Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. –Алматы, 2007.
2. Қожахметова Қ.Ж. «Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және
теориялық мәселелері» Алматы 1993ж
3. Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және
табиғатты пайдалану. –А.: Ғалым. 2004.
132
ҚАЗАҚСТАН МОНОҚАЛАЛАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ
оқытушы, магистр Сәлімжанов Н.Ӛ.
оқытушы, магистр Байгукин Г.Т.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада
Қазақстандағы
шағын
қалалардың
әлеуметтік-
экономикалық дамуының артта қалу себептері мен оны шешу жолдары
талданған.
Басты
назар
мемлекеттік
моноқалаларды
дамыту
бағдарламасына аударылған. Шағын қалалардаатқарылуы тиіс жұмыстар
және қалаларды болашақта дамыту жолдары қарастырылған.
Түйінді сөздер: моноқала, өндірістіккүштер, инфрақұрылым,
демография, инновация.
Моноқалаларды дамыту – тек ӛңірлердегі әлеуметтік, экономикалық
мәселелердің шешілуіне ғана емес, ең бастысы, ӛндірістік күштерді
орналастыру мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Моноқалаларды
дамыту арқылы тұрақты дамудың үш негізгі мақсатына қол жеткізуге
болады: экономиканың тиімділігі, әлеуметтік тепе-теңдік және қоршаған
ортаның тұрақтылығы. Себебі, Қазақстандағы ӛндірістік күштер мен еңбек
күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан.
Қазақстанда жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған
зоналардың
болмауы
(заманауи
қалалық
инфрақұрылымдардың
шоғырлануы, ақпарат каналдары, елді мекендердегі экологиялық қолайлы
ӛмір т.б). болашақ ресурстардың, яғни біліктілігі жоғары, мобильді жұмыс
күшінің,
инновациялық
технологиялардың,
ақпарат
кӛздерінің
шоғырлануына кедергі келтіруде.
Осыған байланысты Үкіметте «Моноқалаларды дамытудың
2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды[1].
Біздің сӛздік қорымызда жуықта моноқалалар атты жаңа түсінік
пайда болды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың
30 қаңтарындағы №261 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына
арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру жӛніндегі шаралар туралы»
Жарлығын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылдың 25 қаңтарындағы №683 қаулысымен 2012-2020 жылдарға
арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бекітілген болатын.
Бағдарлама елді 2020 жылға дейін территориялық-кеңістіктік дамытудың
Болжамдық сызбасын (схемасын) іске асыру тетіктерінің бірі болып
табылады. Болжамдық сызба (схема) мемлекеттік жоспарлау Жүйесін
құрайтын құжаттардың бірі болып табылады және экономика салаларын,
инфрақұрылым мен аймақтық дамыту мәселелерін кешенді түрде
қарастырған Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың
133
Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың маңызды құралы болып
саналады. Аталған бағдарлама моноқалаларды әртараптандыру арқылы
халықтың еңбекпен қамтылуын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталған. Соған сәйкес,
экономикалық күш-қуаты жоғары, орта, тӛмен моноқалалар анықталады.
Сонымен бірге құжат «Аймақтарды дамыту», «Бизнес жол картасы»,
«2020 жылға дейін еңбекпен қамту Бағдарламасы», т.б. бағдарламалар
аясында аймақтардың дамуына мемлекеттік қолдау кӛрсету бойынша
атқарылатын шаралардың ойлы жалғасы болып табылады және
монопрофильдік (әрі қарай — моноқалалар) қалаларды ұзақмерзімдік
негізде елді постдағдарыстық даму жағдайында дамытуға бағытталған
шараларға назар аудара отырып толықтырады[2].
Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (кӛп емес) қала құраушы, бір бейінді
және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын
айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және ӛнеркәсіп
ӛндірісінің негізгі бӛлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға
дейін адамы бар:
Қаланың
негізінен
ӛңдеу
секторының
қала
құраушы
кәсіпорындарының ӛнеркәсіпӛндірісінің кӛлемі жалпы қалалық ӛндіріс
кӛлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру);
Қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған
халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
Қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем
істемейтін ӛлшемдердің бірі мен сипатталатын қалалар кіреді.
Бұл ретте кӛптеген моноқалаларға қала мен экономикалық тығыз
байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер
әкімшілік бағыныста.
Бағдарламаның бір артықшылығы – жүзеге асуы тиіс мерзім
аралығында дамытылуы тиіс 27 қала оңтайлы мӛлшері таңдалып алынған.
Себебі мұндай қысқа уақыт аралығында республикадағы барлық 87
қаланың дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес болар еді. Моноқалаларды
дамыту аймақтардың ӛзіндік ұйымдастырылуына, ресурстарын тиімді іске
асыруына, экономикалық ӛсу зоналарының қалыптасуына, ұзақ мерзімді
дамуда барлық инфрақұрылымдардың жақсаруына жағдай жасайды[3].
Қазақстанның шағын қалаларының экономикалық дамуының негізгі
мәселелері: ӛнеркәсіптік бір саласы басым болатын қала мекендерінің
болуы, білікті кадрлар мен инвестицияларды қатыстыруда тиімді
болмайтын бәсекелес позициялар, ӛнеркәсптік кәсіпорындарының
кӛпшілігінің технологиялық қалыс қалуы, жастардың неғұрлым ірі
қалаларға қоныс аударуы болып табылады.
1992 жылдың басынан бастап еліміздің экономикасының
байсалдықпен баяу әлем шаруашылық жүйесіне енуі бір жағынан бұрынғы
СССР елдерімен экономикалық қарым–қатынастары нақты үзілді, ал
134
екінші жағынан республикамыздың экономикасы ашық және әлемдік
нарық алдында қорғансыз болып қалды. Экономикалық реформалар
нәтижесінде ұтымсыз, қарапайым нарықтық экономикаға ұқсамайтын,
түбегейлі ӛзгертілген шаруашылық жүйе пайда болды. Шағын қалалардың
әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары туындады.
КСРО-ның ыдырауынан кейін оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз
мемлекеттер пайда болып, моноқалалар мәселесі ӛзекті маңызға ие бола
бастады. Кӛпшілік жағдайда бұл ірі бизнес пен инвесторлар, сондай-ақ
қаржылық институттар еш толқусыз мегаполистерді таңдап алып, шағын
қалаларды назардан тыс қалдыруына байланысты болатын.
Бұл кезде ауқымды экономикалық дағдарыс ірі бизнестің ірі қалаларда
орнығуға деген ниетін одан әрмен күшейте түсті. Соның арқасында жақсы
ӛмірді іздеумен шағын қалаларды тастап, мегаполистерге қоныс аударуға
талпынған халықтың кӛші-қон белсенділігінің артуы туралы мәселе барған
сайын жиі кӛтеріле бастады. Бұл ӛз кезегінде елдің әртүрлі аймақтарында
үйлері «қаңырап бос қалған», инфрақұрылымы қираған, болашағы жоқ «елес-
қалалардың» пайда болуына ықпал етті.
Осылайша «моноқала» санатына негізгі белгісі халықтың тұрақты
қоныстануымен ерекшеленетін халықтың ықшам ӛмір сүруі жүйесін
жатқызамыз.
Қазақстандағы ӛндірістік күштерді шоғырландырудағы ең басты
мәселе – елдің аймақтары түрлі деңгейде дамыған, экономикалық,
әлеуметтік даму деңгейлеріндені алшақтық күн санап ӛсуде. Кеңестік
дәуірдегі және ӛтпелі кезеңдегі Қазақстанның аймақтық саясатында
теңестіруші қағида басым болды. Алайда, әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей,
экономикалық дамуды ынталандыру арқылы аймақтарды теңестіру нәтиже
135
бермейді. Мемлекет емес, бизнес бәсекеге қабілеті бар аймақтарды
таңдайды. Ӛз таңдауында ол масштаб әсеріне (агломерациялар), алшақ
емес экономикалық қашықтық (тиімді орналасу), даму кедергілерін
азайтатын жақсы институттар, жоғары дамыған адам капиталына сүйенеді.
Сондықтан, моноқалаларды дамыту бағдарламасының басты мақсаты –
аймақтардағы экономикалық тіршілікті белсендіру, яғни тек ірі ӛндіруші
ғана емес, ӛңдеуші шағын және орта бизнестің де аймақтарға баруына
жағдай жасау болуы тиіс.
Жалпы орын алған мәселені шешудегі әлемдік тәжірибе мен
талдауды есепке ала отырып, Бағдарлама аясында моноқалаларды
приотеризация әдісімен тӛрт бағыт бойынша мемлекеттік қолдау кӛрсету
шаралары қабылданатын болады:
Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
ӛндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.
Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы
құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру
әрі шағын және орта бизнесті дамыту.
Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру,
жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді
мекендерге және экономикалық ӛсу орталықтарына ӛз еркімен
кӛшуді ынталандыру.
Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын
халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту[4].
Жалпы моноқалаларды дамыту бағдарламасы қазірдің ӛзінде ӛз
нәтижесін байқатып отырғанын ерекше айтқым келеді. Сонымен қоса, дәл
осындай қалалар әртүрлі сала бойынша батыл жобаларды жүзеге асыру
үшін үлкен сынақ әрі таптырмас тәжірибелік алаңға айналуы шарт деп
білемін. Сондықтан да, дәл осындай мүмкіндіктерді біз Мемлекет
басшысы айқындаған
«Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде
қарастырып, сонда толығымен пайдалануға тиіспіз. Сол үшін шағын
қалаларды қаржылық қолдауды жалғастырып, бұл үшін мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік ресурстарын кеңінен тартқанымыз орынды. Ал
перспективада бұған дейін, бұдан кейін қолданылатын, жүзеге асатын
дүниелерді ескере келе, шағын қалаларды қолдаудың кешенді шараларын
жүзеге асыру үшін арнайы заң әзірлеп, оны қабылдау керек деп білемін[5].
Достарыңызбен бөлісу: |