Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


жер сөзінің қатысымен жасалған мына бір фразеологизмнен де көруімізге болады. Қазақ  тіліндегі  арасы жер мен көктей



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78

жер сөзінің қатысымен жасалған мына бір фразеологизмнен де көруімізге болады. Қазақ 

тіліндегі  арасы жер мен көктей деп қолданылатын фразеологизм қалған қыпшақ тобы 

тілдерінде керісінше құрылымда қолданылады(салыстырыңыз).  

              Қазақ тіліндежер мен көктей 

              Қарақалпақ: көк пен жершелли 


118 

 

              Ноғай тілінде: кьок билəн жершелли 



              Башқұрт: күк белəн йер кеүек  

              Татар: күк билəн жир кебек 

              Қараш. балқ: кек бла жер еибик 

              Құмық: гек била жер ийммик  

     Мұның  өзі  түркілік  танымда  Жер  мен  Көкті  бағалауда  əркелкілік  барын  аңғартады. 

Яғни  қазақы  танымда  Жер  Көктен  жоғары  бағаланса,  басқа  келтірілген  халықтардың 

танымында Көк тіршіліктің бастауы Көк тəңірі ретінде жоғары бағаланатыны көзге түседі.  

Бұдан түйетініміз –  ежелгі адамдар Көкте əлем бар,  Тəңір бар,  соған жақын болайық,  

Көк  –    қасиетті  мекен  деп  есептеген.        Сол  себепті  де  Көктегі  аспан  денелерінің 

барлығына да ерекше тылсым күш иелері ретінде табынған.  

    Түркілер    Айды  да  қасиетті  деп  санап,  жеке  планета,  оны  жеке  бір  дербес  əлем  деп 

есептеген.  Əлі күнге дейін үлкен кісілер жаңа туған айға сəлем беріп, иіліп,  ізет етеді.  

Айға  көп  қарап  тұрмаған,    қолды  шошайтуға  болмайды  деген.    Оның  себебін 

Ш.Уəлиханов  былай  дейді:  «Қазақтар  айға  ұзақ  қарап  тұрмайды,  сескенеді.  Айдағы 

кемпір кірпікті санап қояды деп,  егер санап қойса,  адам өледі»  [2,12].     Осы сияқты 

халық танымында айда пері болады деп есептеп, түнде терезелерді қымтап жауып қоятын 

болған.  Бұл  салт  əлі  күнге  дейін  бар.  Түн  баласы  ауғанда  немесе  түннің  қақ  ортасында 

адам жаман түс көріп немесе ауытқуы бар адамдар ұйқы сұрап шошынып,  оқыстан тұрса,  

айдағы  пері  адамды  қағып  кетеді,    ауру  қылады  дейді.  Бұның  барлығы  –  Айдың 

қасиеттілігін мойындайтын белгілер.  

      Түркілердің  танымында  Күн  нұры  да  киелі  деп  танылған.      Бүгінде    Күннің  киесіне 

табынудың  бір  көрінісін  біз  саха  халқының  мəдениетіндегі  Ысыах  мерекесінен  көреміз. 

Бұл  халықта  күннің  ең  ұзарған  тұсына  сай  арнайы  «Күнді  қарсы  алу»  мерекесі  аталып 

өтеді. Оның элементтері қазақы танымда да сақталып отыр. Мысалы, əйгілі Шыңғысхан, 

Адай (ру басы) секілді тұлғалар күннің нұрынан жаратылған деген түсінік бар. Бұл түсінік 

ырымға да жалғасып кеткен. Күндіз ұйықтаған кезде, үйдегі үлкен, егде адамдар «терезені 

жауып жат», «үстіңді жауып жат»  деген тыйым сөздер айтады,  сонда бұның астарынан 

да  күн  нұрынан    «сақтану»,    оны  кие  тұтып,  адамның  бетіне  «тіке  келтірмеу»  деген 

сипатта жүзеге асқан.   

Түркілік  танымда  жұлдыздар  да  киелі  деп  саналған.  Бұл  халық  санасында  əр 

адамның  өзінің  жұлдызы  болады,    жер  бетінде  қанша  адам  болса,    сонша  жұлдыз  бар 

есептегендіктен  туған  дүние.  Ел  арасындағы  «менің  жұлдызым»,  «жұлдызың  оңынан 



тусын»    немесе    «жұлдызы  жанған»    деген  тіркестер  осының  айғағы.  Татар  халқының 

мəдениеті мифологиялық сенім нанымдарға қатысты қалыптасқан фразеологизмдерден де 

байқалады.  Əсіресе,  Татар  халқының  жұлдыздарға  деген  ұғымдары  халықтың 

мифологиялық  сенімін  танытады.  Мысалы,  «Бəхетле  йолдоз  астында  туган».      Егер 

адамның  жұлдызы  жарқырап  айқын  жанса,  онда  жердегі  жұлдыздың  иесі  бақытты  адам 

деп  есептеген.  Адам  өлгенде,  оның  жұлдызы  ағып  түседі  деген.  Мұндай  түсініктер  – 

ежелгі  анимистік  танымның  көкжиегінен  туындап  қалыптасқан  ұғымдар  деуге  болады.   

Соның  бірі  –желге  табыну.  Бүгінде  Азиялық  түркілерде  ұмытыла  бастаған  бұл  дəстүр    

алтайлық түркілерде жақсы сақталған.     Алтайлық түркілердің танымында «Адам тəні 

топырақтан, жаны желден жаралған» деген ұғым қалыптасқан. Бұл ұғым бойынша адам 

табиғаттың құранды  бір бөлігі, адам табиғаттың өзі, адамға табиғаттың барлық құбылысы 

жат емес, адамның тəні­топырақ, сүйегі­ағаш, тынысы­жел деп ұғынылған. Мысалы, хакас 

халқының  танымында  «жел  адамның  тынысы»  деп  бағаланады.    Якут  тіліндегі  салқын 



119 

 

кут  «жел-  адамның  жаны»,  өлгеннен  соң,  тəннен  кеткен  тыныс­  табиғат  құбылысына­

желге  айналады.    Дегенмен,  түркілер  қашан  да  желден  үрейлене  отырып,  оны  құрмет 

тұтқан. Желдің құдіреті бар деп сенген. Алайда, желден қорқу, үрейлену басымдығы анық 

байқалады.  Əсіресе  құйын  желден  халық  қатты  қорыққан,  құйын  жел  адамның  құтын 

ұшырып  алып  кетеді  деп  сенген.  Соның  бір  көріністері  башқұрт,  татар  халықтары 

тіліндегі  қайсібір  фразеологизмдерінен  сезіледі.  Мысалы,  башқұрт  тілінде  ауызыңды  ел 

алһын  деген    фразеологизм  жағымсыз  хабар  айтқан  адамға  айтылады.  Яғни  халықтың 

сенімінде жағымсыз хабарды желдің күші алып кетуі мүмкін деген сенім болғандығынан 

хабар  береді.  Желге  табыну  қыпшақ  тобындағы  түркілердің  ішінде  татар  жəне  башқұрт 

халқында  жақсы  сақталған.  Түркі  халықтарының  бірінде  сақталып,  бірінде  сақталмай 

отырған  жел  құдайына  табыну  сенімі  бүкіл  түркі  халықтарының  алтайлық  кезеңдегі 

таным ортақтығына жетелейді.      

Туыстас  халықтардың  тілдегі  танымдық  ерекшеліктерін  осылайша  əр  қырынан 

зерттеу  арқылы    əр  ұлттың  өзіне  ғана  тəн  ерекше  болмыс­бітімін,  қасиеттерін,  басқа 

халықтардан  негізгі  ұлттық  айырмашылықтарын,  ерекше  ойлау  жүйесін,  яғни 

менталитетін  ажыратуға  болады  деп  ойлаймыз.  Уақыт  өткен  сайын  түркілердің  жүріп 

өткен  тарих  бойындағы  бастан  кешкен  түрлі    оқиғалары  əр  халықтың  мəдени  таным­

түсінігі  арасындағы  елеулі  айырмашылықтар  қалыптастырған.  Мұның  барлығы  да­­  əр 

халықтың қоғамдық ­ əлеуметтік жағдайы,  орналасқан жер жағдайы,  көршілес елдердің 

тілдік  əсері  секілді  т.б.  толып  жатқан  экстралингвистикалық  факторлар  өз  кезегінде 

олардың  тілінде  көрініс  тапқан.  Соған  байланысты  түркілер  бірлесіп  тіршілік  еткен 

аралықта  қалыптасқан  тілдік  бірліктерді,  я  болмаса  одан  кейінгі  дəуірлерде  рухани 

сабақтастықтың  əсерімен  пайда  болған  тілдік  бірліктерді  салыстыра  қарастыру  арқылы  

біз əр түркі жұртының  өзіндік ұлттық ерекшеліктерін  айқындайтын, оның түркілік ортақ 

діңгегіне  апарар  жолды  анықтауға  мүмкіндік  аламыз.  Себебі,  тіл­үлкен  қазына.  Ол 

қазынаның  бойында  əлі  ашылмаған  талай  асылдарымыз  жатыр.  Демек,  түбі  бір,  діңгегі 

ортақ  түркі  халықтарының    таным  ортақтығына  жетелейтін  сөз  маржандарының    қыр­ 

сыры  бұл  айтылғандармен  бітпейді.  Бұл  мəселе  келешекте  өз  алдына  арнайы  зерттелуі 

қажет деп ойлаймыз.  

    


Пайдаланылған  әдебиеттер: 

www.balkaria.info/library/m/malkonduev/ekbk5.htm



 

2  211  Уəлиханов  Ш.  Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы  //  Қазақ  бақсы  балгерлері  // 

Құраст.: Ж. Дəуренбеков, Е. Тұрсынов. ­ Алматы: Ана тілі, 1993. – 36­40 бб. 

3  Основы этнического сознания карачаево балкарского народа. – Минск,  2000. – 51 с. 

4  Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко – культурные     связи. Л., 

1971 г., «Наука»., стр. 450 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



120 

 

ƏОЖ 811.512.122’36  



 

Қапалбек Б.С.¹, Қамзиева К.С.² 

¹филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институты

Алматы, Қазақстан 

e-mail: 

zhomart_til@mail.ru

 

²филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институты, 

Алматы, Қазақстан 

 

ИЗАФЕТ ТУРАЛЫ 

 

 Abstract. This article describes a study of ezafe in turks languages. the lack of definition 

of ezafe shows the relevance of the topic. 



Keywords: ezafe, attributive relationship, genitive ending, III possessive case. 

 

 



 

Изафет  қазақ  тілін  былай  қойғанда,  тіпті  түркі  тілдерінің  өзінде  де  толық 

зерттелмеген мəселе болып табылады. Мəселен, изафеттік тіркесті айқындауда əлі күнге 

дейін пікір алшақтығы байқалады. 

 

С.С.Майзельдің  пікірі  бойынша  изафеттік  тіркестер  кез  келген  сөздердің  тіркесі 



емес,  тек  зат  есімдердің  бір­бірімен  тіркесіп,  анықтауыштық  қатынасты  білдіруі  болып 

табылады.  Оның  айтуынша:  «турецкий  изафет  представляет  собой  такое  сочетание  в 

родительном  или  неопределенном  падеже,  является  определением  и  одновременно 

дополнение  к  другому  –  своему  определяемому  и  одновременно  дополняемому»  /1,13/. 

Ғалымның  изафеттік  құрылымдарға  берген  осы  анықтамасы  оның  табиғатын  толық 

ашатындай  ерекше  болып  келеді.  Өйткені,  С.С.Майзельден  кейін  изафеттік 

құрылымдардың  тұлғалық  түрлері,  мағыналық  ерекшеліктері  туралы  Н.З.Гаджиева, 

Б.А.Серебренников,  В.Д.Аракин  сияқты  түркітанушы  ғалымдар  зерттеулер  жүргізді. 

Аталған  ғалымдардың  изафеттік  құрылымдарға  берген  анықтамаларында  бірізділік 

байқалмайды.  Мəселен,  Н.З.Гаджиева,  Б.А.Серебренников  түрік  изафетіне  мынадай 

анықтама береді:  «Изафет – это такая определительная группа, в которой определяемое, 

будучи  всегда  выраженным  именем  существительным,  определяется  с  точки  зрения  его 

принадлежности к другому предмету или различных форм отношения к нему» /2,51/. 

 

Бұл  анықтамада  аталған  тіркестердің  анықтауыштық  жəне  толықтауыштық 



қатынаста  қатар  келуі  керек  екендігі  айтылмаған.  Сондай­ақ,  изафеттердің  байланысу 

тəсілдері  қандай  қосымшалардың  көмегімен  жүзеге  асатындығы  да  айтылмаған.  Əрине, 

ғалымдардың  оны  білетіндігіне  еш  күмəн  келтірмейміз.  Біз  бұл  жерде  түркітануда 

изафетке берілген анықтамалардың аталған тіркесті тануда толық­толық еместігіне назар 

аударғымыз келеді.  

 

Изафеттік  құрылымдарды  тарихи  тұрғыдан  зерттеген  ғалым  В.Д.Аракин  оған 



мынадай  анықтама  береді:  изафет,  т.е.,  определительное  словосочетание,  состоящее 

обычно из двух, иногда, из нескольких существительных, соединенных подчинительной 

связью, из которых одно является стержневым, а другое, стоящее перед ним, ­ зависимым, 

представлен  во  всех  тюркских  языках»  /3,12/  дей  келе,  изафеттің  түркі  тілдерінің  көне 

дəуірлеріндегі мағыналық түрлерін, даму тарихын анықтауға тырысады. 

Көрнекті түркітанушы Н.А.Баскаковтың аталған тіркестерге қатысты пікірі мүлдем 

өзгеше  деуге  болады.  Ол  алдымен  бұл  тіркесті  «изафет»  деп  атауға  қарсы. 


121 

 

«Грамматикалық  термином  изафет  (>арабск.  Izafat  букв.  присоединение,  примыкание) 



обозначается в арабском языке «сопряженное сочетание или присоединение одного имени 

к  другому,  т.е.  определение  имени  при  помощи  последующего  имени  в  родительном 

падеже.  Термин  этот,  таким  образом,  был  заимствован  из  арабского  языка  также  и  для 

соответствующих кострукций в иранских и тюркских языках

Как  видно  из  значения  этого  термина,  он  не  вполне  соответстует  сущности 

определительного  словосочетания  в  тюркских  языках,  где,  во­первых,  термином  изафет 

объединяются  различные  по  своей  природе  и  форме  конструкции  определительных 

словосочетаний,  а  именно  детерминативные  и  притяжательные,  во­вторых,  под  этим  же 

термином рассматриваются различные в отношении порядка слов конструкции, так как те 

же элементы притяжательных словосочетаний, что и в арабском языке, в тюркских языках 

находятся  в  обратном  расположении,  т.е.  притяжательное  определительное 

словосочетание в тюркских языках представляет собой «определение имени при помощи 

предществующего  (а  не  последующего)  имени  в  родительном  падеже»  и  наконец,  в 

тертьих,  устанавливая  при  типа  изафета...  некоторые  тюркологи  исключают  из  группы 

изафета сочетания, в которых определения выражены притяжательными местоимениями». 

«Таким  оброзом,  ­  деп  қорытады  Н.А.Баскаков,  термин  изафет,  принятый  в 

арабском  и  персидском  языках  по  существу  для  частного  случая  –  обозначения 

определенного артикля, как нам представляется, не может быть принят для обозначения в 

тюркских  языках  одной  из  основных  синтаксических  единиц,  каковым  является 

словосочетание во множестве его разновидностей» /4,99/. 

Н.А.Баскаков түркі тілдеріне тəн синтаксистік тіркестердің бұл түрін жалпы түрде 

анықтауыштық  сөз  тіркестер  (определительные  словосочетания)  деп  алып,  оларды  өз 

ішінде «детерминативті анықтауыштық сөз тіркесі» жəне «меншіктілік анықтауыштық сөз 

тіркесі»  деп  бөледі,  алдыңғысына  изафеттің  1­түрін,  соңғысына  2  жəне  3­түрлерін 

жатқызады. Қалай  болғанда да, изафет термині  түркітануда кеңінен  қолданылуда. Оның 

себебі, анықтауыштық қатынаста келетін атау немесе ілік қосымшаларының қатысуымен 

жасалған  тіркестердің  барлығы  бірдей  зат  есімге  жата  бермейтіндіктен  болса  керек. 

Айталық,  матаса  байланысқан  (ілік  септігі  +  тəуелдіктің  үшінші  жағы)  тіркестердің 

барлығы  бірдей  изафет  құрай  алмайды.  Сондай­ақ,  анықтауыштық  қатынаста  келетін 

тіркестің барлығы бірдей изафетке жата беремейді. Зат есім + зат есім тіркестерінің кез 

келгенін  изафет  қатарында  қарауға  болмайды.  Изафеттік  құрылымдардың  осындай 

ерекшеліктеріне,  басқа  тіркестерден  өзгешеліктеріне  байланысты  оларға  осы  термин 

тағылған деп ойлаймыз. 

Түркітануда  изафеттік  құрылымдарды  толық  анықтау  С.С.Майзельдің  еңбегінен 

(«Изафет  в  турецком  языке»)  басталғаны  анық,  бірақ  анықтауыштық  қатынастағы 

тіркестерді анықтау түркітану тарихында əлдеқайда ертеректен басталады. 

Анықтауыштар  –  сөйлемде  зат  есімнен  болған  мүшелердің  əртүрлі  атрибуттық 

сапасын  білдіретін  бағыныңқы  мүшенің  бірі.  Олар  зат  есімдерге  тəн  сындық,  сандық, 

көлемдік,  салмақтық,  қимылдық  жəне  заттық  сапаны  білдіреді  де,  анықтайтын  сөзімен 

тығыз  байланыста  жұмсалады.  П.М.Мелиоранский  «Краткая  грамматика  казак­

киргизского  языка»  деген  кітабында  (II  бөлімінде)  сын  есімдерден  болған 

анықтауыштарды  атрибуттық  қатынаста  жұмсалатын  сөздердің  негізгі  түрі  деп  қарайды 

/5,3/. 

Түркітануға  қатынасты  алғашқы  еңбектеріне  анықтауыштар  тобы  деген  терминді 



ұшырастыруға  болады.  Мəселен,  анықтауыштар  тобы  (Croupes  determinatifs)  дегенді 

122 

 

алғашқы  түркі  тілдері  грамматикаларының  авторлары  Ж.Дени,  М.А.Казем­бек  жəне 



Н.И.Ильминскийдің қатысуымен жазылған «Грамматика алтайского языка» (1869ж.), одан 

кейінгі  жазылған  П.М.Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казак­киргизского  языка» 

зерттеулерінен кездестіруге болады. «Алтай тілінің грамматикасында» анықтауыштардың 

5  түрі  келтірілген,  соның  в,  г  пункттерінде  зат  есімнің  анықтауыш  болуы  туралы 

айтылған.  Онда  зат  есімнен  болған  анықтауыштар  заттың  тұлғасын  (формасын),  неден 

істелгенін  (ай  балта,  тас  үй),  кісінің  қызметін,  дəрежесін,  жынысын,  жасын  білдіреді 

делінген §158, §162). 

Ертедегі  Ресей  түркологтары  П.М.Мелиоранский,  Н.И.Ашмарин,  Н.Ф.Катановтар 

зат есімдерден болған анықтауыштар тобына тек тұлға, кейде грамматикалық құрылысы 

жағынан ғана қарап, олардың логикалық мазмұнына көңіл бөлмеді. 

Бертіндегі  Н.К.Дмитриевтің,  А.К.Боровковтың,  А.Н.Кононовтың,  Г.Д.Санжеевтің 

т.б.  авторлардың  еңбектерінен  анықтауыштар  тобындағы  сөздердің  тек  грамматикалық 

тұлғалық  жағы  ғана  емес,  олардың  мағынасы  туралы  да  құнды  пікірлерді  кездестіруге 

болады. 


Қорыта айтқанда, қазіргі түркітанудағы, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі изафеттік 

құрылымның  айқындалуына  алғаш  Ж.Дени,  М.А.Казем­Бек,  Н.И.Ильминский, 

П.М.Мелиоранский,  Н.И.Ашмарин,  Н.Ф.Катановтардың  изафетті  анықтауыштар  тобы 

негізінде  қарастыруы,  бертіндегі  М.К.Дмитриев,  А.К.Боровков,  А.М.Кононов  пен 

Г.Д.Санжеевтің  осы  құрылымды  тек  грамматикалық  тұлғалық  жағынан  емес,  олардың 

мағынасы  тұрғысынан  қарастырған  құнды  ойлары  тіл  ғылымында  изафетті  ерекше 

нысанаға алуға негіз болды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1 Майзель С.С. Изафет в турецком языке. Москва, 1957, С.284. 

2  Гаджиева  Н.З.,  Серебренников  Б.А.  Сравнительно­историческая  грамматика 

тюркских языков. Синтаксис. М., 1976, С.140. 

3 Аракин В.Д. К истории изафета в тюркских языках. М., 1976, С.140. 

4  Баскаков  Н.А.  Историко­типологическая  характеристика  структуры  тюркских 

языков. М., 1975, С.287. 

5 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах­киргизского языка. 1894, С.149. 

 

 



 

 

 



 

 

 



123 

 

УДК 81’366 



Қасым Б. Қ.

1

 Сәменова С.



1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор, 

Алматы, Қазақстан 

филология ғылымдарының кандидаты, 

2

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, 

Жезқазған, Қазақстан 

bkasym_gosyaz@mail.ru

 

 

ТҮБІРЛЕС СӨЗДЕРДІ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНДЕ КОГНИТИВТІ 



МОДЕЛДЕУ 

 

Abstract. The article is devoted to justifying the need for cognitive modeling semantic 

unit  derived  word  formative  system.  Cognitive  interpretation  of  the  word­formation  reveals  a 

nest,  we  can  say  the  opposite  directional  mechanism  of  language  modeling  world.  The 

mechanism is based on a generalized mental model receiving morphemic linguistic expression in 

semantics, but reified motivational trait embodied in the real meaning of the word vertex slot. 

Cognitive­discursive paradigm can and should be implemented not only in consideration of the 

synchronous word­formation system, but also in diachronic aspect. . A separate problem is the 

systematization and structuring of the conceptual meanings of the word derivative. Within the 

framework of the cognitive approach in a new way is put the problem of correlation values and 

the meaning of the word derivative. The formation of various structures of knowledge and ways 

of their representation in the language. Mechanisms of formation of the cognitive structure of 

derivative  words  are  now  the  least  studied,  resulting  in  the  need  to  explore  different  ways  of 

derivative words, the development of methods for describing and organizing conceptual content. 

 

Key words: derivational system, word­formation type, derivational synonymy, cognitive 

modeling, derivative words, the consciousness of native speakers and culture. 

 

Түбірлес  сөздер  –  бір 

түбір


 арқылы  жасалған  туынды  сөздер.  Макросемалы  бір 

буынды  түбірден  түрлі  сөзжасамдық  тәсіл  негізінде  əр  түрлі  семаларға  жіктеліп,  бір 

семантикалық  өріске  жататын  ортақ  мағыналы  туынды  сөздер  түбірлес  сөздер  деп 

аталады.  Түбірлес  сөздерді  құраушы  түбір  сөздің  семемасы  барлық  туынды  сөздер 

мағынасында  сақталады,  бұл  түбірлес  сөздердің  бір  семантикалық  өрісте  жатуының 

басты шарты саналады. Сондықтан олар тек тұлғалық жағынан ғана емес, ішкі семантик. 

құрылымы  жағынан  да  жақын  болып  келеді.  Түбірлес  сөздер  қатарына  барлық 

сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалған атаулар толықтай ене алады. Түбірлес сөздердің 

сандық  жағынан  өсуі,  дамуы  түбір  мағынасының  сапалық  тереңдігімен  байланысты. 

Мысалы,  асау  сөзі  арқылы  туынды  сөздер:  асаулық,  асаудай,  бас  асау,  асаудайын, 



асаукөк, асаулау, асаулан, т.б.  

Сөздің семантикасын зерттеу негізінен жеке сөздердің мағыналық жағынан дамуын 

зерттеумен  шектеліп  келді.  Ғалымдар  сөзді  жеке  қарастыру  жан­жақты  табиғатын 

ашпайтынын  жəне  жеке  сөздер  мағынасы  мен  формасы  жағынан  бір­біріне  туыс 

сөздермен  бірігіп,  сөздердің  топтарын  немесе  өрісін  құрастыратынын,  сөздің  мəнін, 

мəнісін білу үшін оның құрамын бір­бірінен жеке алып қарастырмай, ортақ мəн­мазмұның 



124 

 

төңірегінде талдауды ұсынды. Бұл құжеттілік тіл білімінде өріс теориясының шығуы мен 



дамуына,  жаңа  бағытта  ззерттелуіне  əкелді.  Ол  тіл  біліміннің  семантика  саласын, 

функционалды грамматиканы тың жəне жаңа жолға бағыттады. Өріс теориясының негізін 

салушылар  И.Трир,  Л.Вайсгербер  теориялары  бойынша  семантикалық  өріс  дəстүрлі 

немесе  ғылыми  түрде  адамзат  тəжірибесімен  жасалған  ұғымдардың  нақты  шектелген 

саласын  толық  жабатын,  көбіне  этимологиялық  жағынан  байланысты  емес,т.б.  сөздер 

жиынтығын атайды.  

Тілдің  даму  көрсеткіші  лексикадағы  жүйелер  сөздерді  дамытады,  мағыналарын 

түрлендіреді,  ауыстырады  семантикалық  дамуының  айғағы  ретінде  көрінеді. 

Функционалды  грамматика  функционалды­семантикалық  өріс  (ФСӨ)  семантикалық 

категория,  категориалды  жағдаят  негізінде  жасалады.  ФСӨ  теориясы  А.В.Бондарконың 

еңбектерінде  өзекті  мəселе  тұрғысынан  қарастылып  «Функционалды-семантикалық 

өріс» –  тілдегі  грамматикалық  көрсеткіштердің  лексикалық,  лексика­грамматикалық  əрі 

сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші  лексемалардың  екіжақты  қырынан  (мазмұн­форма 

үйлесімді  семантикалық  ортада  көрініс  табуы  делінген  болатын. Функционалды-

семантикалық  өріс –  семантикалық  категориялар  негізінде  əртүрлі  деңгейдегі  əрекеттес 

тілдік құралдардың функцияларының ортақтығына байланысты қалыптасқан жүйе [1; 390 

с.].  Ю.Д.Апресянның  пікірінше,  тілдің  сөздік  құрамы  ретсіз  жиынтық  бірліктердің  тобы 

емес.  Ол  сөздердің  мағыналық  ортақтығына  байланысты  біріккен  бірнеше  өрістерден 

тұрады  деген  пікір  айтады  [2].  Ю.Н.Карауловтың  анықтауынша,  лексика­семантикалық 

өріс  өзегімен  (ядромен)  байланысты  тілдегі  сөздер  тобы  жəне  олар  өрістің  шекарасын 

айқын анықтауға мүмкіндік береді [3; 61с.]. Лексика­семантикалық өрісті жасауға өрісте 

бір­бірімен  белгілі  бір  байланысқа  түсетін  сөздер  мағынасы  тірек  болуы  тиіс.  Автор 

лексика­семантикалық  өрісті  зерделегенде  синонимдік,  түр  жəне  ассоциативтік 

байланыстарды  есепке  алу  қажеттігін  көрсетеді.  Сонымен,  лексика-семантикалық  өріс 

(ЛСӨ)  біртектік  мағынамен  біріккен  белгілі  бір  сөздер  тобы.  ЛСӨ    құрамы  мағынасы 

жағына өріс ортасынан (өзегінен) əр түрлі «қашықтықта» (орталыққа жақын жəне шеткері 

аймақтар) орналасқан бірліктерден тұрады.   

Лексика-семантикалық  өріс  тілде  шындық  болмысты  бейнелеп,  лексикалық 

бірліктер  ортақ  семантикалық  компонент  негізінде  əр  түрлі  жүйелі  семантикалық 

қатынастармен  (синонимиялық,  антонимиялық,  гипер­гипонимиялық)  жəне  өріс 

ортасымен  байланысып  жатқан  біріккен  сөздер  тобын  яғни  лексикалық  бірліктердің 

жиынтығынан тұратын микрожүйелер (лексика­семантикалық топты) түсініледі. 

Берілген 

ойды дəлелдеу үшін 

И.М.Кобозеваның еңбегінде «семантикалық өріс деп айқындалатын 

құбылыстың ұғымдықзаттық жəне қызметтік ұқсастықтары мен мазмұнының жалпы 

болуымен біріктірілген тілдік бірліктер жиынтығы» деп көрсетілген. Тілші семантикалық 

өрісті мынадай қасиеттерге бөледі: 

 сөздердің белгілі бір семантикалық қатынастарға түсуі; 



 қатынастардың жүйелілігі; 

 лексикалық бірліктердің байланыстылығы мен өзара тəуелділігі; 



 өрістің дербестігі; 

 өрістің ұғымдық сипатын таңбалаудың тұрақтылығы; 



   семантикалық өрістің бүкіл лексикалық жүйедегі байланыстылығы [4; 99 с.].  

Ю.Н.Караулов семантикалық өрістің ерекшеліктерін:  

 өріс құрамындағы бірліктердің бір­бірімен байланыстылығы; 



 бұл байланыстардың жүйелілігі; 



 

 өріс бірліктерінің бір



 өрістің дербестігі; 

 өрістің түрлі тілдердегі 



Жоғарыда  айтылғаннан  шы

жан­жақты  ашпай,  семантикалы

экстралингвистикалық  жағ

экстралингвистикалық  талдау 

мүмкіндік  береді.  Бұл  байланыстар  лексика

түрлі  сөз  табына  жататын  бір 

тəн. 

Лексикалық  парадигма  ретінде  жалпы  ма



сөздердің жиынтығы түсініледі. Т

қол,  аяқ  т.б.  тілде  бір  семантикалы

өрісте  жататын,  семантикалы

топтастыра отырып, көптеген т

екендігі бақалады.  Мысалы, к



тастау  көзі түсу  көз салу

 

Қазақ  тіліндегі  əр  түрлі  с

ерекшелігі. Қазақ əдеби тілінің 

Кесте 2 

көз 

таста

у 

көзі 

түсу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет