53. Аудиторлық рәсімдер - мемлекеттік аудитордың, объектінің қаржылық жағдайы туралы пікірі негізделетін қорытындыларды қалыптастыру мақсатында анық дәлелдемелер жинау.
Аудиторлық рәсімдер бақылау құралдарын тестілеуден және мәні бойынша тексеру рәсімінен тұрады.
54. Бақылау құралдарын тестілеу бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жүргізіледі.
Мәні бойынша тексеру рәсімдері қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың болуы туралы немесе болмауы туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында жүргізіледі.
Жеткілікті және тиісті түрдегі аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мәні бойынша тексеру рәсімдерін операциялардың елеулі сыныптары, шоттар сальдосы және ашулар бойынша орындау қажет.
Мәні бойынша тексеру рәсімдері егжей-тегжейлі тестілеуді және талдамалық рәсімдерді қамтиды.
Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін аудиторлық рәсімдердің мынадай әдістері қолданылады:
зерделеу (инспекциялау);
қадағалау және көріп тексеру;
сұрау салу және растау;
қайта есептеу;
талдамалық рәсімдер;
сыртқы растау;
қайталап орындау.
Инспекциялау, қағаз немесе электрондық нысанда немесе басқа да ақпарат тасығыштардағы ішкі немесе сыртқы жазбаларды немесе құжаттарды тексерумен тұжырымдалады, бұл әртүрлі сенімділік дәрежесіндегі аудиторлық дәлелдемелерді (сипаты мен ақпарат көзіне байланысты) қамтамасыз етеді.
Қадағалау және тексеріп көру басқа тұлғалар орындап жатқан процесті немесе рәсімді қадағалау барысында алынған аудиторлық дәлелдемелерді білдіреді. Мысалы, құжаттарды (ережелері, құрылтай құжаттары, стратегиялық жоспар, операциялық жоспар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үкіметтік бағдарламалары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму бағдарламалары, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары, инвестициялық және концессиялық жобалар, қайтарымсыз гранттар, ішкі кредит беру, қарыздар және өзге де) зерделеу жолымен аудиттелетін объектінің қызметін қадағалау.
Сұрау салу және растау басқа аудиторлық рәсімдерге қосымша ретінде қолданылады. Сұрау салулар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Сұрау салуларға жауаптар бұрын алынған ақпараттан айтарлықтай басқаша ақпаратты білдіруі мүмкін. Кейде сұрау салуларға жауаптар жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін қосымша аудиторлық рәсімдерді орындауға негіз болып табылады.
Қайта есептеу құжаттардың немесе жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеруді қамтиды. Мысалы, еңбекақы немесе пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервтер бойынша есеп айырысуларды тексеру.
Талдамалық рәсімдер алынған ақпаратты талдау және бағалау болып табылады.
Талдамалық рәсімдер кейіннен қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін болатын ерекше операциялар немесе оқиғалардың ақпаратын ашуды жоспарлау кезінде тәуекелдерді анықтау үшін жүргізіледі.
Талдамалық рәсімдер мыналарды қамтуы мүмкін:
алдыңғы кезеңдердегі ақпаратты салыстыру;
қаржылық есептілік элементтерінің көрсеткіштерін салыстыру;
аудиттелетін кезеңдегі қаржылық және қаржылық емес ақпарат көрсеткіштерінің деректері арасындағы өзара байланысты зерделеу;
қаржылық есептілік элементтерінің арасындағы өзара байланысты зерделеу;
шоттар бойынша сальдоны талдау;
ерекше операцияларды талдау;
өзге де рәсімдер.
Сыртқы растауды маңызды шоттарға қатысты пайдаланады.
Қайталап орындау - бұл мемлекеттік аудитордың олармен қолданылатын бақылау құралдары бойынша аудит объектісінің басшылығына және қызметкерлеріне қатысты бақылау іс-қимылдары.
55. Аудиторлық рәсімдердің әдістерін қолдану, мемлекеттік аудитордың кәсіби пікіріне тәуелді.