Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Негізгі
 əдебиеттер
1.
 
Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
2.
 
Қаратаев  М.,  Нұртазин  Т.,  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 
əдебиеті.-Алматы, 1987. 
3.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дəуіріндегі  қазақ  əдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
4.
 
Дəдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  əдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
5.
 
Қазақ  əдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
6.
 
Мəмбетов 
Ж. 
Ж.Молдағалиевтің 
ақындық 
шеберлігі. Оқу құралы. –Алматы, 2002. 
Қосымша
 əдебиеттер: 
1.
 
Амантай Шəріп. Қазақ поэзиясы жəне ұлттық идея.-
Алматы, 2000. 
2.
 
Алпысбаев Қ. Поэма жəн сюжет.-Алматы, 1992. 
3.
 
Базарбаев  М.  Қазақ  поэзиясы:  көркемдік  ізденіс.-
Алматы, 1995. 
4.
 
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы,1981. 
5.
 
Қуандық  Мəшһүр  Жүсіп.  Қазақ  лирикасындағы 
стиль жəне бейнелілік.-Алматы,1990. 

  88 
 
 
6.
 
Ысмайылов 
Е. 
Ақын 
жəне 
революция.-
Алматы,1983. 
7.
 
Кəрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  лирикасының  поэтикасы. 
–Алматы, 1988. 
8.
 
Нарымбетов 
Ə. 
Қазіргі 
қазақ 
поэмасы.-
Алматы,1982. 
9.
 
Нарымбетов  Ə.  Қазіргі  совет  поэмасы.-Алматы, 
1977. 
10.
 
Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,1984. 
 
Лекция
 4.  Ілияс Есенберлин (1915-1983) 
 
Жоспар

1.
 
І
.Есенберлиннің  романдарындағы  образдардың 
жасалу
 жолдары. 
2.
 
Суреткер
 жəне тарихи проза. 
 
1.  І.Есенберлиннің  романдарындағы  образдардың 
жасалу
 жолдары. І.Есенберлин – қазақ əдебиетінде өзіндік 
стилі бар жазушы. Оның шығармашылығында қоғам, адам, 
өмірдің  сан  алуан  мəселелері  көтеріледі.  «Қатерлі  өткел» 
романында дəуір  сынынан  өтетін  кейіпкер – нəзік жанды,  
дарынды  Бүркіт    ақын.  Жазған    өлеңдері    жаңа    заман  
рухымен  «үндеспейді».  Ол    Хасен    ақын    секілді    неге  
болса    да  тез    бейімделіп    кете    алмайды.    Бүркіт  
адамдарды  табына  қарап  емес,  адамдық  келбетіне  қарап  
танып    үйренген,    «бақыт  күнін  əкелетін»    қоғамға  
сенбейді.  Оны    Қарымсақ    байдың    баласы    Əкпармен  
ортақтастыратын  да  -  осы    көзқарасы.    Өйткені    жаңа  
қоғам    олардың    ұлттық    құндылықтарына    қол    сұғып  
отыр. Сондықтан  да  ғасырлар  бойы  жинақталған  ұлттық  
руханияттарды    тəркі    етіп,    өзіне  жат,    жаңа    үлгіні  
жапсырған    қоғамды  ақын    табиғатының    қабылдамауы  – 
заңды  құбылыс. Бүркіттің   романда  суреттелген  жиырма   
 121 
 
 
лау  етіп,  басқа  командирлердің  жұбайларымен  бірге  жау 
тылында қалып қояды. Соғыс от-жалынында шынығып, ой-
сезімі  өсіп,  толысып,  шыңдалады.  Бұл  кейіпкер  –  қазақ 
əдебиетіңдегі  əйелдер  галереясының  ойы  алымды,  сезімі 
шырынды бейнелерінің бірі. 
Т.  Ахтановтың  «Шырағың  сөнбесін»  романы  Ұлы 
Отан  соғысы  тақырыбына  арналған.  Оқиға  –  Украина 
жерінде өтеді. Негізгі  кейіпкер – Нəзира. Романдағы бүкіл 
сюжеттік  оқиға  Нəзираның  атынан  суреттелген.  Романда 
Отан  соғысының  от  жалынын  бастан  кешірген  Нəзираның 
тағдырында  екі  желі  бар.  Біреуі  –  оның  өз  ауылындағы 
өмірі  де,  екіншісі  –  Қасымбекке  күйеуге  шыққан  соң 
басталған  жат  жер  –  Украинадағы  əскери  өмірі  мен  соғыс 
кезі. Романда осы екі желі қатар өріліп отырады. Автордың 
негізгі идеясы – соғыс тауқыметін тартқан совет адамының 
өршіл рухын таныту. Соғыс зардабын нақтылы тұлға өмірі 
арқылы  ашуды  мақсат  еткен.  Автордың  идеялық  – 
эстетикалық концепциясы - осы. 
Нəзираның  соғыс  басталған  соң  Украина  орманының 
ішінде 
бастан 
кешкен 
қиыншылығы, 
адам 
өлімі, 
фашистердің жауыздығы, сонымен бірге аяғы ауыр кезінде 
Дуня апайдың үйінде тығылып жатуы, Қасымбекпен соғыс 
кезінде  қайта  табысуы,  Дулаттың    дүниеге  келуі  –  бəрі  де 
шығарманың  сюжеттік-композициялық  арқауын  құраған. 
Нəзираның  бала  кезінде  ашаршылықты  бастан  өткізуі, 
шешесінің  өліп,  əжесі  Қамқаның  қолында  өсуі  –  негізгі 
оқиға – соғыс кезімен  параллельді суреттелген.  
Автор өз идеясына лайықты оқиғаларды іріктей білген. 
Кейіпкердің 
жан-сыры, 
психологиялық 
тебіреністері 
арқылы  қазақ  қызының  соғыс  жылдарындағы  көрген 
азабын  танытады.  Жазушы  өзінің  осы  идеясын  жүзеге 
асыру  үшін  партизандар  əрекетіне,  достық,  өзара  көмек 
тəрізді  маңызды  мəселелерге  көңіл  бөлген.  Николай  мен 
Света тағдыры, ұрысқақ Мусяның өлімі – бəрі де нанымды 

 120 
 
 
ерлігін  көзімен  көрген  шал,  роман  финалында  Волокалам 
тас  жолындағы  қаптаған  танкті,  темір  сауыт  тажалды 
өткізбей,  жан  ұшырған  Ержан  жасағының  ерлігін  естіп, 
сəлемдесуге əдейі іздеп келеді. 
«Қарағым,  -  деді  ол  даусы  бұзылып,  -  бəрін  естідім. 
Мен 
орыстың 
қартайған 
шалымын. 
Орыс 
мекені 
өртенгенде,  өзегім  өртенбеді  дейсің  бе?!  Бəрің  осылай 
соғысқасын... Қандай жау алмақ бізді!». 
Романның  ақырғы  нүктесі  осылайша  қойылады. 
Шығарма жұпынылау сөйлеммен аяқталған. Бірақ əсер ету 
күші асқақ сөзден, патетикадан əлде қайда өтімді. Аңғарған 
кісіге  тақырыбы  да,  шешімі  де  терең  мағыналы:  орыс 
жерін,  сен  қазақ,  өз  жеріңдей  қорғадың  деп  тұр.  Бүгінгі, 
ертеңгі береке-бірлікке үндейтін мəңгілік тірі сөз. 
Көп  жылдан  кейін  жазушы  соғыс  тақырыбына  қайта 
оралды.  «Қаһарлы  жылдардан»  соң  араға  он  жеті  жыл 
уақыт  салып,  «Шырағың  сөнбесін»  романы  («Жұлдыз» 
журналының  1973  жылғы  10,  11  сандарында,  1980  жылғы 
2,3  сандарында)  қалың  оқырман  назарына  ұсынылды.  Бір 
жазылған  тақырыпқа  қайта  айналып  соғудың  өз  себептері 
бар  еді.  Елдегі  елеулі  бетбұрыс,  зор  əлеуметтік-саяси 
өзгерістер,  Сталиннің  жеке  басына  табынушылықтың 
əшкереленуі  тоталитарлық  жүйенің  іргесін  шайқалтты. 
Осыған байланысты жазушының көп нəрсеге көзі ашылды, 
соғыс  кезіндегі,  оған  дейінгі  оқиғаларға  көзқарасын 
өзгертті,  бірқатар  құндылықтарды  қайта  қарауға  тастүйін 
бекінді.  Жаңа  романында  айтайын  дегенін  ірікпей, 
ақжүрегінен  сөйлейтін  қаһарман  іздеп,  ақыры  қарапайым 
ауыл қызы Нəзираны бас кейіпкері əрі шығарма баянының 
иесі  етіп  алды.  Нəзира  өз  жайынан  бүге-шігесін 
қалдырмай,  ақтарыла  əңгімелейді.  Орта  мектепті  бітіруге 
тақаған  шағында  Батыс  өлкеде  əскери  қызмет  атқарып 
жүрген  кіші  лейтенант  Қасымбектің  етегінен  ұстап, 
танымайтын  өлкеге  сапар  шегеді.  Көп  ұзамай  соғыс  өрті 
  89 
 
 
жылдай    өмірі      өткен    ғасырдың    1920-40-жылдарына  
сəйкес    келіп    тұр.  Аласапыран,    алмағайып  кезеңдегі  
ақындық    болмыстың    қалыптасу,  даму    эволюциясын  
осындай жолмен  көрсетеді.  
Романда 
көзқарасы, 
танымы, 
өлшемдері 
заман 
ағысына  кереғар бір  кейіпкер  бар. Ол – Ақан  ақын. Ақан 
ұлттық    руханияттардан    нəр  алып  өскен,    сондықтан  да 
оның  жүрегі  ұлтым,  халқым  деп  соғады:  «Өзінің    жұрты, 
жеке    Отаны  жоқ  ұл,  қанша  данышпан    болса,  шөлге  
қамалған аққумен  тең  көрінетін,  жан-жағында  құлазыған  
даласы  көп,  бірақ  қанат  қағар    айдын  шалқары      жоқ  
секілденетін…».   
Ғалым  Ш.Елеукенов  «Сын    мен  сыншы»  деген  
мақаласында    «ішінде    бүгулі    жүрген    сырын»    ақтарады: 
«Ақан    толғауларының    Мағжан    поэзиясы    аманатынан  
аумайтыны  сондай,  біз  оның  прототипі – Мағжан  ақын  
деп    тағы  да    қайталасақ,    еш    артықтығы    жоқ…  Толық  
ақталмай    тұрып-ақ,    ол    əдебиет    қаһарманы  Ақан  
кейпінде    оралып:  «ау,  жұртым,    қазағым,  алашым,    көп  
ұзамай    күміс  қанатты    бостандық    періштесі      ғарыштан  
ұлы  даламызға  қайта  түседі»,- деп,  Ақан  арқылы  бізге  
паш    еткен    ғой    жарықтық  ,  дегің    келеді…    Кейіпкер  
прототипінің  бүге-шігесіне  дейін  қанықтығы   соншалық,  
тіпті Ақанның  білім  алу  жолын  Мағжанның  медреседен  
соң  Омбыда орыс  оқуын  тауысқанына  дейін  ұқсатады. 
«Қатерлі    өткелден»  соң    оның    Кенесары    туралы    роман  
жазуға  отыруы  да  кездейсоқ  нəрсе  демейсің». 
Д.Досжанов  «Мағжанның  өлімі»  əңгімесінде  ату 
жазасы  алдындағы  Мағжанның  аузына  мына  жолдарды 
салады: 
«...Өлімнен 
қорықпаймын. 
Шын 
ақындық, 
адамдық  рухым  əлдеқашан  денемнен  бөлініп,  сыртта, 
өлеңімнің  əр  жолында,  кітабымның  əр  бетінде  қалған, 
алдыңда отырған құр қауқармын, тұлыппын, сұлба суретім 

  90 
 
 
əншейін».  Ақанның  күйі  де  осындай,  ол  өзі  өлсе  де,  рухы 
жырларында қалған. 
Туындыда  Ақан  өлеңінің жолдары келтірілген: 
Келді  деп  көктей  гүл шашып, 
Қуанба,  халқым, құр тасып, 
Көрмейсің бе шаттықтың 
Көктемі сенен тұр қашық!.. 
Төксе  де сəуле  күн  көзі, 
Жайнамас өмір күндізгі! 
Ақан  жаңа  өкіметке  үрке  қарайды,  оның    «нұрлы  
болашағына»  сенбейді.  Ақан  мен  Бүркіттің    диалогында  
олардың  жан  сырлары  бар.  «Ақылдыдан  үйрену  – 
ақылдыға  құл  болу  деген  сөз  меес.  Мен  де  Пушкинді,  
Лермонтовты, Толстойды, Достоевскийді  жақсы  көремін. 
Бірақ  одан  қазақ  халқының  несі  өзгереді? Жоқ, Бүркіт, 
халқыңның    мəдениетке    жетіп    жоғалып    кеткенінен,  
мəдениетсіз    отырып    бірлігін    сақтағаны    артық.  …Бірақ 
үйрену  бар да, илену  бар. Мен  иленуге  қарсымын». 
Осы    жолдардың  бұрынғы    социалистік    реализмнің  
қалыпты    принциптерімен    қалай    талданып    келгендігі 
бəрімізге    белгілі.  Ол    өлшеммен    Ақанның    ұлтшыл,  
прогрестің    жауы  ретінде    бағаланғаны    сөзсіз.  Автор  
қоғамдағы  өзгерістердің  Бүркіт,  Ақан,  Хасен  тəрізді  үш  
ақынның    болмысына,    сана-сезіміне,  таным-түсінігіне,  
өмірлік    позициясына    қалай    ықпал  еткендігін    олардың  
əрқайсысының өзіне ғана  тəн  характерлері,  адамдық ішкі  
əлемдері  арқылы  көркем    дəлелдеп  берген.  «Жаңаны» 
мойындай    алмай    кеткен    ұлтшыл  Ақан,  «жаңамен»  
адасып  барып, қатерлі  өткелден  өтіп  барып тіл  табысқан  
Бүркіт,    сол  «жаңаның»    мəнін  бірден  түсініп,    онымен  
қатар    аяқ    алысқан    Хасен  образдарында      сол    дəуірде 
ғұмыр    кешкен    қазақтың  зиялы    қауымының,  ақын-
жазушыларының  ащы  тағдыры  жатыр.  
 119 
 
 
түкпірді  жарығымен  шарпып,  көріп  қалады.  Ержан 
Раушанның  осы  бір  соңғы  көзқарасынан,  сөзбен  айтып 
жеткізуге  болмайтын,  тек  жүрекпен  ғана  ұғысатын  шексіз 
жақындықты  түсінді.  Түнеугіден  бергі  өз  көңіліндегі 
кірбеңнің  мынау  биік  қасиеттің  алдында  соншалықты 
ұсақтығын бар жанымен сезіп, өзін қорсынып қалды». 
Əбдіжəміл  Нүрпейісов  айтқандай,  «Тахауи  адам 
жанын  нəзік  береді,  кей  жағдайда  кісі  көзі  шалмайтын 
үлбіреген  нəзік  құбылыстарды  үзілдіріп  беруге  шебер-ақ». 
Сол  нəзіктілік  адам  жүрегінің  соңғы  лебізін,  лүпілін 
көңілдегідей жеткізіп қана қоймаған. Отан үшін шейіт кету 
– одан биік қасиет жоқ екенін миға құйып тұр. Сол қасиет 
алдында екі асыл жас жүрек үнсіз арыздасады... 
Романның бұл сияқты психологиялық иірімі, сан қилы 
беттері əлі де талай ұрпақты қызықтыратынына күмəн жоқ. 
Тағы  да  бір  артықшылығы  –  халықтар  достығы, 
интернационализм  идеясында  тəрбиеленген,  құрамында 
нешеме ұлт өкілдері бар əскердің тізе қосып соғысқан ерен 
ерлігін  иланымды  сыпаттайтындығы.  Жолдастық,  достық 
желісі  романның  басынан  аяғына  дейін  дəйекті  түрде 
тартылған.  Қазақ  жауынгерлерінің  интернационалдық 
қасиетке  жомарттығы,  көп  ұлтты  халық  өкілдерін 
жатсынбай, 
олардың 
əрқайсысына 
бауырмалдық, 
сыйластық  сезіммен  қарап,  Кеңестік  Отан  үшін  қасықтай 
қаны  қалғанша  соғысқанын  айғақтайтын  шындық  айғай-
ұйғайсыз,  шым-шымдап,  байсалды  қалыпта,  байыбына 
келтіре  жеткізіледі.  Мысалға,  бұл  тақырып  орыс  шалы 
Ерофей  Максимычтың  образы  арқылы  жақсы  өрбітілген. 
Ержан  ротасы  жау  қоршауында  қалып,  аш-жалаңаш 
шаршап-шалдығып  титықтағанда  осы  шалдың  үйіне 
кезігеді.  Қарт  кемпірі  екеуі  барын  ортаға  салады,  ақыры 
Ерофей  Максимыч  ротаға  қалың  орман  ішінен  жол 
көрсетіп, 
Ержандардың 
өз 
батальонына 
қосылуына 
септеседі.  Қазақтардың,  ұлт  жауынгерлерінің  жанқиярлық 

 118 
 
 
ойға бастайды. «Шынайы ерлік көңілі таза адамдардан ғана 
шығады.  Көңілі  кір  адам  кісі  өлтіргіш  болғанмен,  ер  бола 
алмайды.  Соғыс  деген  жақсының  да,  жаманның  да  сырын 
ашады», - дейді Кусков. 
Шынында,  пейілі  пəқ  адал  жігіт,  «анкет  толтырса, 
өмірбаяны  жарты  бет  қағазға  жетпейтін»,  өзіне  риза 
болмай,  қапаланып,  қайтсем  жақсы  командир  дəрежесіне 
жетем  деп  өзін  өзі  қайраумен  жүретін  Ержан  соғыс 
барысында  «тісі  шығып»  нағыз  айбынды  командирге 
айналады.  Ең  басты  олжасы  -  адамда  «соңғы  күш» 
дейтіннің  қандай  қиындықта  да  таусылмайтынына,  «енді 
біттім»  дегенде,  тағы  бір  күш  сараңның  қалтасынан  шыға 
беретін  тиындай  сарқылмайтынына  көз  жеткізген,  өзі  ғана 
тапқан, тапқан соң шынықтырып өсірген иланымы еді. Ал, 
аға  лейтенант  Уəли  суы  кеппеген  ағаштай  бықсып 
жанбайтын  бірдеңе.  Бұрынғы  мамандығы  –  оқытушы. 
Үйлі-баранды  кісі.  Қулық,  айлакерлікке  төселген  су 
жұқпас.  Бейбіт  шақта  сыр  алдырмаған.  Тек  соғыста  ішіне 
рухын  шірітетін  құрт  түседі.  Тамам  мұғалімнің  арасынан 
ала-бөле əскерге алынғанына наразы. Сол құрт оны ақыры 
жегідей жеп тынады. 
«Қаһарлы 
күндерді» 
кеңес 
əдебиетінің 
соғыс 
тақырыбына  арналған  татымды  шығарма  қатарында 
көрсететін  оның  психологизмінің,  іштен  туған  əрекет-
сезімнің  байлығы  болса  керек.  Ержан  мен  Раушан  –  шын 
ғашықтар.  Уəлидің  қырсығынан  аралары  ажырап  кетті. 
Бірақ  көңілдері  мүлде  суысып  кетпеген.  Соны  көрсетуге, 
екі  жастың  көңіліндегі  ақталмаған  арманды  жеткізуге 
жазушы  ұтымды  психологиялық  дəлел  таба  білген. 
Раушанның  ерлікпен  қаза  болуына  байланысты  эпизод 
арқылы ыңғайын келтіріп, бітіспейтінді бітістірген. 
«Ержан  да  Раушаннан  көз  алмады...  Нұры  сұйыла 
бастаған  қара  көзі  шарасы  үлкейіп  Ержанға  мөлдірей 
қарайды.  Адам  ойы  да  кейде  сəуле  сияқты,  ең  алыс 
  91 
 
 
2.  Суреткер  жəне  тарихи  проза.  1960-жылдары 
жарияланған  қазақ  прозасындағы    жайлар    өткен    тарихқа 
байланысты  болып  келеді.  І.Есенберлиннің  «Қаһар» 
романы  (1969)  жарық  көрді.  Автор  сол  кезеңде  əлі 
«игеріле» қоймаған тың тақырыпқа барды. 
«Қаһар»  романы  –  қазақ  халқы  тарихының    бұралаң  
кезеңіндегі  асылдың  сынығы,  алыптың  тұяғы  Кенесары 
көтерілісіне  арналған  шығарма.  Бұл  роман  əдебиетіміздің  
көркем  дамуында  жаңа  дəуір  ашқан  туынды  болды.  Бүкіл 
əдебиетіміз  бен  мəдениетіміз  социалистік    реализмнің  
таптаурын,  жасанды  схемаларының  боданына  айналып  
жатқанда  бұл  романның  тарихи  жады  мен  санамызға 
саңылау  түсіргенін  ерекше  атап  өткен  жөн. 
 «Тарихи 
тақырып 

ешбір 
ұрпақты 
енжар 
қалдырмайтын күрмеуі қиын,  бабы  қатты, қатпары  талай  
болат    соқаны    мұқалтатын  тақырып».  Тарихи    тақырыпта  
жазылған    туындылардағы  оқырманын  ең  алдымен 
қызықтыратын  мəселе  -  тарихи  тұлғалардың  көркем 
образы,  тарихи  шындық  пен    көркем  шындықтың 
арақатысы.  Романға  арқау  болған  оқиға  –  қазақ 
даласындағы 
1837-1846 
жылдардағы 
Кенесарының  
бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс. 
Кеңес  дəуірінде  өзінің  əділ  бағасын  ала  алмаған 
тұлғаларымыздың  бірі  -  Абылай  ханның  немересі 
Кенесары  Қасымов.  Өйткені  Ресейдің  отарлау  саясатына, 
зұлымдық  əрекетіне  ұлыдержавалық  шовинизмге  қарсы 
көтерілген 
Кенесарының 
ұлт-азаттық 
көтерілісін 
империялық  сана,  кеңестік  таным    басқаша  қабылдауы 
мүмкін емес еді. 
Тарихи  романда  тарихи  шындық  жəне  көркемдік 
шешім,  тарихи  тұлға  характері,  ұлттық  сана,  психология, 
мінез ұғымдарына ерекше мəн берілді. 
«Қаһар» романы бірінші жазылса да, кейінгі жазылған 
«Алмас  қылыш»,  «Жанталас»  романдарының  жалғасы 

  92 
 
 
ретінде  қосылып,  «Көшпенділер»  роман-трилогиясын 
құрады. 
І.Есенберлиннің 
қазақ 
əдебиетінде 
тарихи 
тақырыптың  көтерілуіне,    ұлтымыздың    өткен    тарихын  
жандандыруға қосқан үлесі  шексіз. 
Шығармаға 
Кенесарының 
қазақ 
елінің 
саяси  
тəуелсіздігін    сақтап  қалу  мақсатында    он    жыл    бойына 
созылған  көтерілісі  арқау болған. «Кенесары  қозғалысын 
түсіну    үшін  мына  жайтты  –  көтерілісшілер   мен  Ресейдің  
жақындасу    жолына    кедергі  болған  орыс  атаулыға    деген 
ұлттық    дұшпандық  емес,  Кенесары  жеңе  алмас  күш  – 
Ресейдің  отарлық  қанау  жүйесі бар  патша үкіметі екенін 
атап 
айту 
маңызды», 

дейді 
белгілі 
тарихшы 
Е.Бекмаханов.  
«Алмас қылышқа» қарағанда «Жанталас» пен 
«Қаһардың» көркемдік əлемі өзгеше, шежірелік, 
хроникалық стильден гөрі көркемдеудің психологиялық 
талдау тəсілі тəн. Кенесарының қасына ерген ру 
басыларының, батырлардың  іс-əрекеттері өз шындығымен  
көрінген. Қасым төре, Иман, Төлебай, Жанайдар, Бұқарбай, 
Есенгелді, Саржан, шұбыртпалы Ағыбай, Наурызбай 
бейнелерін сомдауды əлеуметтік-психологиялық талдауға 
негіздеген. Сол дəуірдегі халық тұрмысына тəн көріністер, 
ерекше  сипаттар этнографиялық детальдар арқылы 
ашылады.  
 117 
 
 
Характерлер  қақтығысы  бірден  психологиялық  аяға 
ауысады да, мұның арты неге соғады екен дегендей сюжет 
барысына  қадала  түседі.  Шығарма  шиеленісінің  бұлайша 
өрістеуі  сюжет  желісін  ширатуға  қолайлы  əсер  етіп,  нағыз 
соғыстың  қызған  шегінде,  өмір  мен  өлім  арпалысында  да 
бастапқы  алған  бағытын  дəйекті  ұстанады.  Солдат, 
командирдің  қолына  қару  ұстаған  майдангердің  қас 
жаумен  алыс-жұлысын  көрсетумен  қосақабат  оның  адами 
жанын да айқара ашып, оқушы жүрегіне жақындата түседі.  
Мұрат  батальоны    шегініс    бұйрығы  дер    кезінде  жетіп 
үлгермегендіктен,  жау  қоршауында  қалып  қояды.  Осы 
жағдайды  пайдаланып,  Купцианов  Мұратты  табалап,  біраз 
жерге  апарып  тастайды.  Сұңғыла  генерал  Панфилов  штаб 
бастығының  Мұратты  қыжыртуынан  оның  өзімшіл  топас 
жан  екенін  аңғарып  тыжырынады.  Тұтас  батальон 
жоғалды,  оған  өкінудің  орнына,  бұл  шіркін  айызы 
қанғандай ажал аузында жүрген адамды өсектейді. 
Купциановтың  дегені  болмай,  Мұрат  батальоны 
қоршаудан əупірімдеп  шығады. Бұл өзекті тартысты автор 
ақырына 
дейін 
апармаса 
да, 
Купцианов 
образы 
шығарманың орта тұсынан аяғына дейін солғын тартса да, 
роман  Купцианов  пен  Мұраттың  айтысын  түпкілікті 
шешеді деп есептейміз. Кешегі аға шопан Көжек, басқа да 
бейбіт 
құрылыс 
адамдары 
жаттығуларда 
үйреніп 
үлгірмегенін  окоп  мектебінде  толықтырады.  Сөйтіп  қазақ 
офицері  Мұраттың  «соғыс  шыңдайды»  деген  сөзін 
растайды.  Қоршауда  келе  жатып  «Қаһарлы  күндер» 
кейіпкерлері  əскери  өнер  жағынан  ғана  емес,  рухани 
жағынан  да  өсіп  жетіледі.  Ғашығы  Раушанды  жылпың 
офицер  Уəли  арамдап  кетіп,  моральдық  тығырыққа 
ұшыраған  Ержан  мен  роман  финалында,  шешімінде 
«шегінетін  жер  қалмады,  артымызда  -  Москва!»  деген 
əлемге əйгілі ұран тастайтын Василий Кусков (тарихи шын 
аты  –  Клочков)  арасындағы  əңгіме  соғыс  туралы  үлкен 

 116 
 
 
қоғамының  өкілдері  де  (Ержан,  Раушан,  Көжек  т.б.) 
əрқайсысы өзі мінезімен, тілегімен дараланып есте қалады. 
«Қаһарлы  күндерде»  күні  кеше  ғана  кеще,  надан 
делініп  келген  қазақтардың  күші  басым  жауға  қарсы 
соғыста  жаппай  ерлік  көрсетуінің  негізінде  нендей  сана-
сезім  жатқаны  айтарлықтай  сенімді  көрсетілген.  Бұл 
романның  құндылығы  да  атыс-шабысты  қызықтап  кетпей, 
жауды  жайратқан  əр  қимылдың  тамырын  аршуында, 
интернационализм  рухы,  халықтар  достығы  сезімінің 
тереңдігі  мен  теңдесі  жоқ  қуатын  аша  білуінде.  Жазушы 
интернационализм  идеясын  рупор  етуден,  патетикалық 
жалаң,  жылтырақ  сөзділіктен  барынша  сақтанып,  ой 
түйіндерін  майданның  өрт-жалынындағы  өмір  үшін 
арпалыстан туындатады. 
Тіпті  соғысқа  бара  жатқан  жолда-ақ  болашақ 
шайқастың  рухани-моральдық  диспозициясы  түзілетіндей. 
Мəскеу  түбіне  дейін  баса  көктеп  келіп  қалған  жау  бетін 
қайтаруға 
Қазақстанда 
даярланып, 
вагонға 
тиеліп, 
майданға  аттанған  дивизия  тиісті  үлес  қоса  ма,  қоспай  ма 
деген  мəселе  аяқ  астынан  үлкен  мəнді  айтыс  тақырыбына 
айналады. 
Полк 
штабының 
бастығы 
Купцианов 
дивизияның жауынгерлік қабілетіне дүдамал пиғылда. Оны 
шын мəніндегі əскер жасағы емес деп есептейді.  «Өзімізді 
өзіміз 
алдарқатып 
қайтеміз, 

дейді 
Купцианов. 
Шындықтың  жүзі  қанша  суық  болса  да  тура  қарауымыз 
керек.  Əйтеуір,  талғажау  демесе,  біз  шын  мəніндегі  армия 
емеспіз». 
Мүраттың  алғыр  ойы,  шар  болат  характері  осы  тұста 
қыннан 
суырылған 
алмас 
қылыштай 
жарқ 
етеді. 
«Қолыңдағы мылтығының оталмайтыны барын білген адам 
–  жекпе-жекке  тайсалмай  шыға  ала  ма?  Командир  де  сол 
сияқты. Мұндай пікірмен соғысқа баруға болмайды», - деп 
шорт кеседі. 
  93 
 
 
Автор  тек  Кенесарыға  қатысты  жайларды  айтумен 
тынбай, бүкіл қазақ қоғамының өткені, болашағы жайында 
терең  ой  қозғайды.  Романдағы  сюжет  пен  композицияның 
шығарма идеясын, кейіпкер характерін ашудағы көркемдік 
мəні  ерекше.  Бұл    роман  поэтикасының    проблематика, 
тартыс,  образдар  жүйесі,  көркем  уақыт  жəне  кеңістік 
тəрізді категорияларымен тығыз байланысты. 
Романда екі жақты қанаудан – жергілікті ел билеушілері 
мен орыс отаршыларынан қысым көрген, мемлекеттің 
тəуелсіз болуын  барынша  аңсаған  қазақ  халқының  өз 
ішінде де алауыздық туғызған жағдайлар кездесті. 
Екіжүзді, сатқын Ожар, Қараөткелдің  аға  сұлтаны,  
халыққа  мейірімсіз,  мансапқұмар,  арамза Қоңырқұлжа 
мінезінің иірімдері,  іштеріндегі  қордаланып  қалған 
пасықтық, ішмерездік түп-тереңімен ашылған. 
Ташкенттің Есенгелді мен Саржанды  өлім жазасына  
қиған опасыз құшбегі Бегдербектің  айла-əрекеті - 
кездейсоқ  шешім емес,  Кенесары қозғалысын  күтіп  
тұрған  жеңілісті аңдататын  жағдай.  
«Қаһар» 
романы  Абылайдың  ұрпағы  Кенесары 
Қасымовтың  ұлт-азат  көтерілісіне  арналған  роман.  Автор 
Кенесары  көтерілісінің  шығу  төркінімен  таныстырады. 
Туған  жерінен  қуылған,  ауыр  алым-салықтарды  төлеуден 
əбден  тамтығы  қалмаған  қазақ  рулары  Сейтен,  Жоламан, 
Байтабын,  Тайман  батырдың  бастауымен  ақпатшаға  қарсы 
көтеріледі.  Міне,  енді  осындай  тұста  Абылайдың  немересі 
сұлтан 
Кенсары 
Қасымов 
шегіне 
жеткен 
халық 
наразылығын  түсініп,  өзінің  барлық  күш-қажырын  елінің 
мүддесіне жұмсайды.  
Кезінде  Кенесары  Қасымов  қозғалысының  кеңестік 
идеология  тұрғысынан  кереғар  сипатталып  келгені  мəлім. 
Бүгінгі  көзқарас  мүлде  өзшеге,  елдің  егемендігін  аңсаған 
К.Қасымов істеріне бүгін оң баға берілуде.  

  94 
 
 
Романда 
ХІХ 
ғасырдың 
30-40 
жылдарындағы 
Кенесары  қозғалысы  сөз  болады.  Патша  отаршыларының 
қысымына  наразы  елдің  тəуелсіз  хандығын  орнатуды 
көксеген  Кенесары  əрекетінде  ұлттық  мүдде  басым  еді. 
Романда  Қоқан,  Хиуа  хандықтарына  ұзақ  уақыт  тəуелді 
болған  оңтүстік  қазақтырының  жай-күйі  айтылады.  Орта 
Азия  хандықтары  қазақтарды  таран-таражға  салуды 
көкседі.  Ташкенттің  құсбегі  Бегдербектің  жəрдем,  кеңес 
сұрап 
барған 
Есенгелді, 
Саржанды 
қасындағы 
нөкерлерімен  қоса  опасыздықпен  өлтіріп  жібергенін 
суреттейтін  тарау  осы  ақиқаттың  түп-тереңін  ашады.  Əрі 
қорқақ,  əрі  қу,  сатқын  Бегдербектің  шыншыл  бейнесі 
дараланған. 
Романда 
Кенесарының, 
оның 
серіктері 

ру 
басыларының,  қазақ  батырларының  өмірі  көрінген. 
Кенесары  қозғалысын  кеңес  дəуірінде  хандықты  көксеген 
əрекет  деп  түсіндірді.  Шындығында,  ол  тəуелсіздік  үшін 
белдескен күрес еді. 
Туындыда Кенесарының ерлігі мен парасаты көрінеді. 
Бегдербектің  опасыздығынан  кейін  əкесі  Қасым  төренің 
оны шабу керек деген шешімін Кенесарының тоқтатуында 
үлкен есеп бар еді. Өйткені, бір жағынан, Ресейден төнген 
қауіп  қинаса,  екінші  жағынан,  Орта  Азиядағы  қиындаған 
ішкі  жағдай  алаңдатты,  ал    бұл  қазақ  үшін  дəл  сол 
жағдайда  қажеті  жоқ  еді.  Осыны  түсінген  Кенесары  өз 
бауырларының  кегін  ішінде  тоқтатады.  Кенесарының 
Ақмола  бекінісін  алғандағы  ерлігі,  Сыздықты  сынау  тұсы 
оның мінез қырларын ашып тұр. 
Романда 
сонымен 
бірге 
Кенесарының 
белгілі 
батырлары:  Ағыбай,  Иман,  Төлебай,  Басықара,  Жанайдар, 
Бұхарбайдың  да  образдары  кеңінен  көрінген.  Əсіресе, 
Қараөткелдің  аға  сұлтаны  Қоңырқұлжа  Құдаймендиннің 
халыққа  қаны  қас  мейірімсіздігі  мен  мансап  үшін  арын 
сататын 
арамзалығы 
анық 
таңбаланған. 
Қарынның 
 115 
 
 
білген. Əңгіме ар-инабат хақында терең ойларға батырады, 
адами пəлсəпаға мойын ұсындырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет