13
қамтитын сала ретінде қарастырылады. Біздің ұсынылған оқулықта
«коррекциялық педагогика» терминін осы тұрғыдан қарастырамыз.
6.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған
тұлғаларды
оқыту және
тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.
7.
Эмоциялық-ерік аясы бұзылған
тұлғаларды оқыту және
тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың саласы.
8.
Дамуында күрделі кемістігі бар
тұлғаларды оқыту және
тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың саласы.
Аталған пәндік салалардың барлығы баланың жас ерекшелік
кезеңдеріне қарай сараланады. Арнайы педагогикада тарихи даму
кезеңдеріндегі өзгерістерге байланысты мектеп жасындағы балаларды
арнайы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын кең түрде зерттелген. Ал,
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі әлі де
болса зерттелу және даму деңгейінде болып отыр. Отандық арнайы
педагогика үшін жаңа бетбұрыстар орталық нерв жүйесі
органикалық
түрде зақымданған ерте жастағы балаларды (0-ден 3 жасқа дейінгі) ерте
диагностикалау, оларға ерте көмек көрсету жұмыстарына бағытталып
отыр.
Арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен
ересектерді әлеуметтік-психологиялық қолдау мен арнаулы білім беру
жүйесі әлі де даму жағдайында екені анық. Арнайы педагогика мен оның
пәндік салалары аралас ғылым салаларымен: философия, тарих, жалпы
педагогика, әлеуметтік педагогика,
арнайы психология, медицина,
әлеуметтану,
лингвистика,
психолингвистика,
жаратылыстану
ғылымдарымен тығыз байланысты.
Арнайы педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерінің қатарын
бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкета, тест әдістері құрайды. Сонымен
қатар, психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу, бала әрекетін
зерттеу әдістері жатады.
Арнаулы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасын
қорытындылау үшін эксперименттік зерттеу әдістері маңызды болып
табылады. Мұндай педагогикалық
эксперимент жұмысы бірнеше
кезеңдерге бөлінеді:
-
зерттеу мәселесін мен мақсатын анықтау, зерттеу объектісі мен
пәнін, зерттеудің болжамы мен міндеттерін белгілеу;
-
зерттеу әдістемелерін, қорытындыларды жүйелеу әдістерін құру;
-
таңдалған эксперименттік тапсырмалардың көмегімен анықтаушы
эксперимент жұмыстарын жүргізу;
-
анықтаушы
эксперимент
қорытындыларын
есепке
алып,
анықталған арнайы әдістемелер бойынша қалыптастырушы эксперимент
жұмыстарын ұйымдастыру;
14
-
анықтаушы
және
жүргізуші
эксперимент
барысындағы
мәліметтерді сандық және сапалық талдау, қортындылау;
-
зерттеу қорытындыларын мәлімдеу, инновациялық технология-
ларды практикаға енгізу.
Ғылыми танымның негіздеріне байланысты арнайы педагогикадағы
зерттеу әдістері теориялық таным әдістері
мен эмпирикалық әдістерге
бөлінеді.
Теориялық
таным
әдістері:
профессиограммалық
сипаттау,
модельдеу, аксиоматизация.
Эмпирикалық әдістер – бақылау, әңгімелесу, эксперимент
(лабораториялық,
шынайы,
қалыптастырушы
және
анықтаушы),
психодиагностикалық әдістер (стандартты түрдегі тесттер, болжамдық
тесттер, анкета, социометрия, интервью).
Арнайы педагогикада эмпирикалық әдістер жиі қолданылады.
Эмпирикалық әдістерге сипаттама жасасақ:
Бақылау әдісі
– педагогикалық құбылыстарды, оқушыларды жүйелі
түрде зерттеуде қолданылатын мақсатқа бағытталған, кең таралған
эмпирикалық әдіс. Бақылау қорытындылары хаттамаға тігіледі.
Әңгімелесу
– вербальды (сөздік) қарым-қатынас
жасау негізінде
ақпараттарды игеру әдісі. Педагогика мен психология саласында бақылау
әдісімен тікелей байланысты қолданылатын әдіс. Мысалы, баланың ойын
әрекетін бақылауда экспериментатор оның ойынына бақылау жасайды,
сонан соң баланың сүйікті ойындары, ойыншықтары туралы бірінші
баламен, содан соң ата-анасымен, тәрбиешілермен әңгіме жүргізеді.
Эксперимент
– арнайы педагогикада көп таралған әдіс. Ол
лабораториялық (арнаулы құралдардың көмегімен) және шынайы
(қалыпты жағдайда) эксперимент болып бөлінеді. Эксперименттің көп
тараған түрлері - анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент кезінде
түзете-дамыта оқыту жағдайындағы баланың қарым-қатынасқа түсу, даму
деңгейі, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі, эмоциясы зерттеледі.
Эксперимент жеке және топтық түрде жүргізілуі мүмкін.
Арнаулы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуде пәндік салалар, олардың
өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталған арнаулы білім беру
мекемелерінің түрлері белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: