Аралық бақылау сұрақтары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі


Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері. Эпистаз және гипостаз. Бомбей феномені



бет16/20
Дата07.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#55703
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Аралы ба ылау с ра тары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Замана

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері. Эпистаз және гипостаз. Бомбей феномені.

Эпистаз жəне гипостаз. Эпистаз– бұл аллелді емес гендердіңөзара әрекеттесуі, яғни бір аллелді емес ген екінші геннің әсерін басып тастайды. Тежеуді доминанттыгендер де рецессивті гендер де туғызуы мүмкін (А> В, а> В, В> А, В> А), осыған байланысты доминантты және рецессивті эпистазды ажыратады. Басатын ген ингибитор немесе супрессор деп аталады. Ген-ингибиторлар негізінен нақты белгінің дамуын детерминацияламайды, тек басқа геннің әсерін ғана басады. Егер ген-супрессор рецессивті болса, онда криптомерия (грек. Хриштад – құпия, жасырын) түзіледі. Адамда бұған мысал ретінде «Бомбей феноменін» келтіруге болады. Бұл жағдайда сирек рецессивті аллель гомозиготалы жағдайда B генінің (АВО қан жүйесінің В (III) тобын анықтайтын) белсенділігін басады.

  1. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері. Полимерия. Адамның тері түсінің тұқым қуалауы.

Полимерия - бұл бір белгіні бірнеше аллель анықтаған кездегі құбылыс. Олардың әрекеті осы гендердің әсерін жинақтау болып табылады. Көптеген формалары бар ретінде, жекелеген гендер қатарында полигенді белгілер яғни, хромосоманың әртүрлі бөлігінде, тіпті кейде хромосоманың әртүрлі жұбында орналасқан көптеген гендер басқаратын белгілер. Адамда осы түрге қатысты мысалдардың арасындағы, белгілерге бойды, ақыл-ес қабілетін, дене бітімін, сондай-ақ шашы мен терісінің түсін жатқызуға болады.
Полимерия мысалы ретінде, адамның тері түсінің тұқым қуалауы жатады. Бұл белгі меланин пигментінің өндірілуіне жауапты төрт генмен анықталады. Жасушада меланин синтезін іске қосатын белсенді гендер неғұрлым көп болса, оның бояуы соғұрлым күрең болады. Бұл гендер әртүрлі хромосоманың төрт жұбында орналасқан. Терісі ең қара адамдарда бұл гендердің сегіз аллелі бар (жасушалар диплоидты болғандықтан) Р1Р1Р2Р2Р3Р3Р4Р4 (гендер бірдей әсер етеді, сондықтан оларды бірдей әріптермен белгілейді). Терісі ең ашық адамда бірде-бір белсенді аллел болмайды: р1р1р2р2р3р3р4р4. Мұндай екі адамның балалары ата аналарының біреуінен төрт белсенді (доминантты) аллель алады және олардың терісінің түсі аралық болып келеді. Балалар генотипі: Р1р1, Р2р2 Р3р3, Р4р4. Генотиптегі доминантты гендер санына байланысты, айтарлықтай қара түсті тері түзілуі мүмкін. Гендер әрекеттесуінің мұндай типі кумулятивті полимерия деп аталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет