Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41

Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан  Республикасының  Заңы «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық
актілеріне  əлеуметтік  қамсыздандыру  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу
туралы»
2. Құдайбергенова  Ж.А. Влияние  миграционных  процессов  на  изменения  историко-
демографической ситуации в Казахстане (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв). – Алматы, 2010
3. Аймбетов С. 1926-1939 жылдар арлығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық жəне
əлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Алматы, 1998.

67
ДЕМОГРАФИЯ ЖƏНЕ ЕҢБЕК ƏЛЕУМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Берикболова У.Д.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистрі, Қызылорда қ.
Халықты  көптеген  қоғамдық  жəне  жаратылыстану  ғылымдары  зерттейді. Осылардың
ішінде демография ерекше орын алады. Демография бұл əлеуметтік, экономикалық сонымен
қатар биологиялық жəне географиялық факторлар, себептер мен əртүрлі жағдайлар негізінде
халықтың  орналасу  құрылымындағы, орналасуындағы, динамикасындағы  болып  жататын
құбылыстар мен процестердің заңдылығын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Демография  гректің «demos» - халық, «graрһo» - жазамын, сипаттаймын  деген  ұғым
береді, яғни  халықтың  халық  болып  қалыптасып, өмір  сүріп  тіршілік  етуіне  байланысты
ғылыми  тұжырымдар  жүйесінің  жиынтығын  бейнелейтін  ғылым  саласы  болып  табылады.
«Демография» термині  тұңғыш  рет  француз  ғалымы  А.Гийярдың 1855 жылы  шыққан
«Элементы  статистики  человека  или  сравнительная  демография» атты  кітабында
қолданылды [1,6б.]. Халық кең  мағынасында (немесе  ел, жұрт) адамдардың  жиынтығын
білдіреді, сондай-ақ қоғамдық дамудың əртүрлі сатыларындағы таптық жəне топтық құрамы,
тарихи  өзгеріп  отыратын  əлеуметтік  үлкен  топтардың  бірлігі. Ол  белгілі  бір  территорияда
өмір  сүреді, іс-əрекет, қызмет  жасайды. Демография  халықтың  құрамын, санын  жəне оның
өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын  зерттейді. Бұл  процесте  адамның  жынысы, жасы, атқаратын
қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, сөйтіп жалпы халықтың əр түрлі қозғалыс
өзгерістерін (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске  əсерін, т.б.) зерттейді. Əр  қоғам
халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның
нақтылы  əлеуметтік- экономикалық  жағдайына  байланысты  Халықтың  санын, құрылымын
оның  қозғалысын, дамуын, өзгеруін  демография  ғылымы, дəлірегі, оның  демографиялық
статистика  зерттейді. Кейінгінің  негізін  ғылыми  экономикалық  теориялар, тұжырымдар
құрайды. Туылу, өлім, некелесу, ажырасу, миграция  демографияның  негізгі  анықтаушы
көрсеткіштері болып есептеледі.
Ғаламдық  тұрғыда  демографиялық  проблема  маңызды  орын  алады. Себебі,
планетадағы  халықтың  өсуі  экономикалық, əлеуметтік, экологиялық  жағдайлармен
анықталады. Сондықтан  да  демографиялық  проблема  барлық  уақытта  күн  тəртібіндегі
көкейтесті  ғаламдық  проблема  болып  саналады. Адамзаттың  демографиялық  тарихында
шартты түрде демографиялық проблеманың бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар:
1. бірінші бағыт – бірқатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның
қартаюына  жəне  санының  азаюына  əкеліп  соғып  отырған – демографиялық  дағдарыс.
Мұндай процесті демографтар халық санының азаюы немесе депопуляция деп атаған;
2. екінші  бағыт- Азия, Африка, Латын  Америкасы  елдерінің  көпшілігінде  халық
санының тез өсуі байқалады. Оның үстіне, бұл елдерде жастардың үлес салмағы өте жоғары.
Оларда халықтың табиғи өсу қарқыны кемиді деп күту қиын.
Қазіргі  таңда  еліміз  бəсекелестік  басымдыққа  қол  жеткізуде, экономикалық  өсудің
сапалық  көрсеткіштерін  қамтамасыз  етуде  еңбек  ресурстары  маңызды  рөл  атқарады.
Экономиканың  болашақта  дамуы  нақты  осы  ресурстарға  байланысты  болатыны  сөзсіз.
Сондықтан, ел  экономикасының  еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  етілуін, олардың
қалыптасу  көздерін  қарастыру  өзекті  мəселе.  Еңбек  ресурстарының  негізгі  көзі  –  халық.
Еңбек  ресурстары  еңбекке  жарамды  жастан  төмен  тұлғалар  есебінен  толығып  отырады.
Демографиялық  саясат  деп - мемлекеттік  тұрғыдан  қоғамның  ең  өміршең  жəне  бастапқы
қажет тіршілігін, оның  ішінде - халықтың өсіп-өнуі мен  сақталып дамуын, өлім-жітімі мен
көші-қонын  жəне  мекен-жайға  дұрыс  орналасуын  қамтамасыз  ететін  шаралар  мен  іс-
əрекеттердің  біртұтас  жүйесі. Демографиялық  саясаттың  негізгі  мақсаты - мемлекеттік
дамуды, қоғамдық ахуалды жəне ұлттық мүддені қамтамасыз етуге арналған өзіне ғана тəн,
қажетінше  тиісті, əрі  тікелей  тиімді  жолдармен  жетуді  нысана  етіп  алады. Демографиялық

68
саясатымызды  тиімді, əрі  белсенді  мемлекеттік  саясат  ретінде  толыққанды  етіп
қалыптастыру  үшін, осы  бағытта  бар  өткенімізді  жақсы  шолып, жоғалтқанымызды  іздеп
тауып, болашақты болжай алатындай, зерттеушілік жұмыстар жасау қажет. Демографиялық
саясат дегеніміз - есеп-қисап түгендеу, күрделі үрдістер мен құбылыстардың бүгінгі жүрісін
үзбей бағалау, соңында барлығының қорытындысы ретінде, ғылыми айқындалған болжамдар
негізінде, пəрменді саяси шаралар белгілеу болып табылады.
Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары,
жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі
экономикалық көрсеткіштерімен қатар, халық саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен
денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерде
қарағанда  адам  ресурстарының  табиғат  ресурстарынан  маңыздырақ  екені  аңғарылады.
Қазақстан  Республикасының  соңғы  жылдардағы  тұрақты  экономикалық  даму  қарқыны
көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі мен өлім
мөлшері, əлеуметтік-мəдени  қажеттіліктерінің  қамсыздандырылу 
деңгейі  сияқты
көрсеткіштері  əлде  де  нашар  деңгейде. Аталған  проблемалардың  негізінде  əлеуметттік,
экономикалық, экологиялық, биологиялық себептердің болғаны белгілі.
Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953
мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сəби дүниеге келді. Бұл өткен
жылдың  көрсеткіштерінен 0,8 пайызға  артық. Өлім  көрсеткіші 2012 жылдың  алғашқы  екі
айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды.  Біздің елге келгендер – 3209
адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады [2].
 Жалпы, демографиялық  мəселе  біздің  ел  үшін  қазіргі  таңдағы  маңыздылардың  бірі.
Кеңес  Одағы  орнаған  тұста  қазақ  халқының  демографиялық  потенциалы  өте  жоғары
болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан
ең  көбі  болды. Қазіргі  күнді  алатын  болсақ, көршілес  Өзбекстанның  халық  саны 30
миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн.
қазақ) [2].
Кейбір  тарихи  оқиғалар  қазақ  халқының  демографиясына  үлкен  соққы  тигізді. Оның
ішінде  қазақ  даласында  орын  алған  ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі  демограф
Мақаш  Тəтімовтың  айтуынша, аштық  əсерінен  қазақтар  халық  санының  жартысына
жуығынан  айырылған. Сонымен  қатар, екінші  дүниежүзілік  соғыста 2 миллионнан  аса
қазақтың 350 мыңы  соғыста  қайтыс  болды. Демографтың  ойынша, егер  осы  оқиғалар
болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің 
қазіргі 
демографиялық 
бейнесіне 
толығырақ 
тоқталайық.
Территориясының  көлемі  бойынша  тоғызыншы  орын  алатын  Қазақстанда  бір  шаршы
шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз
əлем елдері арасында 184-орында тұр. Тəуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген
бұрынғы  мемлекеттеріндегідей  Қазақстанда  да  демографиялық  дағдарыс  басталды.
Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген
болатын. Бірақ соңғы жылдары əлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне
септігін тигізді. Төмендегі кестеде бала туу көрсеткіші бойынша ақпараттар берілген.
Кесте 1
Қазақстан Республикасындағы бала туу көрсеткіштері, мың адам
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Қазақстан
Республикасы
247946 273028 278977 301756 321963 356575 357552 367752 372544
1000 адамға шаққанда
Қазақстан
Республикасы
16,63 18,19 18,42 19,71 20,79 22,75 22,00 22,53 22,50
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі

69
Кестедегі  сандарға  сараптама  жасайтын  болсақ, 2003 жылмен  салыстырғанда 2011
жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу
көрсеткіші 22,50 болып  отыр. Бұл  дегеніміз 2011 жылы  халық  санының 2,25%-на  тең  сəби
дүниеге  келді. Біріккен  Ұлттар  Ұйымы, АҚШ  Орталық  барлау  басқармасы, Дүниежүзілік
банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші
бойынша  біз  бұрынғы  Кеңес  Одағы  мемлекеттері  арасында  Тəжікстан  мен  Қырғызстаннан
кейінгі үшінші орында тұрмыз [3].
Жалпы, демография  мен  мемлекет  дамуының  арасындағы  байланысты  байқауға
болады. Демографиялық жағдай елге оң немесе кері əсерін тигізе алады.
Қазіргі  таңда  біздің  шығыс  көршіміз  Қытай  экономика  көлемі  бойынша  АҚШ-тан
кейінгі  екінші  орынға  жайғасты. Көптеген  мамандардың  пайымдауынша, оның  қарқынды
дамуына əсер еткен факторлардың бірі – халық саны. Соңғы деректерге сүйенсек, ҚХР халқы
1,3 млрд. болып отыр [3].
Батыстағы  жəне  Азиядағы  дамыған  елдердегі  жұмыс  күшінің  қымбаттауы  ондағы  ірі
компаниялардың  арзан  жəне  сапалы  еңбек  ресурстарын  іздеуге  мəжбүрледі. Осы  орайда,
халық  саны  бойынша  бірінші  орын  алатын  Қытай  мүмкіндікті  дұрыс  пайдаланып,
инвестициялардың  келуіне  тиімді  жағдайлар  жасады. Əлемнің  əйгілі  компаниялары  өзінің
зауыттарын  аспан  асты  елінде  сала  бастады. Осылайша  олар «əлемнің  фабрикасына»
айналды. Бұл ҚХР-дың дамуына үлкен бір серпіліс берді. Қазіргі таңда Қытай экспорт көлемі
жөнінен əлем бойынша бірінші орында.
Еліміздің 
болашағы,
 ішкі 
жəне 
сыртқы 
қауіпсіздігіміз,
 экономикалық
динамикаларымыздың  артуы  тікелей  халықтың  санының  өсуіне  байланысты. Бүгінгі  күні
Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған ең маңызды проблеманың демографиялық проблема
екенін ерекше атап айтқымыз келеді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1.
А.Гийяр «Элементы статистики человека или сравнительная демография», 1855
2.
Современная демографическая политика: Казахстан и зарубежный опыт (информационно-
аналитическая записка) http://www.ipd.kz/index.php
3.
http://www.stat.kz
4.
http://www.sarap.kz//Қазақстандағы демографиялық ахуал, 22 мамыр 2013
ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МƏДЕНИЕТ,
ƏДЕТ-ҒҰРЫП ЖƏНЕ ДƏСТҮР МƏСЕЛЕЛЕРІ
(КӨПЭТНОСТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Есенбекова Ұ.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің доценті, Астана қ.
Көпэтносты  қоғамдарда  мəдениет, салт-дəстүр  сабақтастығы  этностар  арасындағы
қарым-қатынаспен  тығыз  байланысты. Əр  халықтың  мəдениеті  өзіне  тəн  ерекшеліктерімен
дараланып, көзге  шалынады. Алайда, басқа  халықтардың  əсерінсіз  таза, дара  ұлттық
мəдениет тіпті де кездеспейді. «Ұлттар халықтардың материалдық жəне рухани байланысы,
қарым-қатынасы  арқылы  бірін  бірі  мəдени  байлығы  жағынан  толықтырады», – дейді
С.Н.Артановский.
Əртүрлі  ұлт  пен  халықтарда  кездеспейтін, қайталанбайтын  таза  ұлттық  салт-дəстүр
ешбір  елде болмақ  емес. Бір ұлтта бар салт  дəстүрлер, ою-өрнек əшекейінде, əр ұлттқа тəн
ерекше белгілері байқалады. Ұлттық болмыс бітімі адам мінезінен, іс əрекетінен ерекшелене
көрінетін  тұрақты  құбылыс. Ұлттық  мінез-құлық  сол  ұлттқа  тəн  қызуқандылық, жан-күй
рухани сапамен ерекшеленіп, өзіне тəн менталитетімен көзге түседі.

70
Кез-келген ұлттық мəдениетті алсақ та, ондағы салт-дəстүрлер жүйесіне бірден көзіміз
түседі. Бұл туралы белгілі философ Гердер: «Салт-дəстүр – тіл мен мəдениет бастауларының
анасы», – деген  салмақты  пікір  айтса, ғалым-зерттеуші  Ғ.Ақпанбет: «Мəдениет  өзінің  кең
мағынасында  бір  ұрпақтың  келесі  ұрпаққа  жолдаған  өмір  сүру  тəсілі  болғандықтан, осы
жалғастықты, мұрагерлікті  жүзеге  асыратын  салт-дəстүрлер  жүйесі – мəдениет  өзегін
құрастырады», – дейді. Əсіресе, жазу-сызуы болмаған халық ерте заманда мəдени ырымдар
мен  сəуегейлікке, сенім-нанымдарға, дəстүрлі  түсініктерге  иек  артқан. Олар  терең
философиялық  ойдың, ғасырлар  бойы  жинақталған  тəжірибесінің  сұрыпталған  тұжырымы,
негізгі нəрі, қысқа да  көркем бейнесі. Бірақ мəдениет  деген терминнің  тек Батыс  Еуропада
ғана 250-ден  астам  анықтамасы  бар  екендігін  естен  шығармауымыз  керек. Бұл  оның
жергілікті, аймақтық, ұлттық  жəне  халықаралық  аядағы  мəні  мен  болмысы  туралы
пікірлердің  əртүрлі  болатындығын  білдіреді. Осыған  орай  əлеуметтік-экономикалық  жəне
саяси  жүйесі əртектес, даму деңгейлері əртүрлі елдердің  мəдениет туралы  ұғымдарына ден
қойған ЮНЕСКО мəдениеттанушылары мынадай нəрсені анықтаған.
Жапондардың  ұғымынша, мəдениеттің  шарықтау  шыңы  шəй  беру  рəсімінен  көрінсе,
поляктар  мəдениеттілікті  бауырсақ  пісіру  арқылы  да  танытуға  болады  деп  есептеген. Ал,
танзаниялықтардың ұғымынша мəдениеттің ең жарқын үлгісі – жақсы жасалған татуировка.
Сөз  жоқ, мұндай  жауаптар  мəдениеттің  тек  қана  ұлттық  қасиеттер  аясында  көрініс
табатынын пайымдатады. Олар Қазақстан телеарналарында хабар, сюжет, репортаж түрінде
беріліп, насихатталуда.
2002 жылдың  қазанында  құрылған «Достық» шығармашылық  бірлестігі  дайындаған
мазмұнды хабарлар ұлттық-мəдени бірлестіктердің өмірі жайлы, Қазақстанда тұратын аз ұлт
өкілдерінің тілін, мəдениетін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін сақтауға бағытталған. Осы секілді
«Хабар» агенттігінде «Біздің көшенің тұрғындары» деп аталатын түрлі этностың мəдениеті
мен өнерін көрсететін бағдарламалар да көрермен көңілінен шығып жүр.
Осындай  топтасу  мен  достықтың  тағы  бір  жақсы  нышаны  Қазақстан  халықтарының
достығы күні болып жарияланған еліміздің ұлттық мерекесі – 1-мамыр. 1-мамыр – Қазақстан
халқының бірлігі күні.
Бұл  мереке 1995 жылдан  бері  мемлекеттік  мəртебеге  ие  болып, баршамыздың
ынтымағымыз  бен  бауырмалдығымызды жарқыратып  көрсететін  күн  болды. Осы мерекеде
өткізілетін  іс-шаралардың  негізгі  өзегі – халықтар  достығы  мен  бірлігі. Оған  дəлел  Астана
алаңдарында  жылда  өтетін  Қазақстан  халықтары  бірлігі  мерекесі. Бірлік  сөзі  немісше –
«айнихкайт»,  корейше  –  «тхонил»,  ингуштар  –  «бар»,  татарша  –  «бердамлек»,  еврейше  –
«бэяхад». Əртүрлі  айтылғанымен  бұл  сөздердің  бір  ғана  мағынасы  бар. Ол – достық  пен
ынтымақ.
Бүгінде татулығы жарасқан Қазақ шаңырағының астында 130-дан астам этнос өкілдері
өмір  сүруде. Республикада 350-ден  аса  этно-мəдени  бірлестіктер  жұмыс  істейді. Барлық
этностардың  өкілдері  тең  дəрежеде  бейбіт  өмір  сүріп  отыр. Татар-башқұрт, неміс, орыс,
кəріс, шешен-ингуш, украин халықтарының өнері мен дəстүрлерін этно-мəдени бірлестіктер
көрсетеді. Олар  өздеріне  тəн  əуендермен  əн  салып, ұлттық  билерін  билейді. Осындай
шаралар арқылы достығымыз нығайып, бірлігіміз күшеюде.
Бұның  сыртында  көркемөнер  мəдениеті, экономикалық  мəдениет, экологиялық
мəдениет, ғылым  мəдениеті, əлеуметтік  мəдениет, оқу  мəдениеті, бұқаралық  ақпарат
құралдарының  мəдениеті, тағы  басқалар  деп  мəдениетті  біртұтас əлеуметтік-экономикалық
қоғам  аясында  жіліктеп  қарауды  ұсынатындар  да  бар. Тарихи  қалыптасқан  сондай
ерекшеліктердің  негізгілеріне  тоқтала  кетейік. Біріншіден, қазақтардың  көшпелі  сипаты,
ұдайы  мал  бағып,  оның  соңында  көшіп-қонып  жүруі.  Ол  үшін  көбінесе  ен  дала,  жазық
жайлаулардың, тіпті шөлді жерлердің қажеттілігі де бар еді.
Екіншіден, көшпелі  халықтың  бүкіл  өмір  сүру  тəсілі, əдет-ғұрпының  сол  көшпелі
тұрмысқа  бейімделуі, көшпелі  мал  өсіруші  елдің  бүкіл  тұрмысы, тұрған  үйі, киген  киімі,
ішкен тамағы, бəрі-бəрі де сол жағдайға сəйкестендірілген.

71
Үшіншіден, көшпелілердің  бір  жерге  шоғырланбай  мал  бағу  жағдайына  сəйкес  ауыл-
ауыл  болып,  бірінен-бірі  алшақ  тұруы.  Осыдан  келіп,  отырықшы  ел  уəкілі,  айталық,  қала
тұрғыны, далалы  жерге  барып, өзімен-өзі  болуды  аңсайтын  болса, көшпелі  ел  адамдары
басқа  адамдармен  кездесуді, сөйлесуді  аңсайды. Сол  аңсау  мен  армандау  сарынын  кешегі,
бүгінгі  теледидар  бағдарламаларының  əрбірінен  бағамдап-байқап, талғампаздықпен  танып,
көреміз.
Сан  алуан  дəуірмен, қилы  кезеңдерді  басынан  өткізсе  де, қазақ  халқы  өздерінің
көшпелі  тұрмысында  қалыптасқан  əдет-салтын  рухани  азық  ете  білді. Халық  өмірдің  бел
қайыстырар  қиыншылығына  да, жарқ  еткен  қуанышына  да  төзе  отырып, осы  əдет-
ғұрыптарын,  толғау  жырлары  мен  əсем  əндерін,  толғау  күйлерін  –  көңілашар  қуанышы,
қайғы-шерін тарқатар алданышы етіп, ауыр күндерде ой тербететін жұбанышы етіп отырды.
Ұлттың жай-күйі  мен  ұлттық  мəдениет  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Ұлттық  мінез-
құлық ерекшелігі ұлт мəдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ол жөнінде атақты композитор
Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка  ұлттан  тысқары  өмір  сүрмейді. Қандай  да  болмасын
музыка  мəдениетінің  мазмұны  жалпы  адамзаттық  болып  келгенімен, оның  түрі  ұлттық
болып  қала  береді.  Ұлы  композиторлардың  шығарған  əн-күй,  музыкасы  бүкіл  адамзат
мəдениетінің  қорына қосылған, идеясы барлық ұлтқа ортақ мұра болғанымен, оның ұлттық
жай-күйінің өзгешелігі сақталады», – дейді.
Əр  ұлттың  өзіне  тəн  мінез-құлқы,  қызуқандылық  ерекшелігі  сол  елдің  музыка
мəдениетінен  қалай  сезілсе, би  өнері  мен  қол  өнерінен  де  сондай  айқын  сезіліп, көрініп
тұрады.
Рас, музыканың  құдіретіне  шек  жоқ. Өйткені  сонау «Елім-ай» əні  адамды  жылатса,
бүгінгі  ырғақты, ойнақы, эстрадалық  шығармалар  жігерлендіреді, патриоттық  рухтағы
ұлттық  туындылар, күйлер  қайрат, жігер  береді. Кезінде  домбыра  күмбірінің  адам  өлімін
естірткені  де  бізге  аңыз-əфсаналардан  жақсы  мəлім. Ал, кинофильмдердегі  музыка  ше?
Кейде актердің шеберлігі онша жетіспей, оқиғаның шиеленісу деңгейі режиссер ойлағандай
ширықпай тұрғанда, көмекке əсерлі музыка келіп, бəрінің тігісін жатқызып кетпейтін бе еді?
«Гауһартас» фильмінде Салтанат айтқандай: «Тыңдай білген адамға даланың, табиғаттың өзі
де əн салып тұрады». Музыка – өзіндік ерекшеліктері бар айрықша дін іспеттес. Ол адамның
ықыласы мен дүниетанымын бір бағыттан екінші бағытқа өзгертіп жіберуге де қабілетті.
Кешегі  кеңестік  империя  кезеңінде 1985-1990 жылдар  аралығы  Қайта  құру  дəуірі
болғаны бəрімізге де жақсы таныс. Ол дəуірді бəріміз де көзбен көріп, басымыздан өткердік.
Əрине, өктемдіктің  оты  өршіп  тұрған  заманда  ұраншылдықтың  туы  желбіреп, өмірді  қас-
қағым  сəтте  өзгертіп, гүлдендіріп  жіберетіндей  науқаншылдықтың  берекесіздікпен  белең
алғандығына  кеңінен  куə  болғанымыз  бар. Бірақ, қанша  айғай-аттан  болғанымен  алға
жылжыған  ауқымды  жұмыстарды  көре  алмағанымыз  анық. Сол  кезеңде  де  ұлттық  Қазақ
теледидарымыздың  хабарларының  тынысы  тарылып, еркіндікпен  еңсесін  тіктеп  көтере
алмады. Қырағылықтың  қыспағы  қазақша  хабарларға  əдеттегісіндей  берік  тосқауылдар
қойып  отырды. Соған  қарамастан  қайта  құру  жылдарында  Қазақ  теледидары  ұлттық
дəстүрімізді жаңғыртып, бірнеше тележобаларды дүниеге əкелді. Бұл хабарлардан көрермен
ұмытылып бара жатқан ұлттық рухани болмысын танып, жаңаша қабылдап жатты.
Қазақ  халқының  мəдениеті – ұлттың  тарих  сахнасында  қалыптасқан  мəдени  мұрасы,
халық білімі, сенімі, əдет-ғұрып, салт-дəстүрі. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да,
əдебиет  пен  өнерді  де  ел-жұрттың  білім  өрісі  мен  сауатын  да, халықтың  тұрмыс-тіршілігі
мен өндіріс ауқымын да, ойдың орамдығы мен тілдің құнарын да материалдық жəне рухани
қажеттіктердің  деңгей  дəрежесін  де, ең  арғысы  талғамның  татымына  дейін  мəдениеттің
аясына  сыйғызады. Мəдениеттің  өзі – адамзат  баласының  ақыл-ойы  мен  маңдай  тері
тудырған жетістіктердің бəрін қамтиды емес пе?!
Қазақ  мəдениеті, ең  алдымен, халықтың  барлық  қиындықтарын  еңсеріп, осы  заманғы
дүниеде дербес мəдени құбылыс ретінде сақталып қалуына мүмкіндік берген ғасырлар бойы
жинақталған дəстүрлердің жиынтығы.

72
Қазақ  елінің  дархан  көңілінің  арқасында  елдегі  жүздеген  этнос  өкілдері  Қазақ  жерін
сыйлап, ұлтымызға  ризалышығын  білдіруде. Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  атқарған
ауқымды  істерін, 20-жылдағы  жүріп  өткен  жолын  мерейлі  деп  бағалауда. Ал, Қазақ  елінің
жаңа ғасырдағы  өсуі мен ұлттың  сақталуы – қазақтың  рухани майдандағы жеңісіне тікелей
тəуелді екені уақыт дəлелдеген шындық.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев  Н.А. Стратегия  трансформации  общества  и  возрождения  евразийской
цивилизации. М., 2002. – 512 б.
2. Грачев  М.Н. Политическая  коммуникация: теоретические  концепции, модели, векторы
развития. М.: Прометей, 2004.
3. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л., 1990 – 251 б.
4. Евразийство  и  Казахстан. Труды  Евразийского  научного  форума «Гумилевские  чтения». –
Астана: ЕНУ, 2003. – т.1-2.
5. Ершова  Г.Г. Антропосистема: коммуникативные  модели  и  регулируемая  интеграция //
Исторический журнал: научные исследования. – 2012.
6. Жарников  А.Е. Теория  этногенеза  Льва  Николаевича  Гумилева (опыт  системного
изложения). М., 2002. – 128 б.
7. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии. Наш современник.–1992 жылы, № 10.
8. Гумилев Л.Н. Этногенез жəне жер биосферасы. – М., 1994 жыл.
НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ ПРОБЛЕМЫ ФОРМИРОВАНИЯ НЕМЕЦКОЙ
ДИАСПОРЫ В КАЗАХСТАНЕ
Кабульдинов З.
д.и.н., профессор ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, г. Астана
Бейсекеев А.
старший преподаватель ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, г. Астана
В XVIII-XIX веках  немцы весьма активно переселяются  в различные страны Америки
и  Европы. Часть  из  них  оказывается  и  на  территории  Российской  империи. Их  охотно
приглашает царское правительство.
Здесь они появляются  в разное время. К примеру, к середине XVII века в Москве была
Немецкая  слобода, где  жили  немцы, а  также  голландцы, фламандцы  и  другие. Приток  в
Россию немецкого населения усилился при Петре I и его преемниках. Это были в основном
представители нужных и востребованных профессии:  ремесленники, врачи, учёные, купцы и
военные. К  середине XVIII века  в  России  уже  жило  около 100 тысяч  немцев, которые
преимущественно  населяли  прибалтийские  губернии. Позднее  некоторая  их  часть  стала
актвино заселять малолюдные - Самарскую и  Саратовскую  губерний. Здесь  они создавали
свои кантоны.
Им  были  объявлены  значительные  льготы  и  привелегий. Но  к  середине   70-х  годов
XIX века  начались  некоторые ограничения  и притеснения немецкого населения. Особенно
уродливые формы они приобрели в годы I мировой войны.
После  Февральской  революции 1917  года  российские  немцы  создали  «Временный
комитет». 19 декабря 1918  годаони  объявили  создание  немецкой  автономии (Трудовая
коммуна  Немцев  Поволжья), преобразованная в 1924 году  в  Автономную  республику
Немцев  Поволжья. Центр  немецкой  автономии  находился  в  городе  Энгельс. Около 67 %
населения  республики  составляли  немцы,  21  %-  русские,  9  %-  украинцы,    3  %  -
малочисленные  народы. В  небольшом  количестве  на  временной  основе  были  и  казахи-
арендаторы.  Немцы Повольжья поддерживали торговые связи с Германией.
Что касается появления немцев в Казахстане, то первые их группы  появляются уже в
XVIII веке  в  составе  военных  соединений. Значительная  их  часть  были  выходцами  из
немецкой Прибалтики.

73
К  примеру, из 13 лиц, занимавших  должности  командиров  Сибирских  линий
большинство были генералами из числа немцев: Х.Т. Киндерман, И. Крафт, Д. Риддер, К.Ф.
Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапье  де  Колонг, Г.Э. Штрандман  и Г.И.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет