«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- параграф. Аудит жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру



бет6/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
3- параграф. Аудит жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру

43. Аудит жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру жоспарлаудың аяқтаушы кезеңі болып табылады.


Аудит жоспары мен бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы жасау тәртібі Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының 3 бөліміне сәйкес жүзеге асады.
Аудит жоспары мен бағдарламасы Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес жасалады. Қажет болған жағдайда нысандар қажетті ақпаратпен толықтырылады.
44. Аудит жоспары мен бағдарламасын дайындау кезінде қаржылық есептілік дұрыс емес деп санауға мүмкіндік беретін қолайлы мәнділік деңгейі мен аудиторлық тәуекелді белгілеу қажет.
Аудитті жүргізу жоспарында алдын ала талдау, бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау, тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде аудитті жүргізу тәсілі айқындалады.
Аудит бағдарламасы жоспарды іске асыру үшін қажетті рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік аудитор аудит процесінде өз жұмыс құжаттарында оларға сілтеме жасауға мүмкіндігі болуы үшін аудит бағдарламасын құжаттық ресімдеуі, онда жүргізілетін аудиторлық рәсімдерді белгілеуі қажет.
Бағдарламаның әрбір бөлімі бойынша тұжырымдар жұмыс құжаттарында құжаттық көрініс табады және аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытынды жасау, сондай-ақ аудиторлық пікір қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
45. Түзету және нақтылау үшін аудит жоспары мен бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының 68-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
3- бөлім. Қаржылық есептіліктің
ішкі мемлекеттік аудитін орындау


1- тарау. Мәні бойынша аудит жүргізу


1- параграф. Аудиторлық дәлелдемелер

46. Аудитті орындау – бұл аудиторлық іс-шараның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес аудиторлық дәлелдемелер жинау үшін қажетті аудиторлық рәсімдерді жүргізу дәйектілігі.


47. Аудиторлық дәлелдемелер - бұл мемлекеттік аудитор пікір қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын ақпарат.
Аудиторлық дәлелдемелердемыналар:
алдыңғы аудит нәтижелері бойыншаалынғанақпаратты;
сұрау салулар және қадағалаулар;
шарттар;
келісімдер;
меморандумдар;
өзге де көздер қамтылуы мүмкін.
48. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жазбаша және ауызша сұрау салулар негізінде жинауы қажет.
Аудиторлық дәлелдеме көздері мыналар болып табылады:
бастапқы есепке алу құжаттары;
бастапқы есепке алу жазбаларына негізделген бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері;
қағаз, сол сияқты электрондық түрдегі есеп айырысулар;
есепті кезеңдегі қаржылық есептілік;
аудит объектісі басшылығының отырыстарының, кеңестерінің хаттамалары;
өзге де көздер.
аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін қосымша көздер мыналар болып табылады:
ресми статистика;
бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
алдыңғы аудиттер барысында алынған ақпарат;
ішкі аудит қызметінің есептері;
өзге де көздер.
Аудиторлық дәлелдемелердің бір бөлігі тестілеу жүргізу жолымен алынады, мысалы, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың үшінші тараптардан алынған салыстырып тексеру актісі.
Аудиторлық дәлелдемелердің саны қаржылық есептілігіктегі бұрмалаулардың тәуекеліне және олардың сапасына байланысты болады.
49. Мемлекеттік аудитор елеулі бұрмалаулардың тәуекелдерін бағалау үшін операциялардың сыныптары, шоттар сальдосы, нұсқамалар және ашулар бойынша тұжырымдарды пайдаланады.
Операциялардың сыныптары бойынша тұжырымдар:
құбылыс, оқиға - операциялар жасалса, оқиға орын алған және аудит объектісіне тікелей байланысты;
толықтығы - барлық операциялар бухгалтерлік есепте көрініс тапқан және қаржылық есептілікте ескерілген;
дәлдігі - операциялар сомасы сенімді түрде көрсетілген;
жабу - операциялар есепті кезеңде ескерілген;
жіктеу - операциялар тиісті шоттарда ескерілген.
Шоттар сальдосы бойынша тұжырымдар:
болуы - активтер мен міндеттемелер шын мәнінде бар;
құқықтар мен міндеттемелер – активтерге құқығы бар, кредиторлық берешек аудит объектісінің міндеттемесі болып табылады және тағы басқалар;
бағалау мен бөлу - активтер, міндеттемелер және таза активтер/капитал тиісті сомалары бойынша көрсетілген және тиісті түрде ескерілген.
Қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада ашулар жөніндегі тұжырымдар:
құбылыс, құқықтар мен міндеттемелер - операциялар мен оқиғалар шын мәнінде болды және аудит объектісіне жатады;
толықтығы - барлық ашулар қаржылық есептілікке енгізілген;
сыныптамасы мен түсініктілік – қаржылық есептілікте ақпарат дұрыс ұсынылған;
дәлдік және бағалау – ақпарат дұрыс және тиісінше сомада ашылған.
50. Аудиторлық дәлелдемелердің қағидаттары жеткіліктілігі мен сәйкестігі болып табылады.
Жеткіліктілік – бұл аудиторлық дәлелдемелер санының көрсеткіші, ол тәуекелдерді бағалауға байланысты (тәуекелдер неғұрлым жоғары болса, аудиторлық дәлелдемелер де соғұрлым көп, сапасы неғұрлым жоғары болса, аудиторлық дәлелдемелер де соғұрлым аз).
Сәйкестік - бұл аудиторлық пікір негізделетін қорытындыларды растау үшін аудиторлық дәлелдемелердің сапа көрсеткіші (орындылық және сенімділік).
Аудиторлық дәлелдемелердің критерийлері орындылық және сенімділік болып табылады.
Орындылық - бұл операциялар сыныпының, шоттар сальдосы, ашылатын мәліметтердің және олармен байланысты қаржылық есептілікті дайындау алғышарттарының, сондай-ақ оларда бұрмалауларды анықтау дұрыстығы.
Ақпараттың орындылығы аудиторлық рәсімнің мақсатымен қисынды байланысты және оған әсер етеді.
Аудиторлық дәлелдемелердің сенімділігі олардың көздері мен дәлелдемелер алу сипатына байланысты.
51. Егер аудиторлық дәлелдемелер:
сыртқы көздерден алынған;
құжатпен расталған;
алынған құжаттар түпнұсқа болып табылады;
тікелей мемлекеттік аудитордың өзі алған болса, ол анағұрлым сенімді болады.
Жоғары дәрежелі сенімділік алу үшін мемлекеттік аудитор әртүрлі және тәуелсіз сыртқы көздерден растау алуы қажеті.
Сыртқы көздерден алынған аудиторлық дәлелдемелер «ЖҚ - Сыртқы көздерден алынған ақпарат (РД-ИВИ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
52. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау мынадай:
нақты деректерді және ақпаратты жинау толықтық, дұрыстық және сәйкестік, жеткіліктік қағидаттарымен жүргізіледі;
аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастырудың жеткіліктілік мәні үшін жиналған нақты деректер мен ақпараттарды талдау;
аудиторлық дәлелдемелер қалыптастыру үшін олар жеткіліксіз болған жағдайда қосымша нақты деректер мен ақпарат жинау кезеңдерінен тұрады.
Аудиторлық дәлелдемелерді жинау дұрыс емес нақты деректерге негізделмеуге тиіс.
ЖҚ (жұмыс құжаттары), үшінші тұлғалардың сыртқы растаулары
Аудитті орындау кезінде алынған аудиторлық дәлелдемелерді аудиторлық құжаттамаға енгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет