Арнайы педагогика


-  ерекше білімді  қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға



Pdf көрінісі
бет3/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап


ерекше білімді 
қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға.
 
Арнайы педагогикалық көмек – 
арнаулы мамандардың басшылығымен 
ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар, ерекше білімді қажетсінетін 
балалардың жеке дамуын қамтамасыз етудегі оқыту мен тәрбиелеудің 
ерекше мазмұны, формалары, әдістері.
 
Білім алу үшін арнайы жағдайлар – 
ерекше білім беруіне қажеттілігі 
бар, оларсыз жалпы білім беру бағдарламасын менгеруі болмайтын, 
арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техниқалық және өзге 
де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік 
және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар. 
Заманауи уақыттың талаптарына байланысты және халықаралық 
ғылыми қоғамдағы қабылданған терминдерге сәйкес арнайы білім беру 
саласындағы сөздіктер мен әдебиеттерде «
ерекше білімді қажет ететін 
тұлға»
термин қолданылады. 
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар
- бұл сонғы уақытта 
пайда болған термин. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңында - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша 
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беру оқу бағдарламалары 
мен қосымша білім беру бағдарламасын қажет ететін адамдар (балалар) 
деп көрсетілген. 
ОЭСР ұсынылған анықтамаларға сәйкес қарастыратын болсақ, 
«ерекше білімді қажет ететін балаларды»
ары қарай топтарға бөлеміз: 
- мүмкіндіктері шектеулі балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары, 
тірек-қымыл аппараты зақымдарған, зиятының жетіспеушілігі бар – яғни 
білім алудағы қиындықтары органикалық бұзылыстарымен байланысты; 
- мінез құлықтық және эмоционалды жетіспеушілігіне байланысты 
білім алуда қиындықтары бар балалар (бір-екі немесе одан да көп 
пәндерді менгеруде), 
- балалардың білім алудағы қиындықтары қолайсыз жағдайлардан 
пайда 
болады 
– 
әлеуметтік, 
психологиялық, 
экономикалық, 
лингвистикалық, мәдени себептер. 
Мүмкіндігі шектеулі тұлға – 
жалпы білім беру бағдарламасын 
меңгеруде белгілі бір шектеушілік туындататын дене немесе психикалық 
ақауы бар тұлға. 


10 
Дене кемістік

адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс 
істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық 
түзету арқылы қолдануды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы. 
Психикалық кемістік 
– адам психикасының дамуында анықталған 
уақытша немесе тұрақты түрдегі сөйлеудің эмоциялық-ерік аясының 
кемшілігі, оқытуда қиындықтар туғызатын психикалық дамудың 
кешеуілдеуі. 
Күрделі кемістік
– күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек 
алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын 
бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі. 
Арнайы педагогика курсында біз көбінесе бірінші, яғни мүмкіндіктері 
шектеулі топтағы балаларды қарастырамыз. 
Дәстүрлі арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың 
категориясын топтастыруы төмендегідей сипатталады: 

есту қабілеті бұзылған тұлғалар: естімейтіндер, нашар 
еститіндер, кейінен естімей қалғандар. 

көру қабілеті бұзылған тұлғалар: көрмейтіндер, нашар 
көретіндер. 

сөйлеу тілі бұзылғандар 

тірек-қимыл аппараты зақымдалған тұлғалар 

психикалық дамуы тежелген балалар. 

зияты бұзылған тұлғалар (ақыл-ой дамуы кешеуілдегендер) 

эмоциялық-ерік сферасы бұзылған тұлғалар (ерте жастағы 
аутизмге шалдыққан балалар) 

дамуында күрделі кемшілігі бар балалар. 
Қазіргі кезде дамудағы ақауларды топтастырудың белгіленген нақты 
принциптері жоқ. Біздің мемлекетімізде арнайы психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде кеңінен таралған (М.В. Власова мен 
М.С. Певзнер, В.В. Лебединский, О.Н. Усанова, В.Л. Лапшин мен 
Б.П. Пузанов) зерттеулерінде ұсынылған топтастыруларды қарастырып 
көрейік. 
М.В. Власова мен М.С. Певзнердің еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі 
тұлғалардың тобы төмендегідей сипатталады: 
1. 
Сенсорлық кемшілігі бар балалар (есту қабілеті, көру қабілеті, 
сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған). 
2. 
Психикалық дамуы тежелген балалар. 
3. 
Астениялық 
немесе 
реактивтік 
жағдайдағы, 
конфликт 
жағдайындағы балалар. 
4. 
Психопатиялық күйдегі (эмоциялық-ерік қасиеттері бұзылған) 
балалар. 
5. 
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар. 


11 
6. 
Психикалық аурулардың алғашқы белгілері анықталған 
(шизофрения, эпилепсия, истерия) балалар. 
В.В. Лебединский зерттеулерінде дамудағы кемшілік психикалық 
дизонтогенез проблемасы негізінде топтастырылады: 
1. Жалпы тұрақты бұзылу ( мысалы, олигофрения). 
2. Дамудың тежелуі (танымдық әрекет пен эмоциялық-ерік 
қасиеттерінің баяулауы). 
3. Организмнің зақымдануы (тұқымқуалайтын аурулар, ұрықтық даму 
кезіндегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі инфекция, интоксикация, 
орталық нерв жүйесінің соққы алуы). 
4. Дамудағы кемшіліктер (анализаторлық жүйелердің – көру, есту, 
сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы). 
5. Белгілі психикалық функциялардың дамуындағы жеделдеу (ерте 
балалар аутизмі). 
6. Дамудың дисгармониялығы, туа пайда болған немесе ерте балалық 
шақта пайда болған тұрақты психикалық зақымдалу (психопатия). 
О.Н. Усанова дамудағы кемшілікті топтастыруды төмендегідей 
көрсетеді: 
1. Органикалық зақымдануға байланысты анықталатын дамуында 
кемшілігі бар балалар. 
2. Функционалдық жетіспеушіліктің әсерінен болатын дамудағы 
кемшіліктер. 
3. Психикалық депривация жағдайындағы балалар. 
В.Л. Лапшин, Б.П. Пузановтың ұсынуы бойынша дамудағы 
кемшілікті топтастыру келесідей сипатталады: 
1. Сенсорлық қабілеті бұзылған тұлғалар: 
-
 
көру қабілеті зақымдалған балалар; 
-
 
есту қабілеті зақымдалған балалар, 
- сөйлеу қабілеті бұзылған балалар. 
2. 
Зиятының жетіспеушілігі бар тұлғалар (ақыл-ой дамуы 
кешеуілдеген, психикалық дамуы тежелген балалар). 
3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғалар; 
4. Күрделі кемшілігі бар тұлғалар. 
Арнаулы білім беру жүйесін құруда, оның мүмкіндіктері мен тиімді 
жақтарына талдау жасауда, арнайы білім беру жүйесінің сапасын 
арттыруда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны, арнаулы білім беру 
мекемелерінің саны туралы мәліметтерге шолу жасаудың маңызы зор. 
Арнайы педагогиканың пәндік салаларын төмендегідей топтастыруға 
болады: 


12 
 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет