«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер



бет8/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
3- параграф. Аудиторлық іріктеу

56. Аудиторлық іріктеу қаржылық есептіліктің бір топ операцияларының элементтерін немесе баптарын іріктеу рәсімін білдіреді.


57. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін мемлекеттік аудитор аудиторлық рәсімдерді жоспарлау кезеңінде таңдау элементтерін іріктеу әдістерін айқындайды.
Бас жиынтық – бұл элементтердің толық құрамы, олардан іріктеу жүргізіледі.
Іріктеу элементі – бұл бас жиынтықты құрайтын жекелеген элементтер. Мұндай элементтер шот-фактуралар, дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша шоттар сальдосы, өткізу бойынша бухгалтерлік есеп жүргізулер және өзге де болуы мүмкін.
58. Аудиторлық рәсімдерді әзірлей отырып, мемлекеттік аудитор мынадай рәсімдердің бірін өткізуі:
бас жиынтықтың барлық элементтерін іріктеуі (тұтас тексеру);
кәсіби пайымы мен аудит объектісінің қызметін түсінуіне сүйене отырып, ерекше элементтерді іріктеуі;
бас жиынтықтың барлық элементтерінен аудиторлық іріктеу жүргізуі қажет.
59. Тұтас тексеру мынадай:
бас жиынтық құны жоғары саны шамалы элементтерден тұратын болса. Бұл тәсіл айтарлықтай тәуекел болған және басқа құралдармен аудиторлық дәлелдемелер алу мүмкін болмаған кезде қолданылуы мүмкін.
Ақпараттық жүйелерді қолдану аудиторлық рәсімдердің қайталама әдістерін орындауға мүмкіндік берген. Мысалы, қайта есептеу немесе қайта орындау.
бұрмалаудың елеулі тәуекелі болса және басқа құралдар жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қамтамасыз етпеген жағдайларда жүргізіледі.
60. Ерекше элементтерді іріктеу мынадай:
бас жиынтық құны жоғары элементтерден тұратын және тәуекелге ұшырауға бейім не элементтер бұдан бұрын қателермен немесе ерекше операциямен байланысты болған;
аудит объектісінің қызметінің ерекшеліктері, операциялардың сипаты мен ішкі бақылау бойынша ақпарат алу үшін элементтерді тексерген жағдайларда жүргізіледі.
61. Бас жиынтық элементтерін іріктеу статистикалық әдіспен іріктеуге түспеген элементтерде жүргізілсе, қателер болу тәуекелі ықтимал. Мұндайда іріктеу ауқымын ұлғайту ұсынылады.
Іріктеуді қалыптастыру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
іріктеу әдісін айқындау;
іріктеу көлемін айқындау;
аудиторлық рәсімдердіорындау;
алынған нәтижелерді талдау және оларды бас жиынтыққа қолдану.
Іріктеуді таңдау әдістері:
статистикалық немесе статистикалық емес;
кездейсоқ сандар кестесін қолдана отырып;
жүйелі немесе жүйесіз болуы мүмкін.
Мемлекеттік аудиторкәсіби осы әдістердің бірін қолдану туралы шешімді, пайымы мен нақты мән-жайды түсінуіне сүйене отырып, дербес қабылдайды.
62. Іріктеу әдісі мен іріктеу көлемін айқындауға стратификацияның – бас жиынтықты элементтерінің әрқайсысының сипаттары ұқсас келетін жекелеген топтарға бөлу тәсілі елеулі әсер етеді. Мысалы, қорлар шот түрлері бойынша; негізгі құралдар – амортизация топтары; дебиторлық берешек – берешек туындаған мерзімдері бойынша бөлінеді.
Бас жиынтықты сандық белгісіне бөлу кезінде жиынтық ақшалай құны бойынша стратифицикацияланады. Мысалы, іріктеп тексеру элементтерінің құны бойынша.
Жекелеген топтардан құны неғұрлым жоғары элементтер немесе қаржылық есептіліктің дұрыстығына елеулі әсер етуі мүмкін болатын негізгі элементтер іріктеледі.
63. Аудиторлық іріктеу көлемін айқындай отырып, мемлекеттік аудитор жол берілетін, мәндік шегі болатын (одан жоғары анықталған бұрмалаулар мәнді болатын, бұрмалау жіберілетін шекті мәнінің мөлшері) қателер деңгейін (ЖҚД) дербес белгілейді.
Егер тексерілетін жиынтықта қателіктер орын алса, анықталған қателер жиынтығында жол берілетін қателер деңгейінен аспайтынына көз жеткізу үшін іріктеу элементтерінің санын ұлғайту қажет. Егер мемлекеттік аудитор тексерілетін жиынтықта қате жоқ деп пайымдаса іріктеудің шағын мөлшері пайдаланылады.
64. Жол берілетін қателер деңгейі мен іріктеу көлемі арасында кері байланыс бар: жол берілетін қателер деңгейі неғұрлым аз болса, аудиторлық іріктеу көлемін соғұрлым ұлғайту қажет.
Әртүрлі деректемелер үшін жиынтығында әртүрлі жол берілетін қателер деңгейі мен қолайлы тәуекел деңгейін белгілеген жөн, өйткені дұрыс ақпарат қалыптастыру кезінде олардың мағынасы әртүрлі болады. Мысалы, негізгі құралдардың түсуін тексеру кезінде осы негізгі құрал үшін материалдық-жауапты тұлғаны айқындағаннан құжаттардың болуы маңызды болып табылады.
65. Мемлекеттік аудитор мәні бойынша тесттер үшін іріктеу көлемін анықтай отырып, жоспарлау кезінде ажырамас тәуекелдің және есепке алу баптары бойынша бақылау құралдары тәуекелінің нәтижелерін қолданады.
Ажырамас тәуекелдің және бақылау құралдары тәуекелінің көрсеткіштеріне қарай сенімділік деңгейі мен сенімділік коэффициенті осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік аудитор ажырамас тәуекел мен бақылау құралдары тәуекелін неғұрлым жоғары бағаласа, сенімділік деңгейі соғұрлым төмен, сондықтан іріктеу көлемі соғұрлым көп болуға тиіс.
66. Іріктеу көлемі мынадай формуламен айқындалады:
ІК = СК*ЖК, мұндаІК- іріктеу көлемі, СК - сенімділік коэффициенті, ЖК–жиынтық коэффициенті.
Жиынтық коэффициенті (ЖК) мынадай формуламен есептеледі:
КС = (БЖ - БЖҚЭ - НЭ)/МД, мұндаБЖ–бас жиынтық, БЖҚЭ– барынша жоғары құн элементтерінің ақшалай жиынтық мәні, НЭ - негізгіэлементтердің ақшалай жиынтық мәні, МД–мәнділік деңгейі.
Негізгіэлементтерге (НЭ) ауытқу қамтуы ықтималдығы жоғары элементтер жатады. Негізгіэлементтерді мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымы мен аудит объектісі қызметінің ерекшелігінтүсінуіне сүйене отырып, айқындайды.
Барынша жоғары құн элементтеріне (БЖҚЭ) құны дәлдік дәрежесінен асатынэлементтер жатады.
Жиынтық коэффициентінің мәні 10-35 аралығындағы шекте болады.
Егер есептеу нәтижелері бойынша жиынтық коэффициентінің мәні 10-нан аз болса, онда мән 10-ға тең деп қабылданады, егер 35-тен асатын болса, онда 35-ке тең мәнді қабылдаған жөн болады.
Барынша жоғары құн элементтері (БЖҚЭ) мен негізгі элементтер (НЭ) жеке топқа іріктеледі және тұтас тексеруге жатады.
67. Мемлекеттік аудитор бас жиынтықтың элементтерін іріктеудің репрезентативтік әдісін таңдауға іріктелуге тең ықтималмен қолданады.
Іріктеудің бұл әдісі үшін:
кездейсоқ іріктеу;
жүйелік іріктеу қолданылады.
Кездейсоқ және жүйелік іріктеулер іріктеудің жүйелік әдістері болып табылады.
68. Таңдау элементін кездейсоқ іріктеу кезінде кездейсоқ сандардың Excel – генераторы бағдарламасы функцияларының көмегімен 0-ден 1-ге дейін Кездейсоқ сандар кестесі қолданылады. Кездейсоқ сан кездейсоқ түрде табылады. Баған мен жол қиылысында іздеген кездейсоқ сан тұратын болады.
Кестенің әрбір кездейсоқ іріктелген нөміріне бас жиынтықтың нақты элементі сәйкес келеді.
Кестені әрбір жаңадан жасаған кезде кездейсоқ сандардың мәні өзгеретін болады.
Тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай жолдармен жүргізіледі:
Кездейсоқ сандар кестесінен санды айқындау;
құжаттың нөмірін айқындау.
Құжат нөмірі (ҚН) мынадай формула бойынша айқындалады: ҚН = (ТМ - БМ) х КС + БМ, мұнда ТМ – түпкілікті мән бас жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірін білдіреді; БМ – бастапқы мән бас жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірін білдіреді, бұл 1-ге тең; КС – кездейсоқ сан.
69. Жүйелік іріктеу кездейсоқ іріктелген саннан бастап элементтерді тұрақты интервал арқылы іріктеуді көздейді. Интервал не элементтердің белгілі бір санына (мысалы, осы санаттардың барлық құжаттарының ішінен әрбір оныншы құжат іріктеледі) немесе олардың құндық бағасына (мысалы, элементтердің жиынтық құнында оларға әрбір оныншы сома келетін элемент іріктеледі) құрылады.
Жүйелік іріктеу кезінде тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай екі кезеңнен тұрады:
интервал мәнін айқындау;
таңдаудың бастапқы нүктесін айқындау.
Интервалдың мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
ИМ = (ТМ – БМ) / ІК, мұнда ИМ – интервал мәні; КЗ – түпкілікті мәні, яғни бас жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірі; БМ – бастапқы мәні, яғни 1 (бас жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірі); ІК – іріктеу көлемі (элементтер саны).
Бастапқы нүкте мынадай формула бойынша айқындалады:
БН = ИМ х КС + БМ, мұнда БН – бастапқы нүкте; ИМ – интервал мәні;
КС – кездейсоқ сан; БМ – бастапқы мәні.
70. Аудиторлық таңдауды пайдалану кезінде тәуекелдер туындауы мүмкін, онда:
мемлекеттік аудитор тесттік жиынтықта қателер қамтылмайды деп есептейді, ал аудиторлық рәсімдердің нәтижесінде мұндай қателер анықталған болатын. Бұл жағдайда іріктеу көлемін ұлғайту қажет;
мемлекеттік аудитор тесттік жиынтықта қателер қамтылады деп есептейді, ал аудиторлық рәсімдердің нәтижесінде мұндай қателер анықталған жоқ. Бұл жағдайда аудиторлық іріктеуді жүргізу әдістерін қайта қарау және тиісті рәсімдерді қайтадан орындау қажет.
71. Мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексеру нәтижелері мен қате табылуы бойынша олар шынымен-ақ қате болып табылады ма әлде жоқ па соны айқындауы қажет.
Қате – бұл бақылау құралдарын тестілеуді орындау кезінде бақылау құралдарының тиімді жұмыс істеуден ауытқуы немесе мәні бойынша тексеру рәсімдерін орындау кезінде бұрмалау.
Қате мынадай болуы мүмкін:
бір реттік жағдайдың немесе форс-мажор жағдаяттың нәтижесінде болған түсініксіз және қайтадан болуы мүмкін емес. Демек, тексерілетін бас жиынтық тұрғысынан бұл репрезентативтік қате болып табылмайды;
белгілі бір объектілерге тән. Мемлекеттік аудитор анықталған қателерде жалпы сипаттама табуы мүмкін екенін анықтауы мүмкін. Мұндай жағдайларда мемлекеттік аудитор бас жиынтықтың жалпы сипаттамаға ие барлық элементтерін анықтау туралы шешім қабылдайды және әрбір жекелеген топқа аудиторлық рәсім жүргізеді.
Бұл ретте, алаяқтық салдарынан қателер туындауы ықтималы бар. Сондықтан да мемлекеттік аудитор анықталған қателердің сапалы аспектілерін (сипатын – қасақана немесе абайсызда, жүйелік немесе кездейсоқ; себебін және аудиторлық тексерудің одан кейінгі жүрісіне әсерін) қарайды.
72. Анықталған қателерді барлық бас жиынтығына (экстраполяция) қолдану былайша жүргізіледі:
1) репрезентативтік іріктеу элементтерінде анықталған қателер бүкіл бас жиынтыққа қолданылады. Егер бухгалтерлік есептің шоты бойынша айналымдар немесе біртекті операциялар тобы жекелеген топтарға бөлінген болса, онда қателерді экстраполяциялау әрбір жекелеген топ бойынша жеке жүргізіледі;
2) репрезентативтік емес іріктеу элементтерінде, атап айтқанда ерекше элементтер бойынша анықталған қателер іс жүзінде табылған мөлшерінде есепке алынады және қолданылуға жатпайды;
3) экстраполяциялау кезінде түсініксіз қателер алынып тасталады және іс жүзінде табылған мөлшерінде есепке алынады.
73. Мемлекеттік аудитор тексерілетін жиынтықтағы қате жол берілетін шамадан аспайтынына көз жеткізуі қажет. Бұл үшін экстраполяциялау арқылы алынған тексерілетін жиынтықтың қатесі жол берілетін қателер деңгейімен салыстырылады. Егер бірінші қате жол берілетіннен асып кетсе іріктеу тәуекелдерін қайтадан бағалаған және егер олар қолайлы болса аудиторлық рәсімдерді ұлғайтқан немесе жүргізілген рәсімдерге балама аудиторлық рәсімдерді қолданған жөн, сондай-ақ аудиттелетін объектінің басшылығынан қаржылық есептілікке түзетулер енгізуді талап еткен жөн.
74. Іріктеу, құны барынша жоғары элементтер (ҚЖЭ) және басқа кезеңдерде тексерілген негізгі элементтер (НЭ) алынып тасталған элементтер тізбесінен жүргізіледі.
Егер іріктеу кезінде құны барынша жоғары элементтер алынып тасталмаған болса, мемлекеттік аудитор оларды реті бойынша деңгейінің мәні жоғары емес немесе негізгі элемент болып табылмайтын келесі элементке ауыстырғаны жөн.
Таңдалған іріктеу әдісі сенімді аудиторлық дәлелдемелер жинауды қамтамасыз ету қажет.
75. Іріктеп тексеру нәтижелерін экстраполяциялау нәтижесінде бүкіл тексерілетін жиынтыққа қателер мен бұрмалаулардың туындау себебін неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және мынадай іс-қимылдар орындалады:
егер жіберілген қателердің мөлшері мәнділік деңгейінен жоғары болса, мемлекеттік аудитор тексерілетін жиынтықтың дұрыстығын растамайды;
егер жіберілген қателердің мөлшері мәнділік деңгейінен төмен болса, мемлекеттік аудиторға іріктеу көлемін ұлғайту ұсынылады;
егер көрсетілген шамалардың бір-бірінен айырмашылығы елеусіз болса, онда мемлекеттік аудитор, аудит объектісінен анықталған бұзушылықтардың аудит аяқталғанша жойылуын талап ете отырып, іріктеу көлемін ұлғайтқаны жөн. Одан кейін бас жиынтықтың тексерілмеген элементтеріне қайтадан тексеру жүргізуі қажет.
Іріктеу нәтижелері «Аудиторлық іріктеу (ЖҚ-АІ)» деген жұмыс құжатымен осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Жұмыс құжаты әрбір іріктеу элементіне толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет