Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет52/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер: 

1  Ақпараттық  мəдениет  негіздері.  /  Бекова  С.М.,  Якупова  Р.И.,  Тастанбекова  Г.Н.  ­ 

Алматы: Бастау баспасы, 2011. ­ 232 б. 

2  Қазақстан  тарихы:  Аса  маңызды  кезеңдері  мен  ғылыми  мəселелері.  Жалпы  білім 

беретін мектептің қоғамдык ­ гуманитарлық бағытындағы 11­сыныбына арналған оқулық / 

Қойгелдиев М., Төлеубаев Ə., Қасымбаев Ж., т.б. ­ Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ­ 304 

б 

3  Казьмина О.Е., Пучков П.И.  Основы этнодемографии: Учеб.пособие. ­ Москва: Наука, 



1994. ­ 253 с. 

4  Жамбылов Д. Саясаттану: оқулық /

 

Жамбылов


 

Д.А. ­ 2­бас., өнделiп, толық. ­ Алматы: 

Жетi жарғы, 2005. ­ 280 б. 

5  Потенциальные этноконфликты в Казахстане и превентивная этнополитика. ­ Алматы: 

КИСИ при Президенте РК, 1997. ­ 40 с. 

6  Қазақстан Республикасының Конституциясы. ­ Алматы: Қазақстан, 1995.      ­ 47 б. 

 

 

ƏОЖ 378.091.3 



 

Абсатова М.А.

1

, Садыкова Ж.А.,

 2 

Ажибаева Ж.Ш. 

3

 



п.ғ.д., профессор, Абай ат.Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 

 Алматы, Қазақстан, e-mail: 

absatovamar@mail.ru

 

2

бастауыш сынып мұғалімі, К.А.Яссауи атындагы 123 мектеп-гимназиясы

 

Алматы, Қазақстан, 



п.ғ.м.,Абай ат.Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Алматы, Қазақстан, e-mail



ajibaievajuldiz@mail.ru

 

 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК АМАЛДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

Abstract.The  article  discusses  the  implementation  of  the  action  competence  in 

accordance  with  today's  requirements.  The  training  is  offered  several  ways  of  realization 

competence.  Efficiency  improvement  of  education  student  with  by  changing  the  forms  and 

methods of training. 

Keywords:competence, education, activities, educational activities, students. 

 

Соңғы  жылдары  білім  беруді  модернизациялаудың  басты  идеяларының  бірі  –

адамның құзыреттілігін қалыптастыру болып отыр. Осыған орай, жаңа заман тұлғасының 

қалыптасуы мен оған білім беруде құзыреттілік тұрғыдан қарау мəселелеріне, сондай ақ, 

оқушылардың  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мен  болашақ  мамандардың  кəсіби 

құзыреттіліктерін  дамыту  мəселелеріне  ереулі  көңіл  бөліп,  жан­жақты  зерттей  білген 

отандық ғалымдарымыздың еңбектерін ерекше атап өтуге болады 

Біздің  бұл  мақаланы  жазудағы  басты  мақсатымыз  –құзыреттілік  амалды  біртұтас 

педагогикалық үрдісте жүзеге асыру  жолдарымен таныстыру. 

Негізгі  кезең  –  оқыту  əдістемесін  (əдістерін)  өзгерту,  олардың  мəні  білім 

алушылардың  өзінің  жауапкершілігіне  негізделген  жұмыс  істеу  формаларын  енгізу  мен 

байқап  көруде.  Бұл  оқытушының  бір  жақты  белсенділігінен  білім  алушылардың  өз 



421 

 

бетінше  оқуына,  олардың  жауапкершілігі  мен  белсенділігіне  қарай  ығыстыру,  барлық 



өзгертулердің  қандай  да  бір  ортақ  қорытындысы  бар,  оның  ішінде  түйінді 

құзыреттіліктерді дамытуға бағытталғандары да бар.  

Оқыту  əдістемесін  өзгерту  білім  алушылардың  жүктемесін  азайту  мəселесін 

мазмұнды механикалық қысқарту есебінен емес, жекелендіру (жеке траекторияны жазу), 

назарды  ақпаратпен  жұмыс  істеу  тəсіліне  аудару,  жүктемені  топтық  бөлу  жəне 

мотивацияны  өзгерту  есебінен  шешуге  мүмкіндік  береді.  Осыдан  басқа  оқытушының 

механикалық  жүктемесін  азайту  іске  асады,  оқытушының  өзінің  мотивациясын  өзгерту 

үшін мүмкіндіктер жасалады.  

Оқытушы мен білім алушының іс­əрекетінде болатын өзгерістер: 

Ең  алдымен,  құзыреттілік  амалға  көшу  кезінде  жетекші  талаптардың  бірі  білім 

алушыға  көп  шамада  еркіндік  пен  жауапкершілік  беру  болғандықтан,  оқытушы  іс­

əрекетіндегі көптеген өзгерістер оның жұмысын студенттің мотивациясын дамытуға қайта 

бағдарлаумен байланысты болады. Оқу іс­əрекетін мотивациялау туралы дəстүрлі мəселе 

бұл жағдайда теориялық жазықтығынан парктикалық жазықтығына ауыстырылады.  

Оқу  үдерісінде  ішкі  мотивацияны  жоғарлатудың  дəстүрлі  болып  кеткен  бірқатар 

тəсілдері  бар  екен  айта  кету  керек,  оларды  пайдалана  отырып  жоғарыда  айтылған 

көптеген қиындықтарды болдырмауға болады. Ол үшін педагог мына талаптарды сақтауы 

керек: 


1. Сабақта жарысу жағдайларын мүмкіндігінше сирек пайдалану. Одан да тұлғаны 

өзінің  нəтижелері  мен  жетістіктерін  талдау  мен  салыстыруға  үйреткен  жөн.  Жарысу 

жағдайларын іс­əрекеттің ойындық түрлеріне ауыстыруға болады.  

2.  Оқу  мақсаттарын  «жоғарыдан»  таңбауға  тырысу  керек.  Мақсаттар  мен 

міндеттерді білім алушылармен бірге анықтау едəуір тиімдірек болуы мүмкін.  

3.  Мүмкін  болатын  кезде  уақыттық  шектеулерді  болдырмауға  тырысу  керек, 

өйткені  ол  тек  шығармашылықты  дамытуды  басып  қана  қоймай,  ішкі  мотивацияның 

дамуына кедергі келтіреді.  

4. Оқу тапсырмаларының тек жас ерекшеліктерге сəйкес келуін ғана емес, оңтайлы 

күрделілік  деңгейіне  ие  болуы  керек  екенін,  білім  алушының  шеберлігі  мен 

құзыреттілігінің көрінуіне ықпал етуін қадағалау қажет.  

5. Білім алушының еркіндігін шектемей, оқу тапсырмасын таңдау құқығын беру. 

6. Оқу тапсырмасын мүмкіндігінше жаңашылдық жəне күтпегендік элементтермен 

іріктеп алу, бұл оларды орындау барысында ішкі қызығушылықты қалыптастыруға ықпал 

етеді.  

7.  Тұлғаның  субъективті  (өзіндік,  иемденген)  оқу  материалдарымен,  тіпті  пəндік 

салада, жұмыс істеуге тырысу.   

Екіншіден,  жұмыстық  мақсаттар  ретінде  құзыреттілікті  дамытуды  ерекшелеп 

алумен байланысты оқытушының көзқарасы да өзгереді. Оқу үдерісін негізінде оқытушы 

мен білім алушы арасындағы өзара қарым­қатынас сипатының өзін өзгерту идеясы жатқан 

техникалармен  «қолдауға»  арналған  əртүрлі  əзірлемелер  сұранысқа  ие  болады.  Бұған 

«тьюторлық»,  «тəлімгерлік»,  оқытушының  координатор  мен  серіктес  қызметін  орындау 

нұсқалары жатады: 

­ Білім алушыларды мəселемен жəне оны тереңінен шешу үдерісімен қызықтыруға, 

ебін  тауып  қойылған  сұрақ  көмегімен  шығармашылық  ойлауды  ынталандыруға  тырысу 

қажет. 


422 

 

­  Білім  алушылардың  өзіндік  шешім  табуға  тырысу  кезінде  жіберілген 



қателіктеріне  шыдамдылық  таныту  қажет.  Тек  білім  алушы  өзінің  іздеу  жұмыстарына 

сенімсіздікті  сезіне  бастаған  сəттен  бастап  қана  өзінің  көмегін  ұсынуы  керек  немесе 

қажетті дерек көздерге бағыттауы тиіс. 

­ Зерттеу процедураларына сыни  көзқарасты, жұмысты жақсарту жəне зерттеудің 

жаңа бағыттары бойынша ұсыныстарды мадақтау.  

­  Топтағы  талқылауды,  зерттеу  жұмыстарын  жəне  шешімдерді  практикаға  енгізу 

бойынша жұмыстарды мəселеге қызығушылықты жоғалту белгілері пайда болғанға дейін 

аяқтау.  

­  Мотивация  сақталған  жағдайда,  басқалары  жаңа  мəселеге  жол  іздеп  жатқанда, 

жекелеген білім алушыларға мəселемен ерікті негізде жұмыс істеуге рұқсат беру. 

Үшіншіден,  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  үшін  позитивті  контекст  жасауда 

сонымен бірге мыналар маңызды мағынаға ие: 

­  Студенттер  өздерінің  қалыптасып  қалған  сенімдері  мен  стереотиптеріне  қарсы 

келетін  жаңа,  бейтаныс,  алуан  түрлі  жəне  күрделі  мəселелерді  шешуді  қолдарына 

алуларын талап ету. Бұл талап, алайда, тіптен жалпыланған сипатқа ие бола алмайды, ол 

білім алушылар үшін маңызды жəне қызықты болатын іс­əрекет салаларымен байланысты 

болуы керек.  

­ Студенттерге олар үшін жаңа іс­əрекетке (көшбасшылық, инновациялық, зерттеу 

жəне т.б.) қатысуға кеңінен мүмкіндіктер беру жəне олар үшін маңызды мақсаттарға жету 

тұрғысынан жұмысты орындауға ұмтылған кезде қолдау көрсету.  

­  Студенттермен  бірге  олар  үшін  жаңа,  маңызды  міндеттерді  қою,  олар  іс­

əрекеттерінің  табысты  болуына  қолдау  көрсетіп,  сенім  білдірген  жағдайда  жоғары 

стандарттар  деңгейінде  орындалуы  тиіс.  Өзіндік  оқу  жұмысын  орындау  кезінде  жоғары 

стандарттарға  жету  қажеттілігін  үнемі  көрсетіп  отыру;  бұған  баяндамалар  дайындау, 

семинарлар  өткізу  жəне  факультет  қызметкерлерімен  бірге  ерекше  зерттеулер  жүргізуге 

қатысу жатады.  

­  Студенттерге  кəсіптік  қызметтен  алатын  тəжірбиенің  белгілі  бір  түрін  игеруге 

кедергі  келтіретін  немесе  олардың  қанағаттануын  жасыруға  мəжбүрлейтін  директивті 

ережелерден аулақ болу.  

Студенттер зерттеуге,  қиялдауға, ойлануға  жəне құрылымдауға жұмсайтын  уақыт 

кез келген тиімді білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Өкінішке 

орай, жылдам нəтиже алу үшін бұны көбінесе елемейді.  

Адамдардың  өзінің  құндылық  жүйелерін  анықтауға,  мінез­құлықтың  жаңа  стилін 

байқап  көруге,  тəуелсіз  зерттелерге  қатысуға  жəне  осы  зерттеулер  барысында 

құзыреттіліктердің  маңызды  түрлерін  дамытуға  мүмкіндіктерінің  болғаны  маңызды.  Тар 

мамандандырылған  ақпараттың  маңыздылығын  жəне  сəйкесінше  рөлдік  модельдер 

иеленушілерімен  байланыстың  маңыздылығын  тағы  да  бір  рет  айта  кетуге  болады. 

Өкінішке  орай,  бұл  жерде  тағы  да  біздің  тек  нақты  индивидтің  проблемаларына 

əлеуметтік­экономикалық  жүйелер  іс­əрекетінің  ықпалын  конспективті  байқауға  жəне 

оның практикалық салдарларын бағалауға мүмкіндігіміз ғана болды.  

Келесі  маңызды  шарт,  түйінді  құзыреттіліктерді  дамытуды  оқу  іс­əрекетінің 

формаларын ұйымдастыруды өзгертпей іске асыру мүмкін емес.  

Түйінді  құзыреттіліктерді  дамыту  кезінде  пайдалануға  болатын  оқу  іс­əрекетін 

ұйымдастыру  формалары  алуан  түрлі  болса  да,  олардың  ішінде  студенттің  өз  бетінше 

болуына  бағдарланғандары  басымырақ  болады,  онда  оқытушы  жəне  аудитория  бағалай 


423 

 

алатын  жұмыс  «өнімі»  анық  көрсетіледі.  Оқу  іс­əрекетінде  білім  алушылардың  өз 



бетінділігін көрсетудің басым формалары мыналар деп есептейміз: Мəтінді талдау жəне 

ақпаратты  жинақтап  қорыту,  Талқылау,  Мəтінді  құрастыру,  Баяндама 

жасау(презентация негізінде). 

Оқытуды  ұйымдастырудың  əмбебап  формасы  ретінде  блокты­модульдік 

технология болуы мүмкін, онда құзыреттілік амалды іске асырудың объективті мүмкіндігі 

бар.  


Сонымен,  жоғарыда  қарастырылған  құзыреттілік  амалды  пайдаланудағы  талаптар 

мен  оны  жүзеге  асырудың    жолдары  білімалушының  ақпараттық,  коммуникативті 

құзыреттіліктерді  жəне  мəселелерді  шешу  құзыреттілігін  дамытуға  бағытталған  жəне 

ақпаратты іздеу мен іріктеуге үйретуге,  сұрақ қойып, қойылған сұрақтарға жауап беруге 

үйретуге  мүмкіндік  береді.  Құзыреттілік  амал  білім  алушылардың  ақпаратты  немесе 

жекелеген  əрекеттерді  жаңғыртуын  емес,  олардың  іс­əрекетінұйымдастыруға  мүмкіндік 

береді. 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1Құдайбергенова Қ. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық криитериі // «Білім сапасын 

бағалаудың  мəселелері:  əдіснамалық  негізі  жəне  практикалық  нəтижесі»:  ғылыми­

практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2008. – Б.30­32 

2Шишов  С.,  Агапова  А.  Компетентностный  подход  к  образованию//  Лучшие  страницы 

педагогической прессы. ­ 2002. ­ №3. ­ 5с. 

3Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании. Школьные технологии. ­ 2004. ­ 

№ 5. ­ 3–19с. 

4Л.М.Устич.  Формирование  профессиональной  компетентности  специалиста  в  системе 

образования взрослых. Автореферат.дис.к.п.н. Калининград.­ 2004. ­ 25 с. 

 

ƏОЖ 32 


Айтымбетов Н.Ы.

1

, Сиқымбаева Д.А.



ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Философия, саясаттану жəне 

дінтану институтының ғылыми қызметкері, ҚХА ҒСТ мүшесі, саясаттану PhD 

докторы. 

E-mail: 

aitymbetov_nurken@mail.ru

 

 

ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Философия, саясаттану жəне 

дінтану институтының ғылыми қызметкері, саясаттану PhD докторы.  

E-mail: 

alpesh_83@mail.ru

 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ  

БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ДАМУЫ 

 

Abstract. In the article it is considered the issue of forging Kazakhstani identity which is 

one of the institutional reforms. The construction of Kazakhstani identity is related to the idea of 

“Eternal Nation” and it was studied the influence of given idea on further development of the 

model of inter­ethnic consent and peaceful coexistence.  

Keywords:  national  identity,  inter­ethnic  relations,  Assembly  of  Kazakhstan  Nation, 

national idea, Eternal Nation. 

 


424 

 

Қазақстанның  ұлттық  бірегейлігінің  анықталуындағы  өте  маңызды  жəне  өзекті 



мəселе  ретінде  елімізде  əртүрлі  ұлт  өкілдерінің  өмір  сүруін  айтуымызға  болады.  Бұл 

тұрғыда,  Қазақстанның  полиэтносты  құрамының  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

халықтың  барлығын  бірдей  күшпен  бір  тілге,  бір  идеологияға  біріктіру  арқылы  оларды 

ассимилияциялау одақтас елдердің тарихи тəжірибесі көрсеткендей болашағы жоқтығын 

тəуелсіздіктің бастапқы кезінен байқалды. Сондықтан, бірегейліктің этностық түрі туралы 

қазақстандық  қоғамда  нақты  іс­қимылдарға  көшу  ерте  екендігін  көрсетті.  Керісінше, 

қоғамда азаматтық бірегейлікті дамыту қолдау қажеттігін туындатты. Ал, сонымен қатар 

бір  мезгілде  басқа  ұлттарға  қысым  көрсетпей  демократиялық  мемлекет  үлгісінде 

ассимиляциялау эволюциялық жолмен жүргізілгендігін қалады. 

Осы  туралы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  «Тарих 

толқынында»  атты  өзінің  еңбегінде  ұлттық  бірегейліктің  екі  түрлі  қарама­қайшы 

парадигмалары  арасындағы  таңдаудың  қиын  екенін  айтады.  «Қазіргі  Қазақстанның 

этникалық  əртүрлілігі  таяудағы  тарихи  мерзімде  бірыңғай  этностық  бірегейліктің 

қалыптасуы туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Шындықтың бетіне тура қарай білу керек, 

бүгінгі таңда біздің пəтуа бірлігімізге саяси құндылықтар ғана тұғыр бола алады. Əзірше, 

қазақ  тілі  тəрізді  мəдени  дəнекер  өзінің  елеулі  рөлін  атқара  алмай  келеді.  Бүкіл 

қазақстандықтардың  бірегей  этникалық  санасын  қалыптастырудағы  əуейіліктің  зор 

қасіретке ұрындыруы да ықтимал», ­ деген тұжырым жасады [1].  

Сондықтан  Қазақстандағы  ұлттық  бірегейлікті  қалыптастыру  мəселесі  төңірегінде 

мемлекеттің ұстанымы бірегейлік этностық негізде болуына сақтықпен қарап, азаматтық 

бірегейлік пен этностық бірегейлік арасындағы тепе­теңдікті сақтап отыруға негізделген. 

Бұл этностық  жəне азаматтық  ұстаным арасындағы ымырашылдық  саясат Қазақстанның 

ұлттық  саясатының  негізгі  бағыты  болып  табылады.  Өйткені  ішкі  жəне  сыртқы 

жағдайларға  байланысты  посткеңестік  елдердегі  азаматтық  жəне  этностық  бірегейлік 

арасындағы  тепе­теңдік  əрқашан  тұрақты  емес.  Оның  басты  себебі  полиэтносты 

қоғамдағы этносаралық наразылықтың өсу қауіпінің басым болуымен түсіндіріледі.  

Осы  тұрғыда,  Қазақстандағы  мемлекеттік  ұлттық  саясаттың  дамуы  этносаралық 

келісім  мен  толеранттылықтың  қазақстандық  моделін  көрсетеді.  Қазақстанда  ұлтаралық 

саясатты  жақсартуда:  жоғарыда  айтылған  Конституцияның  өзгерісі  мен  қабылдануы, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құрылуы  (1995),  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

туралы»  заңның  қабылдануы;  Қазақстанның  ұлттық  бірлігі  доктринасының  өңделуі  мен 

қабылдануы,  қазақстандықтарды  ұйыстыру  мен  басын  біріктірудегі  маңызды  қадамдар 

болып  табылады.  Н.Ə.  Назарбаевтың  ойы  бойынша  доктрина  саяси  тұрақтылықты, 

бірлікті жəне келісімді нығайтуға бағытталған [2]. 

Доктрина  əзірлеудегі  мақсат  –  көпұлтты  ортада  ұлттық  біртұтастықты  қамтамасыз 

ету.  Доктринаға  сəйкес  ұлттардың  өз  тілдерін,  дəстүрін,  мəдениетін  дамытуға  еркі  мен 

құқын  қамтамасыз  ету  жолға  қойылды.  Осы  доктринаның  негізгі  міндеті  мемлекеттің 

тұрақтылығы  мен  келісімінің  іргетасын  қалау,  ұлттық  саясатты  жүзеге  асырудың  басты 

тетіктерінің  бірі  ретінде  этностық  бірегейлік  емес,  керісінше,  азаматтық  бірегейлікті 

дамытуға таңдау жасау болатын. Осы доктринаны дамыту мен іске асыруда басты міндет 

Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелді.  

Бұл  доктрина  Қазақстандағы  бірқатар  саяси  бірлестіктер,  ұлт  патриоттары  мен 

жанашырлары,  сондай­ақ,  халықтың  біраз  бөлігі  тарапынан  бірден  қарсылық  тудырды. 

Қоғам  тарапынан  туындаған  сын­пікірлердің  басты  негізі  титулды  ұлттың  қарсылығы 

болды.  Олар  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ұлттық  саясат  бойынша  мемлекеттік 


425 

 

шешімге  ықпалына  наразылық  танытты.  Қарсыластардың  көзқарасы  бойынша  бұл 



доктрина  қазақ  этностық  бірегейлігіне  жағымсыз  əсер  етеді.  Өйткені  бірден  бір  осы 

аумақта  мемлекет  құрушы  негізгі  ұлттың  орны  республиканы  мекен  ететін  басқа 

этностардың қатарына кіруі еді. Қоғамда пікірталас тудырған бұл жағдай Қазақстандағы 

ұлттық мəселе əлі де толық шешімін таппағанын көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық 

саяси салада бұл пікірталас қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатыр.  

Осы мəселе бойынша қазақ тілін зерттеуші американдық саясаттанушы, философия 

ғылымдарының  докторы,  Индиана  университетінің  профессоры  Уильям  Фирман: 

«Президенттің  енгізген  «қазақстандық  ұлт»  термині  Қазақстанды  отаным  деп  санайтын, 

сондай­ақ,  Қазақстанда  бəрінен  бұрын  қазақ  мəдениетін  «басқаларға  қарағанда  бірінші» 

орынға шығаруға шақыратын кейбір қазақстандық ұлт патриоттары тарапынан жағымсыз 

қабылданды», – деп атап айтады [3, р. 396]. 

Ұлттық  бағытты  ұстанушы  ұлт  патриоттары  Қазақстандағы  қазақстандық  ұлт  тек 

қазақ халқы төңірегіне ғана ұйысу керек деген ұстанымды берік ұстанады. Сонымен қатар 

орыс тілді қауымның мүддесін жақтаушылар ұлттық құрылыс тек азаматтық тұрғыда іске 

асу  керек  деген  көзқарасты  жақтайды.  Одан  басқа,  осы  мəселе  төңірегіндегі  қарама­

қайшылықтар  қазақстандық  саясаттанушылар  мен  сарапшылар  арасында  да  қызық 

пікірталастың тақырыбына айналып келеді. Осылай қазіргі қазақстандық қоғамда ұлттық 

құрылысқа  қатысты  əртүрлі  қарама­қайшы  көзқарастардың  салдарынан  айтыс­тартыс 

жалғасын табуда. Қазақстанның саяси элитасы ұлттық бірегейліктің қалыптасуының жай­

күйін  талқылау  мен  өздерінің  нұсқасын  ұсынушылардың  негізгі  тобы  саналады. 

Қазақстанның  тəуелсіздік  алған  уақыттан  бастап  миграция  үрдісінің  нəтижесіндегі 

демографиялық  өсімінде  қазақтардың  басымдығы  ұлттық  мəселеде  ерекше 

қызығушылықтар тудырады. 

РҒА  Этнология  жəне  антропология  институтының  директоры,  РҒА  корреспондент 

мүшесі  В.  Тишков:  «Ресейде  национализм  мен  ұлттық  құрылыс  ескі  ұстанымдар 

тұрғысынан  нашар  зерттелінеді.  Оның  себебі  тек  біреу,  ол  –  мемлекет  пен  қоғам 

арасындағы қарама­қайшы жəне деструктивті көзқарастардың бар болуында», – дейді [4]. 

Жалпылама  алғанда  біршама  посткеңестік  елдерінде,  соның  ішінде  Қазақстанда  ұлттық 

бірегейлік  мəселесі  толық  шешімін  таппаған.  Қазақстан  халқының  ұлттық  бірегейлік 

туралы  анықтауға  қатысты  ұсыныстар  көп  жағдайда  талқылауларға,  қарама­қайшы 

көзқарастар мен пікірлерге ұласып жатады. Ұлттық бірегейлік мəселесі Кеңес Одағында 

пайда болған болса, тек өңірлік этностық деңгейде ғана көрінген, ал мемлекеттің деңгейде 

ешқашан  көтерілген  емес.  Өйткені  одақ  барлық  ұлттардан  жоғары  тұрды,  сондықтан 

кеңестік  кезеңде  мемлекет  «интернационалистік»  деген  түсініктің  шеңберінде 

қарастырылды.  Кеңестік  жəне  автономды  республикалар  этнотерриториялы  ұстаныммен 

құрылғандықтан  ұлттық  мемлекеттіліктің  формасы  мен  бейнесінде  болып  табылды. 

Осыған  сəйкес  бірегейлік  бірінші  кезекте  этностық  сипатты  иеленді  жəне  этностық 

бірегейліктің негізінде «социалистік ұлттар» қалыптасты. 

Дегенмен,  Л.А.  Фадееваның  еуропалық  бірегейліктің  қалыптасуына  арналған 

мақаласында:  «бірегейлік  əлеуметтік  ғылымдарда  көпше  түрде,  ұдайы  өзгеріске 

ұшырайтын, əлеуметтік құрастыруға икемді, тарихи жəне саяси стратегияның контексінің 

өзгеруіне байланысты ауысып отырады», – деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша, 

«бірегейлікті  зерттеудің  көп  қырларының  бірі  оны  қай  деңгейде  жəне  қандай  негізде, 

қандай акторлармен құрастырылғандығында жатыр» деген қорытындыға келеді [5].  



426 

 

Яғни,  орын  алып  отырған  барлық  ұлттық  бірегейлік  туралы  тұжырымдар  мен 



пікірталастардың  астарында  халықтар  үшін  белгілі  бір  жəне  өмірлік  маңызды  сұрақтар 

жатыр.  Талқыланатын  мəселенің  шешу  жолдары  əртүрлі  болады  [6,  с.  131].  Алайда, 

ұлттық  жəне  азаматтық  бірегейліктер  арасындағы  тепе­теңдікті  сақтау  бойынша 

Қазақстанның қазіргі кезде ұстанып отырған саясаты өте орынды, ол қысқа уақыт ішінде 

этносаралық келісім мен тұрақтылықтың жаңа моделіне айналып үлгерді. Бұл модель тек 

Қазақстанда  ғана  емес,  сондай­ақ,  ТМД  кеңістігінде  кеңінен  танылып,  халықаралық 

ұйымдар  тарапынан  мойындалды.  Тəуелсіз  саяси  сарапшылар  этносаралық  келісім  мен 

тұрақтылық  дамытуға  бағытталған  қазақстандық  моделінің  ең  басты  жетістігін  Елбасы 

Н.Ə. Назарбаевтың қызметімен байланыстырады. Этносаралық келісім мен бейбітшілікті 

жүзеге асырудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын айтуға 

болады.  ҚХА  елімізде  өмір  сүретін  əртүрлі  ұлттардың  этномəдени  орталықтарын 

біріктіріп, қазақстандық патриотизм мен төзімділікті тəрбиелеу бойынша келелі жұмыстар 

атқарып отыр. 

Қазақстанда  жалпыұлттық  идеяның  жүйелі  түрде  іске  асырылып  жатқанын  айтуға 

аламыз.  Оның  нақты  жалғасы  ретінде  2012  жылы  14  желтоқсанда  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстан  –  2050  Стратегиясы  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  жаңа  «Мəңгілік 

Ел» идеясын ұсынуынан көруге болады. Бұл идея – Қазақстанның ғылым­интеллектуалды 

ортасында  қызу  талқылауға  түсіп,  оның  мəні  мен  бағытын  түсіндіруде  жəне 

бағдарламасын əзірлеуде үлкен міндеттер жүктеді.  

Қазақстанның  мемлекет  ретінде  тарихи  қалыптасуы  мен  қазақтардың  ұлт  ретінде 

тарихи дамуын түсіну үшін «Мəңгілік Ел» идеясы іргелі мəнге ие. Мəңгілік Ел идеясына 

тығыз бірліктегі халық  пен мемлекеттің  тарихи дамуын зерттеудің  ұстанымы енгізілген. 

Мəңгілік  Ел  идеясын  мəдени­тарихи  аспектіде  түсіну  тұрғысында  қазақстандықтардың 

тарихи  санасы  мен  ұлттық  бірегейлігін  қалыптастыру  мен  мəдени  тұтастықтығын 

күшейтуге  бағытталған.  Ұлт  ретінде  қалыптасуы  үшін  ұлттық  дүниетанымды,  рухани 

көздерді  жəне  тарихи­адами  құндылықтарды  жете  тану  маңызды  болып  табылады. 

Мəңгілік  Елдің  тарихи  аспектісі  қазақ  халқының  қалыптасу  тарихы  ежелгі  түркілерден 

бастау  алатын  терең  тарихи  кезеңді  қамтитынын  көрсетеді.  Бұл  идеяның  мақсаты  – 

азаматтық  ұстанымға  негізделе  отырып  қазақстандық  бірегейлікті  қалыптастыруға  жəне 

оны одан əрі нығайтуға күш салынды. 

Гумилев  тандағы  ЕҰУ  жанындағы  «Этносаралық  қатынастар  жəне  ҚХА 

толлеранттылығы»  орталығының  директоры,  профессор  Сатай  Сыздықов  «Мəңгілік  ел» 

идеясының  үш  негізден  немесе  үш  тұғырдан  тұратынын  айтады.  Біріншісі  –  Түркі 

қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «Манифест» ретінде 

əзірлеп, тарих сахнасына шығу; Екіншісі – əл­Фарабидың философиялық шығармасында 

идеяның  теориялық­философиялық  тұрғыдан  негізделуі  жəне  үшінші  –  Жүсіп 

Баласағұнның  «Құтты  білік»  дидактикалық  дастанында  құқықтық  мемлекеттің  негізгі 

қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. 

«Мəңгілік Ел» идеясы ежелгі түркілердің өз заманында туған үш тұғырдан, яғни үш 

негізден тұрады. Бұл үш негіз бір­бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі жəне 

өзіне  дейінгі  бабалар  мұратымен  жалғаса  отырып,  кейінгі  ұрпақтарының  құрған 

мемлекетшілдік  идеяларымен  сабақтасады.  Бұлардың  бəрінің  бастауында  орта  ғасыр 

дəуіріндегі түркілердің өркениеті тұр [7].  



427 

 

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, саяси ғылымдардың 



докторы  Қ.Тоқаев:  «Елбасы  Мəңгілік  Елді  –  отандық  тарихтың  атымен  жаңа 

тұжырымдамасын  баян  етті  жəне  негіздеп  берді.  Іс  жүзінде  бұл  –  Қазақстанның  ұлттық 

идеясы жəне мемлекеттік идеологиясы. Мəңгілік Ел ұлы Президент Нұрсұлтан Əбішұлы 

Назарбаев  бастаған  барлық  қазақстандықтардың  бірегей  тарихи  миссиясы  болып 

табылады. Мəңгілік Ел идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ғана емес, 

Қазақстанның тəуелсіз жылдарындағы дамуының нақты нəтижелеріне арқа сүйейді», – деп 

атап айтты [8]. 

Осы тұрғыда, біз, 2015 жылдың маусым айында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану 

жəне  дінтану  институтында  ф.ғ.д.,  професссор  В.Д.  Курганскаяның  жетекшілігімен  іске 

асырылып  отырған  «Этносаралық  саланың  мониторингі  мемлекеттік  этносаясаттың 

тиімділігін  диагностикалаудың  əдісі  ретінде»  атты  үшжылдық  жоба  шеңберінде  (2015­

2017 ж.) сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға Қазақстанның барлық облыстарының əртүрлі 

этностық топтары қатыстырылды. 

Мəңігілік Ел идеясын насихаттауда оның халыққа жетуі мен оның мəні мен маңызын 

түсіну  маңызды.  Осы  мақсатта  респонденттерге  «Сіз  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ə.Назарбаев  ұсынған  «Мəңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  туралы  білесіз  бе?»– 

деген сауал қойылды. Сауалнаманың қорытындысы төменде көрсетілген. 

 

Кесте  1  –  «Сіз,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ұсынған 



«Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы туралы білесіз бе?» ұлттық ерекшелігі бойынша 

 

Жауап нұсқалары 



Ұлты: 

Қазақ 


Орыс  

Басқа 




Оны арнайы оқыдым/ 

қызығушылық білдірдім 

29,6% 

8,7% 


20,9% 

Сол туралы бірнəрсе естідім/ ол 

туралы БАҚ­та көрдім 

38,9% 


34,7% 

39,6% 


Ештеме білмеймін 

11,4% 


33,3% 

23,7% 


Басқа 

0,7% 


0% 

0% 


Жауап жоқ 

19,4% 


23,3% 

15,8% 


 

Сауалнаманың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған 

«Мəңгілік Ел» идеясы туралы еліміздің тұрғындары жалпы хабардар екені мəлім болды. 

Қазақтар  (38,9%)  мен  орыстар  (34,7%)  жəне  басқа  ұлт  өкілдері  (39,6%)  ол  туралы  тек 

бірнəрсе  естігендерін  жəне  БАҚ­да  байқағандығын  айтады.  Ал  арнайы  қызығушылық 

танытқан  қазақтар  (29,6%)  жəне  орыстар  (8,7%),  басқа  ұлттар  (20,9%).  Сауалнама 

көрсеткендей тұрғындардың,  əсересе қазақтарға қарағанда, орыс ұлты өкілдерінің  төмен 

саяси белсенділік танытқаны байқалады.  

Яғни,  еліміздің  тұрғындардың  басым  бөлігі  «Мəңгілік  Ел»  туралы  идеядан  жалпы 

хабары болғанымен, оны нақты мəні мен мақсатын жете түсінбегені көрінеді. Осы орайда 

«Мəңігілік  Ел» идеясын  мазмұндық құрылымын жетілдіріп, халыққа кеңінен насихаттау 

жұмысын  жүргізуді  қажет  етеді.  Азаматтардың  елімізде  жүріп  жатқан  саяси  үрдістер 

туралы  ақпаратының  болуы  мен  оған  қызығушылық  танытуы  саяси  мəдениеттің  негізгі 

параметрлерінің бірі болып табылады. Саяси үрдістерге қызығушылық орын алып жатқан 



428 

 

саяси оқиғалардың қатардағы азаматқа жəне оның отбасына əсерімен тығыз байланысты. 



Сондықтар  күнделікті  өмірде  жүріп  жатқан  саяси  үрдістерге  азаматтардың  басым  бөлігі 

өздерінің өміріне қатысы жоқ немесе оның əсері аз деп санайды. 

Көпұлтты мемлекетте идеология жалпы халықты біріктіруші рөлге ие болуы қажет, 

сонымен  бірге,  мемлекеттік  тəуелсіздік,  территориялық  тұтастық,  барлық  елдермен 

достастық  қарым­қатынасты  қолдауды  қамту  қажет.  Ол  өзара  тиімділік  негізінде  сауда, 

экономикалық,  мəдени  байланыстарды  қолдай  отырып,  мемлекеттің  ішінде 

конституциялық  негізде  теңдік  пен  халықтар  достастығы  идеясын  дамытуы,  діни 

түсіністік,  төзімділік,  отанға  деген  махаббатты  əрбір  азаматтың  бойында  тəрбиелеуі 

қажет. Осындай идеология ғана елде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен халықтардың 

мүддесіне  сəйкес  келеді.  Егер  біз  өзіміздің  елімізді  көркейткіміз  келсе,  онда  оның 

идеологиясы  ұлттық  болмауы  керек.  Жалпы  ұлттық  рух,  ұлттық  идея,  этностық  сезім 

деңгейінде қоғамды, мемлекетті басқару мүмкін емес, дегенмен, мемлекеттілік халықтың 

ұлттық рухына арқа сүйейді. Көп ұлтты мемлекетте идеология ұлттық болмауы керек, ол 

тек жалпыхалықтық, мемлекеттік бола алады [9]. 

Қорытындылай келе, Қазақстанда азаматтық қоғам мен жалпыға ортақ бірегейлікті 

қалыптастыруда  жəне  нығайтуда  мемлекет  пен  қоғамдық  институттардың  рөлі  ерекше 

екенін  айтуға  болады.  Осы  орайда,  мемлекет  тарапынан  əзірленіп,  халыққа  жолданып 

жатқан  идеологиялық  тұжырымдардың  басым  бөлігінің  міндеті  елдегі  барлық 

этностардың  азаматтық  бірегейлігін  қалыптастыруға  бағытталады.  Қазақстанның 

азаматтық  бірегейлігін  қалыптастыруда  мемлекет  құрушы  ұлт  тарапынан  қарсылықтар 

кездеседі.  Бұл  бірегейлік  саяси  мəдениеттің  ядросы  ретінде  Қазақстанның  саяси 

мəдениетінің  қалыптасуын  көрсетеді.  Идеология  ұлттың  бойында  саналы  түрде,  өз 

еркімен, құлшыныспен, патриоттық сезіммен орын алғанда ғана тиімді қызмет атқарады. 

Сондықтан  идеологиялық  қызметтің  табысты  болуы  ең  алдымен  патриоттық  тəрбие 

беруге келіп тіреледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет