Пайдаланылған әдебиет:
1 Стенографический отчет научноорфографической конференции‚ созванной 24
июля 1929г. Научнометодическим Советом НКП и ЦКНТА. Алматы‚ 1930. 58с.
2 Джунисбеков А. Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизм
казахского языка. Автореф. дис. док. Алматы‚ 1998. С.63.
3 Жүсіпов М. А.Байтұрсынов жəне қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы‚
Ғылым‚ 1998. 216 б.
4 Омаров Е. О сочетании звуков казакского языка // Шуақаев М.‚ Шаяхмет А. Елім
деп өткен Елдес. – Алматы: Ана тілі‚ 1998. 16 б.
УДК 82.0
Зейнелқазыұлы Ш.
Іле педагогикалық институтының профессоры, ҚХР
АБАЙДЫҢ «ТӘН ҚҰМАРЫ», «ЖАН ҚҰМАРЫ», «МЕН», «МЕНIКI»
ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛМИ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ
Аңдатпа. Бұл мақалада Абай шығармашылығының ғылми арқауы болған «тəн
құмары», «жан құмары», «мен», «менікi» ұғымдарының ғылми мағынасы психологя пəні
тұрғысынан талдау жасалады.
Кiлт сөздер:«тəн құмары»,«жан құмары» ,«мен»,«менiкi».
Адам психикасы тегi қандай мүшеден пайда болған деген мəселе ертеден тартып
адамзаттың iзденетiн қызықты тақырыбы болып келген. Ерте заманда адамзаттың ғылым
өресi шектi болғандықтан, адамдар екiнiң бiрiнде жүректi рухани қимылдың негiзгi
мүшесi ретiнде қарап келдi. Жұңгөның ерте заманғы философы мыңызы: «жүрек сынды
мүше ойлауға жаратылған, ойласаң бiлесiң, ойламасаң бiлмейсiң» [1],дейдi. Грецяның
əйгiлi философы Аристотел: «жүрек ой мен түйсiк мүшесi, ал мидың қызметi жүрекке
келген қанды сақтап беру»[2] деп бiлген. Адамзат ғылым тарихы тек 18ғасырға
келгенде ғана адам миы мен оның психикалық қимылы арасындағы қатынасты дұрыс
байқау мүмкiндiгiне иe болды. 19ғасырдың соңында қазақ даласында жасаған ұлы
данышпан Абай адам психикасын оның тəн талабы мен жан талабы арасындағы
қатынастан қол салып зерттеп, «тəн құмары» жəне «жан құмары» ұғымын ортаға қойып,
98
«түйсік», «сезім», «ақыл», «жан», «жүрек» сияқты таным формаларын писихикалық
қимылдың мүшесi емес, қайта, писихикалық қимылдан бейнеленетiн рухани қимыл деп
қарайды.
1.«тән құмары» және «жан құмары» ұғымы
Писихикалық қимыл–адам миының функцясы, бұл осы заманғы ғылыми
тəжірибенiң жетiстiгi. Абай жасаған ортада мұндай ғылми тəжiрiибе жасаудың мүмкiндiгi
болмады. Сондықтан да ол писихикалық қимылдың мүшесi жөнiнде нақтылы жəне жан
жақты ғылыми шешiм жасай алмады. Бірақ, оның жасаған ортасы адамның писихикалық
қимылын тануда хайуанат пен адамды тiкелей ғылыми тəжiрибеге сүиенiп емес, қайта
ақылдың қуатқа сүйенiп салыстыру мүмкiндiгiн бердi. Өйткенi, оның өмiр бойы араласқан
тұрмыс əмаляты адам мен хайуан болмысы болды. Сөйтiп ол əйгiлi Паволов, Чернов
iлiмiндегi органикалық заттарда болатын рефлекстiк қимылдың адамзатқа дейiнгi
барысын өз бетiмен «құмарлық» iлiмi арқылы байымдау мүмкiндiгiне иe болды.
«Құмарлық» iлімi Абайдың тұтас шығармашылық еңбегiнiң ғылмыи арқауы. Ол өз
тiлiнде рефлекстiк қимылды «құмарлық» деп, атаған əрi оған «тəн» жəне «жан» деген
қасиетті қосу арқылы «шартсыз рефлекстi»ــ «тəн құмары»; «шартты рефлекстi»ــ«жан
құмары» деп атап, адамзат баласының осы екi түрлi мiнезбен туылатындығына кесiм
жасайды. Ғылми писихологядағы Паволовтың шартсыз рефлексi тiтiркендiргiш зат
тiкелей тудырған рефлекiс болып, жануарлардың сыртқы ортаға қарата тума əсерi, ол
кейiнгi үйренудi қажетсiнбейтiн үйренуiнен болатын қабiлет. Абайдың жетiншi қара
сөзiндегi: «тəн құмары» көлемiне сиғызып байымдаған жас баланың «iшсем, жесем,
ұйқтасам деп туады, бұлар тəннiң құмары» дегенi, əне сол тұқым қуалау арқылы жұзеге
асып жатқан тума қабiлет болып, бұл да кейiнгi үйренудi қажетсiнбейтiн табиғи қабiлeт.
Сондықтан, Паволовтың «шартсыз рефлексi» ــ Абайдың психикалық анализ iлiмiнде «тəн
құмары» деген ұғыммен алынған. бұл түйiндi түсiну бiршама оңай.
Шартты рефлекiс ـــ шартсыз рефлекiс негiзiнде дамыған хайуанаттардың өзiндiк
қимылының тажiрибесiнен орнаған болады, немесе кейiнгi үйренудi қажет ететiн
үйренуiнен болады. ол шартсыз рефлекiспен белгiлi бiр қатыссыз тiтiркендiргiштердiң көп
рет ұштасуынан қалыптасқан рефлекiстiк қимыл. Мысалы: мектепте қоңырау дауысы мен
туылып жатқан қимылдардың ұштасуы. Сонымен қоңырау дауысы бiзге сигнал беру
маңызын алып, шартты тiтiркендiргiш затқа айналады. Қоңырау дауысының қалай
шығуы, қалай əрекет жасауымызды тудырады, мiне бұл шартты рефлекiс. «Шартты
рефлекстi қалыптастыратын сигналдың екi үлкен түрi бар, бiрi ــ нақты зат сигналы. М:
Физикалық ортадағы көретiн, еститiн, жұғысатын, искейтiн, дəмiн тататын əр түрлi
тiтiркендiрулер тудыратын сигнал»[3]. Абайдың жетiншi қара сөзiндегi «жан
құмарының» бiрiншi мазмұнына сиғызып байымдаған. «Жас баланың не көрсе соған
ұмтылып, дауысқа, көрiнiске қызығып, аузына салып, дəмiн татып, тамағына, бетiне
басып қарауы». Мiне бұл физикалық ортадағы нақты зат сигналы болып, жоғары дəрежелi
хайуанаттар үшiн бiрденбiр сигнал жүйeсi болып қалмастан, адамзатқа да ортақ болады.
Бұл шартты рефлекстiң бiрiншi басқышы. «Ендi бiрi – абстракт сигнал, мысалы,
адамзаттың сөзi»[4]. Адамзатта шартты рефлекстiк сигнал ретінде нақты зат қана болып
қалмастан, оған қоса тiл де болады. əрқандай тiл белгiлi пiшiндi өзiнiң өмiр сүру формасы
етiп, онда қамтылған мағына арқылы өз ролін сəулелендiредi. сондықтан, ол адамзатта
ғана болатын ерекше сигнал жүйeсi. Шартты рфлекстiк бiрiншi сигнал жүйeсi. Нақты зат
образының сезiмдiк бейнелеуi болып, онда тек танымның түйсiк сатысы ғана қамтылады.
99
Екiншi сигнал жүйeсi абстракцялық жинақтаудың ақылдық бейнеленуi. ал, адамның
санасы – адам миының бiрiншi сигнал жүйeсi мен екiншi сигнал жүйeсiнiң негiзiнде
жүргiзiлетiн рухани қимыл болып табылады. Абайдың «жан құмарының» екiншi
мазмұнына сиғызып байымдаған. «Жас бала» ержетiңкiрегенде, ‹ол немене?›, ‹бұл
немене?›, ‹ол неге үйтедi?›, ‹бұл неге бүйтедi?› деп көзi көрген, құлағы естiгеннiң бəрiн
сұрап тыныштық көрмейдi, мұның бəрi ‹жан құмары› » дегенi ــ əне сол тiлдi немесе сөздi
көрсетедi. ол тек адамзатта ғана болатын екiншi сигнал жүйeсi. Яғни сигналдың сигналы.
Абай «жан құмары» iлiмiнде шартты рефлекстiң бiрiншi жəне екiншi сигнал жүйeсiне
қарата қазақ тiлiнде сəйкестi атау қолданып байымдай алмайды, бiрақ шартты рефлекстi
қалыптастыратын сигналдың екi үлкен түрiн хайуанат пен адам қимылын салыстыру
арқылы толық байымдайды.
Жинақтап айтқанда, Абайдың «жан құмарында» таным дамуының екi басқышы
байымдалады. Оның алдыңғы бөлігі ــ (не көрсе соған қызығу, талпыну, ұмтылу) шартты
рефлекстiң бiрiншi сигнал жүйeсiн көрсетедi. Бұл хайуанда да болады, бiрақ хайуан мен
адамның бұл басқыштағы қимылында парық болады. Өйткенi адамның қимылына ақыл
араласып жатады. ал, баланың тiлi шығып сөйлеуi бұл басқыштың жоғары бөлегi болып ـــ
ол тек адамзатта ғана болатын екiншi сигнал жүйeсін меңзейдi. Сондықтан, ғылми
писихологядағы шартты рефлекiс – Абайша «жан құмары» деген атаумен бейнеленген
деуге болады.
Абайдың адам писихикасының мəнiн ашуды мақсат еткен психикалық анализі
адамның «жан құмары» мен «тəн құмарының» қасиeттерiн ашу арқылы тұңғыш рет
педагогика мен психологяны қазақ ағартуында ұштастыра бiледi. Осы ғылми шешiмге
байланыстыра отырып, адамның хайуаннан үздiктiгiн бейнелейтiн «адiлет, ынсап,
рақымдылық, ар, ұждан, қаиырымдылық» сынды писихикалық сапаның талаптарын да
ортаға қойады. Қазақтың Абайдан соң айтылатын ұлы ақыны, кемеңгер ағартушы Мағжан
Жұмабайев (18931938) «педагогика» деген əйгiлi шығармасында «тəн құмары» мен
«жан құмарын» ــ «жан көрiнiстерi мен тəн көрiнiстерi» [ 5] деп атаған. Ол «психика деген
сөз грекше екi сөзден құралған, PSYCHE жан, LOGOS сөз (қазір ‹iлiм› деп жүрмiз)
деген мағынада, яғни жан туралы сөз, жан туралы пəн деген сөз болып шығады… Жан –
дене iскерлiгiнiң бiр түрi, жан деген жеке зат жоқ, жан деген адам денесiнiң бiр бөлегi
деген сөз. Бұл матерялистiк көзқарас… Жан деген ойлау, сезiм, һам сезу сынды басқа
барлық жан көрiнiстерiнiң жалпы аты»[6] деп жазады. «Жан көрiнiстерi мен дене
көрiнiстерiнiң айырмасы»; «жан көрiнiстерi мен дене көрiнiстерi арасындағы байлам» [7]
деген тақырыпшалар арқылы жан мен тəннiң ерекшелiгiн, өзгеше рөлдерін жəне олар
арасындағы өзара байланыстарды жүйeлiлендiрiп баяндайды. Бұдан бiз Мағжан
педагогикасы бiр қатар назаряланған, жүйeлiленген педагогика ретiнде Абайдың
педагогика назарясының заңды жалғасы деуге болады.
2.«мен» жəне «менiкi» ұғымдары
Ұлы Абай: «көк тұман – алдындағы келер заман» деген өлеңiнде, адамның тiрлiк
болмысы жөнiнде мынадай бiр терең философялық толғаныс жасайды:
ақыл мен жан – мен өзiм, тəн – менiкi,
«менi» мен «менiкi» нiң мағынасы – екi.
«мен» өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан,
«менікi» өлсе өлсiн, оған бекi.
100
шырақтар ынталарың «менiкi» нде,
тəн құмарын iздеисiң күнi түнде.
əдiлеттiлiк, арлылық, махаббатпен_
үш жолдасың қабырдан ары өткенде.
Бұл өлең данышпан ойшылдың өлең формасымен жазған адамның ақылы мен
жаны жəне физологялық тан талабы мен писихикалық жан талабы сондайақ етикалық
ахылақ талабы арасындағы қайшылықты жақтарды ашқан ғылми философялық еңбек
деуге болады. Осында Абай ақыл мен жанды қосып «мен» яғни «өзiм» дегiзу арқылы
мұны «жан құмарының» қасиeтiне жатқызады.
Адамдардың əдеттегi тұрмыста «мен», «өзiм» деуi жанда ақыл болғандығынан
(жан + ақыл) екен. Хайуан жанында ақыл болмағандықтан «мен», «өзім» дей алатын
қаблeтi болмайды. Себебі, төмен дəрежелi тiрi организiмдер мен хайуанаттардың «жаны»
мен «тəнi» шартты рефлекстiң бiрiншi сигнал жүйeсiмен өз тiршiлiгiн сақтаудың толық
шартына иe болған. Ал, ақыл тек адамның «жан құмарында» болатын шартты
рефлекстiң екiншi сигнал жүйeсi. Адам жанында ақыл болғандықтан ғана «мен», «өзiм»,
«менiкi» дейтiн ұғым жасай алады. Абайдың қарауынша адамның «менiкi» деген ұғымы
«ақыл» мен «жанның» бiрлiгi болған «менiң» «тəндi» меншiктенуiнен қалыптасады. Яғни
адамның ең бастапқы «менiкi» немeсе өзіне тəн бастапқы еншiсi оның «тəнi», осы тəннiң
талабын қанағаттандырудың қажетiнен адамның нəпсiсi ұлғайып, араны ашылып,
адамдығы бұзылып, ардан безедi. Сондықтан, ол «‹менi› мен ‹менiкiнiң› мағынасы екi»
деп айырып, ‹мен› ге тəуелдi болған ‹менiкiн›» өлсе өлсiн, оған бекi» деп тəн өзгерiсiн
адамның өлгенi деп қарамайды. Ал, өлмейтiн нəрсе тек ‹менiң› ұнамды қасиeтi болған
«əдiлеттiлiк, арлылық, махаббат» сынды «үш жолдасың қабірден ары өткенде» дейдi. Бұл
үш нəрсе Абайдың «мiнез сауыты» дейтiн писихикалық сапа iлiмiнде үнемi дəрiптелiп
отырады:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Менi» мен «менiкi» нiң айрылғанын,
«Өлдi» деп ат қойыпты өңкей бiлмес.
Көп адам дүниeге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлдi деуге сыйа ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғұн артына сөз қалдырған!? ــ дейді.
Тағы бір жұмбақ өлеңiнде:
Сыналар ей жiгiттер келдi кезiң,
Сəулең болса бермен кел талапты ерiң.
Жан құмары дүниeде немене екен,
Соны бiлсең əр ненi бiлгендерiң ــ деп, сұрау тастап, оның шешімін «бiлмекке
құмарлық» деп шешедi.
«Адамзат ‹мен› ге жасырынып өмiр сүредi. Бiз əрбiр адамның сөзiне, қимылына
қарайтын болсақ, барлық адамда өзіне тəн ‹өмiр жолы› немесе ‹өмір мəнi› бар екендiгiн
байқаймыз. Олардың тұрқы, позицясы, қимылы, бейнесi, əдетi, жол жосыны, ниeтi, сыр
сипаты дегендердiң бaрлығы осы ‹өмiр мəнiне› сыйады. Қылықтары, ұсақ түйeк
101
қимылдары олардың осы дүниeге жəне өзiне болған көзқарастарынан дерек бередi...
Сөйтiп, бұл əрбiр жекенi өзi бiсiн, бiлмесiн өзiндегi ‹менге› тiршiлiгiндегi ‹менге›
жасырады»[8]. «тəн мен рухтың əр екеуi тiршiлiктiң белгiсi, бiр тұтастықты бөлуге
болмайтын екi жағы … Адамзат дүниeге келе салып, тəн мен жан бiр тұтастықтың бөлуге
болмайтын екi жағы болып келдi. Сондай ақ өзара селбестiкке тұрды» [9]. Бұл ситаттар
арқылы бiз «жан», «тəн», «мен», «менiкi» деген ұғымдар писихологя ғылымының өзектi
категорялары екендiгiн, əрi бұл ұғымдар Абайдың писихологя iлiмiнде, өз алдына «тəн
құмары» жəне «жан құмары» деген жасампаздық категорялар арқылы баяндалғандығын
аңғарамыз.
Жеке мүдде адамның табиғаты деп қарайтын писихологя назарясының төркiнi де
адамның осы «мен», «менікi» дейтiн табиғатынан тамыр тартқан көзқарас екендiгiн
аңғаруға болады. бiрақ, адам қоғамдық адам, жалаң биологиялық адам емес, егер адам
жалаң биологялық адам делiнсе, онда «жанды тəнге бас ұрғызса» (Абай) болар едi. Абай
бұлай деп қарамайды, ол адамды қоғамдық қатынастың жыиынтығы ретінде қарап,
жалпы қоғамдық мүдденi бiрiншi орынға қояды. Ол жекенiң өз басының тəн талабы үшiн
қызмет ететiн жанды «хайуан жаны» деп қарайды. «Өзің үшiн еңбек қылсаң, өзiң үшiн
оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамшылықтың қарызы үшiн еңбек қылсаң, Алланың
сүйген құлының бiрi боласың». «Дүниeде жалғыз қалған адам – адамның өлгенi,
қапашылықтың бəрi соның басында, дүниeде жаман да көпте, бiрақ, қызық та, ермек те
көпте, бастапқыға кiм шыдайды, соңғыға кiм азбайды», деп адамның жаратылыстық
қасиeтін мойындаумен бiрге қоғамдық қасиeтін де мойындайды. Əрi қоғамдық қасиeтін ең
мəндi, басты қасиeт ретiнде қарайды. Абайдың барлық құлшынысы адамның қоғамдық
ахлағын жөнге салуды мақсат етедi. Ол үшiн алдымен адамның тəн талабы мен жан
талабы арасындағы табиғи қатынасты ашудан бастайды. Бұл оның психикалық анализ
iлімi болып қалыптасты. Абайдың философясы, ағарту идеясы, қоғамдық тарихи
көзқарасы, етикасы ــ бəрi осы психикалық анализ iлімiн назарялық негiз етедi:
малға сат, пайдаға сат қылығыңды,
ылайла, ылай сумен тұнығыңды.
сонда өмірден алдамшы бола алмассың,
ол бiлдiрмей ұрламақ қызығыңды.
адам ғапыл дүниeнi дер менiкi,
менiкi деп жұргеніңнің бəрi онікi.
тəн қалып, малда қалып жан кеткенде,
сонда ойла, болады не сенiкы?
мазлұмға (момын) жаның ашып, iшiң күйсiн,
харекет қыл, пайдасы көпке тисiн.
көптiң қамын əуелден таңiр ойлаған,
мен сүйгендi сүйдi деп иeң сүйсiн.
көптiң бəрi көп деме, көп те бөлек,
көп ит жеңiп көк иттi, күнде жемек.
ғадалат пен мархамат ер азығы,
қайда көрсең, болып бақ соған көмеk.
102
Ол адам бiлместіктен дүниeнi «менiкi» дейды, бұл «мен» ге жасырынған адамның
«меншiлдiк» табиғаты, егер бұған бой ұрса адам өз тұнығын өзi лайлайды. «Менiкi» деп
жүргенiңнiң бəрi ‹оныкi› » дейдi. Бұл жердегi «оныкi» деген ұғым ــ адамның «мендiк»
меңеруінен шығып кеткен «Өздiк» затты көрсетедi. Адам баласы түбiнде бiр өледi,
сондықтан, заттық нəрсе мəңгiлiқ сенiкi болмайды, ол тəннiң қажетi үшiн уақытша сенікi
болады. Мəңгiлiк сенiкi болатын нəрсе момындарға, жəбiр көргендерге жан ашып, iшiң
елжiрейтiн мейiрбандылық; пайдасы көпке тiиeтiн сауаптық əрекет дейдi; Бiрақ, «көптiң
бəрiн көп деме, көп те бөлек» ـ деп көптi бiрiңғай үздiк деп, қарамайды, қалайда, «əдiлдiк
пен жақсылық ер азығы», қайда жүрсең көп жақтан табыл деп, физологялық талаптан гөрi
қоғамдық писихикалық сапаның маңыздылығын дəрiптейдi. Күңзiнiң ағартушылық
идеясын дамытқан кейiнгi шəкiртi маңызы: «адамның төл қасиeтiн мейірбандыққа қарай
жетелеуге болады, менiң адамдық қасиeт, мейірімділік дейтiнiмнiң жөнi осы. Ал, кейбiр
адамның мейірбан болмауына келсек, бұған оның төл қасиeтi айыпты емес. Жаны ашу
сезімi адамның бəрiнде болады, ұят намыс сезімi адамның бəрiнде болады, ізет құрмет
сезімi адамның бəрiнде болады, дұрыс пен бұрысты ажырату сезiмi адамның бəрiнде
болады. Жанашырлық сезімi деген ــiзгiлiк. ұят ــ намыс сезімi деген ــ əдiлет. Ізетқұрмет
деген ــ əдепиба. дұрыс пен бұрысты ажырату сезiмi деген ــ зейiн; iзгiлiк, əдеп иба,
əдiлет, зейiн бiзге сыртқы факторлар арқылы келіп қонбайды. Ойланып, толғанып
iздегенiміз болмаса өз бойымызда ежелден бар нəрселер. Сондықтан, iздсең таблады,
керек етпесек аяқсыз қалады, адамдар арасындғы парықтың бiр есе, бес есе, тiпті сан есе
болып кететін себебi олардың өзiндiк қасиeттерiн тұп тұяғына дейiн өрiстете
алмайтындығында»,_ дейді.
Абайдың тұтас писихологялық анализ назарясын жетекшiлiк еткен ағарту
идеясында iзгiлiк, ынсап, рахым, əдiлет, арұят сияқты адамның қоғамдық писихикалық
сапа өлшемi дəрiптелiп, оны жүзеге асырудың жолдары көрсетiледi. Бұл жағы кұңзi мен
мыңызының тағлымшылық идеясына ұқсап кетедi. Бiрақ, кұңзi мен мыңызы мұндай
рахымшылдық, əдiлет, арұят, iзгiлiк адамның тумысына бiткен болады, адамның өзiндiк
қасиeтi, деп қарайды. Абай бұл қасиeттердi адамның қоғамдық қасиeтiне жатқызады.
Адам туады бiлгiр, туада iзгi болып тумайды деп қарайды, бұны бiз Абайдың « мен егер
закон қуаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсінiң тiлiн
кесер едім» деген сөзінен аңғарамыз.
Американың «Сапа тарбиeсi» деген кiтапта: «Америкада Георги Хибрт Мят атты
өзгеше бiр ғалым өткен. Жұңгоның Конфуциясына ұқсайды… Мяттың ықпалы өте кең
тараған мынадай бiр көзқарасы бар: адамның өзi ‹мен› ( ағылшынша ‹ме› ) жəне ‹өзiм›
(ағылшынша ‹ы›) сынды екі бөлектен құралады»[11] деген сөзін ситат келтіріп, Мяттың
‹ME› (мен) iн адамның қоғамда атқаратын ролi, ‹I› (өзім) iн адамның өзi деп түсiндiредi.
Іс жұзiнде Мяттың ‹ме› жане ‹I› (мен жəне өзiм) i Абайдың «ақыл» мен «жанның»
қосындысы болған «мен» ұғымына ұқсайды. Өйткенi, аАбай : « ‹мен› өлмекке тағдыр жоқ
əуел бастан» дегенінен бiз өлмейтiн нəрсе адамның қоғамда атқаратын ролi жəне сол
арқылы көрнектiленетiн өздiк қасиeтi екендiгiн аңғарамыз. Бiрақ, Мят адамның ‹мен›
сынды сыңар жақты қоғамдық қасиeтiн қана көрiп, ‹менiкi› сынды жаратылыстық
қасиeтiн көре алмаған. Адамда мыи, сезiм мүшелерi, дене сынды матерялдық негіздер
болмаса ‹мен› өмiр сүрмейді, рөл де атқара алмайды. Адам психикасының мəнi ‹мен› мен
‹менiкi› нiң қосындысынан жүзеге асатын рухани қимыл. Оған қоса адамның қоғамдық
сипаты ретінде iзгiлiк, ынсап, рахым, адiлет, арнамыс, махаббат сяқты қоғамдық сапада
болу керек. сондықтан, Абайдың «құмарлық» iлімiн басқада сол тектес ғылми
103
философялық iлiмдермен салыстыра зерттеу арқылы оның ғылми құндылығын таныту
айрықша маңыз алады.
ــــــــــــــــــــــــ
Пайдаланылған әдебиеттер:
[4][3][2][1] «оқуағарту назарясы», шинжяң радётелевизя педагогика нституты
құрастырған 201205 беттер.
[7][6][5] Мағжан Жұмабаев: «педагогика», алматы «ана тілі» баспасы 2040414244
беттер.
[9][8] Алфрадлир(австыря) «тағдырға шешiм», ұйғырша басылым, 222 44 беттер.
[10] «мыңзы ғақлялары», қазақша, 38бет
[11]хуаң шұню:«американың сапа тарбиeсы», ұйғырша басылым,5бет
УДК 811.411.21 04
Исмаилова Ф.Е.
1
, Розиева Д.С.
2
1
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан
2
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ КОНТЕКСІНДЕГІ БАЛАЛАР ТАҚЫРЫБЫ
Abstract. This article examines the relevance of literary education in a foreign language.
The main imperative of modern time is the knowledge and understanding of foreign language
culture. In this aspect, the given article analyzes the works of the representatives of the Eastern
and Western literature and draws attention to the main problems highlighted there.
Key words: literary, Eastern and Western literature.
Қазіргі таңдағы мəдениетаралық кеңістікте шет тілінде əдеби білім беру өзекті мəселе
болып табылады. Өйткені индустрияның заманауи технологиясы, теледидар, интернет,
бұқаралық ақпарат құралдары оқырман көңілін алаңдатады. Күн санап кітап оқитын
оқушылардың саны азайып бара жатқандығы да шындық. Сондықтан əдеби білім алу да
қысқарып келеді. Тіпті мектеп, жоғары оқу орындарының өзінде əдебиете берілген
сағаттар азаюда. Сауатты ұрпақ дайындау прагматикасында күнненкүнге білім беру
бағдарламаларындағы руханилықтың маңызы да жойылып бара жатыр.
Қазіргі заманғы императивтердің бірі бөтен мəдениетті түсіну жəне қабылдау болып
табылады. Бахтиннің айтуынша, мəдениет шекараларда жатыр. Оны біз мəдениет оқшау
тұрып ешуақытта өзінөзі толық тани да, таныта да алмайды деп түсінуіміз керек. Өзара
байланыстар, кездесулер мен мəдениеттер диалогы этникалық мəдениеттің өзіндік
идентификациясын тудырады. Оған қоса, мəдениеттер диалогы – бұл тек өзіндік мəдени
позицияның манифестациясы мен артикуляциясы ғана емес, сондайақ, басқа да мəдени
құндылықтарға жағдайдың, территорияның, орындардың босауы болып табылады.
Мұндай мəдениеттердің интеграциясынсыз этнос, тіпті индивидуум санасындағы мəдени
тұлға туралы сөйлеудің өзі артық.
Ең қолжетімді əрі тиімді, қажетті мəдени мұра ретінде көркем əдебиетті атауға болады.
Əдебиет – сөз өнері, ал сөз – қатынас құралы. Оған қоса, əдебиет өзінің ерекшелігіне
сəйкес өнердің ең гуманды түрі.
104
Көркем əдебиет – оқырманға басқа оқырманның характеристикасын түсіндіру құралы.
«Əлеуметтанушы, психолог, кітаптанушыларды ең бірінші қолына кітап ұстаған адамның
қызығушылығы мен сұрақтары, мəселелері толғандырса; филологты адамның қолындағы
кітап, яғни шығарма ішіндегі оқырманға əсер ететін дүние қызықтырады» [1].
Көркем шығарма, суреткердің аяқтаған туындысы, оның қызметі сан алуан, онда
туындының өзі нүкте немесе мəңгілік маңызды дүниенің, өзгеріс немесе бетбұрыс сəтінің
көрінісіндей дамудың ұзақ линиясы бар. Көркем шығарма өмір, адамның көңілкүйі,
сұрақтары, талаптары мен ойларының жиынтығы. Көркем шығарманы түсіну дегеніміздің
өзі оған өз ойын қосу, сонда əрбір жаңа көркем туындының тарихы оған үнемі жаңа
көзқарастар мен жаңа пайымдау, түсініктердің келіп, қосылып отыруы болмақ. Туынды
пайдаланылған, оқылған сайын өз күшін жоғалтпайды, керісінше, жаңара береді; ал ашу
ферменті болудан қалған кезде, яғни қоғамды сілкінтуден, əсер етуден қалған кезде, өзі
ешқандай əсер ете алмайтын ортаға түскен кезде өледі. Əлем əдебиеті қазіргі заман
проблемаларына үн қоса алуы қажет. Өз кезегінде ол мещандық құндылықтарға жалпы
мəдениеттің жоғарғы рухани туындыларын, яғни өмір шындығын, эстетикалық
құндылықтарды қарсы қоя отырып толық жауап береді.
Жекелеген ұлттық əдебиеттерді монографиялық сарында оқыту əлем əдебиетіне тек
біржақты баға беріп, шығарманың көркемдікэстетикалық сапасын дұрыс бағаламауға
əкеп соқтырады. Сондықтан шет тілінде əдеби білім беруде өскелең ұрпаққа əдеп,
эстетикалық тəрбие беруге бағытталған əлем əдебиетінің шедеврлерін білмей білім беру,
оқыту мүлде мүмкін емес.
Бүгінде байқап отырғанымыздай, мейірімсіздіктің, қатігездіктің тамыры тереңде, сонау
балалық шақта жатыр. Қазіргі заманғы мықты жазушылар осы мəселеге, нақтылай
айтқанда балалар тақырыбына үлкен жауапкершілікпен, терең толғаныспен келуде. Соның
ішінде Рей Бредберидің «Вельд» əңгімесін атауға болады. Шығарманың кейіпкері қыз бен
бала кішкентайынан интерактивті 3Д теледидарды көруге əуестенеді. Одан вельд пен
арыстанның отбасылық жұбын көреді. Ал атаанасы болса əрине өз кезегінде балаларына
теледидарды бейберекет, ұзақ уақыт көруге тыйым салады. Сонда балалар теледидардың
интерактивті режимін қосады да, өздері тығылып қалады. Əкешешесі балаларын іздеп
вельдқа кіреді. Шығарманың соңында құтқарушылар теледидардың алдында отырған
балалар мен вельд ішінде адам сүйегін кеміріп отырған арыстандарды көреді. Мұнда
баяндалған адамдық моралдың толықтай деградациялануы мəселесі оқырманды бейжай
қалдырмайды, жанын түршіктіреді.
Д.Лессингтің «Бесінші бала» романын оқу барысында да осындай сезімге бөленесің.
Гарриет пен Дэвидтің арманы барлық жаңа үйленген жастардың арманындай. Олардың
үлкен үйі, тұрақты табыс көзі, сүйкімді төрт бірдей баласы жəне көптеген өздері жақсы
көретін туысқандары бар. Төрт жүктілік, төрт бала... ал бесіншісі мүлде басқаша болады.
Бесінші жүктіліктің өзі басқалармен салыстырғанда ерекше ауыр болады. Сəбидің атын
Бен деп қояды. Бен туралы оқудың өзі қорқынышты. Туа сала ол басқаларға зұлымдық
пен мейірімсіздіктің уын шашатын қатігез монстр болады. Бұл қорқынышты безбүйрек
қорқынышты ертегілердегі тролль секілді отбасындағы барлық баланың зəреқұтын
қашырып, бақытты отбасының шырқын бұзады.
Кезінде бақыт орнаған үйдің жанға бататын ауыр атмосферасы романның əр бетінен
сезіледі, адам жанын ауыр мұңға батырады. Əрине, Беннің моральдық азғындығы
генетикалық тұрғыдан, бірақ, мұндай құбыжықтың дүниеге келуінің əлеуметтік себептері
де бар екенін жазушы жоққа шығармайды.
105
Алек Голдинг – тек ағылшын əдебиеті ғана емес, əлем əдебиетінде өзіндік орны бар
суреткер. Оның есімі философиялық астарлап сөйлеу жанрындағы үздік жетістіктерімен
тығыз байланысты. Бұл жанрдағы автордың үздік туындысы «Шыбындар əміршісі» деп
аталады. Роман мазмұны нақты екі жоспарға: таза оқиға, фабулаға құрылған жəне
аллегориялық сипатта жазылған. Тəрбиелі, белгілі отбасынан шыққан ағылшын
баларының елсіз айдалада қалып, тағыға айналуы баяндалады. Мəдениетті, тəрбиелі
ортадан шыққан балалардың желігіп, қанқұмар нақұрысқа айналуын автор фашистік
варварлықпен тығыз байланыстыра отырып, қазіргі замандық цивилизацияның
тұрақсыздығын, əлсіздігін меңзейді. Екінші дүниежүзілік соғыс, оның салған жазылмас
зардаптары шын мəнінде көп адамның ішкі жандүниесінің астаңкестеңін шығарды. Оны
«соғыстан кейінгі британ əдебиетінің ең жарқын құбылысы» (А.А.Чамеев) саналатын
Голдинг шығармалары арқылы еркін түсіндіруге болады. Фашизмге қарсы соғысқа
қатысып, соғыстан алған əсерімен жазушы бүкіл саналы ғұмырын бір ғана мəселені – адам
өмірінің мəнін, адам табиғатын зерттеуге арнады. А.Голдингтің көзқарасына екінші
дүниежүзілік соғыс сұмдықтары, фашизмнің қатігездігі қатты əсер етті. Жазушының
түсінігінше, адамдар жауыздықты опоңай, тез əрі үйреншікті əрекетіндей жасайды.
«Соғыс даласын көріп, мен адамдардың неге қабілетті екендігін жақсы түсіндім.
Адамдардың жауыздықты опоңай, араның бал жинағанындай жасайтындығын түсінбеген
адамның көкірек көзі жабық немесе есі дұрыс емес» деп ойлаймын деп жазады Голдинг.
Адамның шынайы табиғатынан шошынған жазушы оның бойында жақсылықтың бар
екеніне үміттену, ғылымитехникалық прогрестің салтанат құратынына көзсіз сенушілік,
қоғамның моральдықадамгершілік жағдайы мен жеке тұлғаның уақыт өткен сайын
жөнделіп, жақсаратындығына сену – мұның бəрі адасушылық, өркениет желінің адам
санасын торлаған, жапқан шаңы деп ұғындырады. Ол адамзат трагедиясының негізгі
себебі мен салдары, тіпті бүкіл адамзат баласының адасуы – ол оның жаратылысына,
табиғатына байланысты деп таниды. Автор «Шыбындар əміршісі» романы арқылы адам
бойындағы жабайы инстинкттің егер ол қиындыққа душар болса, оның еріккүшіне
бағынбайтынын, оның кезкелген уақытта, кезкелген адамның бойында, оның рухына,
тіпті зиялы ортадан шыққан тегіне де, тəрбиесіне де қарамастан оянуға дайын екендігін
айқын көрсетіп берді. Соғыс жазушының адам табиғаты жөніндегі түсінігін, жалпы
дүниетанымын тұтастай өзгертіп, түрлі иллюзиялардан арылтты. Оның ойынша, 30шы
жылдары Германияда болған оқиға Англияда да болуы мүмкін; жауыздықтың себебін
алыстан емес, ел ішінен, ағылшындықтардың өзінен іздеу керектігін ескертеді. Жалпы,
«Шыбындар əміршісі» – «трагедиялық сабақ», ескерту роман түрінде жазылған автордың
өз қоғамына деген қарсылығынан туған шығарма. Романда антиутопияның элементтері
бар. Автор кейіпкерлерін тар шеңберге тығып, таңдаусыз қалдырады, қиындықтан
шығудың жолын көрсетпейді де. Өз арұятының шырмауында қалдырып, өзінің шын
табиғатын түсіндіруге тырысады. Сюжетінде елсіз аралға тап болған орта топтан шыққан
жеткіншектердің біртіндеп жабайы аңға айналғанын; олардың өнегелі, демократиялық
жəне рационалдық қарымқатынастарының бұзылған, қанқұмар тиранға айналғанын
көрсетеді. Тіпті жағдай ушығып, алғашқы қауымдық кездегі салттар жасалып, бірінбірі
жеуге дейін барады.
Голдингтің сөөзіне сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғыс даласында көрген
сұмдықтары оны осы шығарманы жазуға итермелеген. «Бұрын мен адамның əлеуметтік
тұлға екендігіне, дұрыс құрылған қоғамда өмір сүріп дағдыланғанда оның бойында жақсы
қасиеттер қалыптасады, əлеуметтік зұлымдықты қоғамды қайта құру арқылы түбірімен
106
өзгертуге болады дегенге сенетінмін» [2] дейді автор. Соғыс оған адамзат баласын
«барлық жануарлардың ішіндегі ең қауіптісі» деп танытты. Болып жатқан жауыздықтың
бəрі адамзат тарихымен тығыз байланысты екенін, адамзаттың айықпас дертке
шалдыққанын түсінді. Əртүрлі вариациядағы Голдинг шығармашылығы арқылы адамға
төнген «түнек» сарынын байқаймыз: түнек адамды шыр айналдырып, оны торлап, тіпті
жандүниесінің тереңіне орналасқан. «Шыбындар əміршісі» романының қаһарманы Ральф
«адам жүрегінің қараңғылығы» жөнінде ой толғайды. Голдинг туындыларындағы əлем –
бақытқа, махаббатқа, адамның қарапайым ғана қуанышына ешқандай орын жоқ түнерген,
берекесіздік жайлаған, драмалық шайқалған əлем. Шығарма кейіпкері бұл «қайғы
шеңберінде» өзін мүлде жалғыз, жайсыз сезінеді. Қазіргі əдебиетке тəн тұлғаның
жалғызсырап қалуы автордың барлық романдарында кездеседі. Голдинг романдарының
əлемі – адам аз қоныстанған, шектелген əлем; оның адамдарының саны да, олар өмір
сүрген орта, кеңістігі де шектеулі («Шыбындар əміршісінде» бұл – елсіз арал). Кеңістіктің
шектеулі болуы авторға бірқатар мүмкіндіктер береді. Əртүрлі экстремальды
ситуацияларды модельдеуге (үлгілеуге) жол ашады.
Ғасырдың екінші жартысында əлемдік сөз өнерінің сахнасына жапон жəне
латынамерикандық əдебиет тобының өкілдері шықты. Жапон жазушыларына тəн
мифопоэтикалық шығармашылық пен діниреалистік ойлаудың жəне гуманистік
ізденістер, мистикалық, психологиялық ашылулардың жаңа мүмкіндіктері поэтикалық
шексіздікке жол ашты; əлемге тарих, психология, этномəдениет, эстетикада бұрын белгісіз
болып келген аспектілер таныла бастады. Жапон əдебиетіндегі жаңа туындылардың
сапасы мен эстетикалық ерекшелігі полифониялық баяндау құрылымы, сөйлеу
стихиясының жеңілдігі, кезкелген өзгерістерді сипаттай алатын бояулар, адам жанының
нюанстары, психикасы, мəнерлі баяндау тəсілі жаңа заман тілімен əсерлі суреттелді.
1963 жылы жас əдебиетші Киндзабуро Оэнің отбасында Хикари атты кішкентай сəби
дүниеге келді. Хикари сөзі «Жарық» деген мағынаны береді. бірақ Хикаридің дүниеге
келуімен Оэнің отбасында бақытсыздық орнады. Себебі, бала сөйлеу қабілетінен
айрылған мүгедек болып туады. Оэнің мұнан кейінгі ұлқыздары дені сау болып
туғанымен ол Хикаридің жағдайына байланысты жанына түскен сызаттан еңсесін көтере
алмай, бар ғұмырын ауру баласына арнады. 1994 жылы əдебиет саласы бойынша
Киндзабуро Оэ Нобель сыйлығын иемденді.
Киндзабуро Оэ шығармаларының тақырыбы қоғамда болып жатқан шындықты
қамтыды. Оның ресми атауы – гротеск. Оэ кейіпкерлерінің жолы (жазушының да жолы) –
шындықты қабылдай алмаған, шындықпен бетпебет келуден қашқан жандардың жолы.
Жапон еліне төнген катастрофаның замандасы бола отырып Оэ əдебиетте қалыптасқан
дəстүршілдікке қарсы болды. Оның Сартрдың көркемдік жетістіктері мен Юнгтың
аналитикалық психологиясын сіңдіруі де тегін емес. «Жүрегімнің түкпіріне дейін
жайлаған су» атты романында қоғамның əлеуметтік құрылымына деген сенім азайған,
адам сырттай ғана емес, іштей жегідей желініп, түңілген, ортақ бір көзқарасқа тоқтау жоқ,
сынған. Басты кейіпкер Дзин атты ауру баласын баққан – Ооки Исан. Исан ауру
баласымен бірге бомбадан жасырынатын бетоннан жасалған конструкцияда тұрып жүріп,
маңайдағы ескі киностудияның орнында, қоқыстың арасында жүрген жеткіншектерді
аңдып, бақылаумен болады. Олар да өз кезегінде Исанды аңдып, ақыры қауіпті куəгер
ретінде оны өлтірмекші болады. Өйткені осы қоқыстың арасында олардың құпия қоймасы
орналасқан еді. Бірақ сөйлесе, өзара түсінісе келе Исан ол топқа қосылады. Қосылып қана
қоймай, өздерін Еркін жүзушілер Одағы деп атағандардың көзқарасын бөлісіп, атқаратын
107
шаруаларын құптап, ортақтасады. Бұл əкелер салған сара жолдан ауытқып, романтикалық
жастарға қосылған Исанның əрекеті идеологияның əлсірегенін көрсетеді. Жастар
əлеуметтік құлшылықтан арылып, өзіндік жекеменшік кеме жасағысы келеді, яғни
бостандықты қалайды. Автор мəні өтіп жатқан өмірге жүрегі ауырады, болашақтың
жарқын болатындығына нық сеніммен қарайды. Шығарма фантастикалық ситуацияға
құрылғанымен, оның декорациялары жазушының жолдауын айқын жеткізіп тұр. Сөз жоқ
романда зұлымдық пен жауыздық көп суреттелген. Автордың пайымдауынша, жауыздық
– бізді қоршаған мына жансыз, қатігез əлемнің бір ғана бөлігі. Оэ оны қазқалпында,
бояуын қоюландырып суреттей отырып, қиындықтан шығудың жолын іздейді, шындықты
іздейді.
Жапон жазушыларының шығармашылығы əлем оқырмандарын сезімнің
экзистенциалдық тереңдігімен, мистикалық фантазияларымен, метаморфозалық
образдарымен, дəл əрі нəзік суреттеуімен ғана емес, формасы жағынан əбден қырналып,
қашалған күрделі эстетикалық əлемді, архитектониканы шебер бере алуымен де
таңқалдырды. Жапон жазушылары нені жазып, суреттесе де өз мəдениетінен, түп
тамырынан, алғашқы дəстүрінен, ұлттық поэтикалық келбетінен, дəстүрлі халықтық
эстетика, мифология, фольклормен генетикалық байланысын үзген жоқ. Олар өздерінің
əлемді сананың шындық пен фантасмогория, ұжымдық жəне жекелік, тарихи жəне
мифологиялық, субьективті жəне обьективті үзінділерден құрай алатындығына сенді. Осы
тұста батыс пен шығыс əдебиеті көрнекті өкілдерінің романдарындағы экзистенциалдық
сарындардың ортақ тенденциясы анық байқалады (ОэГолдинг).
Өзіндік руханиэстетикалық мəдениеттің негізгі белгілерін (пайымдаушылық, нəзіктік,
талғампаздық) сақтай отырып, прозаиктер оның мазмұнын əлем əдебиетіндегі
модернистік жəне постмодернистік баяндау тəжірибесімен ұштастыра білді. Бұл өз
кезегінде шетел тілінде əдеби білім беру қазіргі əлем əдебиетіндегі рухани құндылыққа
толы туындыларды танып, білу, қабылдаудың қажеттілігін көрсетеді. Осы
сипаттамалардың бəрі прозаға тəн, ал заманауи əлемдік поэзиядағы балалар тақырыбына
келер болсақ, ағылшындар үшін бұл тізбек ондай ұзын емес, негізінан атаана, ағаіні,
тəтесісіңлісі ғана кіреді, егер дəстүрлі жанұялар баяндалса, онда атаəже образында
кездестіре аламыз. «A Family Fingerplay» өлеңі санамақ жанрында беріліп, жанұя
мүшелерінің атқарар қызметі, орны бойынша бармақтармен салыстырылады, осы жайда
ескеретін жайт бүлдіршіннің қабылдауындағы салыстыру екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Мысалы: ана—бұл сұқ саусақ, ол бəрін сүйеді, барлығымызға бірдей жаны ашиды, (“This
is the mother /Who loves everyone”); əке – ортаңғы бармақ, ол өте көңілді (“And this is the
father / Who is lots of fun”); тəте – шылдыр шүмек, ол барлығына көмектеседі жəне ойнату
мен бірге ойнауды біледі (“This is my sister /She helps and she plays”) жəне кішкене бөбек –
бүлдіршін болады, ол күн сайын өсетіні туралы айтылады (“And this is the baby /He's
growing each day”). Ағылшын менталитетіне байланысты атаəже бөлек тұрады, немерелер
оларға қонаққа барып отырады.
I went into my grandmother's garden,
And there I found a farthing.
Осы өлеңнің тапқырлығы оның фольклор дəстүрі бойынша жеңіл, қарапайым сөздермен,
санамақ жанрымен «жанұя» тақырыбын ұштастыра білуінде.
Осы жерде тағы қосарымыз, ағылшын қоғамы тəуелсіз, өз алдына индивидуалды
болып, ешкімге бағынышты болғысы келмейді.
108
Доктор Сьюздің «Қалпақтағы мысық» жəне басқа да шығармалары сияқты
киноматографиялылық тəн, яғни мультипликаторлық фильм сияқты суреттер шапшаң
ауысып, музыкалық үндестікке ие. Шығарма басында жаңбыр жауып, балалардың іштері
пысады, содан Қалпақтағы мысық пайда болады да сюжет шапшаңдай түседі, өз іс
əрекеттерімен, сиқырымен балалардың жүрегін жаулайды, сосын анасының келуімен
барлық нəрсе бəсеңдеп, өз орнына келеді. Қазақ, ұйғыр балалар ақындарына əлі динамика
мен сарындық жетіспей тұр, олар үлкен адамның емес, бала фантазиясы, көз қарасы,
дүниетанымына мəн беруі керек.
Өз замандасы, орыс балалар ақыны Корней Чуковский мен жанр (екеуі де өлең
шумақтары мен тарихи ертегілерді қолданған), стиль (екеуі де абсурдизмді ұнатты жəне
айтулы шатыстырушы деп танылды), шеберлігі тарапынан өте жақын болды жəне екеуі
де балалар əдебиеті дамуына өз септігін тигізді. Доктор Сьюздің өзіндік стилі – қысқа
ырғақты жолдар, сөз ойындары жəне үлкендер əлемін ашықтан ашық келеке ету бар.
Автордың шығармаларын оқу барысында шынайы күнделікті өмір реалиялары мен
ақылға сыймайтын ойдан шығару өзара байланыс тапқан. Ол қашанда жаңа сөздер ойлап
тауып, байланыстыруға келмейтін дүниелерді байланыстыра білген, болмайтын өтірікті
үйіп тастап отырған, сол себепті оны кішкентайлар тез қабылдап, өздері қалаған,
армандаған қиял, ойларда құралған ақын шығармашылығының шынайы оқырмандары
бола білді. Доктор Сьюз кітаптарын өзі безендірген, сол себепті өлең шумақтары мен
суреттер табиғи байланысты түптелген. Доктор Сьюз шығармашылығын зерттеген
ғалымдар оның шығармашылығын абсурдизм, сюррализмге жатқызса, сондайақ американ
прагматизмі да оған жат еместігін көрсеткен. Профессор Филип Нэлдің сөзімен айтсақ:
«Доктор Сьюз шығармашылығынан американдық прагматизмді анық көреміз, атап айтсақ
Сьюз кейіпкерлері əрқашан ғажайып өнертабыстар ойлап тапса, «Менде зообақ болса
ғой» кітабындағы «Жарамсыз аңдар аумағы», «Қалпақтағы мысық» кітабындағы
«Жинастырушы машина» т.б. кейіпкерлері дүниеге сеніммен қарайды жəне дұрыс жолмен
жүрсең барлық нəрсеге қол жеткізесің деп санайды. Американдық қоғамның тағы бір
ерекшелігін Сьюз өз кейіпкерлері арқылы көрсете білді, яғни оның қаһармандарының
«сауда агенті» болуы, Қалпақтағы мысық сауда агенті сияқты балалардың бос уақыттарын
ол өзі ойлағандай өткізуді ұсынса, «Менде цирк болса» кітабының кейіпкері Морис Мак
Гурк ең жақсы цирк идеясын бізге «сатады», ал «Жасыл жұмыртқа жəне бал» кітабындағы
Сэм мен өзім оқырманға ең сүйікті жəне лайықты таңғы астың жасыл жұмыртқа мен
шошқа еті екендігін асықпай түсіндіреді [3].
Балалар кітаптарының маңызды бөлігі олардың иллюстрациялары дер едік.
Американың көптеген ақынжазушылары өз кітаптарын безендіреді, Сьюзда солар секілді
өз туындыларын өзі безендірген. Мəліметтерге сүйенсек, мектепке дейінгі балалар
кітаптарының 75% иллюстрациядан тұруы керек екен, Льюис Кэролл қаһарманы Алиса
айтқандай: «Егер кітапта суреттер де , əңгіме де болмаса, оның қажеті не?». Сол себепті,
Сьюз өз иллюстрациялары есесінен жетістікке бірден жеткен, яғни қағаздағы
иллюстрация балаларға қатты əсерін тигізеді, ол арқылы жеке тұлға, топ, қоғам
арасындағы қарымқатынастың өзекті мəселелерін жəне ондағы альтруизмнің рөлін
əшкерелейді. Сьюз кітаптарының жетістігі оның моралында емес, өз оқырманын əрбір
шығарма жолын оқуда қызықтырып ұстап отыруында.
Шынымен де Гейзелдің соншалықты танымал балалар ақыны болуының тағы бір
дəлелі, оның сөздерінің нақыл сөздерге айналуында жəне американдықтар үшін ғана емес
көбіміз үшін аса зор маңыз, мазмұнға ие екендігін атап өту керек. Мысалы: «Sometimes the
109
questions are complicated and the answers are simple» «Кейде сұрақтар өте күрделі, алайда
олардың жауаптары өте жеңіл», «Don't cry because it's over, smile because it happened»,
«Осы нəрсе аяқталды деп жылама, оның болғанына қуан».
Қорытылай келсек, көптеген сыншылар Доктор Сьюз кітаптарын көңіл
жадырататын, білім берумен бірге өте қызықты, тартымды екенін жəне балалардың
көптеген сұрақтарына жауап береді. Бала бойында адами құндылықтар мен
артықшылықтарды қалыптастырып, олардың сөздік қорын арттырады. Доктор Сьюз
кітаптары оқырмандарын жақсылыққа жəне келісімге, өзара көмекке, достыққа жəне
дүниенің əсемділігі мен əрбір адамның табысқа, қызықты оқиғалар мен жаңа
ашылымдарға əуестілігін көрсетеді. Сондайақ оның кітаптары балалардың
коммуникативті дағдыларын (сөздік қорын көбейту, сөйлеуін жетілдіру) жəне көп оқу, көп
ақпарат жинау, жаңа білім зердесін (балалар өздеріне ұнаған өлеңдерін ұйқас себебінен
бірден жаттап алады) арттырады.
Ең негізгісі, балалардың зейінін (оқиға желісі бойынша олар əрбір майдашүйде
жайтты назардан тыс қалдырмайды, сыртқы қоздырғыштар себебінен алаң болудан
құтылады), елестету мен қиялдау дағдыларын (оған тек оқиға желісі емес сонымен қатар
кітап иллюстрациялар өз септігін тигізеді), шығармашылық дағдыларын (балалар өздеріне
ұнаған кітаптардың соңын ойдан шығарады, өз ойларын суреттерде немесе аппликация,
пластилин көмегімен безендіреді) жəне аналитикалық дағдыларын (балалар кітапта
берілген жағдаяттарға талдау жасайды жəне қорытынды жасаумен бірге не себепті
осындай жағдайға тап болғанын, тығырықтан қалай шығу керектігін) арттырады.
Ал, біздің зерттеуіміз бойынша алынған ағылшын тілді ақындар өз туындыларында
фольклор жанрлары бойынша сөз ойындары қазақ, ұйғыр авторлары сынды бай жəне
ауқымды емес, тек Ш.Силверстейн сөздердегі əріптерді бұрыс əріптерге ауыстыру əдісі
қолдану арқылы мектеп жасындағы баланы өлеңді дұрыс оқуда сөздерді керекті
əріптермен ауыстыруға дағдыландырады. Мысалы:
Nentis Nan, he’s my man,
I go do im each chanz I gan.
He sicks me down an creans my teed
Widmabelsyrub, tick an’ sweed,
An ten he filks my cavakies
Widchoclutcangy I tink he’s
The grayest nentis in the Ian.
Le’s hear free jeers for Nentis Nan.
Pippipooray!
Pippipooray!
Pippipooray!
Le’s go to Nentis Nan dooday! [4].
Бұл шығарма «Тіс дəрігері Дэн» туралы болып, баланың тіс дəрігеріне баруы жəне
тісі таза болып, тек қаралып қайтқандығы, сондағы баланың қуанышы туралы баяндалады.
Бəріміз білетіндей балалар тіс дəрігеріне барудан қашады. Бұл өлеңде болса керісінше
бала қуанышы көрсетіледі.
Балалар сөздерді мағынасына қарай бұрыс əріпті ауыстыруы керек. Ақынның «Runny
Babbit» («Funny Rabbit» «Күлкілі қоян») атты бір кітабы осы қоянның басынан кешкен
оқиғаларын баяндайды, өлеңдердегі сөздердің бəрінің басты əріптері қате əріптермен
ауыстырылған.
110
Мақаламызды қорытындылай келе айтарымыз, проза болсын, поэзия болсын
шығарманың шындыққа жанасымды болуы, бала өмірінде кездесетін, керекті де қажетті
тəжірибе, үлгіөнеге алатын тұстардың баяндалуы артық етпейді. Тақырып, композиция,
сюжет, сарын т.б əдеби амалдардың да өз орны мен қолданыс аясының болуы
шығарманың ұтымды шығуымен бірге, жемісті еңбектер қатарынан орын алуына септігін
тигізеді.
Орыстың белгілі ақыны С.Михалков: «Долг старших с терпением и любовью
лепить характер будущего человека так, чтобы с первых же лет его жизни
интеллектуальное и эмоциональное развитие было гармонично. И детская литература –
верное средство для этого. Показывая ребенку красоту и многообразие человеческих
чувств, она возбуждает в нем ответные чувства» деген ой айтады [5].
Достарыңызбен бөлісу: |