Реакцияның орындалуы: Күміс нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына мырыш түйіршігін салып, қара тұнба түзілгенін байқап көру.
Hg22+ катионының реакциялары
1. HCl әсері.
Сұйытылған тұз қышқылы сынап (I) ионымен ақ тұнба (каломель) түзеді, ол HCI артық мөлшерінде ерімейді:
Hg2(NO3)2 + 2 HCl = Hg2Cl2↓ + 2HNO3
Hg22+ + 2Cl- = Hg2Cl2↓
Бірақ азот қышқылында ериді (AgCl, PbCl2 азот қышқылында ерімейді).
3Hg2Cl2↓ + 2HNO3 = 3HgCl2 + 2Hg2(NO3)2 + 2NO + 4H2O
Hg2Cl2 аммиак ерітіндісімен суда ерімейтін комплекс түзеді, ақ, кейін қараға айналады:
Hg2Cl2 + 2NH4OH = [NH2Hg2]Cl + NH4Cl + 2H2O
[NH2Hg2]CI – тұрақсыз, сондықтан ыдырайды:
[NH2Hg2]Cl = [NH2HgCl] + Hg↓
Тұнба патша сұйығында ериді:
[NH2HgCl] + Hg + 2HNO3 + 4HCl = 2HgCl2 + 2H2O + NH4Cl
[ NH2HgCl] + Hg + 2H- -2e → NH4+ + Cl- + 2Hg2+ 1
NO3- + 2H+ + 1e → NO2 + H2O 2
Реакцияның орындалуы: Сынап (I) нитраты ерітіндісінің 1-2 тамшысына сонша HCI ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенің байқау. Түзілген тұнбаға 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосып, тұнбаның қарайғанын байқап көру.
2. NaOH, KOH әсері.
Сілтілер әсерінен қара түсті тұнба түзіледі. Түзілген тұнба минералды қышқылда ериді.
Hg2(NO3)2 + 2NaOH = Hg2O↓ + 2NaNO3 + H2O
Hg22+ + 2OH- = Hg2O↓ + H2O
Реакцияның орындалуы: Сынап (I) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы KOH (NaOH) ерітіндісін қосып тұнба түзілгенін байқау.
3. NH4OH әсері.
Сынап (I) тұздарына NH4OH ерітіндісімен әсер еткенде мына реакциялар жүреді:
2Hg2(NO3)2 + 4NH4OH = [Hg2ONH2]NO3↓ + 2Hg↓ + 3H2O + 3NH4NO3
немесе
Hg2Cl2 + 2NH4OH = [NH2Hg2]Cl + NH4Cl + 2H2O
[NH2Hg2]Cl = [NH2HgCl] + Hg↓
Бұл реакцияларды Hg22+ иондарына анықтау үшін пайдаланады.
Реакцияның орындалуы: Сынап (I) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша NH4OH ерітіндісін құяды.
4. KI әсері.
Калий йодидімен сары – жасыл түсті тұнба түзеді:
Hg2(NO3)2 + 2KI = Hg2I2↓ + 2KNO3
Hg22+ + 2I- = Hg2I2↓
Калий йодидінің артық мөлшерінде мына теңдеу бойынша комплексті қосылыс түзеді:
Hg2I2↓ + 2KI = K2[HgI4] + Hg↓
Hg2I2↓+ 2I- = [HgI4]2- + Hg↓
Реакцияның орындалуы: Сынап (I) нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша калий йодиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Калий йодиді ерітіндісін тұнбаға тағы қосып, тұнбаның еритінін дәлелдеу.
5. K2CrO4 әсері.
Калий хроматы сынап (I) иондарымен қыш-қызыл түсті тұнба түзеді:
2Hg2(NO3)2 + K2CrO4 = Hg2CrO4↓ + 2KNO3
Hg22+ + CrO42- = Hg2CrO4↓
Тұнба азот қышқылы ерітіндісінде ериді. Pb2+, Ba2+, Bi3+, Ag+ т.б. катиондар түсті хроматтар түзеді, сондықтан бұл реакцияға кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы: Сынап (I) нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы калий хроматының ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.
6. Дербес металдардың әсері.
Сынап кернеулік қатарда сутектен кейін орналасқан, оның E˚=+0.792B, сондықтан Fe (E˚=-0.47B), Zn (E˚=-0.70B), сонымен қатар мыс та (E˚=+0.345B) оны ерітінділерден бос күйінде бөліп шығарады:
Hg2(NO3)2 + 2Cu = 2Cu(NO3)2 + 2Hg↓
Бұл Hg22+ - иондарын анықтау реакциясы.
Реакцияның орындалуы: Алдын – ала аммиак ерітіндісімен, сумен тазартылып, құрғатып, сүртілген мыс пластинасына 1 тамшы сынап (I) тұзының ерітіндісін тамызады. Сынап (I) иондары қатысында сынап бос күйінде бөлініп шығып, мыс амальгамасын түзеді.
Pb2+ катионының реакциялары
1. HCl әсері
Топтық реагент тұз қышқылының әсерінен қорғасын (II) хлориді тұнбаға түседі:
Pb(NO3)2 + 2HCl = PbCl2↓ + 2HNO3
Pb2+ + 2Cl- = PbCl2
Концентрлі HCI-дың артық мөлшерінде комплексті қышқыл түзіледі:
PbCl2↓ + 2HCl = H2[PbCl4]
PbCl2 – ыстық суда жақсы ериді, бұл қасиетті Pb2+ катионын осы топ катиондарынан бөлу үшін пайдаланылады.
Реакцияның орындалуы: Қорғасын (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы HCl ерітіндісін қосып, тұнба түзілуін байқайды. Түзілген тұнбаны ыстық суда ерітіп көріп, ерітіндіні салқындатып, қайтадан тұнбаға түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |