Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987


 Т.Ахтановтың романдарындағы тарихи шындық



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Т.Ахтановтың романдарындағы тарихи шындық 
жəне
  көркемдік  шешім.  Алайда  Тахауи  Ахтановты 
республика  ғана  емес,  исі  Одақ  оқырманының  назарына 
іліктірген  –  қазақ  ұлтының  Ұлы  Отан  соғысындағы 
жауынгерлік 
ерлігін 
бояуы 
қанықты 
сурет 
салып 
бейнелейтін,  күні  бүгінге  дейін  əсерін  жоғалтпаған 
«Қаһарлы күндер» атты романы. 
«Іздену,  зерттеу  –  басты  шарт»  деген  мақаласында 
жазушы  «Қаһарлы  күндер»  романының  жазылу  тарихына 
тоқталады.  Автор  соғысқа  қатысты  тарихи  материалды 
ретіне 
қарай 
іріктеген. 
Соғыс 
жайлы 
жазьшған 
шығармаларды 
шұқшия 
оқыған. 
Оған 
кескілескен 
ұрыстарда  бастан  кешкендерін  қосқан.  Қалың  өрттің 
ішінде  жүріп,  төрт  рет  жараланды.  «Сөйтіп,  -  деп  жазады 
Тахауи  аталмыш  мақаласында,  -  барлық  жағдайды  екшей 
келгенде – үш жыл бойы соғыстан көрген-білгенімді – 1941 
жылдың  қаһарлы  күзіне  топтауға  болады  екен  деген  ойға 
келдім». 
Міне,  осы  үлкен  даярлық  арқасында,  шығармашылық 
қиял  қуатын  тиімді  пайдалана  отырып,  жазушы  көркемдік 
сапасы  құнды  образдар  кестеледі.  Романнан  Қазақстанда 
жасақталған 
даңқты 
28-гвардиялық 
панфиловшылар 
дивизиясының  1941  жылдың  соңғы  ширегінде  Мəскеудің 
жан  жүрегі  –  Кремльге  тура  дік  еткізетін  Волокалам  тас 
жолынан жауды өткізбеген шайқасының ұзын сұлбасы дəл 
түсірілгені  сезіліп  отырады.  Сол  шайқастың  басты 
қаһармандары  –  генерал  Панфилов  пен    қазақтан    шыққан     
асқан  сардар  Бауыржан  Момышұлы «Қаһарлы күндерде» 
дивизия  командирі  Панферов  пен  капитан  Мұрат 
Арыстанов  образында  көрінетіні  шығарманың  эпостық 
өрісін  кеңейткен,  байтақ  Ресей  өңіріне  жайған.  Ойдан 
қосылған  бейнелер  арасынан  соғысқа  дейінгі  қазақ 

 114 
 
 
қойып,  моральдық  тағылымдық  сыпатты  толқынысты 
көбірек  қаузайды.  «Күй  аңызы»  əңгімесі  «Нар  идірген» 
күйінің  шығу  тарихы  негізінде  уақыттың  бағасын 
білмеудің зардабын ой қазығы етеді. 
Нағыз  психолог  жазушы  шеберлігі  «Жоғалған  дос» 
əңгімесінде  айқын  көрініс  табады.  Бұл  шығарма  - 
лирикалық  проза  ауылынан.  Əңгіме  майдангер  кейіпкер 
атынан жүргізіледі. Ал, ол кешегі соғыстағы қанды көйлек 
досын  сөйлетеді.  Ол  досы  өз  кезегінде  Ғани  апай  атты 
əйелдің  «буы  басылмаған  ыстық,  ашық  жарасы»  жайлы 
тарихты əңгімелеп береді. 
Ұлы Отан соғысы ел мен ер намысын болып көрмеген 
биікке  көтергені  мəлім.  Кешегі  майдангер  Тахауи 
Ахтановтың  əңгімесі    сол    қағиданы    адал  жар,    пəк 
махаббат  тақырыбына  ұластырады.  Отан  қорғау  ісінде 
шейіт  кеткендердің  даңқын  асырады.  Ел  көкірегіндегі 
қасиетті  бейнесін  жырлайды.  Оны  қастерлемесең,  киесі 
ұрады,  -  дейді  Тахауи  əңгімесі.  Қастерлемей,  қателікке 
ұрынған  жанның  келеңсіз  образынан  жирендіреді.  Ғайни 
майданнан  оралмаған  күйеуі  Мырзахметті  былай  өлдіге 
санап  жүргенімен,  құдай  қосқан  жарының  жарқын  бейнесі 
жүрегінде  тірі  еді.  Артында  қалған,  əкесінен  аумай  туған 
Ғалияш  екеуі  Мырзахметті  аузынан  тастамайтын.  Ал, 
нелер  жыл  хабар-ошарсыз  кеткен,  сонда  да  сағынуынан 
жаңылмаған 
Мырзахметтің 
бір 
асханада 
кездейсоқ 
жолықтырғандағы  Ғайнидің  күйін  айтып  жеткізу  қиын. 
Ғайни 
жүйке 
ауруына 
шалдығады. 
Бірақ 
бəрінен 
аяныштысы  -  Мырзахметтің  көзі  бозарып  күткен  бала 
шағасын  алдап,  соғыстан  аман  қайтқанын  жасырып,  басқа 
бір  шүйкебасқа  телініп,  биігінен  құлап  түскендігі. 
Майдандас досының да, сүйген жарының да  көңілінде тірі 
өлікке 
айналғаны. 
Жазушы 
кейіпкерлерінің 
бір 
психологиялық  қалыптан  екінші  қалыпқа  түсуін  үлкен 
трагедиялық  өреге  көтеріп,  шыншыл  шеберлікпен  жеткізе 
  95 
 
 
тоқтығы,  киімнің  жылтырақтығы,  нəпсіқұмарлық,    биік 
мансап 
– 
Қоңырқұлжаның 
ең 
шырқау 
нысанасы. 
Қоңырқұлжаның  əйелі  Зейнеп,  баласы  Шыңғыстың 
қылықтары да оның сиқын аша түседі. 
Романда  халықтың  азаттық  жолындағы  күресін 
бейнелейтін  жарқын  беттер  мол.  Автор  бостандықты 
аңсаған,  бірақ  оған  жетуге  жағдайы  жоқ  халықтың 
басындағы трагедияны таныстыра алған. 
Шындығында,  бұл  –  жерден,  еркіндіктен  айырылған 
қазақ  елінің  бұлқынысы,  аласұрып  айбат  шегуі  туралы 
шығарма. Шығарманың бас қаһарманы – халық. 
Жазушы 
Қ.Жұмаділов 
«Таңғажайып 
дүние» 
ғұмырнамалық  романында  шығарманың  алғашқы  атауы 
«Хан  Кене»  болғандығын,  бірақ  жарыққа    шығуына  
кедергі 
болғандықтан 
«Қаһар» 
деп 
өзгертілгендігін  
айтады. 
Романда Кенесары  қозғалысының  жеңіліс  табу  
себептері  қазақ  жеріне қара  шеңгелін  салған  
отаршылардың  елімізде бекіністер  мен  бекеттер  салып,  
басқару  жүйесін  енгізіп,  жартылай жаулап алуымен 
байланысты болғанын  дəлелді  көрсетеді. 
1960-жылдары əдебиетке келген қаламгерлер өзіндік 
көркем тəжірибе, стиль, дəстүр қалыптастырып, жаңа 
көркемдік-эстетикалық ізденістерге қол жеткізді. Əсіресе, 
роман жанры қарқынды дамыды. Олардың көркемдік 

  96 
 
 
деңгейлері əр түрлі болды. Бүкіл əдеби процесс сол күйінде 
партиялық  идеологияны басшылыққа алып отырды. Бұл 
əдебиетті өзіндік көркем даму заңдылықтарынан айырды. 
Бірақ соған қарамастан суреткерлер адам табиғатын көркем 
бейнелеудің тың тəсілдерін, өзгеше концепциясын, 
классикалық үлгілерін қалыптастырып, биік 
интеллектуалдық дəрежедегі  туындыларды дүниеге əкелді. 
Бұл жылдары қазақ əдебиетіне тарихи жанрда ерекше 
көркем құбылыс болып енген «Қаһар» романы өз 
жалғастығын тапты. 
Ілияс
  Есенберлиннің  «Алмас  қылыш»  (1971) 
романы  ќазақ  тарихының  ХҮ  ғасырдағы  тұсына  арналған. 
Тарихи  романдарды  терең    зерттеп    жүрген    ғалым 
Т.Бердібаев    бұл  туындыны  роман-хроника,  роман-шежіре 
деп атайды. Роман-хроника үлгісінде жазылған туындының 
ішкі заңдылықтарын ескерген жөн. Мұнда философиялық-
психологиялық, 
əлеуметтік-психологиялық 
романдардағыдай    негізгі    нысана  ретінде  белгілі  бір 
қаһарман емес, тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбегі 
алынады.  Роман  осы  талапқа  сай жазылған. 
Романның  маңыздылығы  -  сол  дəуірде  зерттелмеген 
ғасырлар  қойнауынан  сөз  қозғауында.  Оқиғалардың 
хронологиялық  қатарының  қалыңдығы,  кейіпкерлердің 
санының молдығы, көркем суреттеудегі сараңдық, көбінесе 
 113 
 
 
жететіндей  сурет  өресіне  көтеріле  алмаған.  «Осындайдан 
кейін  музыка  туады»  дейтін  силлогизмге  оңтайлырақ 
тұжырыммен шектелген. 
Қандай да суреткердің бейнесін оның шығармашылық 
өмір тарихынан іздеу - Мұхтар Əуезовтің «Абай жолынан» 
қалған  дəстүр.  Сол  дəстүрді  Тахауи  келесі  «Қызғаныш», 
«Күй  аңызы»  əңгімелеріңде  жалғастырады.  Бұлардағы 
негізгі сарын - өнер адамының жүрек тазалығы хақындағы 
тəрбиелік маңызы зор идея. «Қызғаныш» əңгімесі суреткер 
психологиясындағы  кішкентай  кілтипанның  өзін  ауырлап, 
қит  етсе  сабынша  бұзылатын  кінəмшіл  өнердің  киелі 
мінезін дəріптейді. 
«Баурына  қызғылт-сарғыш  алтын  жалатқан  шөкімдей 
бұлтты  көріп  соны  салып  еді.  Енді  сол  қызыққан  бұлтты 
бояуы сəтсіз, баттасып түсіп, ертеңгі мөлдір көк аспанның 
кіршіксіз  ажарына  жұққан  лас,  дақ  сияқты  көрінеді.  Бояу 
жарастығына 
келгенде 
қытықшыл 
суретші 
іштей 
тітіркеніп,  «сүртіп  тастау  керек»  деді  өзіне.  Енді  бір  сəтте 
өзінің  де  аяулы  сезіміне  сүртіп  тастауға  болмайтын,  жуық 
арада өшпейтін дақ салып алғанын сезді». 
Суретшінің аты - Жұмабек. Бір татымсыз қылығы үшін 
құшып  сүйемін  бе  деп  жүрген  қызы  Розадан  айырылады. 
Ол  аздық  еткендей  шабыт  күйі  мазаң  тартады.  Өзі-өзіне 
жексұрын  көрінетін  халге  ұшырайды.  Себебі  біреу  ғана  – 
бойындағы  үлкен  міні  –  қызғаншақтығы.  Сол  мінезіне 
басып, Ермек деген талантты қыл қалам иесіне халтурщик 
деп  көрінеу  жала  жабады.  Бұл  күйе  Ермекке  емес,  өзінің 
жүрегіне  дақ  түсіреді.  «Гений  и  злодейство  –  две  вещи 
несовместимые»,  «даналық  пен  аярлық  –  сыйыспайтын 
нəрселер»  деген  Пушкиннің  поэтикалық  тұжырымы  қазақ 
əдебиеті топырағында тағы да расталғандай. 
Автор 
əңгімелерінің 
психологизмін 
оқиғалар 
тоғысынан 
таратады. 
Кейіпкердің 
ішкі 
жан 
диалектикасына  үңілуден  гөрі  оның  əрекетіне  көбірек  ден 

 112 
 
 
ауылда  жүргенде  көңіл  қосқан  қызы  Гауһарды  ұмытып, 
басқа  біреуге  үйленген.  Гауһар  да  тұрмысқа  шыққан. 
Серəлі  біраз  жылдардан  соң  ауылына  оралып,  алғашқы 
махаббатын  жолықтырғанда  шаладай  бықсып  өлусіреген 
музасы  қайта  лап  етіп  тұтанады.  Осы  қас  қағым  сəттің 
құбылмалы  күй  өрнегін  жас  жазушы  дəл  түсіруге 
тырысады. 
«Серəлі өз ойымен əлек болып, ақырын аяңдап келеді. 
Толқып  кеткен  көңілін  енді  үн,  əуен  дүниесі  жайлап 
барады.  Тұтасқан  қалың  бұлттай  ырғалып,  үнсіз  бір  күй 
тербейді  көкірегін.  Оның  əзірге  ырғақ,  машығы,  нақышты 
бейнесі  жоқ,  тек  тебіренген  толқуы  ғана  бар...  Осы  кезде 
адам жанының асыл қазынасы, əсем көрінісі, қуанышы бар 
екенін  паш  еткендей  -  тағы  да  ерке  күлкі  естілді.  Бұл  əлі 
бейнеге  түскен  музыка  емес-ті,  бірақ  осындайдан  кейін 
музыка туады». 
Күлкі  иесі  -  Гауһар  Серəлінің  алғашқы  əніне  қанат 
берген  махаббаты.  Гауһарды  бұрынғыдай  сүйеді  екен. 
Сазгердің  мына  жүрек  бұлқынысына  қарағанда  өшкені 
қайта  жануы  мүмкін  ғой...  Бірақ  бұл  психологиялық  оқиға 
желісі  осы  жерде  үзіледі.  Серəлі  ауьш  қызынан  мұрын 
шүйірген  өрескел  қьшығына  Гауһардан  кешірім  сұрайды 
да,  қатты  ойланып  қалады.  Əңгіме  «Кімге  де  болса 
ойланған  жақсы  ғой»  -  деген  кекеткен  сыңайлы 
қорытындымен  соңына  жетеді.  Автордың  бұл  əңгіме 
арқылы не айтқысы келгені түсінікті. Махаббатсыз жүрек - 
тұл.  Талантты  тұтандыратын  тамыздық  -  суреткер 
жүрегіндегі  аяулы  асыл  сезімі.  Əрине,  балаңдықтың  аты 
балаңдық.  Ұтымды  идеяның  көркемдік  формасы  тым 
жұпыны.  Сюжеті  мен  композициясы  болбырлау.  Осылай 
болса  керекті  деген  жорамал  əңгімені  схематизмге 
ұрындырған.  Гауһар  мен  болашақ  сазгер  Серəлінің 
махаббаты 
құр 
баяндауға, 
жаттанды 
эпизодтарға 
құрылғандықтан,  жаңа  музыканың  туу  процесі  жүрекке 
  97 
 
 
авторлық  баяндаудың  басымдылығы  –  романның  негізгі 
белгілерін  айқындайтын  ерекшеліктер.  Мұның  бəрі  де 
тарихи  кезең  жайында    ауқымдырақ  материал    беруден  
туындаған    секілді.    Өйткені  «Көшпенділер»  роман-
трилогиясы  сол  кезеңде  тарихқа    шөлдеген  халық  үшін 
тарих  ғылымының  да    миссиясын  орындауға    мəжбүр 
болған. 
Ендеше  бұл  романды  талдау  барысында  осы  жанрлық 
ерекшеліктерді  ұстанған  абзал.  ХҮ-ХІХ  ғасырлар    арасын  
қамтыған «Көшпенділер» романының құрылымы  осындай. 
«Алмас  қылышта»  Шыңғысхан  əлемді  жаулап  алу 
соғысынан    кейінгі  халықтың  өз  алдына  ел    болуды  
ойлаған    кезі  суреттелген.  Яғни  кесек  тарихи  оқиғаны 
еркіндікті,  елдікті  аңсаған  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен, 
арман-мүддесімен  сабақтастыра  қарастырады.  Шыңғысхан  
ұрпақтарының    Дешті  Қыпшақтағы    еншілігінен    бөлініп,  
өз    алдына    Қазақ  хандығын  құруы  сөз  болады.  азақ  
хандығының құрылуындағы Жəнібек пен Керейдің  тарихи  
роліне  тоқталады. 
Жəнібек,  Бұрындық,  Керей,  Əбілқайыр  образдарын  
жасауда  шежірешілердің  мағлұматтарына  сүйенген. 
Керей,  Жəнібек  хандардың  Дешті  қыпшақтың  ханы 
Əбілқайырға қарсы күресі арқылы олардың халық қамын 
ойлаған,  елінің  тəуелсіздігін  армандаған  тұлғалар 
екендігін 
көрсетеді. 
Əбілқайырдың 
мінезі, 
ішкі 
дүниесіндегі қайшылықтар, қулығы, қаталдығы,   ерлігі – 
бəрі де өз диалектикасымен   ашылған. 
Асан  қайғы,  Қазтуған,  Қотан  жыраулардың  сөзінде  
халықтық 
сана, 
халықтық 
мінез 
басым. 
Тəкежан, 
Күйгенбай, 
Қоқыш 
секілді 
қарапайым 
адамдардың  
образына  халқымыздың  ізгілік  қасиеттерін  дарытқан. 
Роман  құрылымында  Əбілқайырдың  ата-бабаларының  
тарихы ретроспективті түрде көрінеді. 
Шығарманың көркемдік  шырайын  танытып тұрған 

  98 
 
 
эпизод – Қазтуған мен Қотанның айтысы. Айтыс 
композициясына автор қазақтың сан ғасырлық тарихының  
тұстарын  екшеп кіргізу арқылы, оны ұтымды  көркемдік  
тəсілге  айналдырды. 
Автор романда қазақ қоғамы дамуының ең бір шешуші 
кезеңіндегі 
– 
ұлт-азаттық 
қозғалысы 
кезеңіндегі, 
Шыңғысхан  қырғынынан  соң  ес  жиып,  ел  болу  қамын 
ойлаған  кезіндегі  өмірін  көрсетуді  көздеген.  1456  ж.    Шу 
өзенінің  алқабында  қазақ  хандығы  құрылды.  Орал  мен 
Ертіс  аралығында  жатқан  рулардың  бір-бірімен  неғұрлым 
тығызырақ  бірігіп,  өздерін  қазақпыз  деп  атап,  бір 
мемлекетке  топтасуы  сол  кезден  басталды.  Есенберлин 
назарын аударған – тарихтың тек осы тұстағы беттері ғана. 
Автор    бұл  тарихты  негізінен  халқының  бостандық  пен 
тəуелсіздікке талпынысы тұрғысынан зерттейді. 
Автор 
қазақ 
хандығы 
құрылуының 
себептерін 
феодалдардың  өзара  дау-жанжалынан  ғана  іздемеуге 
тырысқан.  Қазақтардың  Əбілқайыр  билеген  Көкордадан 
бөлінуінің  тарихи  қажеттілігін  іздестіруді  І.Есенберлин  əр 
тарапта жүргізеді. 
Рас,  автор  көп  ретте  бірыңғай  баяндаумен  əуестеніп 
кетеді десек те, тарихи аренаға жаңа шыққан жас халықтың 
қай  жолмен  жүргісі  келетінін  табуға  тырысқаны  айқын 
көрінеді. 
Роман 
туралы 
жазылған 
алғашқы 
мақалаларда 
романның  бітімі  ескерілмей  жүрді.  Үлкен  əлеуметтік-
психологиялық  романға  қойылатын  шартпен  қарап, 
«Алмас қылыштан» өзіне тəн емес қасиеттер іздеу ақиқатқа 
жеткізбейді.  Шығарманың  жетістіктерін  де,  кемшіліктерін 
де  жанрдың  ішкі  заңдылықтарынан  іздеген  жөн.  Роман-
 111 
 
 
аралығында жазушы шығармаларының бес томдық жинағы 
басылып шықты. 
Проза, 
драматургия, 
көркем 
публицистика 
саласындағы  елеулі  жетістіктері  Тахауи  Ахтановты  қазақ 
кеңес əдебиеті жазушыларының алдыңғы сапына шығарды. 
Қаламы  қазақ  əдебиеті  алыптар  тобынан  жоғары  бағасын 
алды.  Мұхтар  Əуезов  Тахауидай  талантты  інісін  қазақ 
көркем  сөзінің  үміт  күтетін  болашағының  өкілі  санатында 
таныды. 
Тахауи  Ахтановтың  майдандағы  ерлігі,  соғыстан 
соңғы  шығармашылық  жемісті  еңбегі  жоғары  бағаланды. 
Екінші  дəрежелі  Отан  соғысы  орденімен,  екі  рет  «Қызыл 
Жұлдыз», 
«Еңбек 
Қызыл 
Ту», 
«Құрмет 
Белгісі» 
ордендерімен  марапатталған.  «Дала  сыры»  (1963)  үшін 
(өңделіп, толықтырылған соң «Боран» романы) Қазақ КСР-
інің  Абай  атындағы  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді. 
Қазақстанның Халық жазушысы атағына ие болды. 
Тырнақалды туындысы: жоғарыда аталған «Алғашқы 
əн
»  жəне  «Қызғаныш»  (1959),  «Күй  аңызы»  (1960) 
əңгімелері
  шығармашылық  адамының  шабытты  ісінің 
тұңғиық  құпияларына  бойлайды.  Өнер  иесінің  шығарма 
тудыруға  деген  құлшынысы  неден  өрбиді?  Əн  болса, 
қайтсе ол əсем шығады? «Нар идірген» деген күй бар екен, 
ондай сазды дүниеге əкелген не құдірет? Қалам ұстаған əр 
адам  осы  сауалдардың  жай-жапсарын  білмекке  құштар. 
Жас  Тахауи  сол  талабына  жауапты  көркем  зерттеу 
құралымен табуға талпынды. 
«Алғашқы  əн»  əңгімесінде  Серəлі  деген  сазгер 
шығармагерлік  дағдарысқа  ұшырайды.  Бастапқыда  бірден 
сұлу əнімен жұртшылық көзіне түскен ол ендігі дүниелерін 
қолға 
алғанда 
кібіртіктеп 
тұралап 
қалады. 
Өз 
шығармаларына  өз  көңілі  толмайды.  «Жас  композитор 
деген атақтан құтылмай жатып-ақ таусылғаным ба?» - деп 
шошынады.  Əңгіме  сюжеті  қарапайым:  Серəлі  бір  кезде 

 110 
 
 
1948 жылы соғыстан оралғанда біраз өлеңдерінің басы 
құралып  қалып  еді.  Сол  жəне  басқа  жырлары  «Жастар 
даусы»  аталған  ұжымдық  жинақта  басылды.  Бірақ 
Ахтановтың  жазушылық  есімін  жұрт  аузына  алғаш 
іліктірген  сын  жанры  еді.  Əдебиеттің  келелі  мəселелері 
туралы шалымы кең, проблемалық өткір мақалалар жазып, 
құнарлы 
баяндамалар 
жасады, 
Ғабит 
Мүсірепов 
шығармагерлігі  жайынан  əдеби  сын-очерк  (1956)  жазды. 
Кейінірек,  1969  жылы  «Керуен»,  1980  жылы  «Көкейкесті» 
жинақтарында  əдебиет  туралы  ойларын  ортаға  салды. 
Аударма  саласында  көп  еңбектенді.  А.Пушкиннің  «Алтын 
əтеш 
туралы 
ертегісін», 
И.Тургенев, 
М.Горький 
шығармаларын, 
А.Толстойдың 
«Азапты 
сапарда», 
С.Бабаевскийдің  «Алтын  жұлдызды  жігіт»  романдарын 
қазақшалады. Сын, аударма жанрларында төселу  Тахауиға 
үлкен  проза  мен  драматургияға  жол  ашты.  Осы  салаларда 
өнімді  де  жемісті  еңбек  етуіне  шығармашылық  мекемелер 
мен  ұйымдарда,  көркем  əдебиет  баспасында  редактор, 
бөлім  меңгерушісі,  киностудияда  сценарий  бөлімінің 
бастығы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан 
Жазушылар  одағының  хатшысы,  Қазақ  КСР  Мəдениет 
министрлігі  Көркемөнер  бас  басқармасының  бастығы, 
республикалық 
Кітап 
палатасының 
директоры 
қызметтерінде істегендігі көп септік етті. 
Баспасөз жүзінде көрінген ілкі əңгімесі «Алғашқы əн» 
1955  жылы  8  тамызда  «Қазақ  əдебиеті»  газетінде  «Күлкі» 
деген  атпен  жарияланды.  1956  жылы  прозалық  тұңғыш 
сүйекті  шығармасы  -  «Қаһарлы  күндер»  романы  өмірге 
келді.  Бұдан  соң  əңгімелері  мен  повестері,  очерктері 
«Махаббат  мұңы»  (1960),  «Көк  құтан»  (1968),  «Үндістан 
хикаясы»  (1971)  кітаптарында  жарық  көрді.  Драматургия 
саласында  жазған  еңбектері  «Ана  даусы»  жинағында 
(1978)  жылы  жарияланды.  Соңғы  романы  «Шырағың 
сөнбесін»  (1973,  1981)  деп  аталады.  1983-1985  жылдар 
  99 
 
 
хроникада  тарихи  оқиғаның  тізбегі  күрделі  орын  алуы 
табиғи. 
Басты  идея  –  қазақ  руларының  бір  хандыққа  бірлесуі. 
Автор  шежірелерге  сүйенген.  Романдағы  Əбілқайыр, 
Жəнібек,  Мұхаммед  Шайбани,  Бұрындық  сынды  тарихи 
тұлғалар  мен  Орысбай,  Қоқыш,  Тəкежан,  Күйгенбай 
секілді  қарапайым  адамдардың  да  бейнесі  бар.  Саян 
бастаған  жігіттердің  əрекеті  ханға  қарсы  халық  айбары 
іспеттес.  Романда Шыңғысхан үрім-бұтағының   жүздеген 
жылдарға  созылған  озбырлық  саясатын,  қантөгіс  соғысын 
ретроспективті  түрде  суреттеген.  Сол  дəуірдегі  қазақ 
даласының  көрінісі  Қазтуған  мен  Қотанның  айтысы 
арқылы  көрінген.  Онда  азаттық  жолындағы  күрестердің 
сыры мен сипаты ашылады. 
Романның  идеясы-  ел  бірлігін,  азаттығын,  елдігін 
сақтау.Осы авторлық идеяны жүзеге асыруда ел аузындағы 
материалдарға,  аңыз-əңгімелерге  сүйене  отырып,  дəуір 
тұлғаларының  мемлекеттікті  сақтап  қалудағы  тарихи 
миссиясын айқындауға күш салған.  
«Жанталас»  (1973)    романында  қазақ-қалмақ  қарым-
қатынасының ХҮІІІ ғасырдағы тарихы сөз болады. Көркем 
тəсілдермен  жасалған  шегіністер  арқылы  алдындағы    екі  
ғасырдың  да  оқиғаларына  иек  артады.  Мұнда  аңыздық, 
шежірелік  стильмен  бірге,  əлеуметтік-психологиялық 
талдау  да  байқалады. 
Ілияс Есенберлиннің  заманнан талай жəбір  көріп,  сан 
рет  қияметтің    сират  көпірінен  өтсе  де,  мұқалмай,  қызыл 
империяның    қара  таңбасы  басылған  тарихи    кезеңдер  
туралы    жазған  романдары  ұлттық  сана    дамуына    үлкен  
ықпалын  тигізді. 
Қаламгердің    тарихи    романдары    жайында  жазылған  
зерттеу  еңбектері  баршылық. Дегенмен, басым көпшілігі - 
таптық  деп  аталатын  дағдылы  көзқарас  тұрғысынан 
жазылған  дүниелер.  Енді  осы  көркем  туындыларды  қайта 

 100 
 
 
таразылау,  жаңаша  пайыммен  уақыт  безбеніне  салу  - 
əдебиет зерттеу ісіндегі маңызды міндеттердің бірі болмақ. 
«Алмас  қылыштағыдай»  бұл  романда  да  көне  тарих 
қойнауынан  сөз  тартатын  –  жыраулар.  Бұқар  жыраудың 
Хақназар,  Тəуекел,  Есім  хандар  жайындағы    əңгімесі 
романның    сюжеттік-композициялық  құрылымына  кіріге  
келе,  қазақ  елінің  сыртқы  жаулармен  соғысының      тарихи  
мəнін   ашып    тұр. 
Абылай  хан  –  Бұқар  жырау  желілерінде    екі  тұлға 
бірін-бірі  толықтырып отырады. Тұлға мен дəуірдің, тұлға 
мен  халықтың  өзара  болмысын  көркем  образдар  арқылы 
ашып  көрсеткен. 
Тарихи  тұлғаның  болмысын  айқындайтын  қандай 
қасиеттер,  сапалар?  Оларды  тарих  сахнасына  итермелеген  
қандай    күш?  Тарихи    тұлға  характерін    автор  даралай 
алған  ба? деген  сауалдар өз-өзінен туындайды. Бірақ бұл 
сұрақтардың жауабы күрделі. 
Ілияс  Есенберлин  Хақназар,  Тəуекел,  Есім,  Абылай,  
Əбілқайыр  хандардың,  Бөгенбай,  Баян    батырлардың,  
Бұқар  жыраудың тарихи ролін  терең  толғап  бейнелейді.  
Ол    үшін    сол    дəуірдегі    əлеуметтік,    саяси    жағдайларды  
бойлай    зерттеп,    ой    түйеді.    Əр    характерді    тарихи  
тұрғыдан  сипаттайды. 
Тарихи
  тұлғалар  –  елдің    тəуелсіздігіне  ұмтылған  
қоғамдық
  күш.  Ендеше,  олардың  жасаған  іс-
əрекеттері
  жеке  басындық  мəселеден  жоғары  тұр. 
Олардың
  өмірі  мен  өлімі  де  жеке  адамның 
тағдырынан
 
биік
 
тұр

Тарихи
 
характердің
  
мəнділігінің
 өзі де осында. 
Үш  ғасырлық  кезеңді  қамтыған  романда  кейіпкерлер 
саны көп. Бірақ нақты оқиға үстінде көрінетіндері шамалы. 
Көпшілігі-  эпизодтық  деңгейдегі  қаһармандар.  Солай  бола 
тұрса  да,  олардың  да  авторлық  идеяны  жүзеге  асырудағы 
көркемдік мəнін жоққа шығара алмаймыз. 
 109 
 
 
жасаудың
 
негізгі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет