Аналитикалық химия


IV-VІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОПТАР КАТИОНДАРЫНЫҢ



бет35/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

IV-VІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОПТАР КАТИОНДАРЫНЫҢ
ҚОСПАСЫН АНАЛИЗДЕУ
IV-VІ аналитикалық топтар катиондарының қоспасын бөлшектік анализ көмегімен анализдеуге болады:
1. Fe2+ катионын K3[Fe(CN)6] көмегімен анықтайды.
2. Fe3+ катионын K4[Fe(CN)6] көмегімен анықтайды.
3. Al3+ ионын ализарин немесе алюминон көмегімен анықтайды.
4. Cr3+ ионын H2CrO6 дейін тотықтырып анықтайды. Ол үшін 3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 5-7 тамшы 2Н КОН және 3-4 тамшы 3% H2O2 қосады да, су моншасында қыздырады, сонда жасыл түс сары түске ауысуы керек.
5. Zn2+ катионын дитизонмен анықтайды.
6. Мn2+ ионын MnO4- дейін тотықтырып анықтайды.
7. Мg2+ ионын магнезонмен немесе натрий гидрофосфатымен микрокристаллоскопиялық реакция бойынша анықтайды.
8. Sb3+ және Sb5+ иондарын гидролиз реакциясымен анықтайды. 2-3 тамшы ерітіндіге 10 тамшы су қосып, араластырады. Тұнба түзілсе Sb3+ және Sb5+ иондары бар.
9. Co2+ ионын тамшылық әдіспен аммоний роданиді NH4CNS көмегімен анықтауға болады.
10. Ni2+ ионын Чугаев реактивімен анықтайды.
Жүйелік анализ жүргізер алдында ерітіндінің түсіне назар аудару керек.


IV-VІ аналитикалық топтар катиондарының қоспасын
жүйелік анализдеу схемасы



Ерітіндінің жеке бөліктерінен Fe2+, Fe3+, Sb3+ иондарын анықтайды

IV-VІ топтар катиондарының қоспасына рН 10-12 шейін NaOH және 3% H2O2 қосады да, центрифугалайды.

1-тұнба: V-VІ топтар катиондарының гидроксидтері. Тұнбаны азот қышқылында қыздыра отырып ерітіп, NH4OH және NH4Cl қосады, араластырып, центрифугалайды.

1-центрифугат: CrO42-, AsO43-, ZnO22-, AlO2-, SnO32-. Ерітіндіні рН 5-6 дейін HCl-мен нейтралдайды да, IV топтың жүйелік анализін жүргізеді.

2-тұнба: V топ катиондарының гидроксидтері.

2-центрифугат:
VІ топ катиондарының аммиакатары және Мg2+. Мg2+ ионын жеке бөліктен анықтайды. Ал қалған бөлігін рН 3-4 дейін HCl-мен нейтралдап, VІ топ катиондарын анықтайды.

15 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет