3- параграф. Аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін айқындау
19. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің құрылымы мен бухгалтерлік есеп жүйесін зерделейді және ажырамас тәуекелдер анықтайды.
20. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің бухгалтерлік есеп жүйесінде мынадай ақпаратты қарастырады:
қаржылық есептілікті белгіленген тәртіппен және мерзімінде жасау;
бухгалтерлік рәсімдерді қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жүргізу;
бухгалтерлік операциялар орындау мерзімдерін;
бюджеттік есептілікті зерделеу.
21. Мемлекеттік аудитор мыналарды:
бухгалтерлік есеп тіркелімдерін;
бастапқы есепке алу құжаттарын жүйелеу және сақтау әдістерін;
операциялар туындаған сәттен бастап оларды қаржылық есептілікте көрсеткенге дейін бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін;
кірістер мен шығыстардың түрлері;
активтер, міндеттемелер, оларды бағалау және есепте көрсету;
таза активтердің/капиталдың құрамындағы өзгерістер;
резервтердің болуы және оларды есепте көрсету;
өзгелерді айқындау үшін, оған бухгалтерлік есеп жүйесін жеткілікті түсіну қажет.
Егер бухгалтерлік есеп тиісінше жүргізілсе және қаржылық есептілік дұрыс дайындалса, аудит объектісінің бухгалтерлік есеп жүйесі тиімді болып табылады.
22. Мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есептің қолданылатын ақпараттық жүйесініңзерделейді, қауіпсіздігі мен сенімділігін бағалайды, оны операцияларды көрсетуі мен есеп айырысуды жүзеге асыруының дұрыстығы тұрғысынан тестілейді.
23. Жоспарлау процесінде мемлекеттік аудитор аудит объектісінің ішкі бақылау құралдарымен танысуы қажет.
Ішкі бақылау құралдары – аудит объектісінің қызметінде және жағдайында туындайтын тәуекелдерді алдын алуға және анықтауға мүмкіндік беретін, аудит объектісінің басшысымен белгіленген әдістер, тәсілдер және рәсімдер.
Мемлекеттік аудитор мынадай:
тиісті есепті кезеңдердегі бухгалтерлік есеп шоттарында барлық операциялар мен оқиғалардың уақытылы есепке алынуын;
активтер мен міндеттемелер бойынша есепті деректерді олардың нақты болуымен үнемі салыстыру, кез келген айырмашылықтарға қатысты тиісті шараларды қабылдау мақсаттарына қол жеткізу үшін ішкі бақылау құралдарын қарайды.