«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- параграф. Мәнділік деңгейін есептеу



бет5/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2- параграф. Мәнділік деңгейін есептеу

31. Мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.


Мәнділік қаржылық есептілік деңгейінде жәнешоттардың сальдосына, операциялар сыныптарына және ашуларға қатысты қаралады.
Мәнділік деңгейін айқындау кезінде мемлекеттік аудитор кәсіби пайымын қолданады және бағалауға әсер ететін заңнаманы ескереді және тікелей жауапты болады.
Аудиторлық тапсырманың мақсаты аудит объектілеріне келтірілген залалды бағалау болып табылған кезде, мемлекеттік аудитор мәнділік ұғымын қолданбайды.
Бұл ретте мемлекеттік аудитор жиынтығында қаржылық есептілікте көрініс табатын нәтижелерге елеулі әсер ететін аз сомадан туындайтын елеусіз бұрмалауларды ескереді.
Мәнділік деңгейін айқындау мынадай жағдайларда:
аудиторлық тексеруді және аудиторлық рәсімдерді жүргізуді жоспарлау, аудитін жүргізу кезеңін, аудит объектілерін, оның ішінде тексеру жоспарына енгізілмейтін объектілерді айқындау кезінде;
іріктеу көлемін жоспарлау және оны мәні бойынша тексеру процесінде түзету кезінде;
тексеру нәтижелерін және қаржылық есептіліктің дұрыстығына, яғни аудиторлық пікір білдіру нысанына анықталған бұзушылықтардың әсерін бағалау кезінде қажет.
32. Аудиторлық тәуекел елеулі бұрмалаулар тәуекелдері мен анықталмау тәуекеліне байланысты болады.
Мәнділік деңгейі мен аудиторлық тәуекел арасында кері байланыс бар. Мәнділік деңгейі қаншалықты жоғары болса, аудиторлық тәуекел соншалықты төмен және керісінше, мәнділік деңгейі қаншалықты төмен болса, аудиторлық тәуекел соншалықты жоғары.
33. Аудит жоспарын әзірлеу кезінде қаржылық есептіліктегі бұрмалауларды анықтау үшін қолайлы мәнділік деңгейін белгілеу қажет. Мемлекеттік аудитор бұрмалаулардың сандық және сапалық сипаттамаларын ескеруі қажет.
Сапалық сипаттамасын анықтау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарынан ауытқулардың елеулі сипатын және осы ауытқулардың қаржылық есептіліккеәсері белгіленеді.
Сандықсипаттамасын анықтау кезіндебелгіленген мәнділік деңгейінен асып кетуді, қаржылық есептілік көрсеткіштеріне анықталған және ықтимал бұрмалауларды жеке-жеке және жиынтығында бағалаған жөн.
34. Мәнділік деңгейі – қаржылық есептіліктегі, осы есептілікті талдау негізінде пайдаланушылар қабылдайтын шешімдердің сапасына әсер етпейтін, жол берілетін бұрмалаулардың жиынтық мөлшері.
Мәнділік деңгейі жоспарлау деңгейінде айқындалады және аудит жоспарына енгізіледі.
Мәнділік деңгейінің мағынасы көптеген, мысалы, аудиттелетін объектінің арнаулы қызметіне, теңгерім валютасына, есептелген резервтерге және өзге де факторларға байланысты болады.
Мәнділік деңгейін анықтау мемлекеттік аудитордың кәсіби пайымы мен аудит объектісінің қызметін және оның ортасынтүсінуіне, басқа да аудиторлық дәлелдемелермен есеп айырысу бағаларының келісілген болуына байланысты болады.
Мәнділік деңгейін есептеу үшін қаржылық есептілік элементтерінің базалықкөрсеткіштері айқындалады:
бухгалтерлік теңгерім шоттарының жекелеген сальдолары;
бухгалтерлік теңгерім бабының шамасы;
қаржылық есептіліккөрсеткіштері.
Мемлекеттік аудитормәнділіктіқаржылық есептілік деңгейінде, шоттар сальдосына, операциялардың жекелеген сыныптарына, қаржылық операциялар туралы ақпарат ашылуынақатыстықарайды. Нәтижеде бір объект үшін әртүрлі мәнділік деңгейлерінің жинағын алуға болады.
Шоттар сальдосы, операциялардың сыныптары мен ашулар деңгейінде мәнділікті бағалау тексеруге жататын баптардың құрамын айқындауға көмектеседі және аудиторлық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін төмендету үшін оларға қатысты қандай аудиторлық рәсімдерді қолдану қажеттігін айқындауға және шешуге мүмкіндік береді.
35. Ең маңыздысы, бухгалтерлік есептің бұрмалауға ұшыраған шоттарыныңмаңызды топтарын айқындау болып табылады.
Қаржылық есептілік баптары маңызды шоттарды анықтау және ақпаратты ашу үшін басты көздер болып табылады.
Шотты маңызды деп тану осы шот бойынша қаражаттың қозғалысын зерделеу қажеттігіне көрсетеді. Маңызды шотты мәнділік деңгейін және (немесе) іріктеу көлемдерін айқындау кезінде ескерген жөн.
36. Бухгалтерлік есептің шоттарын маңыздыларға жатқызу критерийлері мыналар:
мәнділік деңгейінен асатын сальдолық қалдықтардың болуы;
шот бойынша есепті кезең ішіндегі үлкен айналымдар;
шот бойынша, құжаттармен расталатын және аудиттелетін объект қызметкерлерінің объективтік бағаларын қамтитын әдетте болмайтын құжаттар мен операциялардың болуы. Мысалы, активтердің құнсыздануы бойынша резерв мөлшерін айқындау, бағалау резервтерін мойындау, пайдаланылмаған демалыстар мен күмәнді борыштар бойынша резервтер;
өзгелер болып табылады.
37. Мәнділік деңгейін (деңгейлерін) есептеу үшін базалық көрсеткіштер жүйесін орнатып мемлекеттік аудитор жалпы қаржылық есептіліктің мәнділік деңгейінің сандық мәнін есептейді.
Алдымен бухгалтерлік есептің маңызды баптары мен шоттарының мәнділік деңгейлері, одан кейін жиынтығында қаржылық есептілік мәнділігінің жалпы деңгейі айқындалады.
38. Мәнділік деңгейінің сандық мәнін айқындау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
қаржылық есептіліктің барлық көрсеткіштері үшін бірыңғай деңгей орнатылады;
мәнділік деңгейін айқындау үшін іріктелген базалық көрсеткіштерден белгіленген пайыздық үлестердің орташа арифметикалық мәні есептеледі;
мәнділік деңгейлерінің бірнеше мәндері белгіленеді.
Қаржылық есептіліктің әртүрлі көрсеткіштері үшін олардың өзектілігі мен маңыздылығына қарай нақты пайыз немесе пайыздық қатар түрінде мәнділіктің салыстырмалы шамасы іріктеледі.
Бухгалтерлік баланстағы мәнділік деңгейі «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабын алып тастап белгіленеді.
Мәнділік деңгейін есептеу «ЖҚ - Мәнділік деңгейін есептеу (ЖҚ-МДЕ)» деген нысан бойынша осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
39. Мәнділік шегі аудитті жоспарлау мен орындау кезінде қолданылады және өзі шекті мәнінің мөлшерін білдіреді, бұдан жоғары анықталған бұрмалаулар мәнді болады.
Елеулі бұрмалаулар тәуекелінің коэффициентіне түзетілген мәнділік шегін айқындау үшін мынадай формула қолданылады:
Мәнділік деңгейі – (Мәнділік деңгейі х Мәнділік деңгейінің коэффициенті).
Есептелген мәнділік шектері қаржылық есептілік элементтері бойынша қаржылық есептіліктің тиісті нысанының жинақ қорытындысындағы элементтердің үлестеріне барабар бөлінуге жатады.
40. Егер аудит барысында анықталған ықтимал қателер мен бұрмалаулар жиынтығы мәнділіктің белгіленген деңгейінен асатын шаманы құрайтын болса және сапалы деңгейден ауытқу елеулі болса, онда қаржылық есептілік дұрыс емес деп танылады.
41. Мемлекеттік аудитор сыныптамадаға бұрмалаулар елеулі болып табылмайды деген тұжырымға келеді және тіпті басқа бұрмалауларды бағалау кезінде қолданылатын мәнділіктің белгіленген деңгейінен асатын болса да оларды маңызды емес деп бағалайтын болады. Бұл жағдайда сома қаржылық есептілікке елеулі әсер етпейтініне көз жеткізу үшін ұқсас бұрмалаулар шоғырландырылады.
Бұл ретте «маңызды емес» деген ұғым «елеусіз» деген ұғым ретінде қабылданбауы тиіс.
42. Егер қателер елеусіз болған жағдайда мемлекеттік аудитор қатені түзетуді ұсынады.
Егер түзетілмеген жекелеген елеусіз бұрмалаулардың саны көп болса, мемлекеттік аудитор саны туралы және түзетілмеген бұрмалаулардың жалпы көлемі туралы ақпаратты ақшалай мәнде ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет