Алтын Орда 1227ж Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін құрылтай болды. Құрылтайда Шыңғыс ханның орнына кім отырады, ж/е Шыңғыс ханның басты арманы Батысқа жорықты кім бастайды.
Осылайша Шыңғыс ханның мұрагері Үгедей болса, Батысқа жорық Батый ханға тапсырылды.
Батый хан әскер жинап, ол әскердің 1/3 бөлігін монғолдар құраса, 2/3 бөлігін қыпшақ тайпалары құрады.
1236ж басталған Батый ханның батысқа жорығы
Еуропаның біраз қалаларын жермен жексен етті.
1241ж қарай Батый хан Одреат теңізіне жеткен болатын.
1241ж Үгедейдің өлімінен кейін Монғолстанға қайтуға мәжбүр болды.
Территориясы: Орыс княздіктері, Шығыс Еуропаның біраз жерлері, Сырдария мен Амудария, Ертістен Еділге дейінгі аумақтар.
Астанасы: Сарай-Бату
Қоғамдық құрылысы: Хан – мемлекет басшысы
Беклербек – әскери қолбасшы, сыртқы саясатпен айналысады.
Диуан – ішкі саясатпен, атқарушы қызыметпен, салық ойлап табуға ат салысты.
Уәзір – Диуанның басшысы
Басқақтар – салық жинады
Екіге бөлінді: Сол қанат(Сыр бойына дейінгі аймақ),
Оң қанат (Еділден Дунайға дейінгі аралық)
Батый хан(1227-1255жж) - Қыпшақтар Сайын хан деп атады.
Алтын Орда Монғолияға бағынышты болды.
Берке хан(1256-1266) – Шыңғыс тұқымдарының ішінде алғаш рет мұсылман дінін қабылдады. Алтын Ордада сауда-саттықты дамытып, мешіттер салдырған.
Мешіт салдыру үшін Хорезм шахтан қол өнершілер мен саудагерлерді, мысыр мемлекеттерінен арнайы ақын-жазушыларды алдыртқан болатын
Алтын Орда дербес мемлекет болды
1262ж Египетпен тікелей сауда-саттық, халықаралық қатынастық келісім шарттар жасақан болатын. Мысыр басшысы Сұлтан Бейбарыспен жақсы қарым-қатынаста болды.
Мөңке Темір(1266-1280жж) –
Алтын Орда хандарының ішіндегі өз атынан теңге соқтырған алғашқы хан.
Алтын Орданы гүлдендірген хандар:
Өзбек хан(1312-1342жж) –
1312ж ресми түрде Алтын Орданы мұсылман мемлекеті ретінде жариялады. Батыс Еуропа, Кіші Азия, Мысыр, Үндістан, Қытай елдерімен қызу сауда жүргізді.
Жәнібек хан(1342-1357жж)
1359-79жж аралығында 20хан ауысты. Бұл кезең Алтын ордада дүрбелең кезең деп атады.
Осы жағдайдың әсерінен 1380ж Куликова шайқасы болды.
Бұл шайқас Алтын Орда ханы Мамай мен сол кездегі орыс князі Дмитрий Донский арасында болды. Мамайдың жеңілісі Алтын Ордаға үлкен соққы болды.
1382ж Әмір Темірдің көмегімен келген Тоқтамыс Мәскеу қаласын өртеді.
Тоқтамыс алтын Ордадағы сол кездегі жағдайды сәлде болсын түзегендей болды. Бірақ Әмір Темірмен (1389,1391,1395ж) арадағы шайқастар Алтын Орданы мүлде күйретті.
1404ж Тоқтамыс қайтыс болды. XVғ 50-70ж Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Ақ Орда секілді иеліктерге бөлініп кетті.
XIIIғ.30-жылдары үш түрлі теңге шығарған ақша сарайы жұмыс істеген қала: Отырар