2. H2SO4 әсері
Күкірт қышқылымен қорғасын (II) ионы ақ тұнба түзеді:
Pb(NO3) 2 + H2SO4 = PbSO4↓ + 2HNO3
Pb2+ + SO4 2- = PbSO4 ↓
Қорғасын (II) сульфатының концентрлі күкірт қышқылында калий, натрий гидроксидтерінде және 30% амоний ацетатында еру қасиеті, оны басқа суда нашар еритін сульфаттардан (BaSO4, SrSO4, CaSO4) бөліп алуға мүмкіндік береді.
PbSO4 ↓ + H2SO4 = Pb(HSO4 )2
PbSO4↓ + 4NaOH = Na2PbO2 + Na2 SO4 + 2H2O
2PbSO4 ↓+ 2CH3COONH4 = [Pb(CH3 COO)2 PbSO4] + (NH4)2SO4
Реакцияның орындалуы: Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы H2 SO4 ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу.
3. NaOH, KOH әсері
Сілтілермен әрекеттесу нәтижесінде ақ түсті гидроксид түзіледі:
Pb(NO3) 2 + 2NaOH = Pb(OH)2 ↓ + 2NaNO3
Pb2 + 2OH- = Pb(OH)2↓
Гидроксид амфотерлі, яғни қышқылдарда және сілтілердің артық мөлшерінде ериді:
Pb(OH) 2 ↓ + 2HNO3 = Pb(NO3)2 + 2H2O
Pb(OH)2 ↓ + 2H+ = Pb2+ + 2H2O
Pb(OH) 2 ↓ + 2NaOH = Na2 [Pb(OH) 4]
Pb(OH) 2 ↓ + 2OH- = [Pb(OH) 4]2-
Pb(OH) 2 аммоний гидроксидінде ерімейді.
Реакцияның орындалуы: Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 3-4 тамшысына 1-2 тамшы NaOH (KOH) ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Түзілген тұнбаны екі пробиркаға бөліп, 1 пробиркаға HNO3 ерітіндісін, екіншісіне NaOH ерітіндісін қосып, тұнбаның еруін байқау.
Достарыңызбен бөлісу: |