Аналитикалық химия


VI АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫ ҚОСПАСЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ



бет34/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

VI АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫ ҚОСПАСЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ

Қышқылдық – негіздік жіктеудің VI аналитикалық топ катиондары (мырыш ионынан басқа) аммиакты – фосфатты жіктеудің ІІІ тобына кіреді.


VI топ катиондарының қоспасын аммиакпен қыздыра отырып өңдейді, нәтижесінде Cu2+, Cd2+, Ni2+ иондары ерітіндіде аммиак комплекстері түрінде қалады, ал Co2+  және Hg2+ негізгі тұз ретінде тұнбаға түседі және де амидті қосылыс ретінде CoOHCl және HgNH2Cl болады. Алынған тұнбаны 2М H2SO4 ерітіндісімен шаяды. Осының нәтитжесінде кобальт гидроксохлориді ериді, ал амидті қосылыс тұнбаға түседі. Ерітіндіде Co2+ иондары бар. HgNH2Cl тұнбасын қыздыра отырып 2М HNO3 ерітіндісімен өңдейді, алынған ерітіндінің құрамында Hg2+ иондарының болуын тексереді.
Құрамында мыс, никель және кадмий аммиакаттары бар ерітіндіні 2М H2SO4 ерітінідісімен (аммиакаттарды ыдыратады және қышқыл ортаны түзеді) және 0,5М натрий тиосульфаты ерітіндісімен өңдейді, тұнбаға Cu2S түседі, ал ерітіндіде Cd2+, Ni2+ иондары қалады; оларды тиісті реагенттерімен анықтайды.
Cu2S тұнбасын қыздыра отырып 3М HNO3 ерітіндісімен өңдейді (фарфор табақшасында қыздырған кезде); алынған ерітіндіде Cu2+ ионын тиісті реагенттерімен анықтайды.


VІ аналитикалық топ катиондарының қоспасын
жүйелік анализдеу схемасы



Cu2+, Hg2+, Co2+, Cd2+, Ni2+ + 3Н NH4OH, 2-3 минут қыздырып, центрифугалайды



1-тұнба: CoOHCl, HgNH2Cl + 2М H2SO4, центрифугалау

1-центрифугат: [Cu(NH3)4]2+, [Ni(NH3)2]2+, [Cd(NH3)4]2+ + 2М H2SO4, 0,5М Na2S2O3, қыздырып, центрифугалау

2-тұнба: HgNH2Cl + 2М HNO3, ерітіндіден Hg2+иондарын KI-пен анықтау

2-центрифугат:
CoSO4, Co2+ иондарын NH4CNS-пен анықтау

3-тұнба: Cu2S + 3М HNO3, Cu2+ иондарын анықтау

3-центрифугат: Cd2+, Ni2+. Ni2+, иондарын аммиак пен диметилглиокисм көмегімен, ал Cd2+ иондарын Na2S2O3 көмегімен анықтау

14 зертханалық жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет