15
4. Арнайы педагогикада қолданылатын ұғымдар мен түсініктердің
мазмұнын ашыңыз.
5. Арнайы педагогикадағы зерттеу әдістерін тұжырымдаңыз
.
§ 2. ҚАЛЫПТАН ТЫС ДАМУ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМДАР ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1. Шет елдерде ХХ ғасырға дейінгі дамуында ақауы бар балаларды
зерттеу жұмысының мазмұны
2. Кенес одағы кезеңіндегі арнайы білім берудің қалыптасуы мен
дамуы
3. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің дамуы
4. Қазіргі уақыттағы арнайы білім берудің дамуы мен өзекті
мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамдық көзқарастар өз
алдына тарихи мәнге ие бола отырып, қоғам дамуының кезеңдерімен, яғни
ғылым мен мәдениеттің даму жағдайымен, әлеуметтік-экономикалық
қатынастармен, діни көзқарастармен, ұлттық дәстүрлер
және құқықтық
ережелермен анықталады.
Ғасырлар бойы қалыпты жағдайдан тыс даму мәселесі ғылыми
позициялық деңгейде қарастырылған жоқ. Қоғамның тарихи дамуындағы
ерте кезеңдерінде психикалық және дене кемшілігі бар тұлғаларға деген
қарым-қатынастың түрі тіпті басқаша болды. Мүмкіндігі шектеулі
тұлғалар туралы ұғым Аристотель уақытынан бастап қарастырылды.
Ежелгі Спартада, Римде IV-V ғғ. дамуында кемшілігі бар балалардың көзі
жойылып отырды. Дамудағы кемшіліктің себептері әртүрлі жолдармен
түсіндіріліп, дүниеге келген сәби қолына беріліп,
жалпы тексеруден
өткеннен кейін ғана бала дамуының жағдайына қарай болашағы
анықталды.
Қайта өрлеу дәуірінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген
гуманистік көзқарастар негізінде мейірімділік, адамгершілік идеяларын
ұсынған Т.Мор Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, Д.Локк ағартушы
философтар болды. Дәрігерлер сол кезден
бастап монастырлер мен
түрмелерге барып, жан ауруына ұшырағандарға бақылау жүргізу, оларға
көмек көрсету, қоғамға араласуға бағыт беру түріндегі жұмыстарды
ұйымдастыра бастады.
Ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың оқыту мен тәрбиеге
бағынышты екендігін айтып, оларға ерекше оқыту формасының
16
қажеттілігі туралы пікірін ұсынған ең алғаш
швейцар педагогы Иоганн
Генрих Песталоцци (1746-1827) болды.
Әйгілі чех педагогы Ян Амос Коменский барлық тұлғаның білім
алуға құқылы екендігін айтып, ақыл-ой дамуының деңгейіне, мінез-
құлықтағы ерекшеліктерге қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды
типтерге бөлді.
Саңырауларды жеке түрде оқытудың алғашқы қадамдары1578 ж.
Испанияда, 1648 ж.
Англияда, соқырларды оқыту 1670 ж. Францияда
жасалды.
Мүмкіндігі
шектеулі
тұлғалардың
азаматтығын
қорғаудағы
гуманизация мен демократизация туралы көзқарастар Жан Жак Руссо, Ф.
Вольтер, Ш. Монтескье, Дени Дидро еңбектерінде, Ұлы Француз
революциясы кезіндегі 1793 ж. «Адам декларациясы» еңбегінде
баяндалады.
Дегенмен, мемлекеттік қайраткерлер мен педагогтар
арасындағы бұл идеялар қолдау таппай отырды.
XIX ғ. ортасынан Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропадағы арнайы
педагогика ғылымының дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
педагогтар мен дәрігерлердің көмегі көрсетіле бастады. Бұл бағыттың
қарқынды дамуына үлкен үлес қосқан сол кездегі зерттеушілер: жан
ауруына ұшырағандарға адамгершілік қатынас көрсеткен француз дәрігері
және психиатр Филипп Пиннель (1745-1826) болды. Арнайы педагогика
ғылымына «аменция», «деменция» ұғымдарын
енгізген оның шәкірті
Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840). XVIII ғ. аяғы мен – XIX ғ.
басында дамуында кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету
жүйесі қалыптаса бастады.
Мүмкіндігі
шектеулі
тұлғаларды
медициналық-педагогикалық
қолдау, оқыту мен тәрбиелеуді қолдаушы әйгілі француз психиатры Жан
Итар (1775-1938). Жан Итар ақыл-ой дамуында күрделі кемшілігі бар
балаға қимыл-қозғалысын дамытуға бағытта оқытудың көмегімен сезіміне
әсер ету арқылы білім беруді ұсынды. Жан Итардың жүргізген
зерттеулеріне оң нәтиже анықталмағанымен, дамуында күрделі кемшілігі
бар балалардың сезім органдары мен моторикасын арнаулы дайындық
жаттығулары арқылы қалыптастырудың жолдарын анықтады.
Арнайы педагогика ғылымының дамуына да зор үлесін қосқан
Э. Сеген идеялары болды. Оның идеялары Америкада ақыл-ой дамуы
бұзылған балаларға арналған жеке мектептердің ашылуына ықпалын
тигізді. Бұл мектептерде баланың
еңбекке дайындығы мен дене
дайындығын қалыптастыру бағытында педагогикалық көмек түрлері
ұйымдастырыла бастайды. Осы кезеңге дейін дефектолог мамандар
Э.Сегеннің жасаған оқыту құралдарын қолданып келеді. Еуропадағы
Э.Сегеннің идеясы М. Монтессоридің ақыл-ой дамуы кешеуілдеген
балаларды оқыту жүйесіндегі дидактикалық жүйелер арқылы, соның
17
ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық дамыту жүйесі
арқылы жетістіктерге жетіп отырды.
Еуропада ХІХ-ХХ ғасырларда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы
мекемелерде көмек көрсету жұмыстарының төмендегідей негізгі
бағыттары анықталды:
Достарыңызбен бөлісу: