Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет12/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78

 

ҚҰРТ, зат.  

I. Негізгі мағынасы.  

Қатықтан сүзбеден əр түрлі формада жасалып, кептірілген сүт тағамы. – Мен құрт, 

бауырсақ алып алысқа кетейін (Б.Тоғысбаев, Асыл адам).    

II. 


Бейнелі мағынасы.   

ҚҰРТТАЙ.  НБ.  сын.  1.  Таңдаулы,  жақсы.  –  «Тəттімбет»  романы 

сықпа құрттай тəтті-ақ (

old-site.karlib.kz/karip_adebiet).

 

2.  Күрделі,  қиын.  –  Қатып  қалған құрттай болған  қиын  есептерді  шекілдеуікше 



шағып тастағанмын (

qasym.kz/index.php?Itemid=9).

 

3.  Бұрқылдаған.  –  Жылт-жылт  етіп  жататын  құм  түйіршіктері  арасынан 



қазандағы  қайнаған құрттай бұрқылдап  шығып  жататын  мұздай  суық  мөлдір  бастау 

суына  қызыға  қарап  отырып,  тастай  суық  судан  құмарым  қанғанша  ішемін 

(

adyrna.kz?p=4052



). 

4.  Көп.  –      Содан  кейін  бір  тізе,  екі  шынтағымен  жылжып  пулеметке  жетсе, 



айналасында сөреге жайған құрттай қаз қатар тізбектеле жатқан оқтаулы ленталар 

(

kzdocs.docdat.com/docs/index).



 

ҚҰРТТАЙ. НБ. үст. Құрт тəрізді. –   Соған қарағанда «жарап тұрған жетілік» сол 

кезде  клиникалық  ауруханада  емделсе  де  немесе  арнайы  тексеруге  барса  да,  əйтеуір 

«апталап,  айлап  жатып»  дегендей,  М.Егізбаевты  малта  құрттай  «езгілеп»  есін 

шығарғандай ( http://adiletgazeti.kz/index.php/kz/sports). 

СЫҚПА  ҚҰРТТАЙ.  ФБ.  Шағын.  –  Қадырдың  көзi  өте  қырағы,  тұрмыс-

тiршiлiктегi  майда-шұйда  детальдарды  жақсы  көредi  жəне  оларды  сықпа  құрттай 

етiп  сығымдап,  афоризм  дəрежесiне  дейiн  жеткiзiп,  шолақ  сөйлемге  түсiре 

бiледi  (

http://www.aldamzhar.kz/?p=1161

). 

III.  Лингвомəдениетанымдық түсініктеме. 



 Сабада  жиналған  іркітті  майы  алынғаннан  кейін  түбіне  май  жаққан  үлкен  қазанға 

құйып  пісіреді.  Қайнап  жатқан  кезде  оның  түбі  күйіп  кетпес  үшін  арнайы  құрт 

былғауышпен  (басында  кырғыш  темірі  болады)  əлсін­əлсін  қазанның  түбін,  ернеуін 

қырып  араластырып  отырады.  Қайнап,  қоюланған  құртты  қапқа  құйып  керегеге  асып 

қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Дайын құртты қолмен бөлшектеп, 

сөреге,  шиге,  қолмен  сықпалап  өреге  жайып  кептіреді.      Осындай  əдіспен  қайнатып, 

кептіріп алған құрт жыл бойы, кейде 2­3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт – қасиетті ас, ол 

əр түрлі тамаққа қосылады. Той кезінде шашу салтанатына да құрт, ежігей араластырады. 

Қазақ  азық­түлік  атауларында  оны  «құрт,  май»  деп  қоса  дəріптеуінің  өзі  құрттың  қазақ 

дастарқанындағы ерекше орнын көрсетеді. 

IV.  Типтік бейнелі көріністер.  


91 

 

1.  Құрт мазасыздық пен əбігерліктің символы болып табылады.   



2.  Құрт көп заттар, қиын іс, таңдаулы жəне шағын заттармен ассоциацияланады.   

3.  Құрт  дайындау  үдерісі  іс­əрекеттің  басталуын  сипаттаудың  эталоны  болып 

табылады.    

  Қазақ  халқының  ұлттық  танымын  білдіретін  құрт  мəдени  лексикасының 

ақпараттық көлемі өте кеңдігімен ерекшеленетіндігін көруге болады. Демек,  этномəдени 

лексика  ретінде  танылып  жүрген  тағам  атаулары  жəне  олардың  метафоралануы    тіл 

тұтынушы  халықтың  өзіндік  ерекшелігін  танытатын  мол  ақпараттан  тұратын  күрделі 

семантикалық құрылым болып танылады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Юрина Е.А. Вкусные метафоры. Монография. – Көкшетау, 2013.­238 б. 

2  Жилкубаева  А.Ш.  Термины  питания  в  казахском  языке.  Автореф.  дисс.  канд. 

филол.наук.­ Алма­Ата. 1991. 

3  Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 

1966. – 205 б. 

4  Аристотель. Об исскустве поэзии. – М.: Наука, 1957. –183 с. 

5  Ричардс А. Философия риторики //Теория метафоры. – М.: Прогресс, 1999. С. –44­

100. 

6  Уилрайт Ф. Метафора и реальность // Теория метафоры. – М.: Прогресс, 1999. С. –



100­153. 

7  Лакофф  Дж.,  Джонсон  М.  Метафоры,  которыми  мы  живем.  –  М.:  УРСС 

Эдиториал, 2004. –256 с. 

8  Манкеева.Ж.А. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Абзал­ай, 2014. – 640 б.  

9  Гак В.Г. Метафора: универсальное и специфическое // Метафора в языке и тексте. 

– М.: Наука, 1988. С. –11­26. 

10 Телия  В.Н.  Метафора  как  модель  смыслопроизводства  и  ее  экспрессивно­

оценочная функция //Метафора в языке и тексте. ­ М:Наука, 1988. С. –20­52. 

11  Байтұрсынұлы А. Тіл құрал. – Алматы:Сардар, 2009.­ 348 б. 

12  Қасым Б.Қ. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы жəне сөзжасамдық 

үлгілері.– Алматы: Абай ат. Алматы мемлекеттік университеті баспасы, 2000. – 153 б. 

13 


http://e-history.kz/ru/publications/view/1139

 

14  Тілдік 



бейнелер 

аясындағы 

қазақ 

халқының 



тағамдық 

дəстүрі. 

Лингвомəдениетану  сөздігі  /Бас  ред.  ЮринаЕ.А./  –  Көкшетау:  Ш.Уəлиханов  атындағы 

КМУ баспасы, 2014. – 195 б. 

15   Русская 

пищевая 


традиция 

в 

зеркале 



языковых 

образов. 

Лингвокультурологический  словарь./Под.ред.  Е.А.Юриной/.  –  Кокшетау:  Изд­во  КГУ 

имени Ш.Уалиханова, 2014. ­105 с. 

16  Мырзалиев Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1989. –Т.2. 

Домбыра: Алақан: Өлеңдер. – 432 б. 



 

 

 

 

 

 

92 

 

ƏОЖ 801.56 



Жұбаева О. 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі

филология ғылымының докторы, Алматы, Қазақстан 

 

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЕМЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ 

ТАЛАСТАР  

 

Abstract.  The article highlights some of the issues of the Kazakh spelling. The emphasis 

is on controversial cases spelling, how to improve the Kazakh spelling and punctuation. 

Key words: spelling, punctuation, sound, letter, phoneme. 

 

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып‚ дамып келе жатқанына бір ғасырдан 

астам  уақыт  өтті.  Осы  кезең  ішінде  қазақ  тіл  білімі  түрлі  бағыттар  мен  көзқарастардың 

куəсі болды.  

Қазақ тіл білімінің тарихын шартты түрде төрт кезеңге жіктеуге болады:  

І кезең – ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең: Н.Ильминский, М.Терентьев, 

П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектері (1860­1912 ж.); 

ІІ  кезең  –  ұлттық  тіл  білімі  қалыптаса  бастаған  кезең:  А.Байтұрсынұлы, 

Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Ж.Аймауытов (1912­1930 ж.); 

ІІІ кезең – ұлт зиялыларының қудалануына байланысты еңбектерін оқытуға тыйым 

салынып, тіл білімінде еуропоцентристік бағыттың белең алуы (1930­1988 ж.); 

ІV кезең – репрессия құрбандарының ақталып, олардың еңбектерін пайдалануға жол 

ашылуы (1988 жылдан бергі кезең). 

Тіл  білімінің  тарихын  осылайша  кезеңдерге  бөліп  қарастырудың  өзіндік  себептері 

бар.  Ғалымдардың  тіл  білімінің  дамуына  қосқан  үлесін  зерделеу,  түптеп  келгенде, 

ғылымның  тарихын  зерделеу  болып  табылады.  Қай  ғалымның  да  белгілі  бір  ой­

тұжырымдарының  кейінгі  ғалымдарда  жалғасын  табуы  немесе  үзіліп  қалуы  –  заңды 

құбылыс.  Сондықтан  ғалымның  өзіне  дейінгі  зерттеушілердің  қандай  ойларын 

қаншалықты  дамытқанын,  өз  тарапынан  қандай  тұжырымдар  қосқанын,  ол 

тұжырымдардың  кейінгі  ғалымдарда  қаншалықты  дəрежеде  сабақтастық  тапқанын 

байыптау арқылы тіл біліміндегі теориялардың даму тарихына көз жүгіртеміз, ғылымның 

қалыптасу, даму, өзгеру, жаңару үрдісін танимыз. Сол арқылы тіл білімінің даму деңгейін, 

ондағы  түрлі  бағыттарды  анықтаймыз.  Бұл  орайда  ұлттық  тіл  білімінің  бастау  көзінде 

тұрған  ғалымдардың  орны  ерекше.  ХХ  басырдың  басы  қазақ  тарихында  рухани  ояну 

дəуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі – 

тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып‚ қазақ 

тілі  бойынша  оқулықтар  жазған‚  баспасөз  бетінде  түрлі  пікірталастар  ұйымдастырып 

отырған.  Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі 

түрлі  бағыт­көзқарастармен  таныса  отырып‚  қазақ  тілінің  өзіндік  болмысын  танытуға 

тырысқан. 

ХХ ғасырдың басында қазақ орфографиясына негіз болатын жүйе (принцип) таңдау 

мəселесі  қызу  талас  тудырды.  Осыған  байланысты  басылым  беттерінде  көптеген 

мақалалар жарық көрді. Олардың қатарына А.Байтұрсынұлы «Емле туралы»‚ Т.Шонанов 

«Шет  сөздерінің  імлəсі  жайында»‚  А.Мамытұлы  «Емле‚  пəн  атаулары  туралы»‚ 

Б.Шопанзада  «Қазақ  тілі    емлесінің  ірге  кезеңдері»‚  Е.Омаров  «Емле  мəселесі»‚ 


93 

 

Ж.Аймауытұлы «Емле‚ əріп жайында» т.с.с. мақалаларды жатқызуға болады. 1929 жылы 



Қызылорда  қаласында  өткен  ғылыми­орфографиялық  конференцияда  да  осы  мəселе  сөз 

болады [1]. Онда сөйлеген сөзінде Қ.Кемеңгерұлы Т.Шонановтың қазақ тілі фонетикалық 

принципті  ғана  басшылыққа  алып,  соған  сүйенуі  керек  деген  тұжырымдарына  да, 

Е.Омаровтың  профессор  Шопанзаде  мен  САГУ­дың  ғылыми  қызметкері  Бердиевтің 

ұстанған  морфологиялық  принципі  туралы  пікіріне  де  қарсы  шығады.  Фонетикалық 

принципті  ғана  ұстану  керек  деушілерге  Қ.Кемеңгерұлы  қазақ  тілінің  дамуын  Батыс 

Еуропа  тілдерінің  дамуымен  салыстыруға  болмайтынын  айта  келіп,  таза  фонетикалық 

принципке  ғана  сүйену  тілдің  табиғи  түрде  дамуына  елеулі  нұқсан  келтіретінін  орыс 

тілімен  салыстыра  отырып  дəлелдейді.  Сол  сияқты  морфологиялық  принципке  ғана 

сүйену  керек  деушілерге  де  қарсы  шығып,  ойын  Батыс  Еуропа  жазуы  туралы  академик 

Маррдың  тұжырымдарын  келтіре  отырып  дəйектейді.  Бұл  орайда  Қ.Кемеңгерұлының 

ұсынысы – морфологиялық жəне фонетикалық принциптерді жеке­дара алмай, екеуін де 

басшылыққа  алу.  Яғни  Қ.Кемеңгерұлының  ұсынып  отырған  принципі  –  фонологиялық 

принцип. Ендеше‚ ғалым «фонологиялық принцип» деген атауды қолданбағанымен‚ оның 

мəнін толық түсінгенін көреміз. 

1929  жылғы  емле  конференциясында  -ақ  демеулігін  түбір  мен  жіктік  жалғаудың 

арасына енгізіп, бірге жазу туралы ұсыныс болады (жақсақпысың). Қ.Кемеңгерұлы бұған 

үзілді­кесілді қарсы шығады. Мысал үшін керегақсың деген сөзді алып, онда жіңішкелі­

жуанды  айтылатын  дыбыстар  бір  сөзде,  тіпті  бір  буында  (г-қ)  келетінін,  ал  бұл  –  қазақ 

тілінің  заңдылығына  мүлде  қайшы  келетінін  ескертеді.  Сол  арқылы  ғалым  қазақ  тілінде 

буын  табиғатын  бұрмалауға,  сингармонизмнің  бұзылуына  қарсы  шығады. 

Қ.Кемеңгерұлының  сөз  ішінде,  буын  ішінде  жуан,  жіңішке  дыбыстардың  қатар  келе 

алмайтыны  туралы  ойлары  бүгінгі  таңда  Ə.Жүнісбеков  еңбектерінде  жалғасын  тапқан. 

Ғалым  буын  табиғаты  туралы  былай  дейді:  «Тюркский  слог  –  наименьшая 

произносительная  единица,  строго  регламентированная  одним  из  сингармонических 

тембров.  Эта  регламентация  настолько  устойчива,  что  нарушение  сингармонического 

тембра внутри слога абсолютно невозможно» [2, 63]. 

Дыбыстардың  ерекшелігін,  сингармонизм  табиғатын  түсіндіруде  ғасыр  басында 

ғалымдар дыбыстардың тіркесу қабілетіне ерекше мəн берген. Дыбыстарды топтастыруда 

да  осы  мəселеге  айрықша  назар  аударып,  қандай  дыбыстармен  қатар  келу  мүмкіндігіне 

қарай, оларға тигізетін ықпалына қарай дыбыстарды жіктеп отырған.  

Қ.Кемеңгерұлы: «Закон созвучия в казакском языке имеет очень серьезное значение, 

а  потому  на  отдел  изменения  звуков  в  приставках  необходимо  обратить  особое 

внимание»,  –  дей  келіп,  сөздің  соңында  қандай  дыбыс  болғанда,  оған  жалғанатын 

қосымшаның басқы дыбысы қалай өзгеретінін жан­жақты түсіндіреді. Қ.Кемеңгерұлының 

ерекшелігі  –  дыбыстарды  топтастырғанда,  олардың  табиғатын,  өзінен  кейінгі 

дыбыстармен  тіркесу  қабілетін  т.с.с.  ескеріп  жіктеген  де,  соның  нəтижесінде  дыбыстар 

жүйелі  түрде  топ­тобымен  берілген.  Бұдан  ғалымның  дыбыстарды  дауысты,  жарты 

дауысты  (немесе  плавные),  мұрын  жолды,  ұяң,  қатаң  деп  жіктеуде  олардың  қандай 

дыбыстармен  тіркесу  мүмкіндігіне  ерекше  мəн  бергенін  байқаймыз.  Ғалым  тіл 

заңдылықтарын  дұрыс  сипаттаумен  қатар  оның  түсінуге  жеңіл  болуына  да  ерекше  мəн 

берген. Профессор М.Жүсіпов мұндай алмасуларды арнайы сөз етіп‚ алмасу мүшелері бір 

сингармофонеманың позициялық түрлері емес‚ альтернанттар (жеке сингармофонемалар)‚ 

алмасуға  қатынасатын  дыбыстардың  дистрибуциясы  фонологиялық  (позициялық)  емес‚ 

морфонологиялық‚  екенін  айта  келіп‚  алмасудың  тұрақсыздығына  байланысты  оны 


94 

 

морфонологиялық (бейпозициялық) алмасулардың құрамында қарастырады [3]. Олардың 



ерекшелігін‚  алмасу  түрлерін  анықтауы  жағынан  ғалым  тұжырымдары  Қ.Кемеңгерұлы 

еңбектеріне  қайшы  келмейді.  Қосымшаның  басқы  дыбыстарының  ауысуын  түсіндіруде 

Е.Омаров  («Қазақ  тілінің  дыбыстары»)  пен  Т.Шонановтың  (емле  конференциясына 

дайындаған тезистерінде) ұсынған кестелері де Қ.Кемеңгерұлының жіктеуіне ұқсас. Ал «О 

сочетании  звуков  казахского  языка»  деген  мақаласында  [4,  16]  Е.Омаров 

Қ.Кемеңгерұлының осы кестесін пайдаланады. 

Ғасыр басында баспасөз бетінде де, білімпаздар тобында да арнайы сөз болып, көп 

айтыс  туғызған  мəселелердің  бірі  –  бітеу  буындарда  жəне  л,  р,  у,  и  дыбыстарының 

алдында ы(і), ұ(ү) дыбыстарын жазу­жазбау туралы болды. Б.Малдыбайұлы, Малабайұлы, 

Ж.Аймауытұлы,  Т.Шонанов,  К.К.Юдахиндер  “ы  (і),  ұ  (ү)  дыбыстары  дүдəмал 

естілетіндіктен,  кейде  түсіп  қалатындықтан  (орын  –  орны,  мойын  –  мойны  т.б.)  əрі  сөз 

мағынасына əсері болмайтындықтан, р, л, у, и дыбыстарының алдында бітеу буындарда 

жазбай­ақ  қойса да болады” деген  пікірді ұстанады. Ал А.Байтұрсынұлы алғашқы кезде 

бітеу буындарда р,  л,  у, и дыбыстарының алдынан ы,  ұ (соған сəйкес і,  ү) дыбыстарын 

жазбай­ақ  қоюға  болатынын  айтса,  кейінгі  мақалаларында  естілсе,  ы,  ұ  дыбыстарын 

таңбалау керектігін айтады. 

Е.Омаров  “Қазақша  жазу  жайы”,  “Емле  мəселесі”,  “Жазу  мəселесі”  т.б. 

мақалаларында  жəне  конференцияда  сөйлеген  сөздерінде  ы,  ұ  дыбыстары  естілген 

жерінде  қалдырылмай  жазылу  керектігін  дəлелдейді.    Осындай  көзқарасты 

Қ.Кемеңгерұлы  (“Жауропалықтар  үшін  оқу  құралы”,  конференциядағы  сөздерінде  т.б.); 

Есенғали  (“Емле  жайындағы  пікірлер”)  да  қуаттайды.  А.Байтұрсынұлы  мен  Е.Омаров 

бітеу буында ы (і), ұ (ү) дыбыстарының бар­жоқтығын айыру үшін “артықша сезгіштіктің 

керегі  жоқ,  қазақ  құлағы  болуы  керектігін”  айта  келіп,  кейбір  сөздердің  мағынасын 

ажыратуда бұл дыбыстардың əсері бар екенін: жарқ етті – ай жарық; тұрс (тарс-тұрс) 



–  тұрыс  (отырыс-тұрыс);  бүлк  (бүлк  ету)  –  бүлік  (бүлік  шығару),  жорт  (аттың 

жортуы) – жорыт (түсті жорыту) сияқты мысалдарды келтіре отырып дəлелдейді. 

А.Байтұрсынұлы, Е.Омаровтар бітеу буында ы (і), ұ (ү) дыбыстарын таңбаламайтын 

болсақ,  мұндай  мағыналары  екі  түрлі  сөздерді  ажырату  қиынға  түсетінін  айта  келіп, 

естілген жерінде жазып, естілмеген жерінде жазбау керектігін ескертеді. Ал енді “əркімнің 

құлағы əр түрлі естіген немесе солай естіледі деп ұғып, əдеттеніп қалған жағдайда, өлең 

өлшемімен ашылуы керектігін” айтады.  

А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Е.Омаров еңбектерінде қазақ тілінде 

б,  г,  ғ,  д  дыбыстарына  буын  аяқталмайтыны  айтылады.  А.Байтұрсынұлы  д,  ғ,  г 

дыбыстарын сөз соңында келмеуіне жəне жалғау­жұрнақтардың ешбір түрімен де үйлесе 

алмауына байланысты ымырасыз деп атап, өз алдына бір топ қылып жіктеген. 

XX  ғасыр  басында  һ  дыбысына  байланысты  да  көптеген  айтыстар,  пікірталастар 

болды.  Баспасөз  бетінде,  емле  конференциясында  осы  мəселе  төңірегінде  айтысушылар 

екіге  айырылды:  бірі  –  бұл  дыбыс  қазақ  тілінде  бар,  оған  арнайы  таңба  алу  керек 

деушілер:  А.Байтұрсынұлы,  Ж.Аймауытұлы,  Ə.Байділдаұлы  т.б.  болса,  екіншісі  –  бұл 

дыбыс  қазақ  тіліне  тəн  емес  деушілер:  Қ.Кемеңгерұлы,  Е.Омаров,  Т.Шонанов  т.б. 

Ж.Аймауытұлы  мен  Е.Омаровтың  баспасөз  бетінде  қазақ  тілінің  келелі  мəселелеріне 

байланысты айтыстарының ішінде осы һ дыбысы да көп сөз болады. Осындай талас 1929 

жылғы емле конференциясы барысында да туындайды. Ə.Байділдаұлының «һ əрпі керек» 

деген пікіріне Қ.Кемеңгерұлы: «Если у нас во всех иностранных словах, которые вошли в 

казахский язык вообще отбрасывается буква һ,  то это делается потому, что в казакском 


95 

 

представлении  этой  фонемы  нет,  она  имеется  только  в  междометиях  и  то  сомнительно. 



Это  –  факт»,  –  деп,  бұл  дыбыстың  қазақ  тіліне  тəн  еместігін  дəлелдейді.  Бұл  шағын 

үзіндінің  өзінен  Қ.Кемеңгерұлының  фонема,  əріп  терминдерінің  мəнін,  байыбын  терең 

түсінген фонолог ғалым болғандығын байқауға болады. Конференцияда сөйлеген сөзінде 

Қ.Кемеңгерұлы  емле  ережелерін  түзуде  жеке  адамның  айту  ерекшелігін  ескермей‚ 

дыбыстарды  акустикалық  аппараттармен  тексеру  қажеттігін‚  ол  экспериментальды 

зерттеу  (экспериментальное  исследование)  деп  аталатынын  айтады.  Ендеше‚ 

дыбыстардың  сапасын‚  өзіндік  ерекшелігін  анықтауда  ғалым  тəжірибе  жолын  да 

пайдаланған  деп  ойлаймыз.  һ  дыбысының  қазақ  тіліне  тəн  дыбыс  еместігі  туралы 

Е.Омаров,  Қ.Кемеңгерұлы,  Т.Шонанов  т.б.  зерттеушілердің  пікірлері  бүгінде 

Ə.Жүнісбеков, Н.Уəлиев еңбектерінде жалғасын тапқан. 

ХХ  ғасырдың  басындағы  зерттеуші,  ғалымдардың  арнайы  сөз  еткен  мəселелерінің 

бірі – ж, ш, и дыбыстарының жіңішкелікке бейімдігі туралы. Ол туралы 1929 жылғы емле 

конференциясында  да  сөз  болады.  Т.Шонанов  тезистермен  таныстыра  келіп,  ж,  ш,  и 

дыбыстарының  кейбір  сөздерде  жуан,  кейде  жіңішке  (мысалы:  шай  –  шəй,  жай  –  жəй, 



тыйын – тійін) айтылу тенденциясы бар екендігін, сондықтан жазуда əркелкілік болмау 

үшін мұндай сөздерді қалай жазу керектігі туралы арнайы ереже жасау керектігін айтады. 

К.К.Юдахиннің: “Құрамында ж,  ш, и дыбыстары бар сөздер бір жерде жуан, ал енді бір 

жерде жіңішке айтылуы мүмкін. Оның қайсысының дұрыс болатыны туралы тезисте сөз 

қозғамай­ақ  қойса  да  болады”,  –  деген  пікіріне  Қ.Кемеңгерұлы  қарсылық  білдіріп,  бұл 

дыбыстардың жіңішкелікке бейімдігі заңды құбылыс екендігін дəлелдейді.  

Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін‚  емле  мəселесін  сөз  еткен  Қ.Кемеңгерұлы‚ 

Е.Омаров‚ Т.Шонанов т.с.с. ғалымдардың тұжырымдарынан Қазан  мектебінің өкілдері – 

И.А.Бодуэн  де  Куртенэ‚  В.А.Богородицкий  т.б  ғалымдардың  əсері  байқалады. 

Қ.Кемеңгерұлы  “фонема”  атауын  қолданып‚  фонема‚  дыбыс  пен  əріптің 

айырмашылықтарын  түсінген‚  дыбыстардың  корреляттық  байланысын‚  психофонема 

теориясын  т.б.  анықтауы  жағынан  И.А.Бодуэн  де  Куртенэнің  еңбектерімен  таныстығы 

байқалады.  Мəселен‚ қ-к‚ ғ-г‚ һ дыбыстарының ерекшелігін түсіндіруде К.Кемеңгерұлы 

қазақ  индивидінің  ойындағы  (представление  –  Қ.  Кемеңгерұлы)  бейнелерін  ескеріп 

отырған.     

1929 жылғы 18 ақпанда «Еңбекші қазақ» газетінде Қазақстан Орталық жаңа əліпби 

комитетінің емле мəселесі туралы тіл білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға 

ашық  хаты  жарияланады.  Онда  1929  жылдың  20  наурызында  Қазақстан  оқу 

комиссиариаты  шақыратын  білімпаздар  съезіне  дейін  емле  мəселелері  талқылануы 

керектігін  ескерте  келіп  жан­жақты  емлеге  енген  өзгерістерге  оқушылардың  пікірлерін 

сұрайды. Ондай өзгерістер: 

1.  ұзын "ұу", "сұу", "асыулар" бір түрде (ұу) жазылыб, (жіңішке естілгенде де)  бір 

түрлі үу жазылсын. 

2.  Бірнеше  түбірден  құралған  бір  мəнілім  сөз  (бас  алқа,  от  арба,  жел-бау,  көзі 



қорақты, жол соқты, аты сұрау, қан сұрау, күн елту, əр кім, бір жола, еш деңе) тұтас 

жазылсын. 

3.  "Кенжеғұл","Аягөз",  кетпен",  "жоңқа",  Бұрамбай",  сияқты  бір  мəнілі  сөздердің       

ішіндегі дүдəмал дыбыс естілуінше жазылсын. 

4.  Бір мəнілі сөз деп қандай сөздерді айтуға болады? Кей бір дыбыстары жоғалыб, 

екі  түбірден  кірігіб  қысқарған  сөзді  айтамыз  ба?  Сөйлем  ішіндегі  мəнісіне  (сұрауына) 

қараб, бір мəнілі деб табу керек пе? Болмаса, басқа өлшеуіш бар ма? 


96 

 

5.  Тұтас  сөзді”  ішіндегі  "з","ж","ш","с"  дыбыстары  естілуінше  емес,  түбірінше 



жазылсын (тас – тасша, таз – тазша, тəж – тəжша, ас – асша).  

6.  Түбірдің дыбысына жалғау, жұрнақтың дауыссыз дыбысы ықпал етпесін (түн – 



түнгі боп жазылсын, естілуінше түңгі боп жазылмасын). 

7.  л, р, у, и­ден басталатын сөздерде (қаб, лосу, рабай, рұқсат, уақыт, ійне)  ы, у      

дыбыстары сөз басында дүдəмал естілсе жазылмасын. 

8.  Есімшені”  "тұн"  жұрнағы  (баратұн,  келетүн)  естілуінше  "тін"  боб  жазылсын. 

"Үшін", "Үркер" сияқты сөздерде   ү, ө, і, е   жазылсын. 

9.  Демеу жалғауының қосалқы қосымша сөздер (ғой, ғана, дама, мен) дыбыстары 

естілуінше, түбір сөздер сызықша мен айырылыб жазылсын (берді-ғой, рас-қой, шақ-қана, 

жүрсек-те, алды-ма, келіб-бе, адам-мен, еп-пен, болыб). 

10.  Сын  есімді  күшейтетін  үстеу  буындар  (қаб-қара,  об-оңай)  естілуінше  қосылыб 

жазылсын. 

11.  "ау","ай",  одағайлар  сөзге  тіркелгенде  (япырмау,  жанымай)  бірге  жазылсын, 

сөзден бұрын келгенде, бөлек жазылсын (Ай, Асан). 

12.  "Еке" (аға, еке) жұрнағы өзге жұрнақтарша түбірге бірігіп жазылсын (ағаеке). 

13.  Кейбір көмекші етістіктер ( бар, жүр, еді, ген еді ) етістікпен бірге иə сызықша 

мен айырылыб жазылсын. 

14.  "сын","сың"  боб  қысқарыб  айтылатын  "соң"  сөзге  келгенде  бірге  жазылсын 

(барғансоң, онсын

Емле жөнінен тағы қандай ұсынатындарыңыз бар? 

Осыған байланысты басылым беттерінде ұсыныстар жасаған көптеген мақала жарық 

көреді: А. Байтұрсынұлы "Емле туралы" (1929, 27 наурыз); "Емле жайындағы пікірлер"; 

(Ақдəулетұлы Əбділдə, Мұқанұлы Сəбит, Есенғали Манабайұлдарының пікірлері) (1929, 

28  наурыз);    Қайменұлы  І.  "Емлені  түзету  туралы"  (1929,    10,19  наурыз);  Мамытұлы 

"Емле, пəн атаулары туралы" ( 1929, 19 наурыз); Марғұланұлы Ə. "Жазу мəселесі" ( 1929,  

16­17 тамыз);  Аймауытұлы Ж. "Əліпби емлесіне түсінік" ( 1929, 18 ақпан); "uv, ьv,іv,yv" ( 

1929, 9 наурыз);  "Əдеби тіл мен емле" ( 1929, 12 мамыр) т.с.с.  

   Орталық Атқару Комитетінің президиумы мен Халық Ағарту Комитетінің шешімі 

бойынша  1929  жылы  Қызылордада  емлені  реформалауға  байланысты  конференция 

шақырылды.  Сөйтіп,  жаңа  жазудың  графикасы  мен  орфографиясы  жəне  емле 

принциптерін  айқындау  жəне  қазақ  тілі  емле  ережесін  талқылау,  қабылдау  үшін  1929 

жылы  2­4  маусым  аралығында  Қызылордада  ғылыми  орфографиялық  конференция 

шақырылады.  Конференцияда  осы  уақытқа  дейін  емлеге  байланысты  ұсыныстар,  айтыс­

таластар қорытындыланып, жаңа алфавитке сай жаңа емле қабылданады.  

Жаңа  əліпбиге  көшуге  байланысты  емле  мəселесінде  бірқатар  таластар, 

қайшылықтар  пайда  болды.  Олар  сол  кездегі  басылым  беттерінде  жарияланып, 

көпшіліктің талқысына ұсынылып, түрлі пікірталастар мен айтыстарға негіз болды. Ондай 

мақалалардың қатарында Аймауытұлы Ж. "Емле, əріп жайында", "Емлені өзгертуге жоба", 

“Тағы  да  емле  туралы",  Байтұрсынұлы  А.  "Қазақстан  мен  Қазағыстан  туралы",  "Емле 

туралы", Дулатұлы М. "Емле өзгерту жайында", Залыұлы Н. "Қазақша жазу туралы жаңа 

ережелер”,  Қайменұлы  І.  "Емлені  түзету  туралы",  Аманжолов  С.  "Жаңа  емленің  кейбір 

дыбыстарын өзгерту, емле мен терминдерді дұрыстау туралы", Мамытұлы А. "Емле,  пəн 

атаулары",  Омаров  Е.  "Айнымалы  дыбыстардың  жазу  ережесі",    Тоқжігітов  Ж.  "Бас 

əріптің керегі жоқ", Уəлитов Ш. "Емлені өзгерту жайында", Шаймерденов Е. "У" мен "И",  


97 

 

Байтоғайұлы  Б.  "Қос  сөздер  туралы,  Омаров  Е.  "Емле  мəселесі",  Шонанов  Т.  "Шет 



сөздердің імлəсі жайында”  т.б. атауға болады. 

Ұлттық  тіл  білімі  қалыптаса  бастаған  кезеңдегі  зерттеуші,  ғалымдардың 

тұжырымдары  бүгінгі  таңдағы  ғылым  жетістіктерімен  сəйкес  келуі‚  бір  жағынан‚  өткен 

ғасырдың  20­жылдарында  тіл  білімінің  қаншалықты  құлаштап  алға  басқанын  көрсетсе‚ 

екінші  жағынан‚  репрессия  зардабының  нəтижесінде  ғылым  дамуының  қаншалықты 

тежелгенін  де  танытса  керек.  Ірі  тіл  білімпаздарының  қудаланып‚  еңбектеріне  тыйым 

салынуы‚  жазудың  өзгеруі  қазақ  тіл  білімінің  өз  деңгейінде  дамып  жетілуіне  кері  əсер 

еткені даусыз.  

 



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал