Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі


Келер шақ. (Будущее время) Келер  шақ



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Келер шақ. (Будущее время)
Келер  шақ  –  қимылдың,  іс-әрекеттің  сөйлеп  тұрған  уақыттан 
кейін болатынын білдіреді.
Келер шақтың түрлері (формы будущего времени).
1. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время) – 
есімшенің -ар, -ер, -р, -с қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы, 
берерміз, айтпассың. Болжалды келер шақ аналитикалық тәсілмен: 
-атын, -етін есімше тұлғалы етістікке шығар, секілді, тәрізді сөз-
дері тіркесуі мен  тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс 
септік  формасына  мүмкін,  тиіс,  қажет,  керек  тәрізді  сөздердің 
тіркесуі арқылы жасалады.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен демал+ар+мын. 
Біз демал+ар+мыз.
ІІ.
Сен демал+ар+сың.
Сіз демал+ар+сыз.
Сендер демал+ар+сың+дар. 
Сіздер демал+ар+сыз+дар.
ІІІ.
Ол демал+ар.
Олар демал+ар.

160
Жағыпарова Майра
Болымсыздық  формасы:  «-с»  жұрнағы  немесе  «емес»  сөзі 
арқылы жасалады. 
Мысалы, Мен демал+ма+с+пын. Мен демал+ар емес+пін (воз-
можно, я не отдохну).
2.  Мақсатты  келер  шақ  (неопределенное  будущее  время)  – 
етістік түбірге -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек қосымшалары жалға-
ну арқылы жасалады. Мысалы, жүрмек, айтпақпын.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен қала+мақ+пын.  Біз қала+мақ+пыз.
ІІ.
Сен қала+мақ+сың. 
Сіз қала+мақ+сыз.
Сендер қала+мақ+сың+дар. 
Сіздер қала+мақ+сыз+дар.
ІІІ.
Ол қала+мақ.
Олар қала+мақ.
Болымсыздық формасы: «-шы/ші» жұрнағына «емес» сөзі тірке-
суі арқылы жасалынады. 
Мысалы, Ол хат жаз+бақ+шы емес (Он не намерен писать письмо).
3. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время) – етістік 
түбірге  көсемшенің  (-а,  -е,  -й)  қосымшалары  жалғанып,  жіктеліп 
жасалады.
Мысалы, барады, оқиды.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен телефон 
шал+а+мын. 
Біз телефон шал+а+мыз.
ІІ.
Сен телефон 
шал+а+сың. 
Сіз телефон 
шал+а+сыз.
Сендер телефон 
шал+а+сың+дар. 
Сіздер телефон 
шал+а+сыз+дар.
ІІІ.
Ол телефон шал+а+ды. Олар телефон шал+а+ды.
Болымсыздық формасы: Мен телефон шал+ма+й+мын (Я не по-
звоню).

161
Кәсіби қазақ тілі
4-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, салыстырыңыз және ай-
ырмашылығын айтыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. 
1. Мен ертең тікелей эфирге шығамын. Мен ертең тікелей эфирге 
шығармын. Мен ертең тікелей эфирге шықпақпын. 
2. Көп кешікпей әжеме телефон соғамын. Көп кешікпей әжеме 
телефон соғармын. Көп кешікпей әжеме телефон соқпақпын. 
3. Біз ертең «Кітаптар әлемі» дүкеніне барамыз. Біз ертең «Кітап-
тар әлемі» дүкеніне барармыз. Біз ертең «Кітаптар әлемі» дүкеніне 
барамақпыз. 
4.  Интернеттен  жолдастарымның суретін  көремін.  Интернеттен 
жолдастарымның суретін көрермін. Интернеттен жолдастарымның 
суретін көрмекпін.
5-тапсырмаСөйлемді болжалды келер шаққа айналдырыңыз.
Үлгі: 
Сен ертең сағат жетіде тұр.
Сен ертең сағат жетіде тұр-а-сың.
Сен ертең сағат жетіде тұр, сонан соң асханаға кел, тамақ іш. 
Сонан  соң  институтқа  келіңдер.  Лекция  сағат  екіде  аяқталады. 
Сағат екіде институтқа мен де келемін. Сонан соң бәріміз киноға 
барамыз. Киноға Сәуле де барады. Кино шамамен (приблизитель-
но) сағат төртте аяқталады. Ертең демалыс. Демалыс күні саябаққа 
барамыз. Футбол ойнаймыз.
6-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз және болым-
сыз түрге айналдырыңыз.
Мен бүгін университетке барамын. Сен ертең киноға барасың. 
Ол кешке жұмысқа барады. Менің ағам биыл үйленеді. Сенің мақа-
лаң газетке ертең шығады. Сіздің қаламақыңыз өседі. Біз бүгін сая-
бақта  қыдырамыз.  Сендер  ертең  сабаққа  дайындаласыңдар.  Олар 
әжесіне сыйлық алады. 

162
Жағыпарова Майра
 
7-тапсырма. (Командалық жұмыс).
8-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Инструкция №5
Для  любого  журналиста  необходим  навык  стенографии, 
существует  много  ситуаций,  когда  невозможно  использовать 
диктофон.  Научиться  навыку  стенографии  несложно.  Помните, 
владение  стенографией  –  ваш  мощный  инструмент  в  борьбе  за 
звание журналиста.
Инструкция №6
Обладать  компьютерной  грамотностью  очень  важно.  Во-первых, 
компьютер  способен  хранить  гораздо  большее  количество 
информации,  во-вторых,  получить  доступ  к  ней  посредством 
компьютера, гораздо проще и быстрее.

163
Кәсіби қазақ тілі
21-сабақ
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ЖАЙЫНДА
Қазақ телевизиясы 1958 жылы құрылған.   
Содан  бері  телевизия  саласына  келген 
көптеген талантты тележурналистер халыққа 
танылды.  Сала  бойынша  маман  даярлайтын 
жоғары оқу орындары пайда болды. 
Тележурналист  Марат  Барманқұлов  жəне 
Құдайберген  Тұрсын  телевизия  журналисти-
касының өзекті мəселелерін тыңғылықты зерт-
теп, ғылым докторы дəрежесін қорғап, профессор атанды. Белгілі 
журналист  Қайнар  Олжайдың,  Серік  Абасшахтың,  Мақат  Са-
дықтың кітаптары жарық көрді. «ҚазАқпарат» баспасынан «Қазақ 
телевизиясы» атты көп томдық энциклопедия жарыққа шықты.
Отандық  телеарналардың  саны  көбейе  түсуде.  Сондықтан 
оны керекті мамандармен қамтамасыз ету үшін əл-Фараби атын-
дағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен қатар 
Астанадағы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де жəне Қазақ ұлттық 
өнер  университетінде  де  телевизия  саласының  мамандары  да-
ярлана  бастады.  Олардың  сұраныстарына  жауап  беретін  оқу-
лықтар көптеп шығарылуда.
Журналистің халыққа тез танымал болуына толық мүмкінді-
гі бар. Сондықтан екінің бірі тележурналист болуға ұмтылады. 
«Телевизия журналисті  атаққа да шығарады, орға да құлатады» 
деген қанатты сөз бар. Себебі тележурналистің жұмысы милли-
ондардың көз алдында тым жария түрде ашық өтеді. Сəтті шық-
са  –  мақталасың,  сапасыз  жасалса  –  датталасың.  Оның  үстіне 
біткен іске сыншы көп екендігін ұмытпауымыз керек.

164
Жағыпарова Майра
Телевизия дегеніміз – ең ықпалды ақпарат құралы. Ол – əлеу-
меттік айна, бұқаралық қарым-қатынастың маңызды буыны əрі сая-
си идеялық аса мықты қару.  Оны бүгінде тек қана ақпарат құралы 
ретінде қарастырушылық бар. Бұл мүлде жеткіліксіз. Адамзаттық 
жəне ұлттық өнерді, мəдени құндылықтарды таратушы телевизия-
ның нағыз  өнер екенін естен шығармауымыз керек.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
танылды –
стали известными
телеарна –
телеканал
ұмтылады –
стремятся
дәреже –
степень
алғышарт –
предпосылка
құлату –
свалить
танымал –
известный
ұстаным –
позиция
құрылым –
структура
шеберлік –
мастерство
құндылық –
ценность
сәтсіз –
неудачно
талантты журналистер –
талантливые журналисты
өзекті мәселе –
здесь: актуальная проблема
«сәтті шықса – мақталасың» – «сделаешь удачно – похвалят»
«сапасыз жасалса – 
датталасың» –
«сделаешь не качественно – 
осудят»
біткен іске сыншы көп –
много критиков на 
завершенное дело
ұлттық өнер –
национальное искусство 
қарастыру –
рассматривать
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ телевизиясы қашан құрылды?
2.  Телевизия  журналистикасының  өзекті  мәселелеріне  бай-
ланысты қандай еңбектерді білесіз?

165
Кәсіби қазақ тілі
3.  Телевизия  саласының  мамандарын  даярлайтын  оқу  орнын 
атаңыз? 
4. Тележурналистердің жұмысы кімдердің көз алдында өтеді?
5. Телевизия қандай құрал?
2-тапсырма. Мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Бір үйдің теледидары сынып қалыпты. Жөндейтін адамды шақы-
ртып, теледидардың қорабын ашып қараса, іші нан ұнтағына толып 
қалыпты. Мұны жасаған үйдегі 4 жасар кішкентай қыз екені бел-
гілі болды. Анасы қызымен сөйлесіп, неге солай істегенің сұрайды. 
Сонда  кішкентай  қыз:  «Теледидар  экранынан  Африканың  аш  ба-
лаларын  көрген  кезде,  оларға  жаным  ашып,  ас  үйден  нан  әкеліп,
теледидардың  үстіндегі  тор-тор  жеріне  нанды  уатып  салып  тұр-
дым», – деп жауап берген екен...
3-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Репортаж  –  журналистік  іс-әрекеттің 
бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теле-
дидар арқылы берілетін, ішкі және халық-
аралық  өмір  оқиғалары  туралы  ақпарат, 
әңгіме. Репортаж оқиға болған жердің то-
пырағында туады. Сондықтан да репортаж 
дегеніміз  –  оқиғаның  өзі.  Репортаждың 
басқа  жанрлардан  ерекшелігі  –  өткен 
оқиғаны  емес,  болып  жатқан  оқиғаны  дәл  сол  сәтте  баяндайды, 
соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған ғарышкерлер туралы да, 
іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәде-
ниет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға 
ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып бола-
ды деу дұрыс бола бермейді. Репортаждың мақсаты – болған оқиға-
ны  бұлжытпастан  суретке  түсіру  емес.  Сол  оқиғаның  әлеуметтік 
мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. 
Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж – шын фак-
тілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. 
Сондықтан  репортаж  неғұрлым  шұғыл  (оперативті)  болып,  оқи-

166
Жағыпарова Майра
ғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде, ой толғар-
лық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартым-
ды  болады.  Репортажға  тән  нәрселер:  репортер  оқиғаның  басы-
қасында болуы шарт. Сол оқиғаны дәл сол күйінде суреттеп жаза-
ды, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен 
толықтырады.  Кез  келген  ұсақ-түйек  оқиғалардың  бәрі  бірдей
репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-
әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-
жақты, жүйелі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйе-
неді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.
Етістіктің райлары
(Наклонение глагола)
 Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орында-
лу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді.
1) Бұйрық рай (повелительное наклонение).
2) Ашық рай (изъявительное наклонение).
3) Шартты рай (условное наклонение).
4) Қалау рай (желательное наклонение).
Етістіктің райлары – орындаушының іс-қимылға байланыс-
ты ой-пікірін, қатынасын білдіреді.
Ашық рай (изъявительное 
наклонение)
Бұйрық рай (повелительное 
наклонение)
Іс-қимылдың қай шақта екенін 
білдіреді.
Іс-қимылдың  бұйыру,  талап  ету, 
өтіну ретінде айтылу мағынасын 
білдіреді.
Үш шақтың жасалу жолдары 
арқылы жасалады.
Етістіктің бұйрықты түрде 
жіктелуі арқылы жасалады.
Мен келдім (келе жатырмын, 
келемін, келмекшімін, 
келгенмін т.б.)
І. Мен бар-айын.
ІІ. Сен бар.
Сіз бар-ыңыз.
ІІІ. Ол бар-сын.

167
Кәсіби қазақ тілі
Шартты рай (условное 
наклонение)
Қалау рай (желательное 
наклонение)
Іс-қимылдың 
орындалу-орын-
далмау шартын білдіреді.
Қалау, тілекті білдіреді.
Етістік + (-са, -се) + жіктік 
жалғауы арқылы жасалады.
Етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + 
тəуелдік жалғауы /кел етістігі 
арқылы жасалады.
Күн ашық бол-са, тауға шығамыз.
Егер сен ойна-са-ң, мен де 
ойнаймын.
Біздің сабақ оқы-ғы-мыз келді. 
Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме?
1. Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. 
білдіреді. Мысалы: шақыр (позови), қуан (радуйся), байла (завяжи).
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен айт+айын.
(ейін, -йын / йін).
Біз айт+айық.
(ейік, -йық / йік).
ІІ.
Сен айт.
Сіз айт+ыңыз.
(іңіз, -ңыз/ңіз).
Сендер айт+ыңдар.
(іңдер, -ңдар /ңдер).
Сіздер айт+ыңыздар.
(іңіздер, -ңыздар/ңіздер).
ІІІ.
Ол айт+сын.
(-сін).
Олар айт+сын.
(-сін).
Болымсыздық формасы: -ма/ме, -па/пе, -ба/бе жұрнағы арқылы 
жасалады.
Есіңде сақта!
Глаголы в бұйрық рай употребляются только в форме ІІІ лица. 
Мысалы: Ол байла+сын. (Он пусть свяжет). Ол әкел+сін (Она 
пусть принесет).
* * *
Основная  форма  бұйрық  рай  –  это  форма  второго  лица 
единственного числа. Она являтся основой глагола.
Мысалы:  Сен  отыр  (ты  сядь).  Сен  ал  (ты  бери).  Жат 
(ложись). Қара (смотри). Жап (закрой). Аш (открой).

168
Жағыпарова Майра
2. Ашық рай етістігі – амал-әрекеттің өткенде, қазірде және ке-
лешекте болу немесе болмауын білдіреді.
Мысалы: жуынамын (умоюсь), қуанып тұр (радуется), шақыр-
ды (позвал), санаған (сосчитал).
3. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), 
күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасала-
ды.
Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу 
үлгісі өткен шақ формасына ұқсас.
Жақ
Жекеше
І.
Мен шақыр+са+м. (Если я позову).
ІІ.
Сен қуан+са+ң. (Если ты обрадуешься).
Сіз кет+се+ңіз. (Если Вы уйдете).
ІІІ.
Ол ерте тұр+са. (Если он рано проснется).
Жақ
Көпше
І.
Біз жаз+са+қ. (Если мы напишем).
ІІ.
Сендер кел+се+ңдер. (Если вы придете).
Сіздер сана+са+ңыз+дар. (Если мы напишем).
ІІІ.
Олар тыңда+са. (Если они послушают).
Болымсыздық  формасы:  -ма/ме,  -па/пе,  -ба/бе  жұрнақтары 
арқылы  жасалады.  Сендер  ойланбасаңдар.  (Если  вы  не  задумае-
тесь).
4. Етістіктің қалау рай түрі сөйлеушінің қимыл, әрекеті қала-
уын, оған ынтасын, тілек, ниетін білдіреді. Етістікке -ғы, -гі, -қы, 
-кі жұрнағына тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігінің 
келеді, келді, келіп тұр тіркесуі арқылы жасалады.

169
Кәсіби қазақ тілі
Жақ
Жекеше
І.
Менің ашық айт+қы+м келеді.
ІІ.
Сенің ашық айт+қы+ң келіп тұр.
Сіздің ашық айт+қы+ңыз келген.
ІІІ.
Оның ашық айт+қы+сы келетін.
Жақ
Көпше
І.
Біздің ашық айт+қы+мыз келді.
ІІ.
Сендердің ашық айт+қы+лар+ың келді.
Сіздердің ашық айт+қы+лар+ың+ыз келіпті.
ІІІ.
Олардың ашық айт+қы+сы келеді.
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз және бұйрық райды та-
быңыз.
Сен дәптерге жаз. Кітапты дауыстап оқы. 
Жұмысқа ерте кел. Оған ойыңды ашық айт. 
Дәрігерге бүгін бар. Таңертең ерте тұр. 
Салқын суға жуын. Тамағыңды іш.
5-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз және шартты райды та-
быңыз.
Марат шақырса барамын, шақырмаса бармаймын. Баласы жақ-
сы оқыса, анасы қуанады. Ол ертең келсе, айтамын. Күн күркіресе, 
жаңбыр жауады. Қар жауса, күн суытады.
6-тапсырма. -ңыз/ңіз, -ыңыз/іңіз жалғауы арқылы бұйрық рай-
лы сөйлем құрастырыңыз және орыс тіліне аударыңыз. 
Үлгі: Маған анальгин, валидол, цитрамон, мукалтин беріңіз.
Тыңда, көр, сана, сөйле, бас тарт, көтер, байла, ойлан, кел, күт.
7-тапсырма.  Берілген  сөздермен  бұйрық  райлы  сөйлем  құрас-
тырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Жазыңыз,  сөйлесін,  үйрет,  оқы,  қайтала,  бар,  жауап  бер,  қой-
ыңдар, орында, отыр, сұра, көмектес, түсіндір, толықтыр.

170
Жағыпарова Майра
8-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
...Сүріну бар да самғау бар
Тірлікте кейде алдау бар.
Отаным, саған айтамын,
Менде бір аппақ арман бар.
Ақтығы алғаш жауған қар
Ақ жырым – аппақ құстарым,
Ақ көңілдерге самғаңдар!
Бұтаға қонып қалмаңдар!
Алдарыңда әлі таңдар бар
Зымыран құстар, заулаңдар!
(Мұқағали Мақатаев).

171
Кәсіби қазақ тілі
22-сабақ
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕРГЕ КЕҢЕС
Тележурналист өзінің күнделікті өмірінде ұстануы қажет он 
екі түрлі практикалық кеңесті жадында сақтауы керек.
1. Көрерменді өзіңізге тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жаса-
ңыз. Қабілеттілік, алғырлық мүмкіндіктеріңіз болса пайдаланыңыз.
2.  Көрерменді  өзіңіздің  сұхбаттасушыңыз  деп  біліңіз.  Егер 
көрерменнің  сенімінен  шыға  алмайтындай  болсаңыз,  эфирге 
шықпаңыз.
3. Белгілі бір мәселе жөнінде толықтай терең білмесеңіз де, 
оны сезінетін түйсігіңіз болсын.
4. Өзіңізге лайық жеке тақырыбыңыз болғаны абзал. 
5. Үнемі қызықты әрі тартымды көріне біліңіз.
6.  Телехабардың  бас  кейіпкері  кім  екенін  үнемі  жадыңызда 
сақтаңыз.
7. Мәдениетті әрі сыпайы болыңыз. Көрерменді де, өзіңізді 
де құрметтеңіз. Анайы сөздерден аулақ болып, ебедейсіз қимыл, 
қозғалыстан, жарасымсыз киім киюден аулақ болыңыз.
8. Өзгелердің сөзіне зейін қойып тыңдап үйреніңіз.
9. Көрерменнің психологиясын сезіне білген абзал.
10. Байқағыш, қырағы әрі қызықтай білетін қабілетіңіз болсын.
11. Қиын жағдайдан тез әрі ыңғайлы тәсілмен шыға білетін 
шеберлікті игеру қажет.
12.  Мұның  бәрі  мамандығыңызды  шеберлікпен  игергенде 
ғана мүмкін болмақ.
Бұған  Ұлы  Британия  «Би-Би-Си»  корпорациясының  телеха-
барға қатысушыларға «көзді аударып-төңкеруге, ерінді сылпылда-
туға, саусақты жұлқылауға, қабақты түюге, өтірік күлуге, үстелге 
бауырлап жатып алуға тыйым салынатындығын» үнемі ескертуден 
жалықпайтынын қосып қоюдың еш артықтығы жоқ деп білеміз.

172
Жағыпарова Майра
Тележурналиске тән ең басты қасиет – жеделдік. Оның өзі сіз-
ден тез ойлануды, қисынды әрі мәнді сөйлеуді талап етеді. Жур-
налистің тілдік мәдениеті жоғары деңгейде болғаны абзал. Кім-
мен болсын, дереу тіл табысып кететін өнерді игеріп, кез келген 
тұлғаның  көңілін  баурап  алатын  ептілік  қажет.  Алғырлықтың 
орны қашан да бөлек. Қажетті ақпарат көздерін әрдайым біліп, 
тауып алатындай мүмкіндіктің болғаны жақсы. 
 Сюжет, мәтін, студия декорациясы, субтитр сөзі, коммента-
рий, сұхбат, синхрон, сазды әуен, дауыс, дыбыс т.б. тележурна-
листиканың құралдары да назардан тыс қалмауға тиіс. (Қ.Ша-
махайұлы).
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
қолдан келгеннің бәрін –
все что умеете
алғырлық –
хваткость; цепкость
сезіну –
чувствовать; почувствовать
түйсік –
чутье; интуиция
сезіну түйсігі –
инстинкт чувствования
лайық –
здесь: соответствующий
абзал –
здесь: желательно
қисынды –
логично
қызықты –
интересный; забавный
тартымды –
привлекательный; симпатичный
жад –
память 
ептілік –
ловкость
бас кейіпкер –
главный герой
анайы сөз –
грубо выражаться
қимыл, қозғалыс –
действие, движение
жарасымсыз –
неподходящий
зейін қою –
концентрация внимания 
қырағы көз – 
зоркий глаз

173
Кәсіби қазақ тілі
еш артықтығы жоқ –
не будет лишним
күнделікті өмірінде –
в ежедневной жизни
шеберлікті игеру –
осваивать мастерство
өтірік күлкі –
притворный смех
ойлану –
думать; размышлять; 
обдумывать
бұл бір қисынды жүйе екен – это логичная система
қисынды әңгіме –
правдоподобный рассказ
мәндеп сөйлеу –
придать смысл своему слову
тілдік мәдениет –
языковая культура 
тыйым салынады –
запрещается
ебедейсіз –
неловкий; неповоротливый; 
неуклюжий
байқағыш –
наблюдательный
қырағы –
бдительный
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Тележурналиске қажетті практикалық кеңестерді айтыңыз.
2. Үнемі жадыңызда нені сақтауға тиіссіз?
3. «Би-Би-Си» корпорациясының телехабарға қатысушыларға 
үнемі ескертіп отырған ескертпелері туралы айтып беріңіз?
4. Тележурналиске тән ең басты қасиет туралы айтып беріңіз?
2-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз
Шеф-редактор  журнала  «Губерния»,  директор  ТРК  «Орион» 
Александр Швец: 
– Прежде чем выбирать профессию журналиста, молодому че-
ловеку нужно критически оценить, подходит ли она ему, есть ли 
у него необходимые качества. Мне, например, интересен весь мир, 
интересны люди и их дела. Когда я беру интервью у человека или 
записываю беседу с ним в студии, я всегда пытаюсь увидеть, чем 
он интересен, что я могу почерпнуть от общения с ним. Если моло-
дому человеку тоже интересны политики, деятели культуры и весь 
мир, если он любознателен, то ему нужно идти в журналистку.

174
Жағыпарова Майра
3-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
С  огромным  удовольствием  пишу  эти  строки  о  моем  родном 
Казахском радио. ...Пришел я на Казахское радио в последний год 
Великой Отечественной войны. Время было тяжелое. Я – сын учи-
теля. И, как вы сами знаете, учителя всегда бедствовали в быту. 
Ничем не отличалась от других в этом отношении и наша семья. 
И вот нужда заставила меня прийти на радио. Профессии у меня 
тогда никакой не было. Мне еще не исполнилось и 20 лет. И один 
из моих друзей, Леня Коробченко, уже работающий диктором на 
радио, посоветовал попробовать себя у них именно в этом качес-
тве,  потому  что,  как  он  сказал,  голос  у  меня  очень  даже  радио-
фоничный. А я к тому же с детства очень любил радиотехнику, 
увлекался  созданием  детекторных  приемников...  И  я  пришел  на 
радио. Меня прослушали, признали голос подходящим. Но, глав-
ное, приняли из-за грамотного произношения. В этом отношении 
я очень благодарен отцу, который обучил меня письменности на 
казахском языке и чтению. Ведь учился-то я в русской школе (есть
такая в Алма-Аты – 54-я) и, что греха таить, многие мои сверстники-
казахи  не  знали  родного  языка.  Вот  благодаря  знанию  языков,
дикции меня и взяли на Казахское радио диктором-стажером...
Ермек СЕРКЕБАЕВ,
Народный артист СССР и КазССР,
Лауреат государственных премий, профессор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет