Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына тамшылатып сілті ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Түзілген тұнбаны екіге бөліп, НСl және NaOH ерітінділерінде ерітіп көру қажет.
2. NH4OH әсері.
Аммиак ерітіндісі мырыш иондарымен ақ түсті тұнба түзеді;
ZnSO4 + 2NH4OH = Zn(OH)2↓+ (NH4)2SO4
ZnSO4 + 2OH- = Zn(OH)2↓
Аммоний тұздары қатысында тұнба түзілмейді. Мырыш гидроксиді аммиак ерітіндісінің артық мөлшерінде суда еритін аммиакаттар түзеді:
Zn(SO4)2↓ + 4NH4OH = [Zn(NH3)4](OH)2 + 4H2O
Zn(OH)2↓ + 4NH4OH = [Zn(NH3)4]2+ + 2OH- +4H2O
Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2Н NH4OH ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Аммиактың артық мөлшерінде тұнбаны ерітіп көру.
3. (NH4)2S, H2S әсері.
Сульфид иондарымен мырыш ақ түсті тұнба түзеді:
ZnSO4 + (NH4)2S = ZnS↓ + (NH4)2SO4
Zn2+ + S2- = ZnS↓
Zn2+ + H2S = ZnS↓ + 2H+
Мырыш сульфиді күшті қышқылдарда HCl, H2SO4, HNO3 ериді, бірақ сірке қышқылында және сілтілерде ерімейді.
ZnS + 2HCI = ZnCl2 + H2S↑
3ZnS + 8HNO3 = 3Zn(NO3)2 + 3S↓ + 2NO + 4H2O
3Zn2+ + 8H- + 8NO3- = 3Zn2+ + 3S↓ + 2NO + 4H2O
Мырышты H2S-пен тұнбаға түсіргенде ерітіндінің рН=2 болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |