«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


-тарау. Аудиторлық тәуекелді бағалау



бет4/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2-тарау. Аудиторлық тәуекелді бағалау


1- параграф. Тәуекелдерді бағалау

24. Аудиторлық тәуекелді бағалау асамаңызды міндетті білдіреді, тәуекел дәрежесін айқындау аудиторлық тексерудің сапасына байланысты болады.


25. Аудиторлық тәуекел – мемлекеттік аудитордың аудиторлық пікірін тиісінше білдірмеуі және аудиторлық тексеру тиімсіздігі туралы тәуекелі.
Аудиторлық тәуекел өзіне үш құрауышты қамтиды:
ажырамас тәуекел;
бақылау құралдарының тәуекелі;
анықталмау тәуекелі.
26. Ажырамас тәуекел – қажетті ішкі бақылау құралдарының болмауымен байланысты шот сальдосының немесе операциялар сыныпының жекелегенде немесе басқа шоттар сальдоларымен немесе операциялар сыныптарымен жиынтығында елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға ұшырау бейімдігі.
Ажырамас тәуекел тиісті ішкі бақылау құралдары болмаған жағдайда туындайды. Ажырамас тәуекел мен бақылау тәуекелі аудитордың іс-әрекеттерінен тәуелді емес, аудиттелетін объектінің тәуекелдеріне жатады, объект қызметінің нәтижесі болып табылады және қаржылық есептілік аудитіне қарамастан туындайды.
27. Бақылау құралдарының тәуекелі – бұл ішкі бақылау жүйесі бұрмалаудың уақтылы алды алмауы немесе таппауы және жоймауы тәуекелі.
Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалау елеулі бұрмалаулардың алдын алу немесе оларды табу және жою үшін бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін айқындау процесін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін зерделеуден кейін мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есеп шоттарындағы әрбір елеулі қалдық немесе бір типті операциялар тобы бойынша тұжырымдар деңгейінде тәуекел құралдарын алдын-ала бағалау жүргізуі қажет.
Егер бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері тиімсіз және олардың тиімділігін бағалау орынсыз болса, алдын-ала бағалау деңгейінде тәуекел жоғары ретінде бағаланады.
Тәуекел құралдарының бағасы қанша төмен болса, мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері жұмыстарының тиімділігіне қатысты сонша көп тиісті дәлелдеме алады.
Тәуекел құралдарын тестілеу нәтижелеріне талдау жүргізген кезде мемлекеттік аудитор тәуекел құралдарыәртүрлі уақыт кезеңдерінде тиімсіз болуы мүмкін екендігі фактісін назарға алады.
Егер тексерілетін кезең ішінде әртүрлі уақытта әртүрлі бақылау құралдары қолданылған болса, аудитор олардың әрқайсысын жеке-жеке қарайды. Бақылау құралдарын қолдану тексерілетін кезеңнің белгілі бір уақытында тоқтатылған жағдайда осы кезеңдегі операцияларға қатыстыаудиторлық рәсімдердің сипатын, уақытша рамкалары мен көлеміне талдауды жеке-жеке жүргізуі қажет.
Бақылау құралдарының тәуекеліне әсер ететін негізгі факторлар бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін ұйымдастыру мен олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жауапты аудит объектісініңбасшысы мен бас бухгалтерге байланысты болады.
Аудит жүргізу барысындамемлекеттік аудитор бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің элементтерін сипаттайды, кемшіліктерін белгілейді және бақылау құралдарының тәуекел дәрежесін бағалайды.
28. Анықталмау тәуекелі – аудиторлық рәсімнің елеулі бұрмалауды жеке-жеке де, сол сияқты басқа бұрмалаулармен жиынтығында да анықтамай қалу тәуекелі.
Тиімсіз аудиторлық рәсімдерді қолдану не тиімді аудиторлық рәсімдерді дұрыс қолданбау немесе аудит нәтижелерін дұрыс түсіндірмеу оны анықтамаудың жоғарғы тәуекеліне әкеп соқтырады. Сондықтан, аудитті жоспарлау кезінде аудиторлық топ мүшелерінің және тартылған сыртқы сарапшылардың кәсіби құзыретін қарастыру, аудиттің жүргізілуіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет.
29. Елеулі бұрмалаулар тәуекелі – бұл аудит жүргізіліп басталғанғадейін қаржылық есептілікте елеулі бұрмалауға жол берілу тәуекелі.
Қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалауларын анықтауға бағытталған рәсімдерді әзірлеу үшін мемлекеттік аудитор елеулі бұрмалаулар тәуекелдерін мынадай екі деңгейде:
тұтас қаржылық есептілік деңгейінде;
бір типті операциялар тобы, бухгалтерлік есеп шотының сальдосы және қаржылық есептілікте ақпаратты ашу жағдайлары үшін қаржылық есептілікті дайындауға нақты алғышарттар деңгейінде қарайды.
Мемлекеттік аудитор:
аудит объектісі қызметін және оның ортасын, оның ішінде осы тәуекелдерге байланысты бақылау құралдарын түсінуді алу жолымен, сондай-ақ операциялардың сыныпын, шоттардағы қалдықтарды және қаржылық есептілікте ақпараттың ашылуын қарау жолымен тәуекелдерді айқындайды;
анықталған тәуекелдердің қаржылық есептілік көрсеткіштеріне қалай әсер ететінің анықтайды;
анықталған тәуекелдердің қаншалықты маңызды болуын және олардың қаржылық есептілікте елеулі бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін бе соны зерделейді.
Елеулі бұрмалаулар тәуекелін есептеу бақылау құралдарының тәуекелі мен ажырамас тәуекелдің сандық және сапалық мәндерінің негізінде есептеледі.
30. Аудиторлық тәуекел елеулі бұрмалаулар тәуекелі мен анықталмау тәуекелінен тұрады.
Елеулі бұрмалау тәуекелі ажырамас тәуекел мен бақылау құралдарының тәуекелінен тұрады.
Мемлекеттік аудитор ажырамас тәуекелдің шамасына әсер ететін факторларды бағалау үшін кәсіби пайымын қаржылық есептіліктегі ақпаратты көрсету деңгейінде де, сол сияқты шоттар сальдосы мен шаруашылық операциялардың сыныпы деңгейінде де пайдаланады.
Бақылау құралдарының бағалау бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерімен танысқаннан және бақылау құралдарын тестілеу жүргізу жолымен аудиторлық дәлелдемелерді алғаннан кейін жүргізіледі.
Аудиторлық тәуекелді бағалау үшін сандық және сапалық әдістер қолданылады.
Сандық әдіс кезінде аудиторлық тәуекелді есептеу мынадай формуламен жүргізіледі:
АТ = АжТ х БТ х АнТ, мұнда АТ - аудиторлық тәуекел, АжТ - ажырамас тәуекел, БТ - бақылау құралдарының тәуекелі, АнТ - анықталмау тәуекелі.
Аудиторлық тәуекелді сапалық бағалау әдісі, мемлекеттік аудитордың тәжірибесі мен оның аудит объектісінің қызмет саласын білуіне сүйене отырып, қаржылық есептілік деңгейіндегі аудиторлық тәуекелді тұтастай немесе жоғары, орташа, төмен ретіндеоперациялардың жекелеген сыныптарын айқындауымен және осы бағалауды жоспарлау кезінде пайдалануымен тұжырымдалады.
Елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалау «ЖҚ - елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалау (ЖҚ-ЕБТ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Анықталмау тәуекелі, аудит аяқталғаннан және аудиторлық қорытындыны ескертулерсіз қалыптастырғаннан кейінқаржылық есептілікте елеулі қателердің қамтылуы ықтималдығын мойындауға мемлекеттік аудитордың дайындық деңгейін білдіреді.
Анықталмау тәуекелінің көлемі мынадай формуламен айқындалады:
АнТ = АТ/ АжТ х БТ, мұндаАнТ - анықталмау тәуекелі, АТ - аудиторлық тәуекел, АжТ - ажырамас тәуекел, БТ - бақылау тәуекелі.
Анықталмау тәуекелі аудиторлық рәсімдерді қолданудың тиімділігіне байланысты болады және олар мынадай ретте жіктеледі:
төмен тәуекел - ішкі бақылау жүйесі тиімді ретінде бағаланған, бірақ, ықтимал елеулі қателерді анықтау үшін егжей-тегжейлі рәсімдер жоспарлай отырып, мемлекеттік аудитор оған толығымен сенбеген кезде;
орташатәуекел - ішкі бақылау жүйесі тиімсіз ретінде бағаланған жәнемемлекеттік аудитор егжей-тегжейлі рәсімдер жоспарлаған кезде;
жоғары тәуекел - ішкі бақылау жүйесі жоқ болған кезде және мемлекеттік аудитор тұтас тексеру жоспарлаған кезде.
Қаржылық есептілікте бұрмалаулар анықталуының күтілетін тәуекелініңшамасы қаншалықты жоғары болуына қарай, анықталмау тәуекелі де соншалықты төмен болады.
Анықталмау тәуекелі нөлге дейін төмендеуімүмкін емес, өйткені мемлекеттік аудитор операциялардыңбарлық сыныптарын, шоттар сальдосы немесе ашулардың барлығын егжей-тегжейлі тексеругеалуы мүмкін емес.
Тәуекелдібағалау кезіндемемлекеттік аудиторжұмысының тиімділік тәуекелі мен сапасының негізгі құрамдастарын сипаттайтын факторларды анықтау қажет.
Мысал үшін:
аудиторлық топ мүшелерінің жұмысын бақылау;
аудиторлық топ мамандарының біліктілігі;
бухгалтерлік қызметпен тікелей байланыс мүмкіндігі;
осыған ұқсас бейіндегі объектілерде жұмыс өтілінің болуы.
Жұмыс нәтижелері» ЖҚ- бақылау құралдарының тәуекелін бағалау (ЖҚ-БҚТБ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, «ЖҚ– ажырамас тәуекелді есептеу (ЖҚ-АжТЕ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, «ЖҚ- анықталмау құралдарының тәуекелін бағалау (ЖҚ-АнТБ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет