден мүмкін. Бірақ, өкінішке орай бүгінгі таңда көркем аударма саласымен айналысатын аудармашылардың саны өскенімен, аударма сапасы әлі де болса жетілдіруді қажет етеді. Осы жерде Г. Бельгердің: «Перевод – синтез: литературоведения (интерпретация), лингвистики (знание языка) и самостоятельного творчества (художественное произведение подлинника). Это в теории. На практике же часто одно из звеньев выпадает ...» [144, с. 204]. «Аударма – бұл әдебиеттану (интерпретация), лингвистика (тіл туралы білім) және жеке шығармашылықтың (түпнұсқаның көркем туындысы) синтезі. Бұл теория негізінде. Ал іс жүзіне келген кезде, үшеуінің біреуі қалыс қалып жатады...» (біздің аударма – Ж.А.) деген пайымдауы осы бағыттағы ізденістің нәтижесі, көп жылғы тәжірибеден түйінделген тұжырым деп айтуға болады. Г. Бельгердің осы пікірімен келісе отырып, қазақ көркем мәтінін аудару үшін аудармашының ұлтымыздың тарихы, рухани және материалдық мәдениеті, қоршаған ортасы, туралы аялық білімі болуы қажет деп түйеміз. Аударма үдерісінде осындай талаптарға жіті көңіл бөлінбегендіктен, сапасыз аударма мәтіндері қалыптасады.
Көркем мәтін тілінде жиі қолданылатын бірліктердің ішінде халықтың тұрмыс-тіршілігінің тілдегі көрінісі іспеттес этномәдени семантикаға ие фразеологизмдер аударма барысында айтарлықтай қиындықтар туғызатыны жоғарыда айтылды.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Өзі, тіпті көшелі кісі боп қапты!»
[31, б. 10].
|
«Он уже совсем взрослый стал…» [91, с. 30].
|
«Гляди-ка, а ведь малец рассуждает как взрослый».
[90, с. 16].
|
|
Аударылмаған
|
Аударылмаған
|
Жоғарыда көрсетілген мысалдарда орыс тіліндегі екі аудармада да «көшелі кісі болу» фразеологизмі «взрослый» лексикалық бірлігі арқылы аударылған. Алайда жалпы мағына жеткізілгенімен, мәтінге ерекше ұлттық реңк беріп тұрған «көшелі кісі болу» тұрақты тіркесінің бейнелілігі жеткізілмеген. Қазақ әдеби тілінің сөздігіне сүйенер болсақ, көшелі кісі фразеологизмі байсалды, ой-өрісі кең, көпті көрген, жөн-жосықты білетін жан, адам деген ұғымды білдіреді [135, б. 390]. Осы орайда, Г. Бельгердің: «Анатолий Ким – колоритный писатель, удивительный стилист. Но – странное дело – как переводчик он другой. То ли себя бережет, не раскрывается всецело, то ли не лежит душа к переводу – не знаю. У меня такое ощущение, что переводчик А. Ким – лишь малая часть художника Кима. А, может, он себя сознательно ограничивает?..» сөзі еске түседі [144, c. 72]. «Анатолий Ким - керемет жазушы және стилист. Бірақ – таң қаларлық бір нәрсе – аудармашы ретінде ол басқа. Өзін қорғаштайды ма, толықтай ашылмайды, әлде аудармаға көңілі толмайды ма - білмеймін. Аудармашы А. Ким – суретші Кимнің азғантай ғана бөлігі екенін сеземін. Әлде ол өзін саналы түрде шектей ме екен ...?» (біздің аударма – Ж.А.). Шынымен де, А. Кимнің қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті жайында көп ақпарат жинақтап, үлкен жұмыс атқарғаны белгілі, бірақ көркем мәтінді аудару барысында бірқатар кемшіліктердің орын алғаны байқалды.
Көркем аударма практикасында фразеологизмдерді аударуда балама арқылы аудару әдісі кеңінен қолданылатыны алдыңғы тарауларда айтылды.
«Абай Жолы», (түпнұсқа)
|
«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)
|
«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы
|
«Abai», Progress Publishers аудармасы
|
«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы
|
«Апырай, ата қонысым еді. Одан қала берсе, осы жиын, осы бәріңнің көз алдында, кешегі көктемде ғана, осы мынау тастың бауырында Борсақтың бір баласының қаны тамып еді ғой. Ер азаматымның қаны тамған жер еді ғой!» [31, с. 69]
|
«Боже мой, ведь это зимовье предков моих! Здесь у подножия утеса, была пролита кровь одного из сыновей бокенши! Земля моя, кровью мужчины-сородича отмытая!..» [91, б. 80].
|
«Апырай! Надо же! У меня было мое родное гнездо! Земля моих предков! Здесь их мазары! И еще в прошлую весну вон у того камня пролилась кровь славного арыса, натоящего азамата, доюлестного мужа! Земля моя, кровью родичей омытая!»
[90, с. 115]
|
«But by all that is holy,” he exclaimed bitterly, “this was the winter land of my forefathers! It was here, at foot of that cliff, that the bllod of a son of the Bokenshi was split…»
[92, с. 78].
|
«But by all that is holy,” he exclaimed bitterly, “this was the winter land of my forefathers! It was here, at foot of that cliff, that the bllod of a son of the Bokenshi was split…»
[93 , р. 103].
|
А. Никольская аудармасында зимовье предков моих нақты «қыстау» туралы айтылып тұр, ал А. Ким аудармасындағы земля моих предков нұсқасы орынды қолданылған деп пайымдаймыз. Ағылшын тіліндегі екі аудармада да winter land of my forefathers деген нұсқа берілген. Біздің пайымдауымызша, the land of my ancestors деген нұсқа әлдеқайда ұтымды болар еді. Бұл мысал дәнекер тілдің аударма сапасына кері әсер тигізетінінің тағы бір айғағы болып отыр.
Аударма барысында көркем мәтіннің өзіндік ұлттық сипатын, ерекшелігін, көркемдігін сақтау мақсатында балама аударма әдісін қолдану әлдеқайда ұтымды. Бірақ, көркем мәтінде кездесетін барлық фразеологизмдерді осы әдіс арқылы аудару мүмкін емес, сол себепті аудармашылар тарапынан сипаттама, калька, транслитерация, трансформация әдістері де жиі қолданылады. Бұл әдістерді орынсыз қолданудың да орын алатынын, нәтижесінде сапасыз аударма мәтіні қалыптасатынын да ұмытпағанымыз жөн. Демек, көркем аударманы іске асыру үшін, аудармашының ерекше стилі, сөз саптауы, сонымен қатар, қос этностың (түпнұсқа және аударма) тұрмыс-тіршілігі, тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні және ділі туралы білімі болу керек, осы аталғандарды үйлестіре білетін аудармашы барабар аудармаға қол жеткізе алады. Себебі, Г. Белгердің сөзімен айтқанда, көркем аударма – бұл өнер, ол аудармашыдан үлкен жауапкершілік пен шығармашылықты талап етеді. Жүрексіз жасалған аударма – кәсіптің ең жаманы [144, c. 204].
Көркем мәтінді аудару барысында аударманың прагматикалық аспектісін назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, аударма мәтіні оқырманға эмоционалды-экспрессивті тұрғыдан ерекше әсер етуі керек. Аударманың басты міндеттерінің қатарына аударма мәтінінде түпнұсқа мәтіннің коммуникативтілігін сол қалпында сақтауға тырысу да жатады.
Жоғарыда көптеген мысалдарды талдап-тарқата келе, көркем мәтіндегі фразеологизмдерді сапалы аудару үшін аудармашы тарапынан орындалуы тиіс талаптардың тізімі жасалды:
автор стилін зерттеу;
баяндау стилін анықтау;
сөздіктермен жұмыс істеу (фразеологиялық, этимологиялық, түсіндірмелі, энциклопедиялық және т.б.);
көркем әдебиетті көбірек оқу;
аударма саласындағы дағдыларды үздіксіз дамыту, шыңдау.
Диссертациялық зерттеу жұмысымызда қазақ көркем мәтінінде жиі қолданылатын фразеологизмдер және олардың этномәдени семантикасының тіларалық берілуі мәселесін қарастыра талдай келіп, оның аудармашы үшін үлкен қиындық туғызатынына көз жеткіздік. Себебі, түпнұсқа мәтініндегі қазақ ұлтына, мәдениетіне, тіліне ғана тән ақпаратты, дәл сол күйінде орыс және ағылшын тіліне жеткізу аудармашыдан үлкен дайындықты талап етеді, кей жағдайда бұл тапсырманы толықтай орындаудың мүмкіндігі болмайды. Осының нәтижесінде ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін фразеологизмдер өзге ұлт өкіліне түсініксіз болу қаупі туындайды, олар жөнінде жоғарыда және алдыңғы тарауда айтылып, тілдік материалдар негізінде талданды, дәлелденді. Аударма үдерісінде кемшіліктердің болмауы аудармашының құзіретінде. Дегенмен, көркем мәтін аудармасы – бұл, ең алдымен, шығармашылық әрекет деген пікірді ұстанамыз және аударма мәтіні тұпнұсқа мәтіннің толық эквиваленті бола алмайды деген тұжырымды қолдаймыз.
Зерттеу жұмысымыздың екінші тарауында айтылған мәселелерді түйіндер болсақ, алға қойылған мақсат-міндеттерімізге сәйкес, қазақ көркем мәтініндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасының тіларалық берілу мәселесі қарастырылды. М. Әуезовтің шығармаларын орыс және ағылшын тілдеріне аудару барысында орын алған кемшіліктер анықталды және қателердің алдын алу мақсатында ұсыныстар берілді.
Аударма теориясындағы көркем аударманың негізгі стратегияларына сүйене отырып, көркем мәтіндегі этномәдени семантикаға ие фразеологизмдерді аударудың стратегиялары жан-жақты қарастырылды. «Аударма стратегиясы» ұғымының аударматану саласындағы соңғы кезеңде жүргізілген зерттеулерде жиі қолданылғандығы алдыңғы тарауларда айтылған болатын. Бірақ, ғалымдар тарапынан бұл ұғымға нақты анықтама әлі күнге дейін беріле қойған жоқ. Аталмыш диссертациялық жұмыс аясында жүргізілген саралау, зерттеу жұмыстары негізінде аударма стратегиясы мәселесіне қатысты өз пікірімізді қалыптастыруға талпыныс жасалды.
Ағылшын тіліндегі «strategy» сөзіне: a plan of action designed to achieve a long-term or overall aim, яғни, ұзақ мерзімге немесе жалпы мақсатқа жетуге бағытталған жоспар (біздің аударма – Ж.А.), - деген анықтама берілген [146]. Демек, аударма барысында қолданылатын алгоритм, әдіс-тәсілдер «аударма стратегиясы» бола алады. Жұмыс барысында А.Д. Швейцердің «аударма стратегиясы – барабар аудармаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін аударма тәсілдерінің бағдарламасы» деген анықтамасы негізге алынды [147]. Осы анықтаманы басшылыққа ала отырып, көркем мәтіндегі фразеологизмдерді аудару үдерісі екі кезеңге бөлінді:
аударма стратегиясы бағдарламасын анықтау;
анықталған бағдарламаны іске асыру.
Аудармада стратегия, әдетте, бір тілдегі хабардың дәйекті үзінділерін қабылдау, өңдеу және екінші тілге жеткізу амалдары, яғни іс-әрекет бағдарламасы деген ұғымды білдіреді [148]. Көркем аудармаға қатысты айтар болсақ, аударманың бұл түрін іске асыру барысында аудармашы түпнұсқаға сүйене отырып, аударма мәтінін қайта құрастыруы қажет деген тұжырымға келдік.
Осылайша, «аударма стратегиясы» - бұл аудармашы әрекеттерінің негізінде жатқан аударманы жоспарлау түрі десек қателеспейміз.
Аудармашылардың қолданған стратегияларын екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) фразеологизмді сөзбе-сөз көшіру, калькалау;
2) фразеологизмнің баламасын қолдану, баламасы болмаған жағдайда оны өзге ел мәдениетіне «бейімдеу» [149].
Бірінші топтағы стратегия фразеологизмді дәлме-дәл, сөзбе-сөз аудару арқылы тұрақты тіркестің құрылымын сақтауға, ал екінші топтағы стратегия интерпретативті сипатқа ие, яғни аударма тілі арқылы фразеологизмнің сипатын, мәнін түсіндіруге бағытталады. Егер сөзбе-сөз аударма фразеологизм құрылымының нақты тіларалық берілуін қамтамасыз етсе, балама аударма оның оқырман үшін түсінікті болуын көздейді, қабылдап жатқан мәдениетке бейімдейді.
Зерттеу барысында мәтіннің реципиентке түсініктірек болғаны көзделсе, онда доместикация стратегиясы таңдалатындығы анықталды. Бұл жағдайда этномәдени семантикаға ие фразеологизмдер балама тіркес не жеке сөздер арқылы аударылады, яғни аударма мүмкіндігінше қабылдаушы ел мәдениетінің нормаларына бейімделеді. Ал аударма мәтінінде ұлттық реңкті сақтау мақсаты көзделсе, форенизация стратегиясы таңдалып, аударма барысында түпнұсқадағы этнолексикалық бірліктер калькалау және түсіндірме тәсілдерін қолдану арқылы аударылатындығы айқындалды.
Этномәдени семантикаға ие фразеологизмді аудару барысында мамандардың «аударылмаушылық» құбылысымен жиі кездесетіндігі жоғарыда айтылды, себебі, тілі мен мәдениеті өзара толығымен сәйкес келетін халықтар жоқ. Ал біздің жағдайымызда әртиптес, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің фразеологиялық жүйелерінде толық эквивалент табу өте қиын екендігі түсінікті деп ойлаймыз.
Ал, еркін аудармаға бет бұрып, шығармашылыққа дербестік беретін аудармашылар, фразеологизмнің мағынасын, негізгі идеясын оқырманға жеткізіп, «аударылмаушылық» жағдайының орын алмауына қол жеткізе алады. Дегенмен, сәйкесіздіктердің алдын алу мақсатында аударманың тым еркін болуынан да абай болу қажет. Себебі, аударма тілде жоқ ұғымды аудармашының өз мәдениетіне тән ұғымдармен алмастыруы, түпнұсқадағы негізгі идеяның бұрмалануына әкелуі мүмкін. Демек, аудармашы аударма стратегияларын таңдау барысында үйлесімділікті сақтау қажет.
Сонымен аударылмаушылық және мағынаның бұрмалануы – фразеологизмдерді аударудағы ең басты қиындықтар. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін аудармашылар аударманың жаңа стратегиялары мен үлгілерін іздеу үстінде, бұндағы олардың басты мақсаты «баламалылық» пен «барабарлық» арасында үйлесімділік «көпірін» орнату [150].
Жоғарыдағы тілдік материалдарды сараптай келе, көркем мәтіндегі этномәдени семантикалы фразеологизмдердің барабар тіларалық берілуін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі аударма стратегияларының жіктелімі ұсынылды:
Достарыңызбен бөлісу: |