Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет8/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

ерте 
диагностикалау мен ерте түзету 
мәселесі. 
Дамудағы кемшіліктерді ерте жастан түзету арқылы интеграциялау 
контексінде мүмкіндігі шектеулі бала дамуы қоғамдағы перспективті және 
жетекші тенденциялардың бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта 
елімізде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар балалардың 
категориясы туралы мәліметтер, оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері 
жеткіліксіз қарастырылған. Бұл категорияның қатарына кіретін сөйлеу 
тілінде күрделі кемшілігі бар балалар, психикалық дамуы тежелген 
балалар, ерте жастағы аутизмге шалдыққан балалар, күрделі кемшілігі бар 
балалар, тәртібі бұзылған балалар құрайды. 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мәселесі 
тарихи даму жағынан арнаулы білім беру жүйесіне мектеп жасындағы 
балаларды енгізеді. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі өткен жүз 
жылдықтың 70-ші жылдарының басында қалыптасты. Мектеп жасына 
дейінгі 
балалардың 
психологиялық 
ерекшеліктері 
толық 
зерттелмегендіктен, оларға коррекциялық көмек көрсету жүйесінің 


23 
мүмкіндігі аз болуда. Сонымен қатар, арнайы педагогикада шешімін 
күттірмейтін мәселелердің бірі - туғаннан 3 жасқа дейінгі бала 
дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау мен ерте түзету 
жұмыстары құрайды. Ерте кезең мен мектепке дейінгі шақ интенсивті 
түрдегі психикалық дамудың сензитивті кезеңдерін анықтаушы кезең 
болып табылады. Дамудың осы кезеңдерінде болашақтағы барлық 
психикалық процестердің, жеке тұлғаның дамуына негіз болатын мидың 
морфофункциялық қалыптасу кезеңі дамиды, шартты байланыстардың 
негізгі көлемі қалыптасады. Әзірге мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы 
балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуына 
байланысты сензитивті кезеңдерді қолданудың мүмкіндігі толығымен іске 
аспайды. 
Аталған мәселелер турасындағы жеткен жетістіктердің қатарында 
1990-шы жылдары Е.В. Кожевниковтың басшылығымен құрылған 
«Сәбилердің абилитациясы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама негізінде 
ерте кезден бастап диагностикалау мен түзету жұмыстарының мазмұны, 
ерекшеліктері анықталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 
балаларға ерте педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты 
бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда. 
Ерте қолға алу (ерте қолдау
) – психикалық-дене бұзылыстары 
скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, 
емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 
қолдау. 
Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық 
көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі деңгейлер 
бойынша жүзеге асырылуда: 
1.
Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте 
жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) 
перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг - “қатер” 
тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған 
тексеру. 
2. Скрининг нәтижесінде анықталған “қатер” тобындағы балаларды 
ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен 
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарына 
жіберуді қамтамасыз ету. 
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың 
арнайы топтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету 
мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске 
асырылатын коррекциялық жұмыс ұйымдастыру. 
4. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, 


24 
компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, 
оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау. 
Тағы бір өзекті мәселелерінің бірі
- медициналық-әлеуметтік-
педагогикалық патронажды
(МӘПП)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет