Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет51/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы. Астана, 2015 

2  Кенжебеков  Б.Т.  Жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кəсіби 

құзыреттілігін қалыптастыру: автореф. ...пед.ғыл.док: 21.05.05. – Қарағанды: Е.А.Бөкетов 

атындағы ҚарМУ, 2005. – 40 б. 

3  Сейтешев  А.П.  Духовное  развитие  личности  современного  педагога  в  условиях 

Казахстана и его философские основы. Алматы: Гылым, 2001, 180с. 

4Газман О.С. «Педагогика поддержки», «Неклассическое воспитание», Москва, 2002 

г. 

5Айтжанова  Г.К.  Формирование  готовности  будущего  учителя  к  организации 



процесса самоактуализации личности подростков в целестном педагогическом процессе: 

автореф. дисс. канд. пед. наук. КазНАИ им.Жургенова. 2002. 165 с. 

 

ƏОЖ 32 


Абишев Н. 

Мұғалжар орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе, Қазақстан 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАЙЫ  

ЖӘНЕ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ 

 

Abstract. In article questions of interethnic problems in the Republic of Kazakhstan are 

considered. 



415 

 

Keywords: Ethnos, history, multinationality, assembly of the people. 

 

Заманымыздың  қоғам  мəнін  өзгертетін  саяси,  əлеуметтік,  экономикалық 



жағдайларының барша маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде адамның іс­қайраткерлігін 

бағалаудың  өлшемі  мен  алғышарты  ретіндегі  жалпыұлттық  мəдениеттің  мəні  мен 

мазмұнына  жүгінбей  қала  алмаймыз.  Президент  Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық жəне 

мəдени  саналуандығы  мен  төлтумалығын  сақтауға  байланысты  жаңа  қадамдар  іздеген 

жөн»,  –  деген  ұйғарым  жасаған  еді.  Сол  себепті,  ұлтаралық  қатынастарды  жетілдірудің 

өзекті  мəселелерінің  бірі  ұлтаралық  қарым­қатынас  мəдениетін  қалыптастыру  жəне 

дамыту, оған тəрбиелеу мəселесі болып табылады. Бұл мəселе қазіргі таңда ерекше назар 

аударуды  қажет  ететін  өзекті  теориялық  жəне  тəжірибелік  мəселелер  ішінде  басты 

орындардың  біріне  ие  болуы  тегін  емес.  Ұлтаралық  қатынастардың  əлеуметтік­

экономикалық,  саяси  жəне  рухани  аспектілерінен  бөлек,  жалпы  қарым­қатынас 

мəдениетінсіз  жəне,  əсіресе,  ұлтаралық  қарым­қатынас  мəдениетінсіз  ұлтаралық 

қатынастарды салауаттандыру мүмкін емес. 

Жаңа  замандағы  өзекті  мəселеге  айналған  Ұлтаралық 

қатынас

 көп  ұлтты 



ҚР­

да

 ерекше 



көңіл

 аударуды  талап    ететін  мəселелер қатарында  екені  рас.  Қазақстан 

жерін 

мекендейтін



 халықтардың 

достық


,  туысқандық,  толерантты 

қарым­қатынасы

оларды  біртұтас  мақсатқа  жетелейтін  жетекші  ұлттық 



мүдде

 болуы  қазіргі жаңашыл 

саясаттың

 маңызды  бөлігіне  айналды.  Мұнда 

Түркия

  тəжірибесін  мысал  ретінде  алуға 



болады.  Кемал  Ататүрік  халқын  біртұтас  ұлттық  қозғалысқа  біріктіре  отырып,  ұлттық 

идеологияны  қалыптастырды.  Түркияның  бүгінгі  басшылары  Ататүріктің  жолын  қуып, 

қазіргі 

эволюциялы 

заманға 

лайықты 


ізгілікті 

мақсаттарды 

көздейтін 

ұлттық 


мемлекетке

 айналған. 

Қазақстан

 да  жаңа  дəуірге  бейімделген  өзіндік  жолын 

таңдап  алды. 

Кеңес  Одағы

 ыдырар  алдында 

елде


 бұрын  байқалмаған  толқулар 

күшейді. 

Н.Назарбаев

 «Ғасырлартоғысында» 

кітабында

:  «Еңқауіптісі  —  олар  таза 

ұлттықcипат ала бастады. 

Ұлт 


мəселесінің

 соншалық асқындауы əуелі теориялық 

дəрменсіздіктен

 етек алды», 

—  деп  жазды.  Ал  XX  ғасырдың  соңында  тек  Кеңестер  елінде  ғана  емес, 

бүкіл 


əлемде

 ауқымды 

ұлттық

 оянудың 



үдере 

бас 


көтеруі 

басталған 

болатын.Тоталитарлы 

жүйе


 тұсындағы  жалпы  мемлекеттік 

саясатқа


 эклектизм,  яғни 

қарама­карсы  əр  түрлі  философиялық 

көзқарастарды

,  теориялық  алғышарттарды,  саяси 

тұжырымдарды

 қалай 


болса 

солай 


дəйексіз 

біріктіре 

салу 

тəн


 болды. 

Соның 


нəтижесінде

 

ұлттарды



 аға  буын  мен  ініге  теңеуге  бағытталған   

саясаты


келеңсіз 

көріністер

 орын  алды.  Кеңестің  көпұлтты  халқы  тоталитарлық  сая­

си 

əдістермен



 біріккен 

қауым


, оның мəдени негізі идеологияландырылған кеңес мəдениеті 

болды.  Сол  себепті  саяси  қатаң 

тəртіп

 сол  əлсіреген  кезде  «адамдардың  жаңа  тарихи 



қауымдастығы» ыдырап кетті. 

Кеңес өкіметі

 құлағаннан кейін бұрынғы 

ұлт


 саясатындағы 

бір  ұлтты  жоғары  қою  арқылы,  екіншілерін  төмендету,  екінші 

қатарға

 ысырып  тастауға, 



империялық 

көңіл  күйге

,  экстремистік  əрекеттерге  тосқауыл  қойылды. 

Ұлт


 мəселесі 

«атылмаған 

жанартау» 

болудан 


қалып, 

ұлт 


мəселесінің 

ақылды, 


парасатты

 

шешімдерді



 қажетететіндігі нақтылы түрдемойындалды. 

Бұл 


парасаттылықтың

 астарында  əрбір  қазақстандықтың  өзін,  ең  алдымен, 

қазақстандық  екендігін,  сонан  кейін  өз 

ұлтының


 

перзенті


 екендігін  сезінгенде  ғана 

ұлтаралық

қарым­қатынастың

 жоғары 


мəдениеті

 қалыптасады.  Сонда  ғана  шынайы 



416 

 

ұлттық 



келісім

 мен шынайы саяси жəне қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол 

қазақстандық  патриотизмге  негізделуі  қажет.  Ұлтаралық,  этностық  топтар  арасындағы 

келісім — барша азаматтың нəсіліне, 

ұлтына

, діни 


сеніміне

 қарамастан қашанда бір­біріне 

көмекке  келуге  əзірлігі,  психологиялық  тұрғыдан  дайындығы, 

достық


 қарым­қатынасын 

бейнелейді.  Қазақстанның  даму,  өсу, 

өркендеу

 жолындағы  басым  бағыт­тарының  бірі 

ұлттық  келісім,  ұлтаралық 

қарым­қатынас

 

мəдени­етінің



 жоғары  деңгейі  екені  даусыз. 

Əрине, ұлттық 

келісімге

 келгенде, əрбір  азаматтық құқы сақталуы 

шарт

 екендігі түсінікті. 



Сонымен  қатар  елдегі  саяси  тұрақтылықтың  кепілі  ретінде  ұлтаралық  келісіммен 

бірге 


халықтың

 əл­ауқатының жақсаруы да өз 

əсерін

тигізеді [2, 15­16]. 



 

Қазақстан Республикасындағы

 ұлт 

саясатының



 

бағдарламасы

 саяси тұрақтылықтың 

кепілі  болып  қала  бермек.  Күллі  қазақстандықтардың  теңдігін  қамтамасыз  ету 

үшін

əділеттік



 принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған 

орай еліміздегі қазақ 

ұлты

 мен басқа этикалық топтардың 



мəдениетін

, жан­жақты дамуын 

қамтамасыз  етудің 

маңызы


 зор.  Қазақтар 

Кеңес  Одағы

 ыдырап,  көптеген  ұлттық 

топтардың 

өз 

отанынан 



жырақта 

қалған 


жағдайын 

жақсы 


түсінеді. 

Тоталитаризм

 жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, 

миллионда­ған 

қазақтар

 шетелге кетуге мəжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. 

Ендеше  кеңестік тоталитаризм қазақ  халкының  басына  да  орны  толмас  бақытсыздықтар 

əкелді.  Əрі  халқымыздың  басым  көпшілігі  өздерін  Қазақстанның 

азаматы

 ретінде 



танитыны  айдан  айқын. 

Азаматтыққоғам

 идеяларын  жалпы 

ұлттық


 идеялармен  бақылай 

отырып, республикадағы азаматтық 

қауымдастықты

 қалыптастыруға əбден болады.  

 

1999


 жылғы 

елімізде 

болған 

маңыздылыққа 



еи 

кезекті 


Бүкілхалықтық 

санақ


 Қазақстантұрғындарының 

ұлт


 

құрамында

 саныжағынанбіріншіорын

да 


қазақтар

,  екіншіорында–   

орыстар

,  үшіншіорында– 



украиндар

,  төртінші  орында  – 

өзбектер

, бесінші орында – 

немістер

 жəне т.с.с. болғандығын көрсетті. Қазақтар 

Оңтүстік 

Қазақстан  облысында

 –13  мың, 

Алматы  облысында

 –  925  мың, 

Шығыс  Қазақстан 

облысында

 –740 мың, 

Жамбыл облысында

 –640 мың адам. Ал орыстар 

Шығыс Қазақстан 

облысында

 –700  мың, 

Қарағанды  облысында

 –610  мындай, 

Қостанай  облысында

 –430 

мыңдай, 


Солтүстік  Қазақстан  облысында

 –360  мыңдай,  Павлодар  облысында  –  330 

мың, 

Ақмола облысында



 –330 мың адам орналаскан. 

Қазіргі ұлтаралық қатынастар əр түрлі деңгейде дамуда болады. Ұлтаралық қарым­

қатынасты қалыптастыру үшін бұл қатынастарды мына деңгейлер бойынша əлеуметтік – 

педагогикалық талдауды жүзеге асырған абзал:   

­ дүниежүзінің халықтарының қатынастары;  

­ ТМД халықтарының қатынастары;  

­ Қазақстан халықтарының қатынастары; 

­ саны аз халықтардың, ұлттық азшылықтың, этникалық топтардың, диаспоралардың, 

иммигранттардың, босқындардың өмірінің этноəлеуметтік жағдайы.   

Осы  орайда  ұлтаралық  қатынастардың  деңгейлерінің  жиынтығы  жалпы 

адамзаттықтың  жəне  ұлттықтың  белгілерін  көрсететін  жəне  олардың  өңірде, 

мемлекеттерде,  мемлекетаралық  жəне  халықаралық  бірлестіктерде  ерекше  крініс 

табатынын  ескертуге  тиісті.  Мұны  жалпыадамзаттық  пен  ұлттық  өзара  жалпы  жəне 

ерекшелік  арақатынаста  екендігімен  түсіндіріледі.  “Жалпы  адамзаттық  қызығушылықты 

түсіну  үшін  ең  алдымен,  ­  деп  жазады  Ф.М.Достоевский,  ­  өзің  үшін  ұлттықты  жақсы 

ұғынуың  керек,  себебі  ұлттық  қызығушылықты  мұқият  біліп  болғаннан  кейін  жалпы 

адамзаттық  қызығушылықты  түсінетін  боласын...  ұлттық  туралы  айтқанда,  ­  деп 


417 

 

жалғастырады  ол,  ­  біз  бүкіл  адамзаттың  қызығушылығына  жиі  қайшылық  əкелетін 



мүдделікті айтып отырған жоқпыз. Жоқ, біз халықтардың қызығушылығына əрекет ететін 

шынайы ұлтшылдықты ойға алып отырмыз”­деп айтқаны бар.  Ұлтаралық  байланыстарды 

тəрбиелеудің  мақсаттарының  бірі  –қоғамның  жалпыадамзаттық  жетістіктер  мен 

құндылықтарға баулу. Ол үшін олар білім беру мазмұнында мынадай бағыттар бойынша 

көрініс  табу  керек:    əр  түрлі  елдердегі,  материктердегі  жəне  тұтас  дүние  жүзіндегі 

этнодемографиялық  жағдай,  дүниежүзінде  болып  жатқан  əлеуметтік  этникалық 

өзгерістер,    қарама  қайшылықты,  көпэтносты  дүниежүзінің  бірлігі  жəне  бөлінбейтіндігі, 

Европа жəне дүниежүзінің басқа да аймақтарында халықтардың интеграцияға деген бағыт 

алуы,  халықтардың  ғаламшарлық  процестері  жəне  ғаламдық  мəселелері.    Біздің 

ғаламшарда үш мыңнан астам əр түрлі этникалық қауымдастықтардың (тайпа, этникалық 

топтар, ұлыстар, ұлттар) бар екендігін жəне олар екі жүзден астам мемлекеттің құрамына 

кіретіндігін  білу  керек  [3,  19].    Сол  негізгі  ақпаратты  қоғамның  достық  қарым­

қатынастарын дамыту қазіргі жаңашыл қоғамның дамуына алғышарт екеніне күмəн жоқ. 

Қазіргі  əлемнің  этноаясы  жеткілікті  түрде  күрделі,  өзгермелі  динамикалы  жəне 

қайшылықты болып  табылуы тұрақсыз саяси  жағдайға байланысты екені  рас.  Онда сан 

мыңдаған,  ал  кейде  жүздеген  адамды  ғана  қамтитын  архаикалық­этникалық 

қауымдастықтармен қатар, қазіргі сан миллиондаған адамдарды құрайтын этностар бірге 

өмір  сүреді.  Барлық  бұл  этностар  əлемдегі  əлеуметтік­саяси  жəне  экономикалық 

құрылыстары  əр  түрлі  жəне  көбіне  полиэтникалық  екі  жүзден  астам  елдің    құрамына 

кіреді.  Тек  жиырмаға  жуық  мемлекеттер  ғана  салыстырмалы  түрде  моноэтникалық  деп 

есептеледі,  өйткені  ондағы  этникалық  аз  ұлттар  жергілікті  халықтың  5%­ден  азын 

құрайды. Сонымен моноэтникалық мемлекеттер де этникалық тұрғыда абсолютті біртекті 

болып  табылмайды.  Қазақстанның  ерекшелігі  халқының  көп  этникалық  жəне  көп  дінді 

құрамымен айқындалады. Республикада көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 

Олардың кейбірі тығыз шоғырланған, мұның өзі Қазақстан Республикасының этникалық­ 

мəдени көп қырлығы мен ерекшелігін күшейте түседі.  Барлық этностар, ірісінен бастап – 

қазақтар (8 млн. жақын) санының, ең азына дейін таттар (51 адам) ерекше этномəдениет 

құрылымға,  санасымен  жəне  мінез­құлқына  ие  болған,  өзара  əлеуметтік,  экономикалық, 

мəдени, отбасылық т.б. көптеген байланыстарға түсуде.  

Əрбір мемлекеттегі бейбітшілік жəне келісім, оның қауіпсіздігі жəне тұрақтылығы 

этносаралық 

қарым­қатынастың 

орнықтылығына, 

төзімділікке 

жəне 

оң 


бағытталғандығына  көбіне  көп  байланысты  [3,  21].  Жас  ұрпақта  патриотизмді, 

азаматтықты,  дінге  төзімділікті  жəне  халықтар  достастығы  сезімін  қалыптастыруда  көп 

ұлтты  мемлекет  шеңберінде  дамып  жатқан  ұлттық  қатынастар  мəнді  əсер  етеді. 

Сондықтан  мектепте  ұйымдастырылатын  тəрбиелік  процесс  көп  ұлтты  мемлекетте 

құрылған  этноəлеуметтік  жағдайды  педагогикалық  тұрғыдан  талдаудан  алынған 

мəліметтерді  ескеріп,  практикалық  іс­əрекетінде  оған  сүйену  керек.  Осы  орайда  мына 

факторларға назар аударылған орынды: ­қоғамдық­ мемлекеттің  құрылымының формасы, 

діни  конфессиялардың  өзара  қатынастары,  халықтардың,  олардың  тілдерінің  жəне 

мəдениетінің өзара қатынастары, сепаратизмнің жəне ұлттық шектеушіліктің көріністері, 

елдің  халықтары  достастығы  рухында  азаматтарды  тəрбиелеу  тəжірибесі.    Көп  ұлтты 

мемлекеттердің  маңызды  міндеті  –  бұл  елдің  бірлігін  бекіту  жəне  оның  халқын 

топтастыру.  Бұл  міндет  оқу  орындарында  білім  беру  жəне  жастарда  патриотизм, 

азаматтық,  халықтар  достығының  сезімдерін  жəне  санасын  тəрбиелеуге  арнайы 

ұйымдастырылған  жұмыс  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Халықтың  көп  ұлттылығының 



418 

 

артуы    ұлттардың  жақындасуының,  қоғамдық  өмірдің  интернационалдану  деңгейінің  



көрсеткіштерінің бірі. 

Зерттеп  талдау  (Р.Əбсаттаров,  Т.Сарсенбаев  т.б.)  Қазақстанның  этносаралық 

қатынасын қалыптастыру жолы үш кезеңнен тұрғанын көрсетеді.    Бірінші 

кезең. 


Тарихшылар қазақтардың халық ретінде генеалогиялық бастауын, Қазақстанның мемлекет 

ретінде  егемендігін  тарихи  факт  ретінде  ХІV­ХVІ  ғғ.  қалыптасу  уақытын  көрсетеді. 

Тарихи  тұрғыдан  алғанда  Қазақстан  бір  ұлтты,  дамып  келе  жатқан  ел  болды.  Қазақстан 

ХІХ  ғ.  ортасында  Ресейге  қосылғаннан  кейін  көп  ұлтты  елге  айнала  бастады.  Ресей 

патшалығының  интеграциялық  жоспары  бойынша  қазақтар  өзінің  ұлттық  тілінен  бас 

тартып,  жаңа өмір салтын қабылдауға, жаңа қоғамды қалыптастырудың  негізгі қалаушы 

шарт  бойынша ассимиляцияға түсу керек еді.  Нəтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында – ХХ 

ғ.  басында  патшалық  Ресейдің  отаршылдық  саясатының  барысында  қазақтар  Европаға, 

Монголияға,  Түркия,  Қытай  т.б.  елдерге  қоныс  аударды.    Дүние  жүзінің  44  елінде  13,5 

млн.  қазақ  тұрады.  Олардың  53,4%  Қазақстан  Республикасында,  1  млн.  жақын  Ресей 

Федерациясында,  2  миллиондай  Қытайда,  2  миллионға  жуығы  Өзбекстанда  өмір  сүріп 

жатыр.   

 

Əлемдік  қауымдастықты  алаңдатып  отырған  үлкен  мəселелердің  бірі  “үшінші 



елдердің”  алдыңғы  қатарлы  Батыс  державалармен  салыстырғанда  экономикалық  артта 

қалу үрдістерінің күннен­күнге артуы. Өткен ғасырдың 50­60 жылдары колониялық жүйе 

құлаған  болатын.  80­ші  жылдардың  ортасына  қарай  “үшінші  елдердің”  Батысқа  қарызы 

триллион доллардан асып түсті. БҰҰ­ның мəліметтеріне қарағанда, дүниеде жыл сайын 50 

млн. адам аштан өледі екен. Оның басым көпшілігі дамып келе жатқан елдердің үлесіне 

тиеді.   

Екінші  кезеңге  1937­1944  жылдарды  жатқызуға  болады.  Қазақстанға  түгелдей 

республикаларды,  халықтарды  қоныс  аударған  күрделі  де  тарихи  ескерткіш  жылдар: 

Чечен­Ингуш, Қарашай­Черкес республикалары, Балтық жағалауы республикалары, түрік­

месхитендер,  Ресейдің  Қиыр  шығыс  халықтары:  карестер,  дунгандар,  басқа  да  халық  

өкілдері  –  украиндықтар,  белорустар,  немістер  жəне  т.б.  көптеген  халықтар.  Осы  күнге  

шейін  Қазақстанға  депортацияланған  адамдардың  дəл  саны  белгісіз,  1920  жылдан  1949 

жылға дейінгі 30 жылдың ішінде КСРО­да 3 миллион 200 мың адам жер аударылды.  Бұл 

қайғы  ­  қасірет  жөнінен  Қазақстан  жері  көш  басына  шықты:  зерттеушілердің  есебі 

бойынша мұнда жылдары 1 миллион 200 мыңнан астам арнайы қоныстанушылар болған 

[4, 220].  

 

 

Жаңа  заманда  Тарихи  қалыптасқан  жағдайдан  пайда  болған  этноұлттық, 



конфессионалдық  жəне  тілдік  ала­құлалықты  қазақтардың  əлеуметтік  ­  мəдени  дамуына 

əсер  етпей    қоймайтыны  рас.  Ресейлік  Метрополия  аңсаған  депортацияланған  халықтар 

“балқытылып”  бірыңғай  ұлтқа  айналмады.  Бүкіл  халықтар  ұлттық  мінездің  ерекшелігін, 

тілін, мəдениетін, салт­дəстүрін  сақтап қалды.     

 

 

 



 

 

Үшінші  кезеңді  өткен  ғасырдың  90­шы  жылдарына  дейінгі  уақытқа  жатқызуға 



болады,  яғни  КСРО­ның  ыдырау  кезеңінен  бастап.  1979  жылғы  санақтың  мəліметтері 

бойынша жергілікті халықтың, яғни қазақтардың ең аз проценті Қазақстанда 36 % екенін 

көреміз. Оның саны соңғы отыз жылдан астам уақыт  бойында үнемі өскенін айту керек, 

бірақ республика халқының құрамындағы үлес салмағы кеміп кетті, мұның негізгі себебі 

50­ші  жылдардың  ортасында­ақ  онда  барлық  одақтас  республикалардан  əр  түрлі 

ұлттардың  еңбек  адамдары  орталықтың  шақыруы,  жіберуі  бойынша  тыңда  игеруге 



419 

 

көмекке  келеді  де,  олардың  көпшілігі  Қазақстанда  қалды,  яғни  оны  өздерінің  тұрақты 



мекені етіп таңдап алды.    

 

 



 

 

 



 ҚР  Президенті  жанындағы  Стратегиялық  зерттеу  институтының  қызметкерлері 

оннан  астам  этникалық  ареалдарды  шоғырландыру  анықтаған:    1.  Орыстар  тұтас 

орналасқан  Солтүстік  ареал  бұрынғы  Тың  өлкесі,  Қарағанды  облысы  2.  Орыстардың 

урбанизацияланып  орналасқан  оңтүстік  ареалы  Алматы,  Талдықорған  аймағы,  Жамбыл 

жəне Оңтүстік  Қазақстан облысы. 3. Орыстардың орналасуының шығыс өндірістік ареалы 

Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысы.  

4.  Орыстардың  орналасуының  батыс  “тілімделген”  “черезполосный”  ареалы.  5. 

Украиндықтардың  орналасуының  Солтүстік  Батыс  селолық  ареалы  (Қостанай  обылысы, 

Федоров  ауданы).    6.  Немістердің  орналасуының  селолық  Ерментау  Целиноградтық 

ареалы  (Ақмола  облысы).  7.  Поляктардың  орналасуының  селолық  келлеровтық  ареалы 

(Көкшетау облысы) 8. Өзбектердің орналасуының Сайрамдық қала айналасындағы ареалы 

(Оңтүстік  Қазақстан  облысы).  9.  Өзбектердің  орналасуының  Түркістандық  селолық­

қалалық ареалы Оңтүстік Қазақстан обл.  10. Ұйғырлардың Іле­Жаркент селолық ареалы 

Алматы  облысының  Талдықорған  аймағы.  11.  Татарлардың,  карестердің,  еврейлердің 

орналасуының Алматылық жоғары урбанизацияланған  ареалы [5, 23].  

 

 



 

Осындай  тарихи  қалыптасқан  құбылыс  барлық  ұлттардың  мүдделерін  ескеруді 

талап  етеді.    Елдердің  этноəлеуметтік  ерекшелігін,  тұрғындардың  ұлттық  құрамын, 

халықтардың  орналасу  типін  олардың  өзара  қатынасының  тарихын  ескере  отырып 

дүниежүзінің мемлекеттерін шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:   

1. Иммигранттардан құрылған мемлекеттер   

2. Əдеттегі көпұлтты мемлекеттер   

3. Тең құқықты халықтардың одағынан құрылған мемлекеттер.    

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша “Қазақстан Республикасы –  



Қазақстан  ­  дүниежүзіндегі  ірі  көп  ұлтты  мемлекет,  онда  қайталанбас  ерекшелігі 

бар материалдық жəне рухани мəдениеті бар жүзден астам ұлт  пен ұлыс тұрады.  

  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  идеясы  Қазақстан  Республикасының  тұтастық, 

қазақстандықтардың  бірыңғай  мемлекеттің  азаматы  деген  идеямен  байланысты. 

Қазақстандықтардың  жалпыұлттық  идеясы  мыналарды  ұйғарады:  халықтың  өзіндігін 

сыйлау;  халықтардың  өзара  тең  жəне  өзара  пайдалы  ынтымақтастығын  мойындау; 

нəсіліне,  ұлтына  жəне  дінге  деген  қатынасына  қарамай  азаматтардың  құқығын  жəне 

еркіндігін  жүзеге  асыру;  адамның  ұлттық  абыройын  қорлауға  жол  бермеу;  ұлттық, 

нəсілдік  жəне  діни  жеккөрушілікті  насихаттауға  тыйым  салу;  ұлтаралық  қатынастарды 

бейбіт құралдармен реттеу; ұлтаралық бейбітшілікті жəне келісімді қамтамасыз ету; елдің 

тұрғындарын  халықтар  достығы,  ұлтшылдықты,  расизмді,  шовинизмге  жеккөрінішті 

рухта  тəрбиелеу.  Еліміздің  халықтарының  достығы  жəне  рухани  бірлігі  қазақстандық  

мемлекеттіліктің  тірегі  болатын  қазақ  халқының  ұлттық    хал­жайына  көбіне  көп 

байланысты.Қазақстан  халықтарының  өрлеуі  жəне  дамуы  елдің  көпұлтты  халықтың 

біріктіруші  негізі  қазақ  халқының  өрлеуімен  жəне  дамуымен  өзара  байланысты.  Ең 

алдымен  мемлекет  құраушы    этнос  ретіндегі  қазақтардың  рөлін  ұмытпауымыз  керек. 

Қазақстанның    тəуелсіздігі  ­  қазақтарға  тағдырдың  тартқан  сыйы  емес,  өзінің  ежелгі 

жерінде  қилы  кезеңді  бастан  кешу  арқылы  қол  жеткен  өз  мемлекеттілігін  құруға  деген 

заңды  құқығы.  Бұл  даусыз  тарихи  жəне  саяси  фактіге  ешкім  күмəн  келтіруге  тиіс  емес. 

Қазақ ұлтының өз мəдениеті мен тарихын, ұлттық төлтума болмысын жаңғыртуға деген 

ұмытылысына  Қазақстанның  басқа  ұлттары  азаматтарының  тарапынан  құрметпен  қарау 


420 

 

елдегі  тұрақтылықтың стратегиялық негізі мен азаматтары арасындағы  сенімнің факторы 



болып табылады.    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет