Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі Атеросклероз


Артериалды гипертония. Қауіпті факторлары



бет2/17
Дата19.09.2023
өлшемі60,34 Kb.
#108543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Геронт жүрек

Артериалды гипертония. Қауіпті факторларыҚарттардағы клиникалық ағымының ерекшеліктері. Гипертоникалық кризде жедел жәрдем
Медицина саласында егде жастағы науқастарда артериалды гипертензияны бағалауда қарама – қарсы пікір туындайды.Кейбір зертеушілер АГ-ның кеш пайда болуы қарттық өзгерістегі қанайналым жүйесі десе, кейбіреулер АГ бұл қарттық ауру деп есептейді.
65-жастан асқан егде және қарт жастағы ер кісілерде АГ-ның шектелген систолалық формасы кездеседі. 60 жастан кейін артерия мен қолқаның эластикалық қасиеті төмендейді.
Қолқа кеңейгендіктен жүректің лақтыру қарсылығы жоғарлайды.
Нәтижесінде диастолалық АҚ төмендей бастайды. Ал систолалық АҚ керісінше жоғарлай бастағандықтан пульстік қысым өсе бастайды. Бас миындағы диэнцефальды гипоталамустық құрылым жас келе қызметтік өзгеріске ұшырайды;гипоксиялық зақымдалу; симпатико-адреналды өзгеріс және ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесінің өзгеруі; қолқа және 
ірі артериялардың эластикалық созылуының төмендеуі ;
қан тамырларының эндотелий дисфункциясы; β-адренорецепторларының 
мөлшері азайғандықтан; жүрек пен бүйректің ишимиялық өзгерісі;
тін аралық микроқанайналым мен оттегі алмасудың қиындауы; жүрек салмағының артуы.
Этиологиясы. Қазіргі кезде артериялық гипертонияның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі. 
Аурудың дамуына себепші факторлар ретінде мыналарды қарастыруға болады:
- нервті-психикалық жарақаттар (жедел немесе созылмалы), эмоциональды стресс;
- тұқым қуалайтын конституциялық ерекшеліктер (жасушамембраналардың бұзылыстарына байланысты болуы мүмкін);
- егде және қарт жастағы науқастар;
- кәсіптік зардаптар (шу, зейінді үнемі ауыртпашлыққа түсіру);
- тамақтану ерекшеліктері (кальцийдің аздығы, тұзды көп қолдану);
мидың диэнцефальды - гапоталамустық жүйелерінің жастық қалыптасуы (климакс)
кезінде;
- бас жарақаты;
- интоксикациялар (алкоголь, темекі шегу);
- май алмасуының бұзылыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет