Дисциркуляторлыэнцефалопатия. Егде жастағыларда АҚ көтерілгенде жіті басталады. Дисцеркуляторлы энцефалопатия негізінде ми қантамырларының диффузды зақымдалу орын алады.
Егде жастағыларда АҚ-ның дисциркуляторлы энцефалопатияның әртүрлі клиникалық неврологиялық синдромдар:
- вестибулярлы милық (бас айналу, шайқалу, жүрген кезде шайқалу);
- псевдобульбарлы (сөйлеудің анық еместігі, жұтыну кезінде шашалу);
- экстрапирамидтік (бастың, саусақтың дірілдеуі, қозғалудың баяулауы);
- қантамырлық деменция (сақтау қабілетінің төмендеуі);
1- кезең. Тез шаршау, тітіркенгіш, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі,
бас ауру, бас айналу, баста шу.
2- кезең. Апатия басталады, көңіл күйінің тез бұзылуы, күндіз
ұйқысырау түнде ұйқысыздық, ойлау қабілетінің төмендеуі.
3- кезең.Ипохондриялық-депрессивті синдроммен жүретін, кейде агрессиялық әлсіздік, науқастың өмірлік сапасын төмендетеді.
Невротикалық симптом – бұлшықет тонусының жоғарылауы, бастың қолдың қимылдауы, дизартрия, жұтыну кезіндегі шашалу.
Көз көрудің нашарлауы егде жастағы науқастардың көпшілігіндебайқалады. Көздің тор қабығының қанайналымы зақымдалғандықтан көз алдында «шіркейдің», «тұманның» қалқып тұрғандай сезімде болады. Бірте келе көз көру нашарлап, диплапия дамиды. Бұл көріністердің негізінде көз тор қабығының қантамырларында тұрақты ангиоспазм мен ангиопатияның болуы орын алып, күрделі өзгеріске (тамыр тромбозы, қанқұйылулар, тор қабығының сылынып түсуі, тор қабығының
дегенеративті өзгерістері) ұшыратады. Көздің жүйке жүйе дискісінің ісінуі
мен тор қабығының орталық артериясында тромбоздың салдарынан, көздің
зағиптығына әкеледі.
АҚ бар науқастарда жүрек аймағында ауырсыну байқалады.
Кардиалгия көрінісі басым болады. Ауырсыну физикалық күштемеге байланысы жоқ АҚ көтерілгенде жүрек ұшында байқалады. Ауырсыну ұзақтығы 10 минуттан бірнеше сағатқа созылып, нитроглицеринмен басылмайды.
Аорта созылғаннан аорталгия типіндегі ауырсыну сезімі байқалады.
Гипертониялық криздің жоғарғы көрсеткішінде аорта аневризмасынан шыдатпайтындай ауырсыну болады.
Егде жастағы науқастарда АҚ мен бірге жүретін тәждік атеросклероз миокардттың оттегіге деген сұранысы артып, стенокардия ұстамасы кейбір ауыр жағдайларда миокард инфарктісіде дамуы мүмкін.
Ентігу, егде жастағы науқастарда АҚ жоғары көтерілгенде басталады.
Жүректің миокард гипертрофиясының диастолалық дисфункциясының әсерінен байқалады. Тыныш күйдегі байқаған ентігу жүректің сол қарыншасының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер егде жастағы науқастарда қосымша атеросклерозды кардиосклероз, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және кәрілік эмфизема болса ентігу оңай және тез дамиды.
Аяқтағы ісік аурудың соңғы кезінде бүйректің экскреторлы қызметінің бұзылуынан қантамырларда натрий мен судың тұрып қалуына байланысты
бұл ағым мына асқынуға әкеледі: бүйректің біріншілік бүрісуі, СБЖ, үлкен қанайналым шеңберінде қанның іркілісі, жүректің бивентрикулярлы жетіспеушілігін көрсетеді.
Эссенциальді гипертония кезіндегі бүйрек жетіспеушілігінің ерте дамыған церебрльді және кардиальді бұзылыстары (инсульт, инфаркт) АГ -ң катерлі ағымына тән. АГ-ң ешқандай асқынусыз дамуы, медикаментозды емнің эффективтілігі, сол ем әсерінен АГ-ң бір деңгейде ұсталып тұруы, АГ-ң катерсіз варианты екендігін көрсетеді.