«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- бөлім. Қосымша аудиторлық рәсімдер



бет21/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

4- бөлім. Қосымша аудиторлық рәсімдер


1- тарау. Жосықсыз әрекеттер

285. Қосымша аудиторлық рәсімдерге қаржылық есептіліктің бұрмалауға ықпал ететін жосықсыз әрекеттерді, тәуекел факторларын анықтау, сыртқы сарапшыларды тарту және қаржылық есептіліктің дұрыстығы туралы ұсыныс алу үшін қажетті өзге де рәсімдер жатады.


286. Аудитті орындау барысында мемлекеттік аудитор жосықсыз әрекеттердің қаржылық есептіліктің бұрмалануына және активтерді есепке алу кезінде бұрмалауға ықпалын қарайды.
287. Есепте бухгалтерлік операциялардың көрсетілмеуі не уақтылы көрсетілмеуі, оларды кейінгі кезеңдерде көрсету жосықсыз әрекеттер салдарынан қаржылық есептіліктің қасақана бұрмалануы болып табылады. Активтерді есепке алу кезінде қаржылық есептіліктің бұрмалануы жосықсыз әрекеттерді жасыру үшін бухгалтерлік жазбалармен немесе құжаттармен сүйемелденетін жымқыру және иемдену арқылы активтерді заңсыз пайдалануды қамтиды.
Мемлекеттік аудиторлар аудитті орындауды жоспарлау кезінде қаржылық есептіліктің бұрмалануы жосықсыз әрекеттер салдарынан туындауы мүмкін екенін болжауы тиіс.
Ол үшін мемлекеттік аудитор алдын ала аудит объектісінің басшылығына және ішкі аудит қызметіне жосықсыз әрекет фактілері туралы мәліметтердің немесе қаржылық есептілікті дайындауға елеулі ықпал ететін адамдардың осындай әрекеттер жасауға болжамының бар-жоғы туралы сұрау салу жібереді.
Егер аудит жүргізу барысында аудит объектісінің жосықсыз әрекеттері салдарынан қаржылық есептіліктің бұрмалану тәуекелі туралы күмән туындаған жағдайда мемлекеттік аудитор ол туралы мемлекеттік аудит басшылығын хабардар етеді.
288. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қаржы көрсеткіштерінің елеулі ауытқуларын анықтау тұрғысынан мемлекеттік аудитор алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қаржылық және қаржылық емес ақпаратқа талдау жүргізеді.
Мақсаттары мен өлшемшарттарына қарай мемлекеттік аудитор талдамалы рәсімдердің мынадай түрлерін бөледі: бірнеше жыл серпінінде жүргізілетін тігінен талдау және көлденең талдау.
Тігінен талдау қаржылық және қаржылық емес ақпарат элементтері арасында өзара байланысты қарау жолымен жүргізіледі.
Көлденең талдау ағымдағы кезеңнің қаржылық ақпаратын өткен жылдардың осыған ұқсас кезеңімен салыстыру жолымен жүргізіледі.
289. Мемлекеттік аудитор талдамалы рәсімдер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ақпарат жосықсыз әрекеттер тәуекелі факторларының бар-жоғын көрсететінін көрсететінін бағалау тиіс.
Жосықсыз әрекеттер жасау тәуекелінің факторлары:
қасақана жосықсыз әрекеттер жасау (мысалы, активтерге қолжетімділігі бар тұлғалардың оларды иемдену мақсатында және өзге);
объекті басшысы тарапынан жосықсыз ерекеттер жасатуға қысым (мысалы, есепті кезеңнің соңында бюджет қаражатын игеру мақсатында);
өзге факторлар болуы мүмкін.
290. Тексеру жүргізу кезінде қаржылық есептілікте бұрмалаулардың бар екенін есепке алу және ішкі бақылау жүйелерінің өздерінің кемшіліктерімен қатар қасақана жосықсыз әрекеттер нәтижесінде, сондай-ақ ішкі бақылаудың белгіленген рәсімдерінің орындалмауын мынадай жағдаяттар көрсетуі мүмкін:
сұратылған ақпаратты беруде іркіліс;
құны жоғары қаржы операциялары;
автоматтандырылған жүйенің дайындау кезінде түзетілген немесе қолмен жасалған құжаттардың болуы;
аудит объектісі басшылығының өкімі бойынша шаруашылық операциялар есебінде тиісінше көрсетілмеуі;
және басқалары.
Жағдаяттарды бағалау нәтижелері бойынша табылған бұрмалаулардың қасақана әрекеттермен байланысты екеніне байланысты екеніне көз жеткізу үшін аудиторлық рәсімдер жүргізу қажет.
291. Егер мемлекеттік аудитор жосықсыз әрекеттердің болуы ықтималдығын болжаса, ол қосымша аудиторлық рәсімдер жүргізуге міндетті.
292. Аудитті орындау кезінде мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшылығында қаржылық есептілікті жасау кезінде жосықсыз әрекеттерді жасау мүмкіндігінің бар екеніне назар аударуы тиіс.
293. Егер аудиторлық рәсімдердің нәтижелері жосықсыз әрекеттер нәтижесіндегі елеулі бұрмалаулар тәуекелін көрсетсе, мемлекеттік аудитор аудиторлық пікірді ескертпемен қалыптастырылуы тиіс.
Егер мемлекеттік аудитордың қаржылық есептілікте жосықсыз әрекеттер нәтижесінде елеулі бұрмалаулардың бар екеніне көзі жетсе, ол бұл туралы мемлекеттік аудит тобының басшысын және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тұлғаны хабарландырады.
294. Мемлекеттік аудит тобының басшысы және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тұлға қарсы әрекеттер қолданады:
жосықсыз әрекеттер нәтижесінде елеулі бұрмалаулар тәуекеліне аудиторлық баға беруге қабілетті арнайы білімі мен тәжірибесі бар тәжірибелі мемлекеттік аудиторлардың күрделі аудиторлық рәсімдер тағайындайды;
жоспарланған аудиторлық рәсімдерді неғұрлым сенімді аудиторлық дәлелдемелер алу мақсатында басқа рәсімдермен ауыстырады (мысалы, іріктеу көлемін ұлғайту);
өзге де әрекеттер.
295. Қаржылық есептілік жасау деңгейінде бағаланған жосықсыз әрекеттер нәтижесіндегі елеулі бұрмалаулар тәуекеліне жауап ретінде орындалатын мемлекеттік аудитордың әрекеттері:
неғұрлым сенімді және орынды аудиторлық дәлелдемелер алу үшін немесе қосымша растайтын ақпарат алу үшін аудиторлық рәсімдер сипатын түзетуді;
мәні бойынша тексеру рәсімдерін жүргізу уақытын түзетуді;
іріктеп тексеру көлемін ұлғайтуды немесе неғұрлым егжей-тегжейлі деңгейде талдамалы рәсімдерді орындауды қамтиды.
296. Мемлекеттік аудитор жосықсыз әрекеттер нәтижесіндегі елеулі бұрмалаудың анықталмау тәуекелі қателіктер нәтижесіндегі бұрмалаудың анықталмау тәуекелінен жоғары екеінін ескеруі тиіс.
Мемлекеттік аудитор аудит объектісі басшылығының жосықсыз әрекеттері нәтижесінде туындаған елеулі бұрмалаудың анықталмау тәуекелі, аудит объектісінің қызметкерлеріне қарағанда анағұрлым жоғары екенін ескеруі тиіс.
Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің жосықсыз әрекеттері нәтижесінде ұсынылған ақпаратта және аудиторлық дәлелдемелерде елеулі бұрмалаудың болуын болжауы тиіс.
Жосықсыз әрекеттер нәтижесіндегі бұрмалауларды анықтау бойынша рәсімдерді жоспарлау және орындау нәтижелері еркін тәртіпте ресімделеді және жұмыс құжаттары тізбесіне қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет