Аналитикалық химия



бет5/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
4. KI, KBr әсері.
Қышқылдарда ерімейтін сарғыш AgBr және ашық жасыл AgI түзіледі:

AgNO3 + KBr = AgBr↓ + KNO3


Ag+ + Br- = AgBr↓
AgNO3 + KI = AgI↓ + KNO3
Ag+ + I- = AgI↓

Күміс бромиді концентрлі NH4OH, KCN, Na2S2O3 ерітінділерінде ериді:


AgBr↓ + NH4OH = [Ag(NH3)2]Br + 2H2O


Күміс йодиді тек KCN мен Na2S2O3 ерітінділерінде ериді:


AgI + 2Na2S2O3 = Na3[Ag(S2O3)2] + NaI


Бірақ NH4OH-пен әрекеттеспейді, бұл галогенидтердің ерігіштігімен түсіндіріледі.


Реакцияның орындалуы: Күміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы KBr немесе KI ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.
5. K2CrO4 әсері.
Калий хроматы күміс иондарымен қыш-қызыл түсті тұнба түзеді:

2AgNO3 + K2CrO4 = Ag2CrO4↓ + 2KNO3


2Ag- + CrO42- = Ag2CrO4

Тұнба азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді, бірақ сірке қышқылында ерімейді. Реакцияны бейтарап (pH=7) орындаған жөн. Pb2+, Ba2+, Hg2+, Hg22+ және т.б. калий хроматымен түсті тұнбалар түзеді. Бұл реакциямен Ag+ анықтауға тотықсыздандырғыштар да кедергі жасайды.


Реакцияның орындалуы: Күміс нитраты ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы калий хроматының ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.
6. Дербес металдардың әсері.
Күміс кернеулік қатарда сутектен кейін орналасқан, сондықтан Fe (E˚=-0.47B), Zn (E˚=-0.70B) оны ерітінділерден бос күйінде бөліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет