Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі Атеросклероз



бет5/17
Дата19.09.2023
өлшемі60,34 Kb.
#108543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Геронт жүрек

Клиникалық көрінісі. Артериялық гипертонияның көрінісі оның барысына (кризді, қатерлі, рефрактерлі), сатысына және «нысаналық» ағзалардың зақымдану деңгейіне тәуелді. Егде жастағылардың АГ -ның өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, ұзақ уақыттан бері ауруы; екіншіден, патологиялық үрдістің қатерсіз ағымы; үшіншіден, субъективті 
белгілердің, клиникалық белгілердің аз болуы. Егде жастағыларда көп жылдан бері АГ-ны тек кездейсоқ АҚҚ өлшегенде анықталады.АҚҚ қайта-қайта тексеру нәтижесінде егде жаста АҚҚ тек қысқа уақытқа, яғни,эмоционалдық, физикалық жүктемеде көтерілетіні анықталынады.
Шағымдарының бірі бастың ауруы. Бас аурудың «типтік», «жұлын сұйықтық», «ишемиялық» және «бұлшықеттік» түрлерін ажыратады. (Ронтберг Г.Е, Струтынский А.В., 2003).
«Типтік» бас ауырсыну - түнде немесе ерте таң сәріде басталады. 
Әсіресе бастың шүйде бөлігінде жіті күйдірген ауырсыну, кейде маңдайға және бастың барлық бөлігіне беріледі. Бас ауырсыну көлденең жатқанда,басты төмен бұрғанда, ауыр жөтелде, физикалық күште қозады. Бет пен қабақ ісіңкіреп, тәулік барысында өздігімен басылады.
«Жұлын сұйықтық» бас ауырсыну - бастың бүкіл жері жарылып кететіндей сезім. Бас пен денені қозғалтқанда күшейеді немесе жөтел қысқанда ауырсыну үдейді. АГ-ның қатерлі түрінде, гипертониялық кризде, сауыт ішілік қысым көтерілгенге байланысты. Ауырсынуды және ми ісігін басу үшін дегидротациялық терапия қолданылады.
«Ишемиялық» бас ауырсыну – гипертониялық кризде кездеседі.
АҚҚ кенеттен көтеріліп, бас сынып ауырады. Егде кісілердегі церебральдық қантамырлардағы атеросклероздың әсерінен қантамыр тарылып периваскулярлық ісік дамиды. Сол себепті, ми ішілік қанайналым нашарлап, біріншілік ми қанайналым жетіспеушілік дамиды (бас айналу,мидағы шу, есте сақтау, жұмысқа деген құлшыныс төмендейді). Бұл науқастарда ишемиялық инсульттың болу қауіпі бар. Ауырсынуды басу және ми қанайналымды жақсарту үшін дезагрегаттар, спазмолитиктер кеңінен қолданылады.
«Бұлшықеттік» бас ауру типі – басты орамалмен қысып байлап тұрған сияқты сезім. Психоэмоциональды және физикалық күштемеден кейін біртіндеп басталады. Негізгі себеп – бастың жұмсақ бұлшықетінің жиырылуынан. Қанайналым мен қан тамырдың қатысы жоқ. Шағымы: бас айналу, жүрек айну, құсу. Ауырсыну спазмолитикпен анальгетиктерді қолданғанда басылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет