Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

4-тапсырмаТиісті жалғауларды қойып, салалас құрмалас сөй-
лемге айналдырыңыз.
Жоғары оқу орындарына бюджеттен бөлінетін ақша бәріне жете 
бермейді.  Талапкерлердің  көпшілігі  ақылы  негізде  оқуға  түсуге 

191
Кәсіби қазақ тілі
мәжбүр. Қазақстан өркениетті елдер қатарына ілігуді мақсат етіп
отыр. Халқы, болашақ ұрпағы білімді болуы керек. Агенттік төраға-
сы кәсіпкерлердің көптеген сауалдарына жауап берді. Кәсіпкерлер 
оған  қанағаттанбады.  Республикалық  агенттікте  шағын  бизнесті 
қолдау мәселелеріне байланысты «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған 
көп кәсіпкерлер қатыса алмады.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойы-
ңыз және орыс тіліне аударыңыз.
1) Мен оған сен туралы айтқанмын, ............ ол тыңдамады.
2) Жаңбыр жауды ............ жер көгерді.
3) Нұрлан ауырып қалды, ............ жұмысқа шыққан жоқ. 
4) ............жаңбыр жауады, ............ күн шығады.
5) ............ қатты сөйлейсің, ............ жәй сөйлейсің.
6-тапсырма.  Қазақ  тіліне  аударыңыз  және  салалас  құрмалас 
сөйлем түрлерін табыңыз.
Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный.
Собрание закончилась, и народ стал расходиться.
Я давал ему свою книгу, но он не взял. 
Он ушел раньше меня, но я его догнал.
В кино сегодня либо я пойду, либо ты пойдешь.
Прошло много времени с тех пор, как я пришел. 
После сдачи экзаменов поедем домой. 
7-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша сөйлем құраңыз.
Ыңғайлас 
салалас:
жəне, əрі, да, де, та, те
1.
2.
3.
Қарсылықты:
бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе 
де, сөйткенмен, алайда, əйтсе де, 
əйткенмен
1.
2.
3.
Себеп-салдар:
өйткені,  себебі,  сондықтан,  сол 
үшін, неге десеңіз, сол себепті т.б.
1.
2.
3.

192
Жағыпарова Майра
Кезектес:
бірде, біресе, кейде
1.
2.
3.
Талғаулы:
не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, 
əлде, əйтпесе
1.
2.
3.
Түсіндірмелі:
жалғаулығы жоқ
1.
2.
3.
8-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  жалғауларды  қой-
ыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Менде әрі құжат , .......... үйдің нөмірі жоқ. 
Меруерттің даусы жақсы, ........... ол өлең айтуға ұялады.
Ертерек үйге дәрігер шақыру керек ......... ауруханаға бару керек.
Біз кешке Республика сарайына барамыз ....... салтанатты кеш 
болады.
Журналистер ....... мақала жазса, ....... қонақтардан сұхбат алады.
Абзал  ........  Ерболға  қарап  ашуланады,  .........  Ақтілекке  қарап 
қалжыңдайды.
Ол мақаласын түнде жазып отыр, ........ ол күндіз редакцияның 
тапсырмасымен зауытқа барып келген.
Алыстан  әлдекімдердің  күбірлеген  дауысы  естіледі,  ........  қай 
жақтан естілетінін шамалай алмаймын.
 Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар ............ құлағымен 
есіткен айтар.

193
Кәсіби қазақ тілі
25-сабақ
ТЕЛЕДИДАР СЫРЛАРЫ
ХХ ғасырдың озық техникасының бірі – теледидар. Теледи-
дарға бұл күнде түрлi анықтама беремiз. Теледидар – идеология 
құралы. Теледидар – ойды бүкпесiз жеткiзетiн ашық алаң. Те-
ледидар – бала үшiн тәрбиешi болып отырғаны да бұлтартпас 
шындық. Теледидар – тiл үйретушi құрал. 
Көптеген зерттеулерге қарағанда, адам күнiне кем дегенде 
3-4 сағатын теледидар алдында өткiзедi екен. Бұл дегенiңiз, әр-
бiрiмiз 3-4 сағат iшiнде көк сандықтан тәлiм-тәрбие алып, сана-
мызға түрлi ақпаратты сiңiремiз деген сөз.
Телеарналардағы жүргізуші басқа мамандық иелері емес, жур-
налистер болуы тиіс. Өйткені телеарнаның, бағдарламаның рей-
тингісі журналистің қалай жүргізгеніне тікелей қатысты болады.
Телевизия – видео, мәтін, табиғи дауыс секілді компонент-
тердің теңдей қосындысы.
Радио мен газет журналистеріне қарағанда, телевизия үшін 
уақыт  өте  маңызды.  Газеттегі  әріптестердің  200-500  жолдық 
мақаласына арқау болатын ақпаратты тележурналистер жаңа-
лықтар қызметінде – 1,5-2 минутқа, ал сараптамалық бағдарла-
мада – 5 минуттық уақыттың ішіне сыйдырулары қажет.
Радио және газет журналистері видеомен жұмыс істемейтіні 
белгілі.  Ал  телевизияда  видео,  мәтін,  дыбыс  үштағанын  қатар 
алып жүруің қажет. Бұл арада интонацияны ерекше атап етуге 
болады, өйткені тележурналистерде кездесетін проблема – дауыс-
тың дұрыс қойылмауы, болмаса интонациямен жұмыс істемеу.
Газет  журналистері  қолына  30  грамдық  диктофон  алып 
жалғыз өзі баратын болса, ал телевизия журналистері жанына 
операторды, жарық қоюшыны, кейде тіпті режиссерді де ертіп 
жүретін  кездері  болады.  Ал  газет  журналистерінің  жанында 
кейбір кездерде ғана фотожурналист еріп жүреді. Олар суретті 
көбіне газет мұрағатынан немесе интернеттен ала алады.

194
Жағыпарова Майра
Телевизия  журналистеріне  материалдағы  бейне  аса  маңыз-
ды. Ал ол бейнені қалай түсіру жөнінде тележурналистер «оны 
түсіретін оператор бар емес пе?» – деп ойлайды. Бұл өте қате 
пікір! Тележурналистің жанындағы оператордың не түсіргені ол 
үшін өте маңызды болуы шарт!
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
сыр –
здесь: особенности
бүкпесіз –
здесь: истинно
бұлтартпас –
неотвратимый
кем дегенде –
минимум
сіңіреміз –
здесь: воспринимаем
тікелей – 
непосредственно
қатысты –
здесь: зависить
теңдей –
равномерное
қосынды –
сумма
сыйдыру –
здесь: три компонента
қатар алып жүру –
одновременное применение
жалғыз өзі –
один сам
шарт –
условие
мұрағат –
архив
ертіп жүру –
брать с собой
дауыстың дұрыс 
қойылмауы –
неправильная постановка 
голоса
жаңалықтар қызметі –
служба новостей
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Телеарнаның, бағдарламаның рейтингісі неге қатысты болады?
2. Телевизия компоненттері туралы айтып беріңіз.

195
Кәсіби қазақ тілі
3. Телевизия үшін өте маңызды нәрсені атаңыз.
4. Телевизияда қатар алып жүретін үштағанды атап беріңіз.
5. Тележурналистердің жанында кімдер бірге еріп жүруі тиіс? 
2-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Ескерту! Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа 
толмаған  оқушылардың  күніне  көретін  телевизиялық  хабарлары-
ның  ұзақтығы  1  сағаттан  аспауы  керек  екенін  ескертеді.  Ересек 
оқушылар  хабарларды  үзіліссіз  2  сағаттан  артық  көрмегені  жөн. 
Теледидарды жұмыс және демалыс режимдерін бұзбай, отбасы мү-
шелерінің ұнататын және талап-тілегіне сай келетін, олардың бар-
лығына  пайдасы  бар  хабарларды  алдын  ала  таңдап  алып,  дұрыс 
пайдалану қажет. 

 3-тапсырма. Командалық жұмыс. Пікір білдіріңіз.
Өз ісінің маманы 
дегенді қалай 
түсінесіз?
Жақсы команда
дегенді қалай
түсінесіз?
Сабақтас құрмалас сөйлем
(Сложноподчиненные предложения)
Құрамындағы предикатив сыңарларының алғашқысының баян-
дауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысатын 
құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас дейміз.
Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  баяндауышы  тиянақсыз  тұлғада 
тұрған сыңарын бағыныңқы сыңар, баяндауышы тиянақты тұлғада 
тұрған сыңарын басыңқы сыңар дейді. Бағыныңқы сыңар мен ба-
сыңқы сыңар бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.

196
Жағыпарова Майра
Сабақтас  құрмалас  сөйлем:  шартты  бағыныңқы,  қарсылықты 
бағыныңқы,  себеп  бағыныңқы,  мезгіл  бағыныңқы,  қимыл-сын 
бағыныңқы, мақсат бағыныңқы болып бөлінеді.
Шартты бағыныңқы
Бағыныңқысы  басыңқы  сөйлемінің  шарты  болып  келетін 
сабақтастың түрі.
қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде?
Күн бұлттанып еді, бірақ жаңбыр жаумады. Шығыс болмай, 
кіріс болмас.
Қарсылықты бағыныңқы
Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін 
сабақтастың түрі.
қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? не етпестен?
Мен оған сен туралы айтқанмын, бірақ ол тыңдамады.
Себеп бағыныңқы
Бағыныңқысы  басыңқы  сөйлемінің  себебін  білдіретін 
сабақтастың түрі.
неліктен? не үшін? несі үшін? не себепті? не деп?
Журналистер  газетке  мерекелік  нөмір  дайындағандықтан, 
жұмыстан кеш шықты.
Мезгіл бағыныңқы
Бағыныңқысы  басыңқы  сөйлемінің  мезгілін  білдіретін 
сабақтастың түрі.
қашан? қай кезде? қашаннан бері?
Тұңғыш жинағы кітап болып шыққан кезде, ата-анасы қатты 
қуанды.

197
Кәсіби қазақ тілі
Қимыл-сын бағыныңқы
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай 
орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.
қайтіп? не етіп? қалай?
Жылжымалы  телестанция  әржақтан  түсіріп,  хабарды 
дайындадық.
Мақсат бағыныңқы
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіретін 
сабақтастың түрі.
не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?
Телехабарды  жастар  өміріне  арнау  үшін,  мемлекетіміздің 
жастар саясатын зерттедім.
4-тапсырма.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  түрлерін  ажыра-
тыңыз және тұсына жазыңыз.
Ата-анасын көруге асығып, Оспан үйге кірді. ____________
Бірлік болмай, тірлік болмас. __________________________
Марат оқымақшы болып, қалаға кетті. __________________
Оспан маған айтпастан, үйден шығып кетті. ______________
Тәжірибеден өтпейінше, бұл тақырыпты түсінбейсің. ______
Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл. ________________
Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық. __________
Марат Халыққа қызмет көрсету орталығына бармас бұрын, құ-
жаттарын реттеді. ______________________________________
Ахмет жарақатына қарамастан, күндіз-түні еңбектеді. _____
Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне 
оралды. _______________________________________________
Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады. _____________
Далаға шығып тоңғанша, үйде отыр. ____________________

198
Жағыпарова Майра
5-тапсырма.  Сәйкестендіріңіз  және  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемнің түрлерін ажыратыңыз.
Айтқан сөзің дұрыс болса, 
арнаулы ауруханаға жатқызғанды.
Жұмыс уақыты əлдеқашан 
аяқталса да, 
аяғының ұшынан басып өз 
бөлмесіне өтті. 
Жазғы демалысқа шыққалы,  бет-аузын орамалмен таңып 
алыпты.
Халі ауыр болған соң, 
қалғанын өздері түсіне жатар.
Үйдегілерді оятып алмайын 
деп, 
ауыл балалары күнде кешкісін 
Бапай шалдың үйінің іргесіне 
жиналамыз. 
Ақ ұлпа бұлттың үстінде 
қалықтап бара жатқандай 
болып,
достары əртүрлі амал істеген-ді.
Еламанның жаман əдетін 
қойғызбақ болып,
Рахат пен Лиза ертеңгі 
жиналыстың барысын талдап 
ұзақ отырды.
Аянның ертегісін тыңдау 
үшін,
тек дене еңбегімен айналысып 
жүр.
Серіктері танып қалмас үшін, ерекше бір күйді басынан 
кешірді.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз және 
орыс тіліне аударыңыз.
Мыңның ................. білгенше, бірдің ........... біл.
............ қосылса, .............. жоқ қылады.
................... өмір сүрсем де, аз секілді көргенім.
............ басылып қалды, бірақ ............... тоқталған жоқ-ты.
Не ексең, соны ............ .
................... түзелмей, ............... түзелмейді.

199
Кәсіби қазақ тілі
Алматының ............ ашылмағандықтан, ........... төпеп жауып тұр.
Жақсы ............ болса, маған айт. 
................ оқысаң, ................. боласың.
Керекті сөздер:
бір / жаңбыр / орасың / гитара сазы / кино / бір дауысты / жетпіс
жыл / ән / соны / мін / аспаны / білімді / кітапты / атын / көп дауыс / 
түсін
7-тапсырма.  Келесі  жай  сөйлемдерді  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемге айналдырыңыз.
Үлгі: Омар айтты. Іс орындалады. – Омар айтқан соң, іс орын-
далады.
Жігіт орнынан тез тұрды. Келген кісіге есік ашты. 
Мәтінді басып болыңыз. Асқардан көбейтіп беруді сұраңыз.
Өзіңе  қажетті  тақырыпты  таңдап  ал.  Тақырыпқа  байланысты 
ақпаратты қарап шық. 
Университетке жақындай берген. Студенттер топырлап алдынан 
шықты.
Мәжіліс аяқталды. Әсем мен Қуаныш сөйлесті.
Барып сырттан құлақ салдық. Ешбір дыбыс естілмейді.
Осы  кісінің  жәрдемі  болды.  Біз  баратын  жерімізге  тез  бар-
дық.
8-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Теледидар (телевизор) – (лат. «алыстан көруші») сурет, дыбыс 
және видеоны желісіз көретін электронды құрылғы.  Теледидар-
дың пайда болуына ХІХ ғасырда Паповтың жасаған радиосы се-
беп  болды.  Ең  алдымен  1884  жылы  неміс  өнертапқышы    Пауль 
Нипков «Нипков дискісін» ойлап тапты, бұл механикалық теле-
виденияның  негізі  болды.  Кейін  1906  жылы  10  қазанда  Карл 
Фердинанд  Браунның оқушысы өнертапқыш Макс Дикманн мен
Г.Глаге сурет жіберетін Браун түтікшесін ойлап тапты. 1930 жылы 

200
Жағыпарова Майра
А.П.Константинов  және 1931 жылы С.И.Катаев сигналды видео 
сурет ойлап тапты.  Теледидардың негізін 1933 ж. АҚШ-та тұра-
тын 11-сынып оқитын Ресей инженері В.К.Зворыкин ең алғаш ви-
деосигналды ойлап тапты. КСРО-дағы ең алғаш  теледидар «КВН-
49» 1949 жылы ойлап табылды. 1947 жылы АҚШ-та 180 мыңға 
жуық теледидар болған. Ал 1953 жылы олардың саны 28 млн-ға 
жетті. Осылайша теледидар жасалған.

201
Кәсіби қазақ тілі
26-сабақ
РАДИО ЖӘНЕ РАДИО ТІЛІ
Радио дегеніміз – бұл көңіл-күй құбылысы. Көңіл-күй – ұстап 
көруге болмайтын дүние, ол материалдық игіліктерден де маңыз-
дырақ. Радио дыбыс арқылы аса ауқымды аудиторияға әсер ету-
дің орасан зор мүмкіндіктерін ашады. Тіл, музыка, шу, монтаж 
– радионың түсіндіру құралдары.
 Дауыс үндестігі, сөйлеу ырғағы, логикалық және эмоциялық 
екпін түсіру, сөйлеу қарқыны – бұның бәрі де оқырманмен әң-
гімелесу  тәсілдері  болып  табылады.  Осының  ішінде  ең  басты 
рөлді «сөз» атқарады. Өйткені, ол негізгі ақпаратты жеткізу құра-
лы, қалғаны оны толықтырып, әсерлендіріп тұрады. Жүргізуші 
әрқашан белгілі бір әңгімелесушімен сөйлесуге бейімделгендік-
тен, сол адамның тілінде сөйлеуі тиіс. Сондықтан радионың тілі 
кітаптың немесе газеттің тіліне қарағанда өзгеше. 
Радио тілі – ауызекі тіл. Ауызекі тіл – жанды тіл. Радио тілі – 
қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек. 
Радиода  дыбыс  айрықша  рөл  атқарады.  Сондықтан  сөйле-
генде дауысты жоғарылату мен төмендетудің, екпіннің және үн 
ырғағының радио тілінде орны үлкен. 
Ауызша  сөзді  радиосөзге  айналдыра  білу  де  өнер.  Ол  үшін 
қазақ тіліндегі фонетиканың, морфологияның, лексиканың, син-
таксистің  заңдылықтарынан  хабардар  болу  керек.  Сонда  ғана 
радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады. Ауызша 
сөзді жетілдіре отырып, өңдеп, көркемдеп, мағыналы түрде қол-
дана білу – радиосөзді жасайтын жол. 
Қанатты сөздер де радиосөзге ерекше әсер етіп, тыңдарман-
ды қызықтырады. 

202
Жағыпарова Майра
Радиосөздің  нормасын  жасайтын  лингвистикалық  база  – 
ауызша сөздің стилистикасы болып табылады. Белгілі бір нор-
мадағы  ауызша  сөз  радиосөздің  негізі  болып  есептеледі.  Ал 
осы радиосөздердің жалпы жиынтығы: нормалары, стилисти-
касы, заңдылықтары, жүйесі, т.б. көптеген компоненттері радио 
тілінің қалыптасуы мен дамуын анықтайды.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
шу –
шум
көңіл-күй құбылысы –
здесь: духовное явление
ұстап көруге болмайтын 
дүние –
нематериальное
материалдық игіліктер –
материальные ценности
дауыс үндестігі –
гармония голоса
сөйлеу ырғағы –
ритм речи
логикалық және эмоциялық 
екпін түсіру –
здесь: произносить с логическим 
и эмоциональным ударениями
сөйлеу қарқыны –
темп речи
толықтыру –
дополнять
өңдеу –
обрабатывать
жүргізуші –
ведущий
әңгімелесуші –
собеседник
бейімделу –
приспосабливаться
қарапайым –
простой
қысқа –
короткий
түсінікті –
понятный
тапқыр –
меткий
бейнелі –
образный
әуезді –
здесь: выразительный
ырғақ –
ритм
қанатты сөздер –
крылатые слова

203
Кәсіби қазақ тілі
әсер ету –
произвести впечатление
тыңдарман –
слушатель
аса ауқымды –
широкомасштабная
ауызекі тіл –
устная речь
жанды –
живая речь
радиосөз –
радиоречь
хабардар болу –
в курсе
жетуге болады –
достичь
көркемдеу –
повысить художественную 
изобразительность
қанатты сөздер –
крылатые слова
жүйе – 
система
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Радио тілі» қандай болуы керек?
2. Радиода ерекше рөл атқаратын не екенін айтыңыз?
3. Радиода хабарлар дайындауда табысқа жету үшін нелерден 
хабардар болу керек?
4.  Радиодағы  радиосөзге  ерекше  әсер  етіп,  тыңдарманды
қызықтыратын не нәрсе?
5. Радио тілін құрайтын радиосөздердің жалпы жиынтық ком-
поненттерін атаңыз?

 2-тапсырма. Пікір білдіріңіз.
    Журналист
ретінде 
сынды қалай 
қабылдайсыз?
Телевидениеде жұмыс 
істейтін журналист пен
радиода жұмыс істейтін
журналистің 
айырмашылықтары
қандай деп ойлайсыз?

204
Жағыпарова Майра
3-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, ондағы таныс емес сөздерді 
сөздіктен көріп, мағынасымен таныс болыңыз.
Қазақ радиосындағы сұхбат
Тілші: – Қайырлы таң, құрметті бауырлар! Бүгінгі біздің хаба-
рымыздың  қонағы  –  Қазақстан-Британ  техникалық  универси-
тетінің бірінші курс студенті Хасенов Марат. Марат, біздің шаңы-
рағымызға қош келдіңіз!
Марат: – Сәлеметсіз бе? Рақмет.
Тілші: – Марат, сіздің туған жеріңіз?
Марат: – Менің туған жерім – Астана қаласы. 
Тілші: – Орта мектепті Астана қаласында бітірдіңіз бе?
Марат: – Иә.
Тілші: – Қазақстан-Британ техникалық университеті еліміздегі 
ең беделді, алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны ғой. Университет 
осындай беделге қалай жетті екен?
Марат: – Иә, біздің университетімізге өз біліміне сенгендер ғана 
түседі. Білім сапасы ғана бедел алып береді деп ойлаймын.
Тілші:  –  Дұрыс  екен.  Марат,  бүгінгі  біздің  сөз  етпек  болған 
тақырыбымыз – жастардың туған жерге деген сағынышы туралы. 
Еліміздің  түкпір-түкпірінен  келген  жастар  туған  жерлерін  сағына 
ма және сол сезімдерін айтып бөлісе ме?
Марат: – Әрине, сағынады. Әсіресе, бірінші курста қатты сағына-
тын сияқты. Өз үйінен бірінші рет алысқа ұзап шыққан жастар жаңа 
ортаға бейімделіп кете алмайды. Содан кейін ата-ананың қамқор-
лығын, он бір жыл оқыған мектебіңді, ұстаздарыңды, достарыңды, 
бәрін-бәрін сағынасың. 
Тілші:  –  Жақсы!  Өзің  айтпақшы,  жастардың  туған  жерге  де-
ген  сағынышы  бірінші  курста  ғана  басымырақ  болады  да,  кейін 
басылып қалатын сияқты. Университетті бітірген соң, өзімнің ау-
лыма,  қалама  барып  қызмет  жасаймын  деген  жастар  аз.  Шамасы 
келсе, бәрінің шетелге барып қызмет жасағысы келеді. Көп ақша 
тапқысы  келеді.  Туған  жерге  деген  баяғы  сезім  балалықтың  бір 
естелігі сияқты көрінеді. Осыған сенің ойың қалай?
Марат: – Дұрыс айтасыз, бірақ өз басым ол сезімді басымнан 
өткізген жоқпын. Сондықтан маған ой айту ертерек сияқты. Бірақ 

205
Кәсіби қазақ тілі
сенің  Отаныңды  басқа  елдің  азаматтары  емес,  өзің  ғана  көте-
ретініңді білу керек. 
Тілші: – Жастарға біздер, үлкендер, ақыл айтсақ, дұрыс түсінбей 
қалады. Жастар, өздерің, құрбыларыңа айтсаңдар, өтімді болатын 
сияқты. Марат, сен қандай тілек айтар едің?
Марат: – Менің достарым, ауылдан, өз үйімізден ең алғаш ұзаққа 
кеткендегі  тап-таза  сағыныш  сезімімізді  жоғалтып  алмайық.  Біз 
қаншалықты  есейсек  те,  ата-аналарымызға  сәбиміз,  туған  жерге 
перзентпіз. Соны ұмытпайық дер едім. 
Тілші: – Рақмет, өзіңнің де туған жердің адал перзенті болуыңа 
тілектеспін. Сау бол.
Марат: – Сау болыңыз. («ЕШКО» журналы).
Аралас құрмалас сөйлем
(Сложно-смешанные предложения)
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөй-
лем болады. Олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байла-
нысады.
Аралас  құрмалас  сөйлем  енді  бірде  тиянақсыз-тиянақты-тия-
нақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңа-
ры болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейін-
гі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар 
тиянақты  тұлғалы  бола  тұра,  келесі  сыңардың  бағыныңқы  бөлігі 
болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта 
тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді.
Аралас құрмалас сөйлем
салалас + 
сабақтас + 
салалас
сабақтас + 
салалас + 
салалас
сабақтас + 
салалас + 
сабақтас + 
салалас
салалас + 
сабақтас + 
сабақтас + 
салалас
Біз учаскелік 
полицияға ерте
Көзін сəулеге 
үйреткен
Тергеуші есік 
алдына
Ол 
бастықтың

206
Жағыпарова Майра
хабарладық, 
бірақ олар 
телефон 
тұтқасын 
ұзақ уақыт 
көтермегендік-
тен, қылмыскер-
лерден 
айырылып 
қалдық.
Асқар 
терезеден 
қараса, 
аспан айдай 
ашық екен 
де, шуақты 
күн түске 
тармасып 
қалған екен.
шығып кетсе, 
куəгерлердің 
дауыстары 
үздіксіз 
шығады да, 
тергеуші қайтса, 
сөздерінің 
аяқталмай, 
тоқталғаны 
аңдалады.
бөлмесіне 
келген еді, 
бірақ басқа 
келгендер 
болып, 
көпке 
дейін кезек 
келмей, есік 
алдында 
күтіп 
қалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет